Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих90.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.79 Кб
Скачать

37.Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты және оның жүзеге асырылуы.

Большевизмнің «тауарсыздық» утопиясының Қазақстандық практикасы мен ақиқаты Ленин социалистік революцияның стратегиялық мақсатын «бүкіл өндіріс құрал-жабдықтарын халық игілігіне берумен» байланыстырды. Ф. Энгельс өндіріс құралдарының нақты иесін атап көрсеткен еді. «Пролетариаттың билікті басып алуымен, — деп жазды ол, — бәрінен бұрын өндіріс кұралы мемлекеттік меншікке айналады».Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар. Орынбор-Ташкент және Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды.Ленин Қазан революциясы қарсаңында-ақ: «Буржуйлардан тартып алынған өндіріс құрал-жабдықтарына бүкілхалықтық демократиялық басқаруды ұйымдастырмайынша капитализмді тізе бүктіру мүмкін емес...», — деген болатын. «Бүкілхалықтық басшылықты» жүзеге асыру мақсатында жұмысшы бақылауы енгізілді, ал елдің экономикасын жоспарлы түрде басқару, оның халық шаруашылығы мен қаржысын бір орталықтан ұйымдастыру үшін кен өкілетті директивалық орган — Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі құрылды.Демек, үш басымдық – мемлекет меншігіне алу, орталықтандыру және директивалық жоспарлау экономикалық саясатта мемлекет бағдарын дәл айқындайтын болды.Алайда көп ұзамай мұндай идеология өнеркәсіптін қирауына әкеліп соқтырды. Соңғысы бюджетке түсетін салық түсімдерінің ең маңызды көздерінің бірі болып табылатындықтан, ондағы орасан зор тапшылықты тек станокта басып шығару арқылы ғана жабуға болатын еді.

Мұндай саясат, экономикалық организмді сауықтыруға тіпті де ықпал ете алған жоқ, еңбек тиімділігін көтеруге емес, қайта оны құлдыратуға жеткізді, онсыз да соғыс жылдарының ауыртпалығымен күйі қашқан өндірісті онан әрі аздырып-тоздырды. 1920 жылғы өнеркәсіп санағының деректері бойынша Қазақстанда 891 кәсіпорын жұмыс істемеді, жұмысшылардын жылдық саны 1913 жылғы 20 мыңнан 1920 жылы 8 мыңға дейін азайды.

Ауыл шаруашылығында «әскери коммунизм» саясатының жиынтық бейнесі ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың салғырттық жүйесі түрінде көрініс тапты. Азық-түлік салғырты жөніндегі большевиктік науқанды селолық кедейлер комитеттері (кедейлер комитеттерінің саны Қазақстанда онша көп болған жоқ) мен шаруалар өндірген өнімдерді (ең бастысы, астықты) «революция пайдасына» күштеп жинап алатын қарулы жұмысшылар отрядтары жүргізді.

Астыққа мемлекеттік монополия мен салғырт ісі Қазақстанда 1920 жылдан бастап кең көлемде жүзеге асырылды. Осы жылдың басында салғырт (ет салымы) әдісі мал шаруашылығында да кеңінен қолданыла бастады.

Мал шаруашылығы саласы да өте ауыр жағдайда қалды. 1914 жылдан 1922 жылға дейін ірі қара малдың саны 2,1 млн басқа, жылқы 2 млн басқа, қой-ешкі 6,5 млн басқа дерлік және түйе 300 экономикалық салдары күйзеліске ұшыраған Батыс Қазақстан (Орынбор губерниясы, Ақтөбе облысы, Бөкей Ордасы) өңірі мен Ақмола облысының бір бөлігін де апатты азық-түлік жағдайына әкеп соқтырды. Бұл өңірлерде eric алқабы 1917 жыл мен 1921 жыл аралығында 55%-ға дейін қысқарды (бір шаруашылықта орта есеппен 5,5 десятинадан 2,7 десятинаға дейін). Өірде азық-түлік тұтыну тапшылығы 10,7 млн пұтты құрады. 1,4 млн адам аштықтан қырылу шегіне жетті.[12]. Аш адамдарға көмек көрсетудің қолға алынуына қарамастан (тек америкалық АРА көмек ұйымының өзі Батыс Қазақстанда көптеген адамдарды, ең алдымен балаларды құтқарып қалды, оларға асханалар мен жүрек жалғайтын пункттер ашты) осындай төбе құйқанды шымырлататын апаттан мыңдаған, тіпті он мыңдаған адам құтыла алмады.