- •6.Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан: ішкі және сыртқы саясаты
- •8.Қазақ қоғамындағы билер және батырлар институты және дәстүрлі көшпелі қазақ мәдениеті
- •9.Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар.
- •14.ХХғғ. Басындағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» т.Б. Газеттері.
- •15.Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан.
- •Көтерілістің негізгі себептері:
- •20.Хіх ғғ. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
- •Жылдар-Маңызды оқиғалар
- •22.ХХғғ.Басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер және урбанизация үрдісі
- •27.Б.Қаратаев – бірінші қазақ заңгері және қоғам қайраткері.
- •28.М.Шоқайдың саяси қызметі мен тарихтағы орны.
- •29.Алаш партиясының басшысы ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •31.М.Дулатовтың қоғамдық – саяси қызметі.
- •Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
- •1905 Жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
- •35.1917 Жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы.
- •36.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920). Қазревкомның құрылуы және оның мақсаттары.
- •37.Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты және оның жүзеге асырылуы.
- •38.Қазақстанда жаңа экономикалық саясат (жэс) кезеңінде. Жер – су реформасы.
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
- •Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
- •42.Қазақстанда ұжымдастырудың жүзеге асырылуы: барысы және салдарлары.
- •Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
- •Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •50.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың ерліктері.
- •51.Соғыс жылдарындағы халықтық білім беру, ғылым және мәдениет.
- •52.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (хХғғ. 40 жж. Іі жартысы – 50 жж.). «Бекмаханов ісі». «Хрущевтік жылымық».
- •55.Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемалар (хх ғасырдың 50-60-шы жылдары ).
- •57.ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті.
- •60.Д.А. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері.
- •64.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы – қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең.
- •65.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және оның жүзеге асырылуы.
- •72.«Қазақстан – 2030 стратегиясы. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы» - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары
- •73.Елдің тұрақты дамуының негізі - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру «100 нақты қадам».
- •78.Қазақстан Республикасының қазіргі дамуындағы әлеуметтік реформалар.
- •80.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» статегиясы: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (14 желтоқсан 2012).
- •82.Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
- •83.Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы және «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •84.Дене шынықтыру және спортты дамыту. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.
- •85.Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы.
- •1992 Жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
- •2002 Жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
- •2005 Жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
- •86.Этносаралық келісім - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен демократиясын нығайтудың негізі.
- •87.Қауіпсіздік мәселелерін жағдайындағы Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
72.«Қазақстан – 2030 стратегиясы. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы» - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары
Қазақстан-2030 Стратегиясы–ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат –ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу.
Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау.
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.
73.Елдің тұрақты дамуының негізі - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру «100 нақты қадам».
«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Бұл ерекше құжатта мемлекеттiң, қоғамның алдында орындалуы аса қажет болып тұрған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жолдары көрсетілген. Бiрiншi институционалдық реформаны, яғни «Кәсiби мемлекеттiк аппарат құру» үшiн 15 нақты қадам белгiленген. Құжаттың осы бөлімінде кадрларды іріктеудің, бағалаудың нәтижесінде жоғарлаудың жолдары қарастырылған.
Екiншi институционалдық реформаны, яғни «Заңның үстемдiгiн қамтамасыз ету» үдерiсiнде нақты 19 қадам ұсынылған. Бұл кешендi бөлiмде заңның үстемдiгiн қамтамасыз ету барысында сот төрелiгiне көбiрек мән берiлген. Мақсат – сот төрелiгiн жеңiлдету, оңтайландыру және уақытын қысқарту.
Институционалдық реформаның үшiншi жүйесi «Индустрияландыру және экономикалық өсiм» деп аталып, өз ретiнде 50 нақты қадамнан түзiлген. Аталмыш «Нақты қадам» ең үлкен жүйе болып қоғамның негiзi болып саналатын экономикаға оның даму бағытын белгiлейтiн индустрияландыруға бағышталған. Әсiресе, назар аударылған iс-шаралар: салық салу жұмыстарын жетiлдiру; кеден саясатын оңтайландыру; азаматтардың кiрiсi және шығысын жариялауды кезең-кезеңiмен енгiзу; өндiрiс салаларындағы мемлекеттiк монополиялардан бiрте-бiрте бас тарту; экономиканың басым секторындағы халықаралық бiрлескен кәсiпорындар құру; әлемнiң негiзгi қаржы орталықтарымен арақатынасты дамыту және Астанада халықаралық қаржы орталығын құру, т.б.
Төртiншi институционалдық реформаны қоғам өмiрiне қолданудағы айрықша ерекшелiк –«Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру.
Институционалдық реформаның бесiншiсі «Есеп беретiн мемлекеттiлiктi қалыптастыру», оны жүзеге асыру үшiн «Он нақты» қадам ұсынылған.
«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.
74.Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы жетістіктер.
2003 ж. 4 сәуірінде президенттің халқына жолдауына және сыртқы саясатының 2004 ж. арналған негізгі бағыттары. Басты мұрат – халқының әл – ауқатын арттыру делінген. Біздің еліміз «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді бағдарлама 30 жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес орындалып келеді. «Қаз-н 2030» 1 ү.м.б.Ұлттық қауіпсіздік бөлімінде азамат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттарының басталуына оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттің сақталуы тұрғанына куә. Өз қауіпсіздігіміз бен тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін көршілес елдермен Ресей, Қытай, Орта Азия елдері сол сияқты Таяу және Орта Шығыс елдері, АҚШ, Еуропа елдерімен достық қатынаста болуымыз керек. Осы елдермен жақсы қатынаста болу үшін қарулы күшімізді нығайту керек. 2 ү.м.б. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы – егер әр түрлі топтау олардың мүдделері саясаты идеологиясы, діні, этникалық – таптық мүдделері бір – біріне қарама – қайшы болса, ұлттық мүдде ешқашан іске аспайды, ондай жағдайды Ауғаныстан, Югаславия, т.б. елдердің бастан кешкенін қайталауымыз мүмкін. 3 ү.м.б. Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары дамыған нарықтық экономикаға енді, ол нарықтық қатынас қаржылық – жауапкершілікке толы демократия. Нарыққа өтуге байланысты кәсіпорындар жекешелендіруді жеке меншік түрлері пайда болды. Шетел инвестицияларын пайдаланып, экономиканы көтердік. АҚШ, Корея, Жапония, Туркия, Қытай, Канада инвестициясын пайдаланды. Президенттің ҚР халқының дұрыс бағытты таңдап алуының арқасында 1. бейбітшілікке 2.экономиканы дамыта отырып, халықтың әл – ауқатын жақсартып келеді. т.б. табыстарға жетті. 1997 ж. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасын қабылдады.
75.Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар және саяси партиялар.
Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан болашағы қоғамының идеялық бірлігінде» деген 1983 ж. соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар социалистік партия, қазақстанның Республикалық партиясы, коммунистік партия және Қазақстан халық конгрессі. Республикада 300-ден аса қоғамдық саяси ұйымдар 68 қорлар тіркеуге алынды. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.Экологиялық бағыттағы ұйымдар.Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с.Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары.
Саяси қозғалыстардың ішіндегі беделі жоғары Қазақстанның халық 1-ші одағы Н. Ә. Назарбаев оның басшысы болуға келісім берді. Трағасы Қ. Сұлтанов Қазақстан халық конгрессі партиясының 1993 жылдың 19-шы шілдедегі 5-ші пленумында жоғары кеңестен саяси партияның заң жобасын бекіту жөнінде заңдылау мәселесі талқыланды. Қазақстан халық конргесінің төрағасы О. Сүлейменов Ресей мен Қазақстан арасындағы байлықты орнатты. Қазақстан социалистік партиясы ұйымшылдықты нығайту, техникалық базаны жақсарту жолында жұмыс атқарды. Азат қозғалысы Қазақстанның республикалық партия басшысы өкіметке қысым көрсету туралы айтты. Қазақстандағы алғашқы қозғалыстардың бірі Невада-Семей экономикалық қозғалыс 1989 жылы О. Сүлейменовтың ұсынысы бойынша құрылған бұл Қазақстанның мақсатын Семей және басқа полигондарды жабу. 1990-шы жылдың шілдесінде «Азат» азаматтық қозғалысы д. Оның мақсаты егемендік алу еді. Республика халқының славян жұртшылығымен қауымдастырған «Лад» қозғалысы 1993 ж. соңына қарай қозғалысқа саяси қозғалыстар республикада шынайы берік күшке айналды, олардың өз бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері болды.
76.Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметі және рөлі.
1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауапкершілік жүгін арқалатты, халық өздері таңдаған Көшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенді. Еліміз бен халқымыздың сол сенімін Елбасының толық ақтап отырғандығына да осы күндері көзіміз анық жетіп отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуге арналған салтанат сол жылдың, яғни 1991 жылдың 10 желтоқсанында болған еді. Президенттің қызметіне кірісу және ант беру салтанаты ежелгі халықтық дәстүр мен қазіргі өркениет үлгілерінің айшықталған жағдайында өтті. Президент ежелгі дәстүр бойынша ақ киіздің үстіне көтеріліп, қолын Конституцияға қойып, ант берді. Президентке бүкіл халық атынан өкілдік берілгеннен кейін 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң» қабылданды.Тарих бізге 1991 жылдың 16-желтоқсанынан бас¬тап Тәуелсіз мемлекет құрудың сыбағасын ұсынды. Сөйтіп, еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары, азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы басталып еді. Елбасы өзінің туған халқына деген сеніммен тәуекел деп тәуелсіз елдің іргетасын қалауды, оны нығайтуды қолға алған болатын.
77.Қазақстандағы демографиялық, миграциялық үрдістер,халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. Қазақстан Халық Ассамблеясы.
Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
