- •6.Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан: ішкі және сыртқы саясаты
- •8.Қазақ қоғамындағы билер және батырлар институты және дәстүрлі көшпелі қазақ мәдениеті
- •9.Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар.
- •14.ХХғғ. Басындағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» т.Б. Газеттері.
- •15.Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан.
- •Көтерілістің негізгі себептері:
- •20.Хіх ғғ. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
- •Жылдар-Маңызды оқиғалар
- •22.ХХғғ.Басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер және урбанизация үрдісі
- •27.Б.Қаратаев – бірінші қазақ заңгері және қоғам қайраткері.
- •28.М.Шоқайдың саяси қызметі мен тарихтағы орны.
- •29.Алаш партиясының басшысы ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •31.М.Дулатовтың қоғамдық – саяси қызметі.
- •Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
- •1905 Жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
- •35.1917 Жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы.
- •36.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920). Қазревкомның құрылуы және оның мақсаттары.
- •37.Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты және оның жүзеге асырылуы.
- •38.Қазақстанда жаңа экономикалық саясат (жэс) кезеңінде. Жер – су реформасы.
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
- •Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
- •42.Қазақстанда ұжымдастырудың жүзеге асырылуы: барысы және салдарлары.
- •Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
- •Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •50.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың ерліктері.
- •51.Соғыс жылдарындағы халықтық білім беру, ғылым және мәдениет.
- •52.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (хХғғ. 40 жж. Іі жартысы – 50 жж.). «Бекмаханов ісі». «Хрущевтік жылымық».
- •55.Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемалар (хх ғасырдың 50-60-шы жылдары ).
- •57.ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті.
- •60.Д.А. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері.
- •64.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы – қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең.
- •65.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және оның жүзеге асырылуы.
- •72.«Қазақстан – 2030 стратегиясы. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы» - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары
- •73.Елдің тұрақты дамуының негізі - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру «100 нақты қадам».
- •78.Қазақстан Республикасының қазіргі дамуындағы әлеуметтік реформалар.
- •80.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» статегиясы: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (14 желтоқсан 2012).
- •82.Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
- •83.Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы және «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •84.Дене шынықтыру және спортты дамыту. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.
- •85.Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы.
- •1992 Жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
- •2002 Жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
- •2005 Жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
- •86.Этносаралық келісім - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен демократиясын нығайтудың негізі.
- •87.Қауіпсіздік мәселелерін жағдайындағы Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
Қазақстанның ауыл еңбеккерлері жауды жеңу үшін өздерінің отансүйгіштік және еңбек парызын жанқиярлықпен өтеді. 1941 - 1945 жылдары олар майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық - түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Майданда атылған әрбір бес оқтың төртеуі Қазақстанның үлесіне тиеді. Ұлы Отан соғысы жылдары 1 миллион 200 мың қазақстандық армия қатарына алынды. Яғни, әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды деген сөз.
Әсіресе Мәскеу, Сталинград, Ленинград үшін болған шайқастардың тарихында қазақстандық батырлардың ерліктері алтын әріптермен жазылды. Бұл жылдары жарамды ер-азаматтың көпшілігі соғысқа аттанды. Тылда қалған бала-шаға тойып тамақ ішпесе де, таңнан тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеді, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірден 18%-ын, молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
50.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың ерліктері.
Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
