Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биоресурс 2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149.28 Кб
Скачать

4.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің (Тallopyta) биология жүйесіндегі рөлін сипаттаңыз

Төменгі сатыдағы өсімдіктер – дене құрылысы талломды (қаттамалы) өсімдіктер. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 20 ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді. Соңғы жүйеленім бойынша Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырларды жатқызады. Төменгі сатыдағы өсімдіктер табиғатта зат алмасу процесінде (қ. Продуценттер. Консуметтер. Редуценттер) үлкен рөл атқарады. Кейбір түрлері атмосферлік азотты фиксациялауға қабілетті. Көпшілік түрі тағам ретінде (саңырауқұлақтар, балдырлар), тыңайтқыш ретінде (балдырлар), кондитерлік өндірісте (агар), антибиотиктер алуда (сәулелі саңырауқұлақтар), қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда (қына) пайдаланылады. Араларында зиян келтіретін түрлері де аз емес. Мысалы, ауру тарататын паразитті саңырауқұлақтар, судың “гүлдеуін” туындататын кейбір балдырлар.  Ал, Балдырдың табиғаттағы геохимикалық рөлікальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биология жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады.Теңіз, мұхит жағалауындағы 

5.Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз

Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі 2 жолын көрсетуге болады:

1) шетелдерден сатып алынатын өнімдерді алмастырушыларды Қазақстанда табу;

2) зерттелуші өсімдіктерден тек басқа өсімдіктер құрамында белгілі жаңа заттарды ашу.

Бірінші жағдайда ғылыми жұмыстардың алғашқы кезеңдері лабораторияға байланысты, өйткені ол аналитикалық химияны қолданып шетелден алынатын өнімдердің құрамын анықтау және оларды алмастыратын заттарды Қазақстанда өсетін өсімдіктерден де табуға бағытталған. Бұл бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, мысалы, КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда көк сағызды және илік затты өсімдіктердің кеңінен зерттелуін айтуға болады. Өйткені Ұлы Отан соғысы кезінде шетелдер КСРО-ға көксағыз және илік заттары бар өнімдерді сатудан бас тартты. Соған байланысты оларды алмастыратын заттарды тез арада өзімізден табу керек болды. Қазақстанда көксағызы бар өсімдік Scorzonera (таусағыз) Asteraceae тұқымдасынан табылды.Илік заттарды іздеуде өз нәтижесін берді, табиғи флорадағы өсімдіктер ішінен қажетті өсімдіктер түрлері табылды. Олар туралы арнайы илік заттарға айналған тарауда айтылады.Екінші жағдайда медицина және ауыл шаруашылығына қажеттілігін ескере отырып, флораға инвентаризация жасалып, керекті белсенді заттар ізделді. Бұған жатқызуға болады, мысалы: 1) этноботаникалық мәліметтерге анализ жасауды жатқызуға болады. Яғни жергілікті халық кейбір ауруларды емдеу үшін пайдаланатыны туралы мәліметтерді жинап, анализ жасау; 2) ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерге жақын өсімдіктер түрлерін зерттеу. өйткені ол өсімдіктерде сондай биологиялық белсенді заттарды синтездеуі мүмкін.Кез-келген жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеу мынадай мәліметтерді қамту керек.1) ең алдымен дәрілік өсімдік туралы және оның қасиеттері туралы мәліметтер жиналады, мысалы әртүрлі әдебиеттерден оның таксаномиясы анықталады.2) өсімдік түрінің немесе оған жақын түрлердің химиялық құрамы, фармакологиясы туралы мәліметтер жиналады;

3) өсімдік түрінің экология-фитоценологиялық ерекшеліктері туралы, географиясы туралы мәліметтер жиналады;4) табиғатта өсімдік немесе оның жеке мүшелерінің үлгілері алынып олардың құрамындағы шипалық қасиеттері бар заттарға химиялық анализ жасалады;5) фармакологиялық сынақтан өткізіп, препарат өндірудің технологиясы жасалады;6) табиғи фитоценоздар жағдайында өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері жан-жақты зерттеледі, әсіресе өсімдіктің экология-фитоценотикалық бейімдеушілігіне көңіл аударылады;7) табиғаттағы фитоценоздарда қажетті өсімдіктің доминант екендігі анықталып, фитоценоздарға және өсімдік популяцияларының жастық құрамына сипаттама беріледі. Экологиялық және фитоценотикалық оптимумдары анықталады.8) биологиялық және өндірістік қорлары анықталады.9) табиғаттағы қоры тиісті категорияға жатқызылады. Негізгі үш категориялар бар:1) Зерттелуші түрдің жер бетін жабу процесі 20% болса сор3 (пайдалануға ыңғайлы жерде); 2) 5-14 % болса сор2 (пайдалануға №1 қарағанда ыңғайсыздау); 3) 1-4 % болса сор1 ( жинауға өте қиын жерде).Өте жиі медицинада немесе ауыл шаруашылығында пайдалануға перспективалы кейбір өсімдік түрлері табиғатта қалың болып өспейді, яғни әр жерде біреуі жинауға қолайсыз жерлерде өседі.Мұндай жағдайларда ол өсімдіктерді екпе жағдайда өсірумен айналысу керек. Екпе жағдайда өсіру де оңай емес, ол үшін тұқымды себу нормасын, кезеңін және алғашқы агротехникасын игеріп білу керек. Бірнеше жыл осы өсімдіктің өсу және даму ерекшеліктерін зерттегеннен кейін, оның шикізатының және тұқымының химиялық құрамы табиғи фитоценоздарда және екпе жағдайында салыстырмалы зерттеліп, оның таза жағдайда бейімдеушілік мүмкіншіліктері анықталады. Тек содан кейін оң мәлімет алынса, өндірістік плантациялар жасауға, көшуге болады. Сонымен, өндірістік плантациялар жасау - көпжылдық еңбек сіңіруді қажет ететін процесс.

6.Н.И. Вавиловтың полицентристік үлгісінің мағынасын суреттеңіз.

Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі. 1926 жылы Н.И. Вавилов Еуропа елднрі бойынша үлкен сапарға шықты, сонымен қатар ол Солтүстік Африкада да болды. Ғалым тағы да өзі жинаған өсімдіктердің үлгілерін әкелді. Кейінгі жылдарда Н.И. Вавилов Жапонияда, Қытайда және Оңсүстік Америкада болды. Ол жинаған әр түрлі өсімдіктердің үлгілерінің көптігі соншалықты, оның теориясы толығымен дәлелденді. Оның сапарыеың артынша “Мәдени өсімдіктердің шығу тегінің орталықтары” деген екінші маңызы еңбегі жарық көрді. Вавилов алғашында 8 орталық бар деп ойлаған, бірақ кейінірек 7 негізгі орталықты көрсетті.

  1. 1.      Оңтүстік Азиялық тропикалық орталығы. Тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік Қытай аралдары жатады. Бұл орталық мәдени өсімдіктерге өте бай. Күріш, қант қамысы, көптеген дақылдардың отаны.

  2. 2.      Шығыс Азия орталығы. Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайвань аралы, Корея – сояның, тарының бірнеше түрлерінің, көптеген жеміс және көкөніс дақылдарының отаны. Бұл орталық та мәдени өсімдіктерге бай, дүние жүзіндегі көптүрлі өсімдіктердің 20%-ға жуығы осында өседі.

  3. 3.      Оңтүстік-Батыс Азия орталығы. Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғаныстан, Солтүстік-Батыс Үндістан. Бидай, қарабидай, тағы басқа дәнді дақылдар мен көптеген бұршақ тұқымдастардың, жүзімнің отаны. Дүние жүзіндегі мәдени флораның 14% осы орталықтан шыққан.

  4. 4.      Жерорта теңізі орталығы. Бұған Жерорта теңізі жағасындағы елдер жатады. Бұл жерден жоңышқа, дара гүлді жасымықша, орамжапырақ, малазықтық өсімдіктер табылған.

  5. 5.      Абисиния орталығы. Африка құрлығындағы шағын аудан. Сорго, бананның, ноқат, бидай, арпа бірқатар ерекше формалары осы орталықта табылды.

  6. 6.      Орталық Америка орталығы. Оңтүстік Мексика. Талшықты, мақта, какао, үрмебұршақ өседі.

  7. 7.      Анд (Оңтүстік Америка) орталығы. Анд тау жоталарындағы біраз елдер. Кокаин бұталары, хена ағашының отаны.

.