- •1.Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілдерін жазыңыз
- •2.Ресурстанудың ғылымдағы орны, міндеттері, зерттейтін проблемаларын анықтаңыз
- •3.Ботаникалық ресурстанудың қалыптасу этаптарын жазыңыз
- •4.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің (Тallopyta) биология жүйесіндегі рөлін сипаттаңыз
- •5.Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз
- •7.Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстардың бағыттарын түсіндіріңіз
- •8.Жұптұяқтылардың негізгі топтары және шикізаттық маңызын тұжырымдаңыз.
- •2) Бұғылар тұқымдасы
- •9.Саңырауқұлақтардың шикізаттық қызметі. Жағымды және жағымсыз түрлерін ажыратып түсіндіріңіз
- •10.Қазақстандағы ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуын түсіндіріңіз
- •11.Пайдалы өсімдіктер классификациясын тұжырымдаңыз
- •13.Қазақстандағы ресурстанудың қалыптасу тарихын (п.С.Массагетов,а.П.Марков,н.И.Павлов,в.П.Михайлов,м.К.Кукенов) өз сөзіңізбен жазыңыз
- •14.Экологиялық диверсификацияның флора мен фаунаның көптүрлілігіне әсерін дәлелдеңіз
- •15. Қр өсімдіктер қорының азаю мен ареалдарының қысқаруының себеп – салдарын сипаттап, болжамдаңыз
- •16.Қр өсімдіктер жамылғысында антропогендік өзгерістердің байқалуын қарастырыңыз
- •18. Өсімдіктер қорын сақтаудың негізгі бағыттарын болжамдаңыз
- •19. Жануарлар қорын сақтаудың негізгі жолдарын қарастырыңыз.
- •20. Биоресурстарды қорғауға арналған қр заңдарын көрсетіңіз
- •21. Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыруды сипаттаңыз
- •22. Қр өсімдік шаруашылығының бүгінгі бейнесін айтып беріңіз
- •23. Қазақстан фаунасын зерттеудің қысқаша тарихын жазыңыз.
- •24. Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер сипаттамасын суреттеңіз.
- •25. Популяцияның тіршілікке қабілеттілігінің шектері.Толеранттық шек заңының
- •26. Популяцияның сақталуының стратегиясы, гомеостазис ұғымын айтып беріңіз
- •27. Ара шаруашылығының маңызы. Тозаңдану, нектар және прополис туралы түсініктеме беріңіз.
- •28. Дәрілік өсімдіктерді қолдану тәсілдерін көрсетіңіз.
- •29. Жеміс- жидекті дақылдардың негізгі топтары және өкілдерін көрсетіңіз.
- •30. Орман зонасының биоресурстардың таралу заңдылықтарын тұжырымдаңыз
- •31. Дала зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын тұжырымдаңыз
- •32. Құрамында алколойдтары бар дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын түсіндіріңіз
- •33. Балды өсімдіктер және олардың ара шаруашылықтағы маңызын топтастырыңыз
- •34. Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлерінің сақтау жолдарын табыңыз
- •35. Дамыған индустрия жағдайында өсімдіктер қорын жаңарту мен байытудың жолдарын көрсетіңіз
- •36. Флора мен фаунаның сақтау жолындағы Еуропалық елдердің қосар үлесін дәлелдеңіз
- •37.Популяциялардың кеңістіктегі құрылымдарын (кездейсоқ, мозайкалық, ауыспалы, циклды) көрсетіңіз
- •38. Тірі ағзаларға абиотикалық факторлардың әсер ету деңгейлерін (даралық, түрлік, популяциялық, экожүйелік) көрсетіңіз
- •39. Гидробионттардың көптүрлігін және шикізаттық маңызын қарастырыңыз
- •40. Топырақ профиліндегі микроорганизмдердің бөлінуі және олардың биологиялық айналымдағы маңызын көрсетіңіз
- •41. Биогеоценоз – биоресурстардың қалыптасатын функционалдық бірлігі ретінде туралы түсінік. Құрамдас бөліктері, структурасы, түрлері туралы жазыңыз .
- •42. Биологиялық ағзаларға тән ортақ қасиеттерін сипаттаңыз
- •43. Мал шаруашылығының шикізаттық маңызын жазыңыз
- •44. Популяция сақталу стратегиясы. Гомотиптік және гетеротиптік реакцияларын жазыңыз
- •45. Қр фаунасының зерттеуге үлес қосқан ғалымдар айтып беріңіз.
- •46. Қазақстандағы жануарлар әлемінің ресурстары және оларды зерттеу тарихын сипаттаңыз
- •47. Эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызын түсіндіріңіз
- •48. Популяциялардың тірішілікке қабілеттілігінің негізгі критерияларын (Гудман,Беловский үлгілері) топтастырыңыз
- •49. Сәндік өсімдіктердің маңызын (экзотикалық, еуропалық, жергілікті) клссификациялаңыз
- •50. Қоршаған ортаны қорғауды басқаратын халықаралық мекемелер туралы түсіндіріңіз
- •51. Қазақстандағы биоресурстар қауіпсіздігінің құқықтық негіздерін көрсетіңіз
- •52. Үлбірі қымбат терісі бағалы аңдардың шикізаттық маңызын өз сөзіңізбен айтыңыз.
- •53. Климат-экожүйелерді қалыптастыратын фактор ретінде қолданылуын өз сөзіңізбен жазыңыз
- •55. Организмдердің тіршілік формаларын қарастырыңыз
- •56. Популяциялар құрылымына және гомеостазис құбылысын көрсетіңіз
- •57. Өсімдіктер және жануарлар ресурстарының әр алуандылығын сақтау жолдарын болжамдаңыз
- •58. Топырақ профиліндегі орналасқан қыналардың шикізаттық маңызын көрсетіңіз.
- •59. Ноосфера биосфераның жоғарғы даму сатысы ретінде қалыптасуын дәлелдеңіз
- •60. Азотобактерлердің көмегімен табиғаттағы азот айналымын қарастырыңыз
7.Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстардың бағыттарын түсіндіріңіз
Халық шаруашылығы талабына сәйкес Қазақстан ресурстанушылары барлық уақытта республикадағы алуан түрлі өсімдіктерді зерттеу және тиімді иайдалану бағытында өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге тиісті еңбек етуде.
Шикізаттық өсімдіктердің бір топтары жеткілікті зерттелген, ал екіншілерін зерттеу жалғасуда және солармен бірге үшінші бір топтарын шаруашылықта игеру мәселелерін шешу мақсаттары туындауда.
Өте жиі жақсы зерттелген пайдалы қасиеттері белгілі өсімдіктердің басқа пайдалы қасиеттері ашылуда. Мысалы, құрамында глициризин қышқылы бар мия туысы (Glycyrrhiza) өсімдіктерінің медицинада пайдалануға болатын жаңа мүмкіншіліктері ашылуда.
Қазақстандағы ерте кезеңдегі жүргізген жұмыстардың тағы бір бағыты - ол илік өсімдіктерді жан-жақты зерттеу. Қазақстанда оларды зерттеуді алғаш бастаған 1917 жылы В.П. Марков болды. Марковтың зерттеген илік өсімдіктерінің ішіндегі ең маңыздысы Алтайда өсетін бадан (Bergenta), тасжарғандар (Saxifragaceae - камнеломковые) тұқымдасынан. Құрамында илік заттар бар өсімдіктер туралы алғашқы ғылыми еңбек жазғандар:
Кейінірек 1950-1970 жылдары илік затты өсімдіктерді зерттеу ботаникалық ресурстану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарының бірі болды.
8.Жұптұяқтылардың негізгі топтары және шикізаттық маңызын тұжырымдаңыз.
Қазақстанда бұл отрядтың 4 тұқымдасына жататын түрлері кездеседі:
1) қуысмүйізділер тұқымдасы.
Қуысмүйізділер өкілдерінің кәсіптік маңызы жоғары, олар бағалы шикізаттар – ет, тері, мүйіз, тұяқ береді. Қазақстанда бұл тұқымдастың 4 туысына жататын 5 түрі мекендейді:
газельдер туысынан –қарақұйрық. Балқаштан Маңғыстау түбегіне дейінгі аралықта кездеседі;
бөкендер туысынан –ақбөкен немесе киік;
ешкілер туысынан –таутеке. Республикамызда Тянь - Шань, Жоңғар Алатауы, Оңтүстік Алтайда кездеседі;
қойлар туысы. Арқар (баран). Сыр бойы Қаратауында, Тянь-Шань, Қырғыз Алатауы, Шу Іле тауларында, Іле, Жоңғар Алатауында, Сарыарқа тау жоталарында, Тарбағатайда, Қалба Алтайында, Оңтүстік Алтайда кездеседі. Жабайы дала қойы немесе Үстірт арқары.
2) Бұғылар тұқымдасы
Бұғылар туысы – Марал.Маралдар Қазақстан жерінде Талас, Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Оңтүстік Алтайда кездеседі. Маралдар – аса бағалы еті мен дәрілік шикізат беретін «алтын мүйізі» үшін ауланатын аң. Әсіресе, сүйектенбеген жас мүйізі өте жоғары бағаланады. Одан пантокрин дәрісі жасалынады. Ол жүрекке, қан айналым жүйесінде, бұлшық етке, тыныс жолдарында, т.б. органдарға әсер ететін сергіткіш дәрі. Шығыс Қазақстан облысында 6 мыңнан астам марал өсірілетін шаруашылықтар бар. Олар жылына 5,2 мың килограмға дейін маралдың жас мүйізін дайындайды. Бұл шаруашылықтарда өсіп есейген әр маралдар 5-5,3 кг дейін панты алынады.
Еліктер туысы –Елік –Қазақстанда Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Көкшетау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының орман – жоталарында таралған. Ертеректе дәмді еті үшін жыл сайын 1000-5400 шамасында елік ауланатын. Қазіргі кезде бар – жоғы әуесқойлық жолмен 200 – 250 елік ауланады. Терісінен сырт киім, аяқ киім, төсеніш, қайыс былғары жасайды. Соңғы кезде етімен қатар мүйізінде пайдалана бастады. Одан түрлі сыйлық бұйымдар жасалады.
Бұландар туысы–Бұлан. Бұландар Қазақстанның 10 облысында кездеседі. Әсіресе, Жайық, Есіл, Тобыл, Елек, Ертіс өзендерінің бойындағы орман – торғайларда көбірек кездеседі. Дәмді етімен сәнді мүйізі үшін есепсіз аулау нәтижесінде Қазақстанда XIX ғасырдың аяғында бұлан саны күрт азайып кеткен. Одан кейін қорғауға алу нәтижесінде оның саны өсіп, 1972 жылдан бастап бұл аң арнаулы рұқсат қағазы бойынша ауланатын болды. Республика жерінде бұланның негізгі мекендері – қайың, самырсын, шырша, қарағай өскен орман алқаптары.
3) Құдырлар тұқымдасы Қазақстанда бұл тұқымдасқа бір туыс – құдырлар жатады. Құдыр туысы –Республикамызда Шығыс Қазақстан облысының таулы, қылқан жапырақты аудандарында таралған. Жалпы есеп бойынша Қазақстанда шамамен 1000-1200 құдыр бар. Ерте уақыттан бері Шығыс және Еуропа медицинасында және парфюмерия өнеркәсібінде құдырдың «мускус» бездері қолданылған. Соңғы жылдары құдырдың саны өте аз болғандықтан, Қазақстанда әуесқойлық жолмен жылына оның 15-20 – сы ғана ұсталады.
3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Шошқалар немесе доңыздар – жұптұяқтыларға жататын орташа келген жануар. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Әсіресе, Алматы, Қызылорда облыстарында көбірек кездеседі. Доңызды қамыс құрақты қопалар мен батпақты жерлердің тұрғыны деп есептейді. Іле Алатауында олар теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктен 3500 м биіктікке дейін кездеседі. Жабайы шошқа тұяқтылардың ішінде кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын аңның бірі. Орта есеппен әр доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қыл береді. Республикамызда жылына 2500 жабайы шошқаны аулап 100 т сапалы ет дайындап тұруға болады.
