Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биоресурс 2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149.28 Кб
Скачать

13.Қазақстандағы ресурстанудың қалыптасу тарихын (п.С.Массагетов,а.П.Марков,н.И.Павлов,в.П.Михайлов,м.К.Кукенов) өз сөзіңізбен жазыңыз

Қазақстанның өсімдіктер ресустарын жоспарлы түрде зерттеуді 1921 жылдары Алтайдан Жетісу арқылы Өзбекстанға дейін дəрілік жəне улы өсімдіктердің түрлік құрамын анықтау мақсатымен жорыққа шыққан П.С. Массагетов бастаған. Оның зерттеулері кезінде дəрмене жусанының, итсигектің қопалары анықталып, биологиялық белсенділігі бар бірқатар өсімдіктер түрлері ашылып, кейбіреулерінің негізінде анабазин, эфедрин, пахикарпин жəне тағы да басқа препараттар жасалынып, қолданысқа енгізілді. Ресурстану бағытындағы ерте кезеңдердегі зерттеулерге құрамында илік заттары бар өсімдіктерді жан-жақты зерттеу жатады. Қазақстанда бұл жұмыстарды революциядан кейін В.П. Марков бастайды. Қазақстан Республикасында академик Н.Б. Павловтың классикалық еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстанда ботаниканың бұл саласының қарқынды дамуына биология ғылымдарының докторы В.Т. Михайлованың бастамасы бойынша 1965 жылы Қазақстан Ғылым академиясының қарамағындағы Ботаника институтының құрамында арнайы «Өсімдіктер ресурстары» бөлімінің ашылуы үлкен әсер етті. Академиктер Н.В. Павлов, Б.А. Быков және проф. В.П. Михайлованың еңбектері нәтижесінде Қазақстанда күшті ботаник-ресурстанушылар мектебі құрылды. XX ғасырдың соңғы жылдарында ол мектептің танылған жетекшісі биология ғылымдарының докторы Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, проф. М.Қ. Кукенов болды.

Профессор М.Қ. Кукенов пайдалы өсімдіктерді зерттеу нәтижелерін жариялады және оның жазған «Ботаническое ресурсоведение Казахстана» деген оқулығы (1999) Қазақстандағы ботаника ғылымының дамуындағы маңызды жетістік деп атауға болады. Өсімдіктерді және олардан алынған өнімдерді практикалық пайдалануға қатысты ботаниканың бөлігі XX ғасырдың басында «Шаруашылық ботаника» деп атала бастады. Шаруашылық немесе экономикалық ботаника алғашқы кездері өсімдіктер шикізатын пайдаланудың әртүрлі әдістері және формалары туралы мәліметтер жинаумен шектелді

14.Экологиялық диверсификацияның флора мен фаунаның көптүрлілігіне әсерін дәлелдеңіз

Экологиялық куыс — организмнің тіршілік ету жағдайларына қояр шарттарының жалпы жиынтығы, соның ішіне организмнің орналаскан кеңістігі, атқаратын функциолналдық ролі және қоршаган орта факторларына тұрақтылығы кіреді.

Түраралық бәсекелестің нәтіжесінде экологиялық куыстардың бөлінуі экологиялық диверсификация деп аталады. Бұл кұбылыс өте күшті эқологиялық фактор ролін атқарады. Бірге тіршілік етіп жаткан түрлер арасындағы диверсификация көпшілік жағдайда мынадай үш параметр бойынша жүзеге асырылады. Кеңістік орналасуы бойынша

Азықтық мамандануы бойынша

Активтілік мезгілі бойынша

15. Қр өсімдіктер қорының азаю мен ареалдарының қысқаруының себеп – салдарын сипаттап, болжамдаңыз

Қазақстан территориясында соңғы 10 жылдықтарда бірқатар өсімдіктер түрлері көрінбейді. Өсімдіктердің қазіргі жағдайы және олардың биологиялық алуантүрлілігінің әлсіреуі шөлдердің әртүрлі тармақтарында бір деңгейде жүрмейді. Негізінен жусанды солтүстік шөлдері өте жақсы жайылымдықтар болғандықтан, қыстаулардың ауыл-селолардың айналасында, ошақтық шектен тыс мал жайылуы байқалады.

Қазақстанда, әсіресе Оңтүстік шөлдерде шектен тыс мал жаюға қосымша өсімдік жабындарының бұзылуы әртүрлі техногендік (мұнай, газ өндіру, шөп шабу және т.б.) факторларға байланысты.Тау етектеріндегі өсімдіктер жабындарының бұзылуы айтарлықтай жүруде. Соның нәтижесінде өзіндік ерекшелігі бар қазақстандық эфемеройдты жусандар шөлдері жойылып кетті деуге болады. Бұл, негізінен, суарылатын егін шаруашылығы және шектен тыс мал жайылатын аудандар, сондықтан халықтар көбірек шоғырланған.Қазақстан территориясының 40%-дан аса бөлігін дала және 55% шамасында шөлдер алып жатыр, экожүйелер антропогендік әсерге әлсіз оңай тұрақсызданады және кайтадан қалпына келу қабілеттілігі өте нашар.Бұл региондарда халықтың аздығы кең-байтақ территорияларда қорғаныс базаларын және сынақ полигондарын салуға, жер қойнауының байлығын қазып шығаратын өнеркәсіптің дамуына, ал солтүстікте құнарлы жерлердің болуы тың және тыңайған жерлерді игеруге алып келді. Әкімшілік бұйрық жүйесі жағдайында экономика табиғат байлығын барынша мол сығып алу мақсатында экстенсивтік жолмен дамыды. Әрине, тезірек жер қойнауы байлықтарын алуды мақсат еткен шаруашылық қызмет жағдайында ол процестің кейіннен экологияға әсері ескерілген жоқ. Соның салдарынан экожүйелер терең, кең көлемді бұзылды, көп жерлер шөлге айналды және биологиялық алуантүрлілікке үлкен зиян келді. Флораның биологиялық алуантүрлілігі және өсімдіктер ресурстары зиян шекті.

Қазақстанның 1981 жылы баспадан шыққан Қызыл кітабына жоғары сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілген болса, соңғы жылдары баспаға тапсырылған Қызыл кітаптын екінші басылымына өсімдіктердін 400 сирек кездесетін түрі енгізілген.