- •6.Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан: ішкі және сыртқы саясаты
- •8.Қазақ қоғамындағы билер және батырлар институты және дәстүрлі көшпелі қазақ мәдениеті
- •9.Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар.
- •14.ХХғғ. Басындағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» т.Б. Газеттері.
- •15.Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан.
- •Көтерілістің негізгі себептері:
- •20.Хіх ғғ. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
- •Жылдар-Маңызды оқиғалар
- •22.ХХғғ.Басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер және урбанизация үрдісі
- •27.Б.Қаратаев – бірінші қазақ заңгері және қоғам қайраткері.
- •28.М.Шоқайдың саяси қызметі мен тарихтағы орны.
- •29.Алаш партиясының басшысы ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •31.М.Дулатовтың қоғамдық – саяси қызметі.
- •Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
- •1905 Жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
- •35.1917 Жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы.
- •36.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920). Қазревкомның құрылуы және оның мақсаттары.
- •37.Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты және оның жүзеге асырылуы.
- •38.Қазақстанда жаңа экономикалық саясат (жэс) кезеңінде. Жер – су реформасы.
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
- •Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
- •42.Қазақстанда ұжымдастырудың жүзеге асырылуы: барысы және салдарлары.
- •Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
- •Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •50.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың ерліктері.
- •51.Соғыс жылдарындағы халықтық білім беру, ғылым және мәдениет.
- •52.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (хХғғ. 40 жж. Іі жартысы – 50 жж.). «Бекмаханов ісі». «Хрущевтік жылымық».
- •55.Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемалар (хх ғасырдың 50-60-шы жылдары ).
- •57.ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті.
- •60.Д.А. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері.
- •64.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы – қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең.
- •65.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және оның жүзеге асырылуы.
- •72.«Қазақстан – 2030 стратегиясы. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы» - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары
- •73.Елдің тұрақты дамуының негізі - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру «100 нақты қадам».
- •78.Қазақстан Республикасының қазіргі дамуындағы әлеуметтік реформалар.
- •80.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» статегиясы: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (14 желтоқсан 2012).
- •82.Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
- •83.Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы және «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •84.Дене шынықтыру және спортты дамыту. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.
- •85.Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы.
- •1992 Жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
- •2002 Жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
- •2005 Жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
- •86.Этносаралық келісім - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен демократиясын нығайтудың негізі.
- •87.Қауіпсіздік мәселелерін жағдайындағы Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
60.Д.А. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері.
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғытамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
61.«Қайта құру» жылдарындағы Қазақстан (1985-1991).
«Қайта құру» деген термин ең алғаш 1986 жылы мамыр айындағы Горбачевтың Ленинград қаласына істі сапарында қалалық партия комитетінің активімен кездескенде бірінші рет айтылған. Осы термин ақпарат құралдарының тілшілерінің «арқасында» жаңа дәуірдің ұраны болып кетті. Қайта құрудың бірінші кезені (наурыз 1985 – қаңтар 1987)
Қайта құрудың бастапқы кезені:
-Кеңес одағының саясатының және экномикасының «кейбір» кемістіктерін мойындағаннан басталды.
-Алкогольге қарсы компания
-Халық шаруашылығының «жылдамдату» (ускорение) саясаты
-Сыбайластық пен жемқорлықпен күресу
т.б. қадамдарымен белгіленді.
1985-1986 жылдары Брежневтің кезінен келе жатқан ескі кадрлердің үштен екісін ауыстырылды. Дәл сол кезде мемлекеттің басқаруына А.Н.Яковлев, Е.К. Лигачев, Н.И.Рыжков, Б.Н.Ельцин, А.И.Лукьянов сияқты келешекте орын алатын тарихи оқиғалардың белсенді қатысушылары тағайындалды.Екінші кезен (қаңтар 1987 – маусым 1989 1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі мұнайдың бағасының төменге күрт түсуі, екінші фактор – Чернобыль апаты.
1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.
Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды. Қоғамдық өмірде «жәриялық» саясаты орын алды. Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленісі, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.
Тоқырау жылдарында Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде корініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Казақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз бол-,ды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, коғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар осындай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды.
Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.
62.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы: себебі және салдары.
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Ор-талық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаев орнынан алынды.Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум откеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т. б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық косемі болу керек" деген ұран болды. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы еөкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталык Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н. Ә. Назарбаев, 3. К. Камалиденов, О. С. Мирошхин, М. С. Меңдібаев, А. П. Рыбников, Л. Е. Даулетова, В. Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.
Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г. В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазала- ушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарға мұздай су шашып, алаңнан қуу үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әр түрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қата-рынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы Желтоқ-сан оқиғасы Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрінген емес еді.
Мәселені әрі қарай тексеру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған, Мүхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы меп ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді.
63.КСРО – ның құлауы және ТМД – ның құрылуы.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Белорусь, Украина басшылары желтоқсан айлық басында Белорусь астанасы Минск қаласында бас қосты Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бұл кездесуде Қазақстан Президенті, басқа Орта Азиялық республикалардың президенттері шақырылды. 1991 ж. 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабад қаласында бас қосты.1991 жылы 20 желтоқсанда тәуелсіз елдер одағы төңірегіндегі мәселелерді талқылау үшін Әзірбайджан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, РСФСР, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары Алматыға жиналды. Оған Грузия бақылаушы есебінде қатысты. 1991 ж. желтоқсанның 21-де сағат 11.30 да тәуелсіз елдердің басшысы ҚР президентінің резиденциясына жиналды. М. С. Горбачев бұл жиынға қатысқан жоқ. Оған шақырылмады. Сағат 15-те әзірленген құжаттарды талқылау аяқталды. Сағат 17-де 11- республиканың басшылары қол қойды. Осы сәттен бастап КСРО өмір сүруін тоқтатып, ТМД өмір есігін ашты. Хаттамаға қол қойған соң кейінгі пресс-конференцияны Н. Ә. Назарбаев ашты.
Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы(Кеңес Одағы, КСРО) — Еуропада 1922 жылдан 1991 жылға дейiн және Азияда өмір сүрген мемлекет. КСРО Еуразияның 1/6 бөлiгiнде орналасты және 1917 жылдан дейін Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiнсiз орналасатын және (Карстың жерi, қазіргі Түркия) кейбiр басқа аумақтағы әлемiнiң елдері арасында орналасқан ауданы бойынша өте iрi болды.
