- •Мазмұны
- •I.А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен үлесі
- •I.А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен үлесі
- •1.1. Қаламгердің көземсөзі
- •1.2. «Оқу құралы» еңбегінің тілдік және педагогикалық қырлары
- •1.3. А.Байтұрсыновтың мұғалім кадрларын даярлауға қосқан үлесі
- •Іі. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ретінде дидактикаға қосқан үлесі
- •2.2. А.Байтұрсыновтың жазуы мен емле ережелерінің тарихы
- •2.3 . А.Байтұрсыновтың әліпбиі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2. «Оқу құралы» еңбегінің тілдік және педагогикалық қырлары
Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды . Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.
1929 жылы 5-мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген «Газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми -методикалық еңбектердің тізімі» деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған. «Тіл – жұмсар» деген еңбегінде оқушыларға практикалық граматиканы үйретеді.Сонымен қатар жастарға арналған «Әліппе», «Сауат ашқыш» (ересектер әліппесі), «Әліппе-астар»(әліппеге методикалық нұсқау), «Қырық мысал» (Крылов мысалдары аудармасының жинағы), «Маса» ( төлтума және аударма өлеңдер жинағы),«Оқу құрал»хрестоматия (нұсқалық)- Шонановпен бірлесіп жазылған. Бұлар ерекше мәні бар материалдар деп білеміз. Кезінде М. Әуезов ауызға алған, қазір кейбір зерттеушілер айтып жүрген «Мәдениет тарихы» деген дүние көрсетілмеген, яғни өкінішке орай, ондай жұмыс жарық көрмесе керек.
Өз қолымен жазған «Өмірбаянында» ( 1929, 8-наурыз ) Ахмет Байтұрсынов былай дейді : «Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифін емес ), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен;
Ақыры, ен соңында, төртіншіден, проза ( іс қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздеріне термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған «Қазақ» газеті арқылы іске асты». Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған.
Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың еншісіндегі зор жауапкершілігі бар іс. Көп жылғы көзжұмбаудан, қиянаттан арылатын кез келді. Шолу түрінде көз жүгіртіп, атүсті қарағанның өзінде, толып жатқан мына шындық алдыңнан шығады. Бірер мысалдарға жүгінелік. «Тіл құрал» Дыбыс жүйесі мен түрлері.І-тіл танытқыш құрал». « Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып,сөйлеуден қалса,қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып,жаза алмайтын күйге ұшырыса,ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз –жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...».
Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады.Қазақ мектептеріндегі оқыту жайын,олардың қиындықтарын тартып айта келіп, автор өзінің әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтап отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп,ой жүгіртіп көрелік:
-Дүниедегі жұрттардын тілі үшке бөлінеді:
1. Түбіршек тіл.
2. Жалғамалы тіл.
3 Қопармалы тіл.
1) Түбіршек тіл - түбкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады,мәселен қытай , жапон тілдері.
2).Жалғамалы тіл- сөздің аяғына жалғау қосылып өзгертілетін тіл, мәселен түрік ,финн тілдері.
3) Қопармалы тіл - сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен орыс тілі, араб тілі.
Ал « Біз де тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан сон басқаша оқытуымыз тиіспіз.Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерінде үйрету керек» деген пікірлер ешқашан өз маңызын жоймақ емес. « Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін айтады мәселен, жер, тау, су,ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қар, жаңбыр, жел, бу, сағым, кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын, біркей, құрт, құмырсқа, қала, ай, төсек -орын, аяқ- табақ, киім, қазан- ошақ, арба, шана, жеміс, бақан, сойыл, құрық, таяқ, табақ, асық, топай, доп, қобыз, домбыра, сыбызғы, ақша, киіз, қадақ, мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ, Осындай нәрсенің өзін айтатын сөздерді зат есім дейміз. Зат есім туралы «Кім?» «Не?» деп сұраймыз. «Кім?» деп адам туралы сураймыз. «Не?» деп басқа заттар туралы сураймыз».
Осындай тілдік ұғымдар берілген анықтамалардың дәлдігі, ғылыми тереңдігі түрлі категорияларды сұрыптаған, жіктеген кезде, оларға қазақша термин, атау берген кездерде, тіпті айқын көрінеді. Қазіргі қазақ тілі ғылымының түп қазық ойлары тіпті әріде жатқанын, оларды бірінші болып Ахмет Байтұрсынов тұжырымдағанын көреміз. Табиғаттың санадан тыс тәуелсіз өмір сүруді өмір ақиқатын түйсік пен қабылдануын адамдар жаратылысының бірдей еместігін түсіндіреді.
