- •6.Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан: ішкі және сыртқы саясаты
- •8.Қазақ қоғамындағы билер және батырлар институты және дәстүрлі көшпелі қазақ мәдениеті
- •9.Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар.
- •14.ХХғғ. Басындағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» т.Б. Газеттері.
- •15.Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан.
- •Көтерілістің негізгі себептері:
- •20.Хіх ғғ. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
- •Жылдар-Маңызды оқиғалар
- •22.ХХғғ.Басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер және урбанизация үрдісі
- •27.Б.Қаратаев – бірінші қазақ заңгері және қоғам қайраткері.
- •28.М.Шоқайдың саяси қызметі мен тарихтағы орны.
- •29.Алаш партиясының басшысы ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •31.М.Дулатовтың қоғамдық – саяси қызметі.
- •Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
- •1905 Жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
- •35.1917 Жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы.
- •36.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920). Қазревкомның құрылуы және оның мақсаттары.
- •37.Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты және оның жүзеге асырылуы.
- •38.Қазақстанда жаңа экономикалық саясат (жэс) кезеңінде. Жер – су реформасы.
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
- •Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
- •42.Қазақстанда ұжымдастырудың жүзеге асырылуы: барысы және салдарлары.
- •Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
- •Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •50.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың ерліктері.
- •51.Соғыс жылдарындағы халықтық білім беру, ғылым және мәдениет.
- •52.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (хХғғ. 40 жж. Іі жартысы – 50 жж.). «Бекмаханов ісі». «Хрущевтік жылымық».
- •55.Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемалар (хх ғасырдың 50-60-шы жылдары ).
- •57.ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті.
- •60.Д.А. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері.
- •64.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы – қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең.
- •65.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және оның жүзеге асырылуы.
- •72.«Қазақстан – 2030 стратегиясы. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы» - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары
- •73.Елдің тұрақты дамуының негізі - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру «100 нақты қадам».
- •78.Қазақстан Республикасының қазіргі дамуындағы әлеуметтік реформалар.
- •80.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» статегиясы: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (14 желтоқсан 2012).
- •82.Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
- •83.Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы және «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •84.Дене шынықтыру және спортты дамыту. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.
- •85.Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы.
- •1992 Жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
- •2002 Жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
- •2005 Жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
- •86.Этносаралық келісім - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен демократиясын нығайтудың негізі.
- •87.Қауіпсіздік мәселелерін жағдайындағы Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
31.М.Дулатовтың қоғамдық – саяси қызметі.
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Міржақып Дулатұлы 1917 жылы құрылған Алашорда үкіметінің белді мүшесі, Алашорда үкіметінің бағдарламасын жасағандардың бірі болғаны тарихи деректерден белгілі.Ол 1916 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс зардабын тартып, қырғынға ұшырап, босқынға айналған елге көмектесу мақсатында, Семей қаласында, қазақ тарихындағы ең алғашқы «Жанар» жәрдем қорын ұйымдастырғандардың бірі.1921-1922 жылғы ашаршылық кезінде Алаш зиялылары аштыққа ұшырағандарға жылу жинап беруді қолға алғанда Міржақып Дулатұлы пен Жүсіпбек Аймауытов осы іске басшылық жасап, бірнеше айда 15 мың бас ірі қара жиып, ашыққан елге үлестірген.Міржақып Дулатұлы 1928-ші жылы желтоқсан айында қамауға алынып, екі жылдан кейін ату жазасына кесілді. Кейін сот үкімі он жыл абақты жазасымен ауыстырылады. Беломор-Балтық арнасының құрылысы бойында, Сосновск станциясындағы жазалау лагерінде жазасын өтеген Міржақып Дулатұлы 1935 жылы осы лагерде ауыр науқастан көз жұмады.
М.Дулатұлының қоғамдық-саяси қызметі- қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтармен тығыз байланысты. Қазақтың зиялы қауым өкілдері сол қоғамның ең өзекті мәселесі отарлық езгіге қарсы ұлттың санасын оятып, оны қалыптастыру жолында өздерінің шығармашылық қызметтерімен де, қоғамдық-саяси қызметтерімен де алға шығып, қалың қазақ халқын соңдарына ілестіре білді. Қазақ халқының бойындағы ұлттық рухты, сана-сезімді ояту мақсатында, халықтың көзін ашу жолында аянбай күресті. Осы мақсатта «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттері арқылы орасан зор жұмыстар атқарды. Жастарды қоғам ісіне тартуда, олардың ой-санасының жетілуіне қажетті мәдени-ағарту саласында жүргізген қызметтері ұшан-теңіз. Міржақып сол кезеңдегі үкіметтің жүргізіп отырған саясатын шенеп, қазақ елінің егемендігі, ел болып жерге, суға иелік ету мәселесі, қазақ шаруаларының мұң-мұқтажы, қоныс аударушылар жайлы газет бетіне мақала, сын, әңгіме, өлеңдер жариялай бастайды. Оның алғашқы үкімет саясатын сынай жазған мақаласы «біздің мақсатымыз» деген атпен 1907 жылы «Серке» газетінде басылып шығады. Ал 1909 жылы Петербургте Міржақып Дулатұлы қазақ халқының көзін ашуға талпынып «Оян, қазақ!» деген кітабын жариялайды. Ақын «Оян қазақта» патша өкіметінің қазақтардың малға жайлы шұрайлы жерлерін тартып алып, ата-баба бейітін бұзып, халықты қалай болса солай тартқылап, не тіліне, не діліне, не жеріне иелік етуге мүмкіндік бермей, әбден езіп, жаншығаны Міржақыптың жүрегіне ауыр тиеді. Осы өлеңі арқылы халықтың ауыр тұрмысын ойлап, сынға алып жазады. «Оян, қазақ!» кітабы патша үкіметіне ұнамағандықтан М.Дулатұлы қамауға алынады. 1913 жылы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлылардың белсенділігімен «Қазақ» атты биресми газет шығарыла бастайды. Бұл газетте негізінен қазақ халқының қоғамдық мүдделерін көксеген жер, оқу-ағарту, ұлт, дін сияқты маңызды мақалалар жарияланды. Сөйтіп «Қазақ» газеті қазақ зиялыларының басын біріктірді. «Қазақ» газеті арқылы «Алаш» партиясын дайындауда да елеулі жұмыстар атқарды. Қазақтың ұлт интеллигенттерінің алғашқы қадамы, қазақты біріктірудегі, көзін ашудағы, сана-сезімін оятудағы жұмыстар тікелей осы газет арқылы іске аса бастады.
