Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мбг рубеж 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36.02 Кб
Скачать
  1. Ген туралы түсінік және оның сипаттамасы. Про- және эукариот гендерінің құрылымдық деңгейі, айырмашылығы.

Ақуыздар және РНҚ молекулаларының құрылысы туралы ақпарат ДНҚ молекуласында гендер және цистрондар деп аталатын учаскелерде жазылған. Ген дегеніміз бір ақуыз молекуласы туралы ақпаратты кодтайтын ДНҚ учаскесі. Ген деген ұғымды Иогансен енгізген.

Геном дегеніміз ағза жасушаларының тіршілігі және дамуы үшін қажет барлық ДНҚ молекулаларының толық жиынтығы болып табылады, яғни жасушаның ядролық және цитоплазмалық ДНҚ-сының барлық гендері мен ген аралық учаскелерінің жиынтығы.

Прокариоттар гендері тек мағыналы (кодтаушы) нуклеотидтер бірізділігінен, ал эукариот гендері мағыналы (экзондар) және мағынасыз (интрондар) учаскелерінен тұрады. Гендердегі интрондар саны 2-ден 40-50-ге дейін жетеді.

Прокариоттар геномы-ішек бактериясында Е.coli жақсы жетілген. Бактерия хромосомасы 3,2х106 н.ж. тұратын сақиналы ұзын ДНҚ. Бактерия гендері сызықты орналасқан. Хромосома иницияция сайтымен бірге өздігінен репликацияланатын молекула-репликон болып табылады.

Эукариоттар геномы-көлемі және құрылысы жағынан күрделі болады. Олар; нуклотидтер-кодондар-гендер мен ген аралық учаскелер-күрделі гендер-хромосома иіндері-хромосомалар-гаплоидты хромосома саны сияқты бірте-бірте күрделінетін құрылымдардан тұрады. Эукариоттар геномының көлемі өте үлкен болады, себебі олардың нуклеотидтер бірізділігі тек қана қайталанбайтын, бірегей учаскелер мен ДНҚ ның негізгі бөлімі, бірге, көптеген рет қайталанатын сателиттік ДНҚ деп аталатын учаскелерден тұрады. Эукариоттар геномына қозғалғыш генетикалық элементтер-транспозондар да тән, олар гендер белсенділігін реттеуге қатынасады.

  1. Гендердің қызметіне қарай жіктелуі

Гендердің жіктелуі түрліше болып келеді, мысалы, аллельді, аллельсіз гендер, летальды, жартылай летальды гендер, структуралық гендер, модуляторлық гендер, реттеуші гендер т.б.

Структуралық гендерге-ферменттерді, рибосома ақуыздарын, гистондық ақуыздарды, РНҚ молекулаларын анықтайтын гендер жатады.

Модуляторлық гендерге ингибиторлар және супресорлар, интенсификаторлар және модификаторлар кіреді.

Реттеуші гендерге структуралық гендердің экспрессиясын реттейтін гендер-энхансерлер, операторлар, промоторлар, аттенюаторлар, терминаторлар жатады.

Қызметтік белсенділігіне қарай гендерді-конститутивтік, реттелуші гендер, қозғалғыш генетикалық элементтер-транспозондар деп бөледі.

Конститутивтік гендер дегеніміз-ағза онтогенезінің барлық сатыларында және барлық жасушаларда үнемі актив экспрессияланатын гендер. Оларды кейде тұрмыстық гендер деп атайды.

Реттелуші гендер жасушаның ерекше қызметтерін, құбылыстарын қамтамасыз ететін арнайы ақуыздардың синтезделуін кодтайды және олардың экспрессиялануы әртүрлі факторлар әсеріне байланысты болады.

  1. Мутон, рекон, цистрон туралы түсінік.

Цистрон дегеніміз бір полипептид тізбегін кодтайтын ДНҚ учаскесі.

Мутон- мутациялық құбылыстың қарапайым өлшем бірлігі, оның өлшемі ДНҚ молекуласының 1 жұп нуклеотидіне тең.

Рекон-рекомбинацияның бұзылуына себепші нуклетотидтердің ең аз саны-бір жұп нуклеотидке тең. Рекомбинациялауға қабілетті. Рекомбинацияның ең кіші өлшем бірлігі.