- •Ген туралы түсінік және оның сипаттамасы. Про- және эукариот гендерінің құрылымдық деңгейі, айырмашылығы.
- •Гендердің қызметіне қарай жіктелуі
- •Мутон, рекон, цистрон туралы түсінік.
- •Геном және кариотип туралы түсінік. «Адам геномының» бағдарламасы.
- •Хромосоманың химиялық құрамы мен құрылымдық компоненттері.
- •Метафазалық хромосомалардың түрлері.
- •Хромосомалардың жіктелуі, медициналық маңызы.
- •Адам кариотипі, идиограмма, зерттеу әдістері, медициналық маңызы. Адам хромосомасының картасы.
- •Мутациялық өзгергіштік. Мутация туралы түсінік. Жіктелуі.
- •Мутагенез. Мутагендік факторлар.
- •Геномдық және хромосомалық мутациялар.
- •Гендік мутациялар
- •Соматикалық және генеративтік мутациялар
- •Антимутагенез. Репарация және оның түрлері
- •Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістер, кезеңдері, нұсқалары.
- •16. Полимеразды тізбекті реакия, сипаттамасы.
- •17. Саузерн-блоттинг
- •18. Днқ диагностиканың тікелей және қосалқы әдістері: скрининг, секвенирлеу.
- •19. Адам ауруларының дамуына қатысатын гендерді айыра білу (гендер идентификациясы)
- •20. Гендік-инженерлік технологиялар.
- •21. Трансгендік ағзалар. Медицинада қолданылуы
- •22. Ағзаларды клондау.
- •23. Жасуша ішіндегі органеллалар.
- •24. 25. Жасуша ядросы.
- •26. Митохондриялардың жалпы құрылысы
- •27. Пероксисомалар.
- •29. Гольджи жиынтығының құрылысы.
- •30. Лизосомалар.
- •31. Жасушалар қызметіндегі мембраналардың маңызы. Биологиялық мембраналардың қызметтері және медициналық маңызы.
- •32. Мембрана липидтері
- •33. Мембраналық ақуыздардың типтері мен қызметтері (шеткі, интегралды ақуыздар)
- •34. Маманданған мембраналардың жалпы сипаттамасы.
21. Трансгендік ағзалар. Медицинада қолданылуы
22. Ағзаларды клондау.
23. Жасуша ішіндегі органеллалар.
Жасуша тіршіліктің ең ұсақ және маңызды құрылымдық-қызметтік бірлігі болып табылады., себебі кез келген ағза жасушадан тұрады. Жасушаны 1665 жылы Р.Гук ашқан, ал теориясын 1838-1839жж Т.Шванн мен М.Шлейден қалыптастырды.
Жасуша теориясының негізгі қағидалары:
1.барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады.
2. Жасушалардың құрылысы, жалпы алғанда, ұқсас жоба бойынша құрылған.
3. Жасуша тек жасушалардан, олардың бөлінуі нәтижесінде пайда болады.
Қазіргі кезде жасушалардың 2 үлкен тобы белгілі:
Прокариоттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар), эукариоттар (өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар)
Органеллалар дегеніміз-жасушада үнемі тұрақты түрде кездесетін, белгілі бір құрылысқа ие және нақтылы қызметтерді атқаратын құрылымдар. Түрлері: ядро, митохондрия, рибосома, эпт, Гольджи жиынтығы, пероксисома, лизосома, цитоқаңқа.
24. 25. Жасуша ядросы.
Ядро жасушаның ең үлкен органелласы. Оны 1831 жылы Р.Броун ашқан. Ядро пішіні домалақ, кейде сопақша тәрізді болып келеді.
Ядро-ядро қабықшасынан, ядро матриксінен, хроматиннен, ядро шырынынан және бір немесе бірнеше ядрошықтардан тұрады.
Ядро қабықшасы-қос қабат мембранадан құралған. Ол хроматинді қоршап тұрады. Екі мембрана арасында қалыңдығы 20-50нм перинуклеарлық кеңістік болады. Сыртқы мембрананың цитоплазмалық бетінде рибосомалар болуы мүмкін. Ядроның сыртқы мембранасы біртіндеп эпт мембранасына ұласады. Ядро қабықшасының ішкі бетімен ламина деп аталатын жұқа ақуыздық тақта байланысқан. Ядро ламинасы ядро матриксінің негізгі компоненті. Ядро қабықшасында ядро поралары болады. Олар алып макромолекулалық кешен болып табылады және ядромен цитоплазма арасында ақуыз бен нуклеопротеиндердің белсенді алмасуын қамтамасыз етеді. Ядролық поралық кешен-ядро ішіне және ядро сыртына заттардың үнемі өткізілуін қамтамасыз ететін негізгі қақпа болып табылады.
Молекулалардың ядроға және ядродан сыртқа өткізілуі-белсенді тасымалдану, диффузия немесе ядрода орналасқан арнайы сигналдар арқылы жүзеге асады.
26. Митохондриялардың жалпы құрылысы
Митохондриялар жасушаның міндетті органеллаларының бірі. Оның пішіні түрліше болып келеді: таяқша тәрізді, домалақ, сопақша. Өлшемі 0,5-7мкм-ге тең. Митохондриялар қос қабат қабықшадан, матрикстен тұрады. Митохондриялар жасушаның энергетикалық орталығы болып саналады., себебі бұл жерде органикалық заттар молекуласы ыдырайды және энергияның әмбебап көзі-аденозинтрифосфат (АТФ) синтезделінеді. Митохондриялар қос қабат мембранамен қоршалған, оның 2 қуысы мембранааралық және ішкі қуысы, 4 мембраналық беттері болады. Сыртқы мембранада біршама көп мөлшерде порин деп аталатын ақуыз болады. Ол бірінші-мембранааралық қуысқа еркін өтуіне мүмкіндік беретін пораларды қалыптастырады. Осылайша иондар, аминқышқылдары, қанттар және басқа да гиалоплазма компоненттері поралар арқылы бірінші қуысқа ешбір кедергісіз еркін өтеді. Митохондрияның ішкі мембранасы, сыртқы мембранаға қарағанда әлдеқайда ұзын және қатты кедергі болып табылады, онда заттарды өткізетін поралар болмайды. Ішкі мембрана митохондрия матриксіне қарай көптеген қатпарлар-кристтер пайда етеді. Митохондрия матриксінде митохондрия геномы, рибосомалар, т-РНҚ-лар, транскрипция және трансляция ферменттері кешені орналасқан.
