Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих90.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.79 Кб
Скачать

57.ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті.

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді. Арал апаты – Арал теңізінің тартылуына байланысты Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамдарға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай, Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты. Ауаның ылғалдылығы (жаз, күз айларында 9%-ға дейін) азайып, жазы құрғақ та ыстық (шілдеде 45ӘС-қа шейін, 1985), қысы суық (47ӘС-қа шейін, 1986) болатын жылдар мен күндер көбейді. Өзен жағалауындағы суармалы егістерде (негізінен мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып, теңіз түбіне 1 млрд. тоннадан астам улы шөгінділерді әкелді. Сөйтіп су тұздылығының артуы (1 литрде 35 мг, 1996) нәтижесінде су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды. Көлемі 4 млн. гектарға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын теңіз түбінен көтерілетін 70 млн. тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егістіктерді улап, үлкен апат әкелді. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқыр, қаяз, ақмарқа, алабұға, т.б.) құрып кетті. Осыған орай, теңіз жағалауындағы балық зауыттары, ауыл кеме көлігі кәсіпорындары, мал, егін, балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар, Барсакелмес аралындағы хайуанаттар қорығы, Возрождение аралындағы кәсіпорындар жабылды. Арал апаты аймағынан жүздеген мың адам өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Ғарыштан қарағанда, теңіздің жиегінен 400 км-ге дейін созылған «тұзды бұлт» өсімдік пен жануарлардың түрлерін азайтты. Бұрын теңіз маңында мекендеген су құстары түгелге жуық, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр, т.б.) құрып кетті. Арал апаты сол өңірдегі 60 мыңға жуық тұрғынының денсаулығына зиянды әсерін тигізді.Теңіз жиегінен 400 шақырымға созылған түзды бұлт өсімдіктер мен жануарлар түрлерін жоғалтты.

58.ХХғ. 60-80жж. екінші жартысындағы Қазақстан. Әлеуметтік-саяси және экономикалық дамудың негізгі тенденциялары.

60 ж Қазакстан жұмысшыларының катары сан жағынан да сағат жағынан да өсті. 1970 ж 3,4 млн астам жұмысшы болды. Ол 40 жылдан 5 есе көп еді. 1965 ж. халық табысы 5 паиыз болса. 70 ж. бұл көрсеткіш 10 пайызға жетті. Халқының әл-ауқатын жақсарту эконамикалық саясаттың басты міндеті КОКП-н әрбір съезі бұл мәселені саналық тұрғыдан жана сатыға көтеріп отырды. Кенес адамдарыниң әл-ауқатының жақсарғанын таңырлықтай көптеген мысал келтіруге болады. Халқының жан басына шаққандағы нақты табысының 2,6 есе медицина ғылым мәдениет қызметкерлерінің көптеген отбасының тұрғын ұй жағдайын жақсарту осыған айғақ. 1970-83 ж 887,7 мын пәтер тұрғызып, оған 3 млн астам адам коныстанды. Алайда халық тұрмысы 30-40 ж.салыстырғанда ғана едәуір жақсарды. КСРО-ң негізгі экономикалық жағдайының нашарлауы оның дамыған капиталистік елдердін материалдық тұрмыс денгейІнен еңбекақы тұрмысты. автоматтандыру тұрғын ұй, тампақтандыру. мәселес б/ша елеулі түрде артта қалушылығын күшейті Денсаулық сактау саласының көрсеткіші 20-25 ж. деңгейінде қалып койды. Қазақ мем. өктемдігі өндірістік қатынастарды бұмадап адамның еңбекке деген адамгершілік қөзқарасын жойын тынды, Ақшалардың ақшалай табыстары төлеу кабілетіне негізделген сұранымы тауарлар қызмет түтілері көлемінің ұлғаюымен салыстырғанда өсіп отырды. Ақша саны мен сапалы тауарлар саны арасындағы аймақтың. жаппай зәрулікке әкеп тіремей коймады Экономикалық қайыршылықтар әлеуметтік кайшылықтар туындаса олар өз кезіндегі адамгершілік проблеманы дүниеге әклді. Осының бәрі респ. болашағы бұлдыр әлеуметтік экономикалық жағдай қалыптасуынын айғағы еді.. Қазақстандағы алғашқы неғұрлым бұқаралық қозқалыстың бірі – «Невада – Семей» 1989 ж. көктемде ақын О. Сүлейменовтың ұсынысы бойынша құрылған бұл қозғалыстың түпкі мақсаты Қазақстан территориясында орналастырылған Семей т.б. полигонды жабу еді. 1990 ж. шілдеде «Азат» азаматтық қозғалысы д. к. р. 1991 ж. күзде өз партиясын құрды. 1989 ж. сәуірде «Әділет» қоғамы құрылды. 1986 ж. Алматыда Желтоқсан толқуы болып өтті. Осындай шешім таппаған проблемалар Маңғыстау облысының Жаңа өзен қаласындағы ірі толқуға әкеп соқты. 1989 ж. шілдеде Қарағанды көмір алабының кеншілері ереуілге шықты. 1989 ж. 22 қыркүйекте «Тіл туралы заң» Қаз КСР жоғарғы кеңесінің 15 сессиясында қарастырылды.

59.ХХғғ. 50-80жж. Қазақстандағы білім, ғылым және мәдениеттің дамуы.

Халыққа білім беру саласына көмек 1970 жылдың басында республикада 10154 мектеп жұмыс істеді оларда 3 млн 226 оқушы білім алды. Ал 1986 ж басында мектеп саны 8728, ал оқушы саны 3 млн 348000 болды. Шағын комплекті қазақ тіліндегі бірнеше мектеп жабылды. 80 ж. бірқатар пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылды. Көркем әдебиет, театр, кино жоғары жақтан үлкен қысым көрді, бірақ әдебиет пен өнердің үздік өкілдері тамаша шығармаларымен көріне білді. Осы кездегі Ғ. Мүсіреповтың ең маңдай алды шығармасының бірі “Ұлпан” повестін жазды. Ол орыс тіліне аударылды. 1976 жылы жарық көрді. Ол тұңғыш рет республика қаламгерлерінің арасында Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Ғ. Мұстафин, Шухов, Тәжібаев, Снегин, Сүлейменов оқырмандарын жаңа туындыларымен қуантты. М. Әуезов атындағы академиялық драма театрі елеулі табыстарға жетті. “Қан мен тер” қойғаны үшін режиссер және басты рөлдерде ойнағандар 1974 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. М. Ю. Лермонтов атындағы орыс драма театрі, ұйғыр, корей театрлары көрермендерін қуанышқа бөледі. Әншілер: Е. Серкебаев, Б. Төлегенова өнер сүйер қауымның ықыласына бөленді. Жас әншілер Р.Рымбаева, Н. Есқалиева, суретшілер: Әжиевтің, САхи Романовтың, Ерболат Төлепбаевтің өнерлері жарқырай ашылды. Қазақ киноларының ірі қайраткерлері: Ш. Айманов, М. Бегалин, С. Қожықов қатысуымен жасалған “Атаманның ақыры”, “Қыз Жібек”,”Мәншүк туралы ән” атты фильмдер экранға шықты. Қазақ мультипликациясы да ірі табыстарымен танылды. Республика астанасында мемлекеттік өнер мұражайы, қазақ КСР мемлекеттік мұражайы, Қазақ ұлт аспаптар мұражайы ашылды.