1.3 Дене мүшелері
1-cурет – Қойдың дене мүшелері
1-тұмсығы; 2- маңдайы; 3- көзі; 4 көз ойығы; 5-құлағы; 6- мүйізі; 7- желкесі; 8-мойыны; 9-шоқтығы; 10- жотасы; 11- белі; 12- құйымшағы; 13- құйрығы; 14- бұғанасы; 15-қабырғасы; 16-саны; 17-құрсағы; 18- алдыңғы аяқтары; 19-артқы аяқтары; 20- дорбасы; 21-білек сүйегі; 22-серіппелі буын; 23-өкпе сүйегі; 24-табан сүйегі; 25-тұяқтары.
Бас – бастың пішініне, мөлшеріне, сүйегіне қарап, қойдың жалпы сүйегінің жетілу дәрежесін, түр-тұлғасың, келбетінің кемістілігін анықтауа болады. Қалыпты бастың ұзыдығымен көлденеңінің 8/3 қатынасы болуы тиіс. Бұл мықты дене бітімді дәлелдейді. 8/4 қатынаста болуы сөлекет дене бітіміне дәлел, ал 8/2 қатынаста болса, бұл қойдың дене бітімінің нәзік екенін көрсетеді.
Қой тұқымының дөңес болып келуі дене бітімінің мықтылығын, табиғатқа жақсы үйлесімділігін екенін көрсетеді. Қойдың шортан тұмсықты болып келуі – үлкен кемістік болып есептеледі.
Мүйіз – қойдың жыныстық ерекшеліктерін сипаттайды. Еркек қойлардың мүйізінің мықты болуы дене бітімінің жақсылығын көрсетеді. Егер мүйізі нашар дамыған болса, ол малдың әлсіз, нәзіктік қасиетің білдіреді. Ал аналық қойлардың тоқал болғаны жағымды көрініс.
Баcында жүн өсуі де біраз сипаттама береді. Егер денесінің жүні ақ, ал бас жүні қара, қоңыр болып келсе, бұл малдың тегінде ағылшын биязылау жүнді өой тұқымының қаны барлығын көрсетеді. Биязы жүнді қой тұқымдарында бас жүні өсіп, көзіне дейін түсіп кетеді. Бұл оның тұқымдық қасиеті. Ол қасиет жағмсыз, өйткені жайылымда мал айналасын көрмей қиналады, өміріне қасері тиеді.
Құлақ та дұрыс бағалануы тиіс. Тұқымына байланысты әр түрлі болады. Пішіні, ұзындығы, жүндестігі.
Тіс – қой тісіне ерекше мән беріп, бағалау қажет. Себебі, қой малы – жайылым малы. Тіс өте қажет. Қойда 32 тіс болады, оның 24 азу тістер, 8 күрек тіс астыңғы жағында ғана болады. Сол тістерге қарап қойдың жасын айыруға және оның жайылымға жарамдылығын бағалайды.
Мойын – желке сүйегінен иықтық алдына дейін немесе құлақтың түбінен жауырын қырына дейінгі дене мүшесі. Мойынға баға бергенде оның ұзындығын, жуандылығын және жалпақтылығын анықтайды. Мойын ұзындығы малдың тұқымына сәйкес болуы тиіс. Бұлардың ара қатынасы орта есеппен дененің жал ұзындығының 27 – 30 % болуы керек.
Ағылшын етті – жүнді қойлары тектес етті малдардың мойыны қысқа, жуан болып келеді. Ал биязы жүнді және қазақы қойлардың мойыны ұзындау болады. Биязы жүнді қойлардың мойынында қатпарлар болуы заңды құбылыс.
Шоқтық – жауырынның үстіндегі ең биік омыртқалар орналасқан денесінің бөлігі. Етті қойларда арқамен бірдей тұтасып жалпақ көрінеді. Жүндес қойларда шоқтығы жіңішке, биік болады. Шоқтықты қолмен ұстап бағалау керек, себебі қалың жүн кемістігін көрсете бермейді.
Арқа – арқаның сүйек негізі омыртқалар, кеуденің үсті. Бұл арқа омыртқаларына кеуде бекітілгендіктен ол мықты болуы тиіс. Арқа тегіс, жалпақ, ұзын болғаны жақсы. Арқаның жіңішке болуы, қайқы немесе бүкір болуы әрине кемістік, мал бітімінің әлсіздігін көрсетеді.
Кеуде – шоқтық омырқаларымен, қабырғалармен, төмендегі төс сүйегімен қоршалған дененің кескін бөлігі. Оның ішінде жүрек, өкпе т.б. басты мүшелер орналасқан. Сондықтан кеуде кең, дөңгеленген болғаны жақсы. Кеуде тар, таяз, қысыңқы болса – бұл кемістік дене бітіміне, денсаулығына сөзсіз әсер етеді.
Бел – бұл бел омырқалардың тұсы. Қойдың белі түзу, ұзын және жалпақ болғаны дұрыс. Белдің жіңішкелігі, қысқалығы малдың дене бітімінің нашарлығын, денсаулығының төмендігін көрсетеді.
Бөксе – жамбас, ортан ( тоқпан) жілік, құйымшақ сүйектерінің өзара байланысына қарай қалыптасады. Бөксе алды – артынан тұтас кең болғаны дұрыс. Бөксенің зоотехния тұрғысынан екі жақты маңызы ар. Біріншіден, бөксенің көлеміне қарап ұрғашы қойдың жыныс ағзаларының құрлымын, даму дәрежесін бағалауға болады, екіншіден, қой малының еттілігі, еттілік – малының қасиеттері бөксенің дамуына байланысты. Мықыны кең, сауыры жалпақ, тегіс болғаны дұрыс. Бөксесі қысқа, қушиған болса – ол кемістік.
Аяқтар – қой малының аяқтарына үлкен мән беріледі. Жайылым малы болғандықтан қой ұдайы жүріп тұрады. Сондықтан аяқ сүйектері түзу, бұлшық еттері жақсы дамыған, аяқтары түзу қойылған болуы тиіс. Аяқтары алдынан, артынан қарап түзілугін бағалайды. Қайшы аяқтық, араң тілерсектік – кемшілік болып есептелінеді. Тұяқтарға да қарау керек. Қойдың тұяғы түзу, қатты болуы тиіс. Биязылау жүнді етті қойлардың аяғы қазақы қойлармен салыстырғанда қысқа болады. Тыныс мүшелерінен әсіресе орталық малдың жыныс бездерін, ашу қалтасын көңіл аударып қарау қажет. Бездері бірдей, сыртынан өзгеріссіз болса дұрыс. Криптохизм болса ол аталық, бракталынады.
