Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих90.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.79 Кб
Скачать

64.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы – қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең.

Осыдан жиырма алты жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Әрине, ең алдымен бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, әлеуметтік—экономикалақ күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік. Соған қарамастан Қазақ мемлекеті өркендеуде өз жолын таба біліп, өркениетке өз үлесін қоса бастады.Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты, сол уақыттарда тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш үкіметінің мүшесі, Премьер—Министрдің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, халықымыздың сеніміне кірген қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов өзінің 2005 жарық көрген «Серпінді кезең» атты еңбегінде еліміздің даму қарқынына былайша баға береді: «Қуатты саяси, экономикалық, әлеуметтік және демократиялық қайта құрулар көп ғасырлық тарихымыздың қойнауында өткен заманның ешбір кезеңінде болмаған мүлде жаңа үрдіс, тың құбылыс жағдайында дамып келеді. Біз саяси тұрақтылықты сақтап қана қоймай, сонымен бірге оны нығайта түсуге және өзіміздің қазақстандық ұлтаралық келісім үлгісін жасауға қол жеткіздік. Тоталитарлық жүйенің құлдырауымен бірге КСРО—ның ұлттық саясатының тым идеологияландырылып жіберілген, түбірімен қате ұлттық стратегиясын 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі аяусыз әшкерелеп берген болатын. Сондықтан аяғынан енді ғана тұрған Қазақстан мемлекеті үшін мүлдем жаңа ішкі саясат жүргізуі тиіс еді. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық қоғам құрудың тиімді жолын қалыптастырды. Біздің Республика этносаралық жанжалдарды қазір де, болашақта да болдырмауға болатынын бүкіл әлемге сенімді түрде дәлелдеді. Ұлтаралық түсіністіктің қазақстандық моделі қалыптасып, нәтижелі жұмыс жасап келеді.

65.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және оның жүзеге асырылуы.

Нарықтық экономикаға көшу күрделі әрі қиын болды. Көптеген кәсіпорындары тоқтап қалды. Магазинде ешқандай тауар болмады. Қағаз ақша шамадан тыс шығарылды да, құнсызданып кетті. Халық қолында 13 млрд. ақша жүрді. Халық дүкендегі тауардың барлығын сатып алды. Бұл жағдайда өнеркәсіпте де, аграрлық салада да өнім өндірудің барлық түрлері төмендеді. Тұрғын үй, мектептер салу күрт төмендеді. 1992 ж. Ресей бағаны босатты. Республика президенті Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Төралқасының келісімімен 1912 ж. 6 қаңтарда бағаны босату туралы жарлық қабылдады. Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайының нашарлауы Ресейдің жүздеген реформасына байланысты. Меншікті жекешелендіру баяу жүрді. Еңбек өнімділігі нашарлады. Тәртіп те нашарлады.

Қазақстан қазіргі кезде нарықтық экономиканы дамытуға бағытталған құрылымдық реформаны қамтитын бағдарламаны жүзеге асыруда. Қазақстандағы экономиканы реформалау процесі 1991 жылы желтоқсанда тәуелсіздікті жариялағаннан кейін күшейе түсті. Сол сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін бірнеше реформалар іске асырылды:

1992 жылы қаңтарда-бағаны ырықтандыру;

1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституция;

1993 жылы сәуірде-Ұлттық жекешелендіру бағдарламасы;

1993 жылы қарашада – ұлттық валюта-теңге;

1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарлама;

1995 жылы ҚР Конституциясында жеке меншікті мойындау;

1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясатын жүргізу, индикативті жоспарлар;

1997 жылы қазан – Қазақстанды дамытудың 2030жылға арналған даму стратегиясы;

Өз экономикасын қайта құрудағы өте күрделі мәселелерді шешуге аяқ басқан Қазақстанның бастан кешкен қиыншылықтарын ескермеуге болмайды. Ол жеке меншік сектордың жоқтығы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап сауда ауқымындағы монополиялар, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сатып алу және несиелер мен мамандандырылған банкілерді мақсаткерлікпен бөлісуге дейін ескі құрылымға қоса макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі.

66.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының дамуы. Ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктер.

Елордамыз, республиканың бас қаласы - Астана күннен-күнге көркейіп қанат жайып келеді. Оның бүгінгі бейнесінің өзі—ақ көз алдымызға Еуразияның келешектегі жұртқа мәшһүр шаһарын елестетеді Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИКҰ секілді беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым—қатынастарда да еліміздің мәртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге де бастамашы болды. 2010 жылдың 1–2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының төрағалығымен ЕҚЫҰ—ның 56 мемлекетінің басшылары елордамызда бас қосып, Астана доктринасының бірауыздан қабылдады.Мұндай тарихи маңызы зор оқиға еліміздің халықаралық деңгейдегі талассыз беделінің арқасында келгенін және қазақ дипломатиясының сыртқы саясаттағы табысты еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Өсіп—өркендеген және қуатты Қазақ елі Елбасы бастаған жаңғырулардың мақсаты мен мазмұны болады. Еліміздің нығайып халықаралық беделінің өскенін көрген әрбір қазақстандықтың кеудесінде мақтаныш сезімі пайда болады. Қазір іргелі тәуелсіз ел, демократиялық дәстүрді берік ұстанған қуатты мемлекет болдық.Тарихты жасайтын тұлғалар тағлымы өскелең ұрпақтың ұлт мүддесіне қызмет етуіне жол ашып қана қоймай, әлемдік өркениеттің дамуына да ықпал етеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқы ынтымақтасып, жалпыұлттық, ұлтаралық бірлікті нығайтуға, рухани—мәдени жаңғыруға қол жеткізілді. Қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Республикамыз Кеңес империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мәселелердің шешімін тауып, саяси, экономикалық және әлеуметтік—мәдени салаларға да реформалар жүргізілді.67. Қазақстан Республикасының Конституциясы (30.05.1995.) адам құқықтары мен бостандықтарын саяси институт ретінде

67.Қазақстан Республикасының Конституциясы (30.05.1995.) адам құқықтары мен бостандықтарын саяси институт ретінде.

1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанында ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Ал 1993 ж. 28 қаңтарында 1-ші конституциясы қабылданды. Бірақ ол заң жаңа мемлекеттегі барлық проблемаларды шеше алмады, басқару мәселесі шешілген жоқ болатын. Ал бұның өзі оны президенттің үкіметтің істеріне араласуына әкеліп соқты. Көптеген ескертулер айтылды. Соның нәтижесінде 1995 жылдың 30-шы тамызында ҚР жоғарғы кеңесі жазда конституцияны қабылдады. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде конститутция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылды. Ол 9 бөлімнен 98 баптан тұрады:

1. Жалпы ережелер,

2. Адамзат және азамат,

3. Президент,

4. Парламент,

5. Үкімет,

6. Конституциялық кеңес,

7. Соттар және сот тірлігі,

8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару,

9. Қорытынды және өтпелі ережелер.

Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Конституцияны қабылдау бүкіл халықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Конституцияның ерекшелігі ол бір жағынан екінші жағынан қоғамның негізгі заңы. ҚР конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Конституцияда оның ережелері, нормалары тікелей қолданылады деген нұсқау бар. Мұның мәнісін әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға әсіресе сотқа өтініш білдіре алады. Конституцияны, оның нормаларын пайдалана алады. Конституция Назарбаев басшылығымен әзірленген.

68.Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының мәдени үрдісі.

Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер көпқырлы және әр алуан. Оның астында қазіргі таңда дамып жатқан өнердің түрлері мен жанрын қоса алғанда, өзгерістердің, инновациялардың, білім берудің, ғылымның және мәдениеттің әртүрлі салалары мен аясын қамтитын түбегейлі қайта құрылудың кең көлемдегі спектрін түсінуге болады. Тарихи жағдайларды кешендендіру себебінде Қазақстан саяси этникалық қоғамы бар мемлекет болып табылады. Сондықтан бұл жердегі мәдени процесс өзіне ұлттық өзара іс-қимыл жасасумен және өзара ықпал етумен байланысты құбылыстарды таңдайды. Қазақстанда, оның аумағында орын алып жатқан алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық өзгерістердің арқасында адамзаттың рухани мұрасындағы ең жақсыларын сіңіріп алуға мүмкіндігі бар берекелі тетік әзірленді. Қазақстанда 1980 жылдың екінші жартысынан бастап қалыптасқан мәдени процестер бір жағынан алып қарағанда тоталитарлық жүйедегі кеңестік дағдарыста, партияларда, әлеуметтік реализмде көрінді. Елдің мәдени дамуы қиындықтар мен коллизияларда жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуымен сипатталады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін Қазақстанда мәдени мәселелерді шешуге қазақ халқын «ұлтшыл» деп жазалау да өз таңбасын қалдырды. Екінші жағынан 1980 жылдың аяғындағы 1990 жылдың басындағы мәдени мәселелерде әртүрлі меншік нысанын, әр алуандылықты, қоғамдық-саяси жаңаруды және алуан түрлі пікірлерді бекітетін алғашқы қадамды көруге болады. Егеменді Қазақстанда мәдениеттің қалыптасу процесі көптеген қиындықтарды және қарама-қайшылықтарды бастан кешірді және бастан кешіруде. Олардың ішінде: бұрын болған бірыңғай мәдени кеңістіктің өткенге кетуі және ұлттық идентификациялаудың жаңа парадигмінің өмірге келу; коллективтендіру көзқарастарының құнсыздануы және оның құлаған орнында өзінің идеясы және дүниетаным бағытыны бойынша әртүрлі құндылықтардың қалыптасуы болды.

69.Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары.

1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы ҚР тарихындағы ерекше мәртебелі күні болып есептеледі. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – туы, елтаңбасы, әнұраны дүниеге келген күні ретінде мәңгі есте қалады. Егеменді Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханов. Олар бәйгеге түскен елтаңбаның 245 жобасымен, 64 суреттемесімен жеңіп шыққан. Елтаңбаның жалпы пішіні толық шеңбер кескінін береді. 1992 ж. 6-шы маусымда Абай атындағы опера және балет театырының зәулім ғимаратында президент Назарбаев салтанатты түрде ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін» деген еді. Еліміздің туы – қасиетті көк байрақ. Оның авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік тудың негізгі ерекшелігі оның түсі. Зеңбір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың еңбір реңділері қатарына жатады. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені адамзаттың бойына біткен өнер өзін қоршаған ортаға, табиғатқа еліктеуі нәтижесінде дүниеге келген. Ерекше аспан түстес бояудың айрықша ықыласқа бөлеуі әбден заңды. Ол табиғаттың өзі жасайтын ғаламат гүл шоғын – кемпірқосақ болмысындағы қасиетті жеті бояудың бірі. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі – қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған адал бүркіті мен рухани болмысымыздағы жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек – сондай айтары мол астарлы айшықтар. Сондай-ақ Геральдикада заңы бойынша күн бейнесі байлық пен берекенің нышаны болып саналады. Табиғаттың төл баласына айналған көпелілер ұрпағы үшін тудағы қанатты қыран – дала бүркітінің де орны бөлек. Бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда «қошқар мүйіз» деп аталатын қазақи өрнек қойылған. өрнек халқымыздың қолдаңбалы өнер мен жеткен ең ұлы табыстарының бірі.

Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа ән-ұраны 2006 жылы қабылданды

70.Перзидент институты – тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңа құрылымы.

1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауапкершілік жүгін арқалатты, халық өздері таңдаған Көшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенді. Еліміз бен халқымыздың сол сенімін Елбасының толық ақтап отырғандығына да осы күндері көзіміз анық жетіп отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуге арналған салтанат сол жылдың, яғни 1991 жылдың 10 желтоқсанында болған еді. Президенттің қызметіне кірісу және ант беру салтанаты ежелгі халықтық дәстүр мен қазіргі өркениет үлгілерінің айшықталған жағдайында өтті. Президент ежелгі дәстүр бойынша ақ киіздің үстіне көтеріліп, қолын Конституцияға қойып, ант берді. Президентке бүкіл халық атынан өкілдік берілгеннен кейін 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң» қабылданды.Тарих бізге 1991 жылдың 16-желтоқсанынан бас¬тап Тәуелсіз мемлекет құрудың сыбағасын ұсынды. Сөйтіп, еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары, азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы басталып еді. Елбасы өзінің туған халқына деген сеніммен тәуекел деп тәуелсіз елдің іргетасын қалауды, оны нығайтуды қолға алған болатын.

71.Елдің саяси жүйесінің құрылымдық бөлігі – Президент, Парламент және Үкімет.

Президент — мемлекет басшысы, мемлекеттін ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілеттік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының (заң, атқарушы және сот) келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. . Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.

2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы болып өтті. Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кірісті. Бұл салтанатты сәт инаугурация (ұлықтау) деп аталады. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында өтті.

Республика Президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктер Конституция мен "ҚР-ның Президенті туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.

Парламент—заң шығарушылық қызметі жүзеге асыратын республиканын жоғары өкілетті органы. 1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.

ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.

Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды;

Үкімет — атқарушы биліктің жоғары органы, оны Президент құрады және оған экономика, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси басқару, сыртқы саясат салаларында кең аукымды өкілеттік берілген. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Үкімет бүкіл елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Үкімет мүшелері республика халқына және Президентке ант береді. Үкіметке кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктердің бәрі —Конституцияда және "ҚР Үкіметі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.