- •1.Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілдерін жазыңыз
- •2.Ресурстанудың ғылымдағы орны, міндеттері, зерттейтін проблемаларын анықтаңыз
- •3.Ботаникалық ресурстанудың қалыптасу этаптарын жазыңыз
- •4.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің (Тallopyta) биология жүйесіндегі рөлін сипаттаңыз
- •5.Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз
- •7.Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстардың бағыттарын түсіндіріңіз
- •8.Жұптұяқтылардың негізгі топтары және шикізаттық маңызын тұжырымдаңыз.
- •2) Бұғылар тұқымдасы
- •9.Саңырауқұлақтардың шикізаттық қызметі. Жағымды және жағымсыз түрлерін ажыратып түсіндіріңіз
- •10.Қазақстандағы ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуын түсіндіріңіз
- •11.Пайдалы өсімдіктер классификациясын тұжырымдаңыз
- •13.Қазақстандағы ресурстанудың қалыптасу тарихын (п.С.Массагетов,а.П.Марков,н.И.Павлов,в.П.Михайлов,м.К.Кукенов) өз сөзіңізбен жазыңыз
- •14.Экологиялық диверсификацияның флора мен фаунаның көптүрлілігіне әсерін дәлелдеңіз
- •15. Қр өсімдіктер қорының азаю мен ареалдарының қысқаруының себеп – салдарын сипаттап, болжамдаңыз
- •16.Қр өсімдіктер жамылғысында антропогендік өзгерістердің байқалуын қарастырыңыз
- •18. Өсімдіктер қорын сақтаудың негізгі бағыттарын болжамдаңыз
- •19. Жануарлар қорын сақтаудың негізгі жолдарын қарастырыңыз.
- •20. Биоресурстарды қорғауға арналған қр заңдарын көрсетіңіз
- •21. Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыруды сипаттаңыз
- •22. Қр өсімдік шаруашылығының бүгінгі бейнесін айтып беріңіз
- •23. Қазақстан фаунасын зерттеудің қысқаша тарихын жазыңыз.
- •24. Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер сипаттамасын суреттеңіз.
- •25. Популяцияның тіршілікке қабілеттілігінің шектері.Толеранттық шек заңының
- •26. Популяцияның сақталуының стратегиясы, гомеостазис ұғымын айтып беріңіз
- •27. Ара шаруашылығының маңызы. Тозаңдану, нектар және прополис туралы түсініктеме беріңіз.
- •28. Дәрілік өсімдіктерді қолдану тәсілдерін көрсетіңіз.
- •29. Жеміс- жидекті дақылдардың негізгі топтары және өкілдерін көрсетіңіз.
- •30. Орман зонасының биоресурстардың таралу заңдылықтарын тұжырымдаңыз
- •31. Дала зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын тұжырымдаңыз
- •32. Құрамында алколойдтары бар дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын түсіндіріңіз
- •33. Балды өсімдіктер және олардың ара шаруашылықтағы маңызын топтастырыңыз
- •34. Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлерінің сақтау жолдарын табыңыз
- •35. Дамыған индустрия жағдайында өсімдіктер қорын жаңарту мен байытудың жолдарын көрсетіңіз
- •36. Флора мен фаунаның сақтау жолындағы Еуропалық елдердің қосар үлесін дәлелдеңіз
- •37.Популяциялардың кеңістіктегі құрылымдарын (кездейсоқ, мозайкалық, ауыспалы, циклды) көрсетіңіз
- •38. Тірі ағзаларға абиотикалық факторлардың әсер ету деңгейлерін (даралық, түрлік, популяциялық, экожүйелік) көрсетіңіз
- •39. Гидробионттардың көптүрлігін және шикізаттық маңызын қарастырыңыз
- •40. Топырақ профиліндегі микроорганизмдердің бөлінуі және олардың биологиялық айналымдағы маңызын көрсетіңіз
- •41. Биогеоценоз – биоресурстардың қалыптасатын функционалдық бірлігі ретінде туралы түсінік. Құрамдас бөліктері, структурасы, түрлері туралы жазыңыз .
- •42. Биологиялық ағзаларға тән ортақ қасиеттерін сипаттаңыз
- •43. Мал шаруашылығының шикізаттық маңызын жазыңыз
- •44. Популяция сақталу стратегиясы. Гомотиптік және гетеротиптік реакцияларын жазыңыз
- •45. Қр фаунасының зерттеуге үлес қосқан ғалымдар айтып беріңіз.
- •46. Қазақстандағы жануарлар әлемінің ресурстары және оларды зерттеу тарихын сипаттаңыз
- •47. Эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызын түсіндіріңіз
- •48. Популяциялардың тірішілікке қабілеттілігінің негізгі критерияларын (Гудман,Беловский үлгілері) топтастырыңыз
- •49. Сәндік өсімдіктердің маңызын (экзотикалық, еуропалық, жергілікті) клссификациялаңыз
- •50. Қоршаған ортаны қорғауды басқаратын халықаралық мекемелер туралы түсіндіріңіз
- •51. Қазақстандағы биоресурстар қауіпсіздігінің құқықтық негіздерін көрсетіңіз
- •52. Үлбірі қымбат терісі бағалы аңдардың шикізаттық маңызын өз сөзіңізбен айтыңыз.
- •53. Климат-экожүйелерді қалыптастыратын фактор ретінде қолданылуын өз сөзіңізбен жазыңыз
- •55. Организмдердің тіршілік формаларын қарастырыңыз
- •56. Популяциялар құрылымына және гомеостазис құбылысын көрсетіңіз
- •57. Өсімдіктер және жануарлар ресурстарының әр алуандылығын сақтау жолдарын болжамдаңыз
- •58. Топырақ профиліндегі орналасқан қыналардың шикізаттық маңызын көрсетіңіз.
- •59. Ноосфера биосфераның жоғарғы даму сатысы ретінде қалыптасуын дәлелдеңіз
- •60. Азотобактерлердің көмегімен табиғаттағы азот айналымын қарастырыңыз
1.Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілдерін жазыңыз
Адамдар өздерінің дамуының алғашқы кезеңдерінен бастап өздерін қоршаған өсімдіктерді сипаттап, олардың пайдалы жақтарына көңіл аударған. Бұл мәліметтер бірте-бірте бір жүйеге келтіріліп, практикалық тұрғыдан ерекшеліктеріне байланысты топтастырыла бастады. Сондықтан өсімдіктер туралы ғылымда ботаникалық мәліметтермен қатар, өсімдіктердің практикалық маңызы туралы да мәліметтер жинала басталды. Кейіннен пайдалы өсімдіктер туралы ғылыми тұрғыдан маңызды еңбектер жазыла бастады. Ботаниканың бұл саласы алғашқыда шаруашылық немесе экономикалық ботаника деп аталды. Тек XX ғасырдың бірінші жартысында КСРО-ның атақты ботаниктері М.М. Ильин, А. Федоров және Н.В. Павлов ботаникалық ресурстану ғылымына ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық дәлелдеме берді. Осы жылдары, яғни 1948 жылы ғылымның осы сатасында алғашқы іргелі еңбектер, мысалы «Методика полевого исследования растении» деген өте құнды еңбек жарияланды.Қазақстан Республикасында академик Н.Б. Павловтың классикалық еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Шикізаттық өсімдіктер және олардың қауымдары геоботаникалық, систематикалық, экологиялық, фитохимиялық, фармакологиялық әдістер негізінде комплекстік зерттеледі. Ресурстанулық зерттеу жұмыстарының геоботаникалық жұмыстардан ерекшелігі ресурстану зерттеу жұмыстары жалпы өсімдіктер жабыны емес, тек қажетті пайдалы өсімдіктерді зерттеуді мақсат етеді.Қазіргі заманда пайдалы өсімдіктер ресурстарын бағалауда картографиялық әдістің перспективасы мол. Өйткені бұл әдіс зерттеу объектісінің географиясын, экологиясын және күйін бағалауға мүмкіншілік береді. Көптеген пайдалы өсімдіктердің топтарын зерттегенде оларға қосымша биохимиялық анализ жасалуы қажет. Сонымен, ресурстанудың жалпы қабылданған ботаникалық әдістерімен қатар ерекшеліктері бар, ресурстану әдістері пайдаланылады. Ботаник - ресурстанушы систематиканы, флораны, геоботаниканы, экологияны, өсімдіктер химиясын, интродукцияның ғылыми теориялық негізін білуі және экономикалық түсінігі болуы керек. Шынын айтқанда, ботаник - ресурстанушы шектес ғылым салаларында эрудициясы жоғары болып далалық және лабораториялық зерттеулерді жүргізе алатын әмбебап ғалым болуы керек
2.Ресурстанудың ғылымдағы орны, міндеттері, зерттейтін проблемаларын анықтаңыз
Ресурстану - ботаника ғылымының жас бір саласы. 1917 жылға дейін Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ деп айтуға болады.Қазақстанда ботаника саласындағы зерттеу жұмыстарын екі кезеңге бөлуге болады:1) Бірінші кезеңге Ресейдің Европа бөлігінен келген (Петербург, Мәскеу жэне т.б.) ғалымдардың ұйымдастырып жүргізген жұмыстарын жатқызуға болады;2) Екінші кезең 1920 жылдан басталады деуге болады. Бұл кезеңге жергілікті Орта Азияның және Қазақстанның ғылыми мекемелерінің. әсіресе КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы ашылған филиалының жұмыстарын жатқызуға болады.1920-1930 жылдардан бастап өсімдіктер ресурстарын зерттеу және игеру жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілді.Ресурстану міндеттеріне барлық аталған ресурс түрлерін қолдану, территориялық орналасуы, қорлары мен жағдайын зерттеу жатады. Табиғи рерурстарға байланысты ресурстану міндеттерінің сферасына табиғи ресурстардың барлық өндірістік цикл сатысында, өндіру әдісінен бастап өнімді дайындауға, пайдаға асыру мен өндірістік – тұрмыстық қалдықтардың өңдеуге дейінгі зерттеу болып табылады.Ботаникалық ресурстанудың пәні – объектінің эмпирикалық зерттелуі. Ботаникалық ресурстанудың зерттеу аймағы:1)Тұрмыстық қолданыста маңызы зор және перспективті өсімдіктер түрлері және олардың түрлері мен формалары;2)Әртүрлі дәрежеде өзгеріске ұшыраған өсімдіктер түрлері;3)Өсімдіктерден өндіретін дара заттар және қосылыстар;Практикалық қолданыста маңызды тұтас өсімдіктер топтары; Яғни, басқаша айтқанда, ол өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылатын шикізат, немесе медицинада, ауыл шаруашылығында қолданылатын өсімдіктер және орман шаруашылығында маңызы бар тірі өсімдіктер. Ботаникалық ресурстанудың зерттеу пәні бір жағынан өсімдік-шикізат көзі ретінде болса, екінші жағынан тұтас өсімдік ресурстары болып табылады.
