2 Sql тіліндегі командалар категориясы
SQL тіліндегі командалардың негізгі категориялары ДҚ объектілерін құрып және оларды манипуляциялау, кестеге бастапқы деректерді қосу, акпараттарды жаңарту және өшіру, ДҚ-да сұраныстарды орындау. оған қол жеткізуді басқару және оны жалпы администрациялаумен қатар әргүрлі функцияларды орындау үшін арналған. SQL тіліндегі командалардың негізгі категориялары:
DDL - деректерді анықтау тілі;
DML - деректерді манипуляциялау тілі:
DQL - сұраныстар тілі;
DCL - деректерді басқару тілі;
DAC- деректерді администрациялау командалары:
TCL - транзакцияны басқару командалары
DDL деректерді анықтау тілі (Data Definition Language) деректер кормный құрылымын жасауға және өзгертуге мүмкіндік береді. Мысалы: кестелер құру немесе жою.
DDL тілінің негізгі командалары:
CREATE SCHEMA - ДК схемасын жасау;
DROP SHEMA - ДК схемасын жою;
CREATE TABLE - кесте жасау;
ALTER TABLE - кестені өзгерту;
DROP TABLE - кестені жою;
CREATE DOMAIN -домен жасау;
ALTER DOMAIN - доменді өзгерту;
DROP DOMAIN - доменді жою;
CREATE INDEX - индекс жасау;
DROP INDEX - индексті жою;
CREATE COLLATION - тізбек жасау;
DROP COLLATION - тізбекті жою;
CREATE VIEW - көрсетілім жасау;
DROP VIEW -көрсетілімді жою.
DML Деректерді манипуляциялау тілі (Data Manipulation Language) INSERT, UPDATE, DELETE үш негізгі командасы арқылы реляциялық деректер қорының объектілерінің ішіндегі ақпаратты манипуляциялау үшін колданылады.
DOL сураныстар тілі SELECT бір ғана командадан тұратынына қарамастан, реляциялық ДҚ колданушыларына кең танымал. Бұл команда өзінің көптеген опциялары және сойлемдерімен бірге реляциялық ДҚ-да сұраныстарды құру үшін қолданылады. DCL Деректерді басқару тілі (Data Control Language) ДК-ның ішінде орналасқан ақпараттарға қол жеткізуді басқару үшін қолданылады. Ереже бойынша, олар деректерге қол жеткізумен байланысқан объектілерді құру үшін қолданылады және қолданушылардың арасында жеңілдіктерді таратуды бақылау үшін қызмет етеді.
[3]
2.1. Sql server деректер қоймасы құрылымының негізгі объектілері
Логикалық құрылым кестелердің құрылымын, олардың арасындағы өзара қатынасты, қолданушы тізімін, сакталатын процедура, ережелерді және тағы да басқа деректер қоймасының объектілерін анықтайды. SQL Sеrvеr-де лоигкалық деректер объектілер түрінде ұйымдастырылған. SQL Server деректер қорының негізгі объектілері төменде көрсетілген .
Tables- деректер сақталатын ДҚ кестесі
Views- кестедегі деректерді бейнелеуді қарау немесе көрсетілім
Stored Procedures- сақталатын процедуралар
Triggers - тиггерлер - кестедегі деректердің өзгерткен кезде шақырылатын арнайы сақталатын процедуралар
User Defined function- қолдануды жасайтын функциялар
Indexes - индекстер - деректермен жұмыс өнімділігін арттыруға арналған қосымша құрылым
User Defined Data Types - қолданушымен анықталатын деректер типі
Keys- кілттер - деректер тұтастығын шектеудің түрлерінің бірі
Constraints - тұтастықты шектеу - деректердің логикалық тұтастығын қамтамасыз ететін объектілер
Users - деректер қоймасына ену рұқсатына ие қолданушылар
Roles -қолданушыларды топтарға біріктіруді жүзеге асыратын рөлдер Rules -деректердің логикалық тұтастығын бақылау жүргізетін ДК ережелері.
Аталған объектілерге жеке тоқталайық:
Кесте. SQL- дегі барлық деректер кесте деп аталатын объектіде сақталады. Кестелер объектілердің, құбылыстардың, процестердің қандай да бір деректерінің жиынтығын көрсетеді. Басқа ешқандай объектілер деректерді сақтамайды. Бірақ олар кестедегі деректерге қатынай алады. SQL- дегі кестелер, барлық басқа ДҚБЖ- ның кестелері сияқты келесі элементтерден тұрады:
-жолдар. әрбір жол (немесе жазба) объектінің нақты данасының атрибуттарының (қасиеттердің) жиынтығын көрсетеді;
-бағандар, әрбір баған (өріс) атрибуттарды немесе атрибуттар жиынтығын көрсетеді. Жолдар өрісі кестенің ең кіші элементі болып табылады. Кестеде әрбір бағанның аты, деректер типі және өлшемі болады.
Көрсетілім (қарау) деп құрамы сұраныстармен анықталатын виртуалды кестелер айтылады. Шынайы кестелерге сай көрсетілім деректері бар жолдар мен бағандарды құрайды. Ақырғы қолданушылар үшін көрсетілім кесте түрінде көрінеді, бірақ шындығында ол деректерді құрамайды. Ол тек бір немесе бірнеше кестелерде орналасқан деректерді көрсетеді. Қолданушының көрсетілім арқылы көрсетін ақпараттары. дербес объектілер секіллі деректер қоймасында сақталмайды.
Сақталатын процедуралар өзімен бір модульде біріктірілген SQL командалар тобын көрсетеді. Мұндай командалар тобы компиляцияланады және біртұтас орындалады.
Триггерлер деп кестеден деректерді өшірген, өзгерткен немесе қосқан кездс автоматты іске қосылатын сақталатын процедуралардың арнайы класы аталады.
Функциялар - ол жиі орындалатын кодтан тұратын конструкция. Функция деректерге қандай да бір әрекет орындайды және қандай да бір мән кайтарады.
Индекс – кесте мен немесе көрсетіліммен байланысты және олардан ақпаратты іздеуді тездету үшін арналған кұрылым.
Индекс, индекстелген бағандар деп аталған бір немесе бірнеше бағандар үшін анықталады. Ол негізгі кестенің немесе көрсетілім жолына сілтенген, индекстелген баған немесе кестелердің сортталған мәндерін құрайды. Өнімділіктің жоғарылауына деректердің сортталу нәтижесінде жетеді. Индекстерді қолдану іздеудің өнімділігін жоғарылатуы мүмкін, бірақ индекстерді сақтау деректер қоймасында қосымша кеңістікті кажет етеді.
Деректердің қолданушылық типi - бұл бірнеше кестелерде біртипті мәндерді сақтау керек болғанда қолданушы деректердің жүйелі типі негізінде құралатын деректер типі. Кестедегі бағандардың өлшемі, деректер типі бірден және NULL мәніне сезімтал болуы қажет екенін ескеру қажет.
Тұтастықты шектеу- деректердің бекітілген шартпен (немесе шектеумен) сәйкестігін автоматты түрде бақылайтын механизм. Оған мыналар жатады: NULL мәніне шектеу қою, тексерілетін шектеулер, бірегейлікке шектеу қою (бірегей кілт), бастапқы кілтке шектеу және сыртқы кілтке шектеу қою. Соңғы үш шектеулер кілттер түсінігімен тығыз байланысты.
2.2. MS SQL Server -дегі деректер типтері және программа компоненттері мен құралдары MS SQL Server- де кесте құру үшін алдымен оның өрістері үшін деректердің типі анықталады. Кесте өрісінің деректер типі осы өрісте орналасатын ақпараттар типін анықтайды. SQL Server -де деректердінң әртүрлі типтері колданылады: мәтіндік, сандық. екілік.
Microsoft SQL Server 2000 - бұл деректерді басқару мен талдауды жүзеге асыратын реляциялық ДҚБЖ болып табылады.
SQL Server - дегі деректер коймасы SQL тілінде жазылған реляциялық ДҚ болып табылады. SQL Server 2000 бірнеше компоненттен тұрады. Мысалы: Books Online. SQL Server Books Online SQL Server 2000 - мен бірге қойылатын электрондық құжат. Мұнда кажет ақпаратты табу үшін келесі әрекеттерді орындау жеткілікті:
- мазмұнын қарау;
- кілттік сөз бойынша көрсеткіштен іздеу орындау;
- сөз немесе фраза бойынша іздеу орындау.
Сонымен катар, SQL Server Books Online құрамына Help батырмасын немесе FI батырмасын шерткенде сұқбат терезесі түрінде ашылатын анықтамалық файлдар да кіреді.
SQL Server 2000 инструменттері
SQL Server 2000- нің құрамына графиктік интерфейсі бар, сонымен қатар командалық жолда жұмыс істейтін утилиттер жиынтығы кіреді. Олар қолданушылар, программалаушылар және администраторлар үшін келесі есептерді шешу үшін арналған:
SQL Server-ді администрациялау және конфигурациялау;
- SQL Server көшірмесі үшін каталог ақпаратын анықтау;
- сұранысты кұрастыру және тестілеу;
- деректерді түрлендіру, көшіру, импорттау және экспорттау;
- диагностикалық ақпаратты шығару;
- SQL Server-ді қосу және тоқтату.
Командалыц жол инструменттері .
Командалық жол утилиттері SQL Server 2000- ді Windows ОЖ- ге орнатқанда автоматты орнатылады.. SQL Server 2000- нің көшірмесі калыпты жағдайда MSSQL атты ішкі каталогқа орнатылады. SQL Server 2000- нің әрбір атаулы данасы MSSQL$ атты сэйкес бумаға орнатылады.
Орнату кезінде c:\Program Files\Microsoft SQL Server\80\TooIs\Binn бумасына жол жүйелік жолға тіркеледі. Бұл бумада орналасқан утилиттерді каталогтар ағашының кез- келген жерінде тұрып, командалық жолдан жүктеуге болады. Бұл бумадан тыс орналасқан утилиттерді ол орнатылған каталогтан немесе ОЖ-ні іздеу жолына бұл каталог жолын қосу арқылы жүктеуге болады.
Графиктік интерфейсті инструменттер
SQL Server 2000 кұрамына SQL Server- мен жұмыс жасауға және оны адмннистрациялауға арналған графиктік интерфейсті инструменттердің мол жиынтығы кіреді. Оларға тоқталайық:
Enterprise Manager
SQL Server Enterprise Manager - SQL Server 2000- ді администрациялаудың негізгі кұралы болып табылады және келесі есептерді шешеді:
SQL Server басқаруымен жұмыс істейтін серверлер тобын анықтайды;
топта жеке серверді тіркейді;
барлық тіркелген сервер үшін SQL Server-дің кез- келген параметрін баптайды;
кез- келген деректер қоймасын, объектілерді, қолданушы идентификаторын, SQL Server- ге тіркелу және рұқсат құқығын кұруға мүмкіндік береді;
барлық тіркелген серверде SQL Server-дің барлық администрациялық есептерін анықтайды және шешеді;
SQL Query Analyzer - ді шақыра отырып, SQL операторларын интерактивті кұрастырады және тестілейді;
- SQL Server- дің әртүрлі шеберін шақырады.
Service Manager
SQL Server Service Manager қосымшасы SQL Server 2000- нің серверлік компонентін іске қосуға, тоқтатуға және уақытша тоқтатуға арналған.
Бұл компоненттер Windows ОЖ-нің қызметі ретінде жұмыс істейді.
SQL Server. SQL Server- дің деректер қоймасының механизмін жүзеге асырады. Компьютерде жұмыс істейтін SQL Server- дің әрбір данасы үшін SQL Server- дің бір кызметі бар болады.
SQL Server Agent. SQL Server- дің жоспарланған администрациялык есебін іске қосатын агентті жүзеге асырады. Компьютерде жұмыс істейтін SQL Server әрбір данасы үшін SQL Server Agent - тің бір қызметі бар болады.
Microsoft Search. Толық мәтіндік іздеу механизмін жүзеге асырады. Компьютердегі SQL Server -дің дана санына тәуелсіз бір дана ғана болады.
MSDTC. Бөліктелген транзакцияны басқарады. Компьютердегі SQL Server -дің дана санына тәуелсіз бір дана ғана болады.
MSSQLServer OLAPService. Analysis Services- ті жүзеге асырады.
Service Manager терезесі жасырын болуы мүмкін және тапсырмалар тақтасының жүйелік аймағында көрсетіледі. Service Manager- де мүмкін болатын есептер тізімі бар мәзірді шығару үшін тапсырмалар тақтасындағы белгішеде тышқанның оң жақ батырмасын басу керек.
[4]
