- •Мазмұны
- •I.А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен үлесі
- •I.А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен үлесі
- •1.1. Қаламгердің көземсөзі
- •1.2. «Оқу құралы» еңбегінің тілдік және педагогикалық қырлары
- •1.3. А.Байтұрсыновтың мұғалім кадрларын даярлауға қосқан үлесі
- •Іі. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ретінде дидактикаға қосқан үлесі
- •2.2. А.Байтұрсыновтың жазуы мен емле ережелерінің тарихы
- •2.3 . А.Байтұрсыновтың әліпбиі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
А.Байтұрсыновтың дидактикаға қосқан үлесі
(Курстық жұмыс)
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3
I.А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен үлесі
1.1. Қаламгердің көземсөзі...............................................................................5
1.2. «Оқу құралы» еңбегінің тілдік және педагогикалық қырлары..................................................................................................................7
1.3. А.Байтұрсыновтың мұғалім кадрларын даярлауға қосқан үлесі.....................................................................................................................9
ІІ. ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ РЕТІНДЕ ДИДАКТИКАҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2.1. Тіл біліміне қосқан үлесі..............................................................................13
2.2.А.Байтұрсыновтың жазуы мен емле ережелерінің тарихы......................19
2.3.А.Байтұрсыновтың әліпбиі............………………………………………....23
Қорытынды......................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................27
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.
Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. Өзі де басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударып кетті. Артына өшпес із қалдырды .
Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің ілімдері — әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі — қазіргі жаңа заманға өте керек.
Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.
Курстық жұмыстың мақсаты. А.Байтұрсыновтың педагогикалық қырлары мен көзқарасын зерттей отырып, қазақ тіл білімінің негізін қалауға қосқан үлесімен танысу.
Курстық жұмыс нысаны. Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру, талдау болып табылады.
Курстық жұмыс міндеттері:
«Оқу құрал» еңбегінің тілдік және педогогикалық қырларын талдау;
А.Байтұрсыновтың жазуы мен емле ережелерін саралау;
Жазуға үйрету, хат таныту мәселелеріне қосқан үлесін қарастыру;
Тақырыптың зерттеу деңгейі. А.Байтұрсыновтың дидактикаға қосқан үлесі жайында әдебиеттерде, көптеген ғылым салаларында жан-жақты зерттелуде.
Курстық жұмыстың деректік көзін мерзімді баспасөз бен ғылыми мәліметтер, интернет желісінен алынған ақпараттар құрады.
Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Р.Дүйсенбаев, Шахзаман Зиятов, Н.Әміржанова, Әбілова З, Ильина Т, т.б. зерттеулерi курстық жұмысында кең пайдаланылды.
Курстық жұмыс құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
