- •6.Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан: ішкі және сыртқы саясаты
- •8.Қазақ қоғамындағы билер және батырлар институты және дәстүрлі көшпелі қазақ мәдениеті
- •9.Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар.
- •14.ХХғғ. Басындағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» т.Б. Газеттері.
- •15.Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан.
- •Көтерілістің негізгі себептері:
- •20.Хіх ғғ. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
- •Жылдар-Маңызды оқиғалар
- •22.ХХғғ.Басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер және урбанизация үрдісі
- •27.Б.Қаратаев – бірінші қазақ заңгері және қоғам қайраткері.
- •28.М.Шоқайдың саяси қызметі мен тарихтағы орны.
- •29.Алаш партиясының басшысы ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •31.М.Дулатовтың қоғамдық – саяси қызметі.
- •Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
- •1905 Жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
- •35.1917 Жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы.
- •36.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920). Қазревкомның құрылуы және оның мақсаттары.
- •37.Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты және оның жүзеге асырылуы.
- •38.Қазақстанда жаңа экономикалық саясат (жэс) кезеңінде. Жер – су реформасы.
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
- •Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
- •42.Қазақстанда ұжымдастырудың жүзеге асырылуы: барысы және салдарлары.
- •Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
- •Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •50.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың ерліктері.
- •51.Соғыс жылдарындағы халықтық білім беру, ғылым және мәдениет.
- •52.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (хХғғ. 40 жж. Іі жартысы – 50 жж.). «Бекмаханов ісі». «Хрущевтік жылымық».
- •55.Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемалар (хх ғасырдың 50-60-шы жылдары ).
- •57.ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті.
- •60.Д.А. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері.
- •64.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы – қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең.
- •65.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және оның жүзеге асырылуы.
- •72.«Қазақстан – 2030 стратегиясы. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы» - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары
- •73.Елдің тұрақты дамуының негізі - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру «100 нақты қадам».
- •78.Қазақстан Республикасының қазіргі дамуындағы әлеуметтік реформалар.
- •80.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» статегиясы: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (14 желтоқсан 2012).
- •82.Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
- •83.Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы және «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •84.Дене шынықтыру және спортты дамыту. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.
- •85.Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы.
- •1992 Жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
- •2002 Жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
- •2005 Жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
- •86.Этносаралық келісім - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен демократиясын нығайтудың негізі.
- •87.Қауіпсіздік мәселелерін жағдайындағы Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
42.Қазақстанда ұжымдастырудың жүзеге асырылуы: барысы және салдарлары.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. 1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. 1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа» емес, қалың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. Ф.Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан тұрды және ол И.Сталиннің толық қолдауын алды. ЖЭС Ресейде өз нәтижесін берді. 1925 жылы мал саны 40,5 млн – ға жетті. Бұл ұзаққа созылған жоқ. Голошекин ауылды кеңестендіру ұранын таңдап алды. Онда ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру міндеті еді. Коммунистік партияның 15 съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы әуел бастан-ақ мейлінше қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. Ұжымдастыру алдын ала даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе әкімшілік- күштеу әдістермен жеделдете жүргізілді. Ұжымдастыру 1932 ж. көктемде аяқтау белгіленді. Ұжымдастыру бойынша қатаң жаппай қуғындау территорияға негізделді. Ол дайындықсыз болды. Қыста 1932 жылы ақпанда Шу ауданының аумағында 150 шақырым жердегі 100 деген шаруа жинап 400 киіз үй қала орналастырылды. Асыра сілтеу болмасын аша тұяқ қалмасын деген ұран тасталып, млн – ға жететін малының 98 млны қалды, жер – жерде кедейлер ортасында шаруашылығы орынсыз сотталып және олардың малын жансыз конфискациялау, меншік құқығынан айыру күштеп көшіру орын алды. Жер-жерде кедейлер мен орташа шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз тәркілеу, меншік құқығынана айыру, тұрақты тұратын жерінен күштеп көшіру орын алды.Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударумен қорқытылды, олар «кулактар» қатарына жатқызылды. Мәселен, Ақмола округінде сотталғандары үй ішімен қоса 24 сағат ішінде Соловкиге жер аудару фактісі орын алды. Алматы және Петропавл округтерінде, кейбір аудандардың селоларында қара бойкот жарияланып, онда терезелерге тақтай қағылып тасталды, пеш, от жағуға рұқсат етілмеді. Тұтас деревняларға бойкот жасалған жағдайлар да кездесті. Ақтөбе және Павлодар округтеріндет кедейлерді ұрып-соғу, оларды суық су құйып азаптау, қыс кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қою, кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізу орын алды. Конституцияға жат әрекеттерді негізінен алғанда деревнялар мен ауылдардың жалған белсенділері, қараңғы, шала сауатты адамдар жасады. Колхозға кіргісі келмегендерді жер аударумен қорқытты. 1930 – 32 жж. аштық етек алды. 1930 ж. аштықтан 313 мың астам адам қайтыс болды. 1932 ж. республика қайраткерлері: Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбаев, Қ. Қуанышев (бесеудің ханы, аштықтың себептері туралы Голошекинге хат жазды. Халық ұжымдарға қарсылығын былай көрсетті). 1. қалалар мен құрылысқа кетті. 2. басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кетуі. 3. партия кеңес қызметкерлерін, сот қызметкерлерін өлтіру. 4. өзін - өзі қорғайтын қарулы отрядтар құрды. 5. жалпыхалықтық қарсылық, наразылық туғызды.
Көтерілістер шықты. Семей наразылықтың ірі орталығына айналды. Ауылшаруашылықты ұжымдастырудың сталиндік үлгісін жүзеге асыру іс жүзінде жоңғар шапқыншылығы кезіндегі асқан зор апаттың кеңестік нұсқасы болып шықты.
43.ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық - қазақ халқының қасіреті.
Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды. Бұл ашаршылық бүкіл Қазақстанның аумағын қамтыды. 1930 жылы- 313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдары барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40% -ы жаппай кырылды. Актөбе облысында 1930 жылы 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы 725800 адамға кеміген (71%).Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса, 1932 жылы 36 мыңы қырылып, 12 мыңы баска аймақтарға көшіп кетті. 1930-1931 жылдар аралығында 1 млн. 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды. 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам аштықтан қырылды. 1932 жылғы 17 қыркүйекте «Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы» каулы қабылданды. «Жасанды колхоздар» таратылды. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер үйымдастырылды. Қоғамдастырылған мал-мүліктер кайтарылды.Отырықшы аудандарға 2 млн. пүт астық және 30 млн. сом акша бөлінді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана калпыпа келді. 1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.
44.ХХғғ. 20-30 жж. білім және ғылым саласындағы Кеңес үкіметінің қайшылықты реформалары.
XX ғасырдың 30-жылдарының ортасына қарай, кең ауқымды индустрияландыру үрдісін жүргізудің нәтижесінде республиканың өнеркәсіптік келбетінде орын алған түбірлі өзгерістерге байланысты өнеркәсіп пен көлік құрылысы бойынша жазылған жұмыстар саны айтарлықтай өсті. 30-жылдардың сонына қарай бұл проблема жөніндегі жұмыстар саны артты, дегенмен ірі монографиялық зерттеулер әлі шыға қоймаған болатын. Ғылыми жұмыстардын негізгі түрін — құнды деректерге сүйене жазылған мақалалар құрады. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Қазақстанға қоныс аударған белгілі ғалымдар Д.А. Баевский, С.В. Бахрушин, М.П. Вяткин, Н.М. Дружинин, М.П. Ким, М. Панкратова, А.П. Кучкин, С.В. Юшковтар тарих пен экономиканың өзекті проблемаларын зерттеуде, Қазақстанның тарих ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Олардың тікелей қатысуымен 1943 жылы «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы» деп аталатын іргелі еңбек дүниеге келді. Кәсіби тарихшылар катарының аздығына қарамастан, соғыстың соңына қарай Қазақстандағы социализмнің экономикалық негізін жасау проблемасы бойынша зерттеулер санынын өсу үрдісі айқын байқалды. Айта кету керек, XX ғасырдың 20-жылдарының басындағы аграрлық секторды түбірлі өзгерістерге дайындаудың бастапқы кезеңінде әдебиеттерде республиканың ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын анықтауға сәйкес екі көзкарас орын алды. Радикалдық бағытты жақаушылар «1925 жылға дейін қазан төнкерісінің ауылмен ісі... болмады», «Қазан дауылы ауылға соқпай, оны жанап өтті» деген оймен, көшпелі ауылды қысқа мерзім ішінде отырықшыландыру қажет деп санады. 20—30-жылдардағы ашаршылық, тұргындардың аштықтан жаппай қырылуы, тұтас халықтар мен этникалық топтардың еріксіз қоныс аударуы және кеңестік кезеңдегі басқа да қайғылы проблемалар туралы ешқандай ғылыми жұмыстар жүргізілмеді. 1920 жылдардағы тарихи-мәдени жылнамадан Қазақстанды зерттеу қоғамы мен 1921 жылы ұйымдастырылып, А. Байтұрсынов басшылық еткен Ағарту халық комиссариаты Академиялық орталығының қызметі елеулі орын алады. 1930 жылдар басында халыққа білім берудің, қазақ театрының, халық музыкасының тарихы зерделенген алғашқы кітаптар мен кітапшалар пайда болды.
45.Қазақстанда заңдылықтың бұзылуы және саяси репрессия (ХХғғ. 20-30жж).
Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.
Қазақстандағы репрессия
Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды. 1926 және 1959 жылдары аралығындағы Қазақстандағы қазақ интеллигенциясына қарсы бағытталған іс-әрекеттер мен репрессиялау науқаны немесе «халық жауы» ретінде саяси репрессиялық жазалау: ату, асу, жер аудару немесе тұтқындап түрмеге жабу іс-шаралары кең көлемде 1929–1932 жылдары және ресми түрде 1926 жылдың өзінде-ақ басталған еді. Осы аралықта қазақ интеллигенциясының қатары орталықтың саясаты мен идеологиясына сай-деңгейде ғана дамытылып, қатаң бақылауда болғаны өз алдына, үздіксіз репрессияларға ұшыратылып отырды. Кеңестендіру жылдарының зерттеу аралығында қазақ интеллигенциясы саяси репрессиялық жазалаудың үш толқынын бастан кешкен екен:
1.1929–1932 жылдары алаш интеллигенциялары түрмеге қамалды, сотталды, атылды;
2.1937–1938 жылдары «халық жауларын» жою науқаны өтті; 3.1946–1953 жылдары «буржуазиялық ұлтшылдар», космополиттер жазаланды деген қайғы-қасіреттерге душар болғанын байқаймыз.
қазақ халқының тұлғалы ұлдары 1937 жылы «халық жауы» деген айып тағылып, қасіретті қудалаудың құрбаны болды. Алайда «халық жауларының" негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғары сот әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешілді. Бұл жылдары Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі: Абдолла Асылбеков, Сейітқали Меңдешев, Бәймен Алманов, Нәзір Төреқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Сабыр Шәріпов, Тұрар Рысқұлов халық жауы деп жарияланды. Қорыта айтқанда 1926 — 1959 жылдар аралығында республика халқының арасында қазақтардың саны 27,1 пайызға кеміп, азайғандығы байқалады. Осылайша қазақ халқы өзінің ата жұртында отырып өз ана тілінен, ұлттық ерекшелігінен, өз мемлекеттігін сезінуден айырмақшы болған қауіпті қара сызықты алғаш рет аттаған еді. Демек, зерттеу аралығында Қазақстан интеллигенцияларының арасында қазақ интеллигенциясының саны мен құрамындағы өзгерістер байқалды. Яғни, бұдан қазақ мамандарының қызмет түрлерінің әр түрлі салалары бойынша қалыптасып, саны мен үлесі артып, қазақ интеллигенциясы қатарының өсіп келе жатқанын байқаймыз.
46.Қазақстанға өзге халықтарды күштеп қоныстандыру.
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батые Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп- қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынаң Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк үлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Польшаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша қашып келе баста- ды. 1940—1941 жылдары поляктардыңосы бөлігі Қаза қстанға қоныстандырылды, Тоталитарлықтәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935— 1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен тұрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ. 1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар түрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға ұшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептор, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды. Күрділердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кавказ өңіріндегі күрділердің аз бөлігі Ресей империясының қол астына қарады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан құрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғандығы белгілі. Алайда 1936 жылы күрділердің ғасырлар боійғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрділер Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. Күрділердің озық ойлы демократиялық бөлігі тұтқындалып, ату жазасына бұйырылды. Күрділерді көшірмес бұрын олардың дүние- мүлкі, малдары тәркіленіп алынды. Өздері НКВД-ның катаң бақылауында жүк вагондарымен әкелініп, облыс пен аудандарға бөліп орналастырылды.
47.Қазақ КСР-нің құрылуы – мемлекеттілік құрудағы жаңа кезең.
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды. ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.
Шекарасы
1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
Ауданы және Халқы
Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың адам болды.
Қазақ КСР-нің құрылуының тарихи маңызы:
1.Қазақ халқының саяси теңдікке, территориялық автономия құқығына қолы жетті.
2.Индустриясы жедел дамыды.
3.Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.
Тиімсіз жағы:
1.Экономика мен мәдениет саласында қол жеткізген табыстар тым қымбатқа түсті.
2.Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.
3.Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.
48. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы тыл еңбеккерлері (1941-1945 жж.).
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.
