- •1.Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілдерін жазыңыз
- •2.Ресурстанудың ғылымдағы орны, міндеттері, зерттейтін проблемаларын анықтаңыз
- •3.Ботаникалық ресурстанудың қалыптасу этаптарын жазыңыз
- •4.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің (Тallopyta) биология жүйесіндегі рөлін сипаттаңыз
- •5.Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз
- •7.Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстардың бағыттарын түсіндіріңіз
- •8.Жұптұяқтылардың негізгі топтары және шикізаттық маңызын тұжырымдаңыз.
- •2) Бұғылар тұқымдасы
- •9.Саңырауқұлақтардың шикізаттық қызметі. Жағымды және жағымсыз түрлерін ажыратып түсіндіріңіз
- •10.Қазақстандағы ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуын түсіндіріңіз
- •11.Пайдалы өсімдіктер классификациясын тұжырымдаңыз
- •13.Қазақстандағы ресурстанудың қалыптасу тарихын (п.С.Массагетов,а.П.Марков,н.И.Павлов,в.П.Михайлов,м.К.Кукенов) өз сөзіңізбен жазыңыз
- •14.Экологиялық диверсификацияның флора мен фаунаның көптүрлілігіне әсерін дәлелдеңіз
- •15. Қр өсімдіктер қорының азаю мен ареалдарының қысқаруының себеп – салдарын сипаттап, болжамдаңыз
- •16.Қр өсімдіктер жамылғысында антропогендік өзгерістердің байқалуын қарастырыңыз
- •18. Өсімдіктер қорын сақтаудың негізгі бағыттарын болжамдаңыз
- •19. Жануарлар қорын сақтаудың негізгі жолдарын қарастырыңыз.
- •20. Биоресурстарды қорғауға арналған қр заңдарын көрсетіңіз
- •21. Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыруды сипаттаңыз
- •22. Қр өсімдік шаруашылығының бүгінгі бейнесін айтып беріңіз
- •23. Қазақстан фаунасын зерттеудің қысқаша тарихын жазыңыз.
- •24. Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер сипаттамасын суреттеңіз.
- •25. Популяцияның тіршілікке қабілеттілігінің шектері.Толеранттық шек заңының
- •26. Популяцияның сақталуының стратегиясы, гомеостазис ұғымын айтып беріңіз
- •27. Ара шаруашылығының маңызы. Тозаңдану, нектар және прополис туралы түсініктеме беріңіз.
- •28. Дәрілік өсімдіктерді қолдану тәсілдерін көрсетіңіз.
- •29. Жеміс- жидекті дақылдардың негізгі топтары және өкілдерін көрсетіңіз.
- •30. Орман зонасының биоресурстардың таралу заңдылықтарын тұжырымдаңыз
- •31. Дала зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын тұжырымдаңыз
- •32. Құрамында алколойдтары бар дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын түсіндіріңіз
- •33. Балды өсімдіктер және олардың ара шаруашылықтағы маңызын топтастырыңыз
- •34. Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлерінің сақтау жолдарын табыңыз
- •35. Дамыған индустрия жағдайында өсімдіктер қорын жаңарту мен байытудың жолдарын көрсетіңіз
- •36. Флора мен фаунаның сақтау жолындағы Еуропалық елдердің қосар үлесін дәлелдеңіз
- •37.Популяциялардың кеңістіктегі құрылымдарын (кездейсоқ, мозайкалық, ауыспалы, циклды) көрсетіңіз
- •38. Тірі ағзаларға абиотикалық факторлардың әсер ету деңгейлерін (даралық, түрлік, популяциялық, экожүйелік) көрсетіңіз
- •39. Гидробионттардың көптүрлігін және шикізаттық маңызын қарастырыңыз
- •40. Топырақ профиліндегі микроорганизмдердің бөлінуі және олардың биологиялық айналымдағы маңызын көрсетіңіз
- •41. Биогеоценоз – биоресурстардың қалыптасатын функционалдық бірлігі ретінде туралы түсінік. Құрамдас бөліктері, структурасы, түрлері туралы жазыңыз .
- •42. Биологиялық ағзаларға тән ортақ қасиеттерін сипаттаңыз
- •43. Мал шаруашылығының шикізаттық маңызын жазыңыз
- •44. Популяция сақталу стратегиясы. Гомотиптік және гетеротиптік реакцияларын жазыңыз
- •45. Қр фаунасының зерттеуге үлес қосқан ғалымдар айтып беріңіз.
- •46. Қазақстандағы жануарлар әлемінің ресурстары және оларды зерттеу тарихын сипаттаңыз
- •47. Эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызын түсіндіріңіз
- •48. Популяциялардың тірішілікке қабілеттілігінің негізгі критерияларын (Гудман,Беловский үлгілері) топтастырыңыз
- •49. Сәндік өсімдіктердің маңызын (экзотикалық, еуропалық, жергілікті) клссификациялаңыз
- •50. Қоршаған ортаны қорғауды басқаратын халықаралық мекемелер туралы түсіндіріңіз
- •51. Қазақстандағы биоресурстар қауіпсіздігінің құқықтық негіздерін көрсетіңіз
- •52. Үлбірі қымбат терісі бағалы аңдардың шикізаттық маңызын өз сөзіңізбен айтыңыз.
- •53. Климат-экожүйелерді қалыптастыратын фактор ретінде қолданылуын өз сөзіңізбен жазыңыз
- •55. Организмдердің тіршілік формаларын қарастырыңыз
- •56. Популяциялар құрылымына және гомеостазис құбылысын көрсетіңіз
- •57. Өсімдіктер және жануарлар ресурстарының әр алуандылығын сақтау жолдарын болжамдаңыз
- •58. Топырақ профиліндегі орналасқан қыналардың шикізаттық маңызын көрсетіңіз.
- •59. Ноосфера биосфераның жоғарғы даму сатысы ретінде қалыптасуын дәлелдеңіз
- •60. Азотобактерлердің көмегімен табиғаттағы азот айналымын қарастырыңыз
3.Ботаникалық ресурстанудың қалыптасу этаптарын жазыңыз
1920-1930 жылдардан бастап өсімдіктер ресурстарын зерттеу және игеру жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілді. Мысалы, 1921-1962 жылдары химия-технология анықтамасының 12 томы баспадан шықты. 1934 жылы КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында (Ленинград) алғаш peт «Өсімдіктер ресурстары» деген бөлім ашылды. Ол бөлімді Б.Н.Кропотов басқарды. Алғашқы кезде бұл бөлім талшықты өсімдіктерді іздеумен айналысты, ол үшін арнайы технологиялық лаборатория ашылды. Кейінірек бұл бөлім нағыз ресурстармен айналысатын болып одақтық республикаларда осы салада жұмыс жасайтын топтар, содан кейін лабораториялар ашылды. Мысалы, Әзірбайжанда,Түрікменстанда,Қырғызстанда, Сібірде,Украинада, Қазақстанда Н.В. Павлов, В.П. Михайлова т.б. ғылыми жұмыстарға жетекшілік етеді. Сол ғалымдардың еңбектерінің нәтижесінде өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары алға қарқынды дамып. ботаникалық ресурстану саласында әртүлі мектептер, коллективтер және жаңа зерттеу орталықтары өмірге келді. 1917-1941 жылдар арасында зерттеушілер, негізінен пайдалы өсімдіктерге көңіл аударылды. Соғыс жылдары жабайы өсетін тағамдық және дәрілік өсімдіктерді іздеуге көбірек көңіл бөлінді. Соғыстан кейін ботаникалық ғылыми мекемелердің жұмыстары бұрынғыдан жандана түсті. Бірнеше ірі іргелі жинақтар, монографиялар жарияланды. Мысалы, 1948 жылы КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында «Өсімдіктер ресурстары» бөлімінің қызметкерлері «Методика полевого исследования сырьевых растении» деген әдістемелік құралды баспадан шығарды. Бұл еңбекте пайдалы өсімдіктерді зерттеудің негізгі тәсілдері келтірілген.1950 жылы КСРО-да бірнеше рет ірі - ірі экспедициялар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының ресурстанушылық зерттеулерінің дамуы В.П. Михайлова, Г.С. Синицына, Л.Ф.Демидовская, академик М.К. Кукенов, Л.К. Сафина, А.И. Исамбаева, Э.В.Кузьмин, Р.А. Егеубаева, Л.М. Грудзинская, У.Х. Суюншадиева, Ф.М. Аталыкова, Р.К. Моисеев, В.Ю.Аверина, Д.К. Айдарбаева, Н.Г. Гемеджиева сияқты ғалымдардың аттарымен тығыз байланысты. 80-жылдары Қазақстанда стероидтарды, флавоноидтарды, иридоидтарды, сапониндерді, сескситерпенді лактондарды, фенолтерпеноидтарды іздеу жұмыстары қарқынды жүреді. Қазақстанның ресурстанушылық жұмыстары бүгінгі күні жалғасын табуда. Қазіргі уақытта ботаник-ресурстанушылар, фитохимиктердің жəне өсімдіктер ресурстарды зерттеумен айналысатын басқа да мамандардың алдында келесідей мəселелер тұр: − ботаникалық ресурстанудың теориялық негіздерін құру; − шикізаттық өсімдіктердің түрлерін анықтау жұмыстарын жалғастыру; − дəрi-дəрмектердi жасау үшiн пайдаланылатын өсiмдiк тектi табиғи қосындылардың биологиялық белсендiлiгiн одан əрi зерттеу; − жеке түрлердің, сондай-ақ толық фитоценоздардың жəне өсімдіктер жамылғысының шаруашылық өнімділігін есепке алу; − бағалы шикізаттық өсімдіктердің табиғи қорларын есепке алудың негізі ретінде ресурстанушылық картографияның арнайы тəсілдерін табу; − қорғауды қажет ететін бағалы шикізаттық өсімдіктердің генофондын сақтап қалу мақсатында тізімдерін құру.
