- •6.Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан: ішкі және сыртқы саясаты
- •8.Қазақ қоғамындағы билер және батырлар институты және дәстүрлі көшпелі қазақ мәдениеті
- •9.Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар.
- •14.ХХғғ. Басындағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» т.Б. Газеттері.
- •15.Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан.
- •Көтерілістің негізгі себептері:
- •20.Хіх ғғ. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
- •Жылдар-Маңызды оқиғалар
- •22.ХХғғ.Басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер және урбанизация үрдісі
- •27.Б.Қаратаев – бірінші қазақ заңгері және қоғам қайраткері.
- •28.М.Шоқайдың саяси қызметі мен тарихтағы орны.
- •29.Алаш партиясының басшысы ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •31.М.Дулатовтың қоғамдық – саяси қызметі.
- •Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
- •1905 Жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
- •35.1917 Жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы.
- •36.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920). Қазревкомның құрылуы және оның мақсаттары.
- •37.Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты және оның жүзеге асырылуы.
- •38.Қазақстанда жаңа экономикалық саясат (жэс) кезеңінде. Жер – су реформасы.
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
- •Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
- •42.Қазақстанда ұжымдастырудың жүзеге асырылуы: барысы және салдарлары.
- •Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
- •Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •50.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың ерліктері.
- •51.Соғыс жылдарындағы халықтық білім беру, ғылым және мәдениет.
- •52.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (хХғғ. 40 жж. Іі жартысы – 50 жж.). «Бекмаханов ісі». «Хрущевтік жылымық».
- •55.Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемалар (хх ғасырдың 50-60-шы жылдары ).
- •57.ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті.
- •60.Д.А. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері.
- •64.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы – қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең.
- •65.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және оның жүзеге асырылуы.
- •72.«Қазақстан – 2030 стратегиясы. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы» - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары
- •73.Елдің тұрақты дамуының негізі - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру «100 нақты қадам».
- •78.Қазақстан Республикасының қазіргі дамуындағы әлеуметтік реформалар.
- •80.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» статегиясы: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (14 желтоқсан 2012).
- •82.Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
- •83.Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы және «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •84.Дене шынықтыру және спортты дамыту. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.
- •85.Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы.
- •1992 Жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
- •2002 Жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
- •2005 Жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
- •86.Этносаралық келісім - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен демократиясын нығайтудың негізі.
- •87.Қауіпсіздік мәселелерін жағдайындағы Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
9.Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар.
Қазақ қоғамы өзіне тән әлеуметтік қатынастардың күрделі даму үрдісінен өтті. Кеңестік дәуірдің тарихнамасында адамзат қоғамының дамуын қоғамдық-экономикалық формацияға “бес мүшелі“ схемалық тұжырымдамада пайымдады. Оның негізгі нысанасын, қоғам дамуының кезеңдерін тек өндіріс әдісі мен өндірістік қатынастар бойынша ғана анықталатын формациялық шеңбер құрады. Бұл кезеңнің зерттеулерінде қоғамдық-экономикалық формацияда материалдық примат қоғамның руханилығынан үстем қарастырылды. Қоғамның дамуындағы қоғамдық ойлау, мәдениет, идеология тыс қалып отырды. Рухани өмірдің динамикасы-тарихи прогрестің негізгі факторы ретінде ескерілмеді. Қазақ қоғамының дамуы капитализмге дейінгі біртұтас қоғамдық-экономикалық формациядан өткендігі қабылданып, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани даму ерекшелігі ескерілмей қалды. Қазақ қоғамын зерттеуге арналған еңбектерде негізінен таптық қанау, тап арасындағы күрес формасы терең қарастырылды. Сонымен қатар қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктеліс мәселесі әлеуметтік топтың экономикалық мүддесі тұрғысынан анықтау орын алды. Бұл жағдайда дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымның саяси және рухани жағынан атқарған тарихи қызметін қарастыру мүмкін болмады.
Қазақ қоғамын зерттеудегі бағыттардың бірі “көшпелі қоғам“ тұрғысында болды. Қазақ қоғамын номадизмің қоғамдық қатынастары тарапынан зерттеу өзінің ағысын тапты. Осыған орай “номадизм“ тұрғысында көшпелі қоғамның мәдени-тарихи дамуын зерттеудің бағыттары қалыптасты. Көшпеліліктің қалыптасуының бастапқы факторлары және оның өзіндік қоғамдық даму ерекшелігі жөніндегі ізденістер жүргізілді. Номадизмнің шығуы және оның дамуы арқылы көшпелі қоғам өміріндегі табиғи-климаттық жағдайдың әсері және әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалының зерттелуі тарихшылардың тарапынан тыс қалған жоқ. Тарихнамада көшпелілікке өту үрдісі кездейсоқтық емес деп қорытынды жасалынды. Сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысып жүрген тайпалардың дәстүрлі шаруашылық типіне өтуі және оның сапалы деңгейге көтерілуінің себептерін ашатын пікірлер қалыптасты. Номадизмге жартылай отырықшы малшылар мал басы санының өсуінен жайылымды кеңейту мақсатында өтті деген пікір білдірсе, тағы бір зерттеушілер бұл үрдістегі шешуші қызмет атқарған климаттық өзгерістер болғандығына тоқталады.
Қазақ қоғамын көшпелі қоғам тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Себебі қазақ қоғамы өзінің даму үрдісінде көшпелі және отырықшы мәдениеттің ортақ ұштасуының нәтижесі болды. Өркениет зерртеушілерінің бір тобы Евразия даласындағы көшпенділердің тарихи даму үрдісін бөліп алып қарауға болмайтындығын ескертеді. Өйткені, ол көшпенділер, біріншіден, басқа көршілес қауымдармен ара қатынаста болды, ал ол қауымдар болса отырықшы-егіншілер, қала мәдениеті дамыған өлкелерде тұрды. Екіншіден, көшпенділердің өз ішіінде жартылай отырықшы малшылар тобы болды. Үшіншіден, көшпенділіктен отырықшылыққа көшу, қалалық мәдениетпен ұштасу, түйісу тенденциясы тарихта орын алды. Таза көшпенділік Евразияның сайын даласында болған емес, қала мен дала одағы, отырықшылық, пен көшпенділік өзара ұштасып, бір-біріне кірігіп, байланысып жатты. Сондықтан да Евразия сахарасында таза көшпенділер өркениеті емес дала мен қала мәдениеті ұштасқан Дала өркениеті дамыды. Дала өркениетінің жоғары деңгейдегі өзіндік дамуы, әлеуметтік-саяси құрылымы, рухани әлемі, экономикалық негіздері дәстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырды. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымын қоғамдық-экономикалық тұрғыда ғана емес, өркениеттілік тұрғысынан пайымдау зерттеулерде орын алып отыр. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын саяси белсенділігі, биліктегі құқықтары арқылы анықтау қажеттілігінің дұрыстығы зерттеулерде көтерілді. Кеңестік дәуірде орныққан қоғамдық қатынастарда жеке меншіктің болуы, қарама-қарсы екі тап арасындағы қайшылықтарды қоғам дамуының анықтамасы ретінде қарастыру бәсеңдеді. Қоғамның дамуын формациялық шеңберде қарастыруда қоғамның саяси дамуы, мемлекеттік нысандары, мәдениеті, діні, идеологиясы сияқты өркениет ұғымына кіретін жақтары ескерусіз қалып отыратындығына көңіл бөлді. Дәстүрлі қазақ қоғамын құрайтын институттардың қызметін “өркениеттілік“ тұрғысынан теориялық зерттеу тарихшылар тарапынан жүргізілуде. Өркениет-мәдени тип, ол ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі, тұйық, ағысы жоқ жерде эволюциялық даму емес, борсу бар, іру бар, шіру бар, бір орнынан қозғалмай, тыпырлау бар. Қалай болғанда, өркениет дегеніміз эволюциялық белгілі бір дәрежеде этностармен мемлекеттердің аралас-құралас қана емес тарихи және мәдени біртектілік болымысының автономды дамуы болса керек.
10.Абылай хан: ішкі және сыртқы саясаты.
XVIII ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Қазақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды.
1771 жылы Абылайды жалпы казақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасканнан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандыктың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ыкпалды жырау Бұқар Қалкаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды коспағанда, Кіші жүз қазақтарының, билеушілері, Орта жүз бен ұлы жүздің өкілдері сөзсіз колдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде казақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. А. И. Левшиннің айтқанындай, ол «оған (атаққа) торғауыттарды жеңуі аркылы және Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, барлық қырғыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердіңде сайлауы арқылы ие болды». Сөйтіп Абылай Казақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.
Абылай ханның ішкі саясаты. Бүкілхалыктық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ. Сұлтандардың едәуір бөлігі, әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Мәселен, Дайыр сұлтан 1781 жылы Орынбор губернаторына Абылай «ханның қадір-қасиетін мүлде әділетсіз иеленгенін, өзінің бала кезінде бауырларымен Түркістанда болғанын, хандыктың барлық әділеттілік бойынша өзіне тиесілі» екенін жазды. Наймандардың билеушісі Әбілпейіз, иеліктері Обаған мен Есіл арасында орналасқан Құдайменде сұлтан тәуелсіз еді деуге болады. Түркістан мен Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен Сәмекенін, баласы Есім мен Әбілмәмбеттің баласы Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы болған кейбір рубасылар оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құкықпен шектеулі Абылай, Ш. Уәлихановтың айтуынша, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышта ұстады. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады. Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғасырдың 20-30-жылдарында бұл жүйе өзгере бастады, белгілі бір ру әскербасы және саяси көшбасшы етіп шақырған сұлтандардың рөлі арта түсті. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінде бір орталық буындары элементтерін енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ сұлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындалды, оған арнап Абылай Талас аңғарында кала салып, оған қарақалпақтарды қоныстандырды. Солтүстік — шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек Кіші жүзде және Орта жүздің батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында — Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары — сұлтандар билік етті. Орталық билікті күшейту үшін Абылай қолданған шаралардың екінші кешені — бір тұлғаның қызметіне және оның тұлға ретіндегі қасиеттеріне сүйену, Мәселен, дағдылы құқыктың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Билер кеңесі мен рубасы-ақсақалдар съезінің құқыктары едәуір шектелді. Алайда дағдылы құқыктың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқаларындағы кемшілік Абылайға хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Оның үстіне бүкіл басқару жүйесін соғыстар қиратып кетті деуге болатын еді. Федерализм элементтері рулықбасқару принциптерімен тығыз ұштасып жатты, хан билігін бұрынғысынша билер мен сұлтандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. Мемлекетгік машинаның орнықтылығы түгелдей және толығымен ханның өз беделіне, оның күрделі саяси проблемаларды шешу кезінде ымыраластық таба білуіне байланысты болды.
Абылай ханның сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымырашылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш — қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан, Ресей протектор атын танудан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаныңда ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділдік көрсетуге тырысты. «Қазақтар әуел бастан-ақ екі жақтылықты ұстанды, — деді цин императоры өзінің 1779 жылғы жарлығында. Абылай бізге бағынған кезде Ресей Абылайдың өз боданы екенін, сондықтан біздің оны өз бодандығымызға қабылдамауымыз керек екенін мәлімдеп, наразылық жіберді. Біз сонда былай деп жауап қайтардық: «Сіздер Абылайды өз адамымыз дейсіздер. Егер сіздер оны жақсылап басқарсаңыздар, ол ешбір жағдайда бізге бағынуға өтпеген болар еді… Ал сіздер, орыстар, бұған қалай кедергі жасай аласыздар? Егер болашақта мұндай окиға бола қалса, сақтық жасау керек». Бір жағынан, Абылай қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Ресей сарайына әлдеқайда ынталылықпен, ал қытай ханымен хат жазысуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агрессияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана коймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Ресейден өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Бұл орайда ол өзінің Қытаймен өзара келісімі бар екенің былай деп хабарлады: «Қай жақтан және қандай да бір патша бізге дұшпандық әрекет немесе арсыздық жасайтын болса, оған қарсы тұратын болады және егер сол богдыханнан (Қытай императорынан — Ред.) күш сұрасам, ол менің талап етуім бойынша он мыңға дейін немесе жиырма мыңға дейін болса да әскери адамдар берер еді..». Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Ресейде,Қытайда оған әскер бөлуден бас тартатын.
Ресейдің өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетінін түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ғана ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге билігін танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда, Троицкіде, тіпті Петропавлда да ант беруден бас тартты. Отаршылдық өкімет орындары хан ордасына шенеунік жіберуге де келісті, алайда хан «мен өз дәрежеме халықтың сайлауымен әлде қашан-ақ бекітілгенмін» деп мәлімдеп, ант беруден үзілді-кесілді бас тартты. Ханның мұндай мінез көрсетуін оның 1773—75 жылдардағы Пугачевтің көтерілісінен кейін Ресей империясының күш-қуатына шүбәлана қарауымен түсіндіруге болады, ал ол көтерілістің барысында Абылай жалған атақ жамылушыны қолдап, тіпті онымен бірлесе отырып орыс бекіністеріне шабуыл жасауға да ниеттенген еді. Ханға ықпалын мүлдем жоғалтудан қорқып, Ресейдің өкімет орындары 1779 жылы оған 300 сом және 200 пүт ұн мөлшерінде жыл сайынғы жалақы тағайындады бірақ 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Ресеймен қандай да болсын катынастарының бәрін мүлде үзді.
11.ХІХ ғғ. ІІ-жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы. Капиталистік қатынастың енуі және оның дәстүрлі шаруашылыққа әсері.
ХІХ ғ. 60 ж Ресейден шаруаларды қоныс аударту басталды.
ХІХ ғ. 70 ж Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс – украин шаруаларын қоныстандыру жаппай етек алды.
1855-1893ж.ж Ақмола облысына 11 мыңдай орыс шаңырағы жайғасқан тұрғыны бар 24 село ұйымдастырылды. Ақмоладан 250 мыңнан астам десятина, Семейден 33 мыңнан астам десятина егістік жері тартып алынды.
1868 ж «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» жаңа ереже қабылданды. Жан басына 30 десятина жер берілді.
1868 -1880 ж.ж. Жетісу өлкесінде 2 мыңнан астам қоныстанушы жаңа қоныстанушы орналасты.
1883 ж Жетісу облысына жаңадан келушілерді, сондай-ақ Шығыс Түркістаннан қоныс аударған дүнгендер мен ұйғырларды орналастыру туралы жаңа ереже бекітілді. Жан басына 10 десятина болып белгіленді. Орыс шаруалары салықтар мен міндеткерліктерден 3 жылға босатылды
1889 ж.13 шілде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерге өз еркі мен қоныс аударуы және және бұрынғы қоныстар жағдайын қарастыру» жөнінде жаңа заң қабылданды. Жан басына шаққанда 15 десятина жер берілді. Бұл құқықтық талапта Тобыл, Том губерниялары, Жетісу , Ақмола, Семей облыстары қоныс аударатын аймақ болып белгіленді
1884 – 1892 ж.ж Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде 37 қоныс құрылды.
Шаруаларды қоныстандыру патша үкіметінің отаршылдық саясатының да бетін ашты. Келімсектерге көшпелі қазақтардың жерін тартып алып беру, тұрақты қоныстарынан ығыстыра бастауы - жергілікті қазақ ауылдарының мүддесімен ешқандай санаспайтындығын көрсетті.
XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған
капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты
Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық
өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы
Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес,
сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты.
Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады.
Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі
қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл
шаруашылығы шикізатының қайнар қөзі ретікде капиталистік Россияға
барынша тәуелді болып шықты.
XIX ғасырдың ортасы – қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері айқын байқалды:
- Отырықшы мал шаруашылығы мен екіншіліктің дамуы.
- Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы.
- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.
XIX ғасырдың 60 жылдарынан россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс салуға жұмсады.
Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс,
Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп
өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды
көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі.
12.Столыпиннің аграрлық реформасының Қазақстанда жүргізілуі.
Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906 – 15 жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» (Переселенческий фонд) құру үшін Қазақ өлкесіндеп «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір казак отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіліп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды.
Ресейде аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейде аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер ұлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесінде ерекше көңіл белді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін бол-ды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.
XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы ешбір сын кетірмейтін дәрежеде болды. Олар жұмыс-тың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін беліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусым-дық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсіпорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құралжабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.
13.1905-1907 жж.бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға тигізген әсері.
1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.
Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.
Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.
Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.
