- •6.Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан: ішкі және сыртқы саясаты
- •8.Қазақ қоғамындағы билер және батырлар институты және дәстүрлі көшпелі қазақ мәдениеті
- •9.Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар.
- •14.ХХғғ. Басындағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» т.Б. Газеттері.
- •15.Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан.
- •Көтерілістің негізгі себептері:
- •20.Хіх ғғ. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
- •Жылдар-Маңызды оқиғалар
- •22.ХХғғ.Басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер және урбанизация үрдісі
- •27.Б.Қаратаев – бірінші қазақ заңгері және қоғам қайраткері.
- •28.М.Шоқайдың саяси қызметі мен тарихтағы орны.
- •29.Алаш партиясының басшысы ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •31.М.Дулатовтың қоғамдық – саяси қызметі.
- •Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
- •1905 Жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
- •35.1917 Жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы.
- •36.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920). Қазревкомның құрылуы және оның мақсаттары.
- •37.Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты және оның жүзеге асырылуы.
- •38.Қазақстанда жаңа экономикалық саясат (жэс) кезеңінде. Жер – су реформасы.
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
- •Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
- •42.Қазақстанда ұжымдастырудың жүзеге асырылуы: барысы және салдарлары.
- •Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
- •Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •50.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың ерліктері.
- •51.Соғыс жылдарындағы халықтық білім беру, ғылым және мәдениет.
- •52.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (хХғғ. 40 жж. Іі жартысы – 50 жж.). «Бекмаханов ісі». «Хрущевтік жылымық».
- •55.Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемалар (хх ғасырдың 50-60-шы жылдары ).
- •57.ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті.
- •60.Д.А. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері.
- •64.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы – қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең.
- •65.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және оның жүзеге асырылуы.
- •72.«Қазақстан – 2030 стратегиясы. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы» - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары
- •73.Елдің тұрақты дамуының негізі - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру «100 нақты қадам».
- •78.Қазақстан Республикасының қазіргі дамуындағы әлеуметтік реформалар.
- •80.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» статегиясы: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (14 желтоқсан 2012).
- •82.Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
- •83.Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы және «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •84.Дене шынықтыру және спортты дамыту. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.
- •85.Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы.
- •1992 Жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
- •2002 Жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
- •2005 Жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
- •86.Этносаралық келісім - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен демократиясын нығайтудың негізі.
- •87.Қауіпсіздік мәселелерін жағдайындағы Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
82.Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген.Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.20 ғасыр ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: ЭЕМ желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде – “ЭЕМ жадында саақталады. Соның салдарынан 21 ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...”, - деген болатын.
83.Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы және «Нұрлы көш» бағдарламасы.
"Бұл - аса маңызды, қажетті әрі уақытын тапқан бағдарлама деп санаймын, сол себепті талқылаулар негізінде оны қабылдауға қажетті құжаттарды дайындауды тапсырамын ", - деді Кәрім Мәсімов. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев 9 қыркүйекте республикалық қоғамдық бірлестіктердің басшылары, парламент мәжілісінің депутаттары, журналистер қатысқан қоғам өкілдерімен көші-қон мәселелері жөнінде кездесуі кезінде "Нұрлы көш" ұлттық жобасының тұсауын кесті. "Бұл жоба - әзірленіп жатқан Көші-қонды басқару жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады". Әртүрлі эксперттердің жобалауынша шет елдерде 3,5 - 4,5 миллионға жуық қазақтар тұрады. Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы 1991 жылы басталды. 1991-2008 жылдары Қазақстанға 174,8 мың этникалық отбасы немесе 686 мың адам көшіп келді. Қазіргі уақытта 14 уақытша орналастыру орталықтары және 3 оралмандарды бейімдеу мен кіріктіру орталықтары жұмыс жасайды. Барлық оралмандар медициналық қызметпен, білім алумен және әлеуметтік көмекпен қамтылған. Оралмандар отбасының 78,4 % баспанамен, 81,4 % жұмыспен қамтылған. Жұмысы жоқтар саныын - 18,6 % құрайды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде 2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары өздерінің жұмыстарын бастады, бұл орталықтар оралмандарға құқықтық кеңестер, мемлекеттік тілге және қалауы бойынша орыс тілін оқыту, кәсіптік дайындау, қайта дайындау және біліктіліктерін арттыру секілді қызмет түрлерін көрсетеді. 2008 жылдың мамыр айынан бері оралман куәлігі жеке әлеуметтік код (СИК) беруге негіз болатын құжаттардың тізіміне енгізілді. Бұл оралған қандастарымызға азаматтық алғанша дейін жұмысқа тұруға мүмкіндік тудырды. 2008 жылдан бастап кейбір облыстарда Көші-қон және Әділет департаменттерінің қызметкерлерін тарта отырып көші-қон полицияларының жылжымалары пункттері жұмыс істей бастады, олар жалпы көші-қон квотасына енгізу, азаматтық алу және т.б. қызмет түрлері бойынша кеңестер береді. Жобаның мақсаты өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуы және Жоба қатысушыларының әлеуетін іске асыру мүддесімен шетелде тұратын этникалық қазақтарды, отандастарды және еліміздің тоқырау өңірлерінде тұратын Қазақстан азаматтарын ерікті негізде ұтымды қоныстандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес: Солтүстік, Оңтүстік және Орталық аумақтық даму кіндігі деп аталатын негізгі қоныстандыру макроаймақтары болып айқындалды. Жобаға қатысушыларды қоныстандыру принципі мынадай: - өзінің экономикалық мамандырылуы мен әлеуметтік-экономикалық орталықсыздандыру функцияларын орындайтын жергілікті дамыған еңбек нарығы бар шағын серіктес-қала желілері бар - қалалардың айналасында заманауи агломерациялар қалыптастыра отырып - көшбасшы және тірек қалаларда; Көшбасшы қалалар мен тірек қалаларда 30 серпінді жобаны іске асыру үшін еңбек ресурстарына қажеттілік (ҚР ЭБЖМ алдын ала деректері бойынша) 390 мың адамды құрайды. Бұл қажеттілік тиісті макроаймақтардағы жергілікті халықтың есебінен ішінара өтеледі, ал еңбек ресурстарының бір бөлігі этникалық қазақтар мен шетелде тұратын отандастардың және шетелдік жұмыс күшін тарту есебінен қамтамасыз етілетін болады. - даму әлеуеті жоғары және орташа селолық елді мекендерде Қазақстан Республикасының селолық аумақтарын дамытудың 2004-2010ға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қоныстандыру. Даму әлеуеті жоғары және орташа селолық елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылық көлемі (ҚР АШМ деректері бойынша) Солтүстік аумақтық даму кіндігі бойынша - 342,2 мың адамды, Оңтүстік кіндік бойынша - 898,6 мың адамды, Орталық кіндік бойынша - 77,7 мың адамды құрайды. 2004 жылдан бастап 2007 жылды қоса алғанда, жоғары және орташа әлеуетті селолық елді мекендерді дамытуға олардың экономикалық әлеуетін, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, экологиялық ахуалды арттыруға 293,4 млрд.теңге инвестиция салынды. Қоныстандыру кезеңділігі селолық елді мекендердің тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің белгіленген ең төмен деңгейіне сәйкестілігіне; - шекараға іргелес елді мекендерде ірі шекараға іргелес аудандардың әкімшілік маңызын арттыруға орай айқындалатын болады. Шекараға жақын аумақтарда шекаралас елдердің экономикалық шекараға іргелес өңірлерінің басымдығының, сондай-ақ көршілес мемлекеттердің еңбек ресурсы артық өңірлері тарапынан демографиялық қысымның (сыртқы стихиялық көші-қон) алдын алу үшін, қоныстандыру елдің тоқырау өңірлерінде тұратын Қазақстан азаматтары мен шет елде тұратын этникалық қазақтарды ерікті қоныстандыру есебінен жүзеге асырылатын болады. Қоныстандыру, еліміздің тоқырау аудандарының тұрғындарын, шетелде тұрып жатқан және аталған аймақтардың экономикалық мамандандыру машықтарына лайықты этникалық қазақтарды және отандастарды өз еркімен қоныс аудару есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл құжатта этникалық қазақтар терминімен қатар, алғаш рет шетелде тұратын отандастарымыз ұғымы қолданылады. Бұл ұғымға ұлттық қатыстылығына қарамастан, бір кездері Қазақстаннан кеткен немесе елдің шекарасынан тыс жерде тұрып жатқан және Қазақстан экономикасының өсуіне байланысты елге оралуға ниет еткен отандастарымыз енгізілді. "Нұрлы көш" жобасында жобаға қатысушыларды қоныстандыруды ынталандыру, этникалық қазақтар мен шетелде тұратын отандастарымызбен жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ еліміздің тоқырау аудандарында тұратын қазақстандық азаматтармен жұмысты ұйымдастыру, Жобаға қатысушыларды қабылдау және бөліп қоныстандыру сияқты процестерді іске асыру механизмдері көзделген. Жоба қатысушылардың және орналастыру аймақтарына бірге қоныс аударған олардың отбасы мүшелерінің Жобаға қатысушылардың санаты мен қоныстандыру аймақтары бойынша сараланған әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар. Этникалық қазақтар мен шетелде тұратын отандастарымызды сияқты, еліміздің тоқырау аудандарында тұратын қазақстандық азаматтарды әлеуметтік қолдау да, ең алдымен тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй займын беруді қамтиды. "Нұрлы көш" жобасы елдегі көші-қон процестерін жүйелеуге бағытталған. Көші-қонды бақылауға принципті түрдегі жаңа тәсіл түрлі аудандардағы және тұтастай елдегі жұмыссыздық деңгейін реттеуді жүзеге асыра отырып, еңбек ресурстарын ұтымды таратып бөлуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, "Нұрлы көш" көші-қон процесіне қатысушылардың өздерінің экономикалық машықтары мен аумақтардың қажеттілігіне қарай ел аумағында оңтайлы және экономикалық тұрғыдан таратып қоныстандыруға тартылуын ынталандырады.
