Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Компьютерлік оқытушы программаларын қолдану тәсілдері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.48 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА: _______________________________________________________

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Компьютерлік оқытушы программаларын қолдану

тәсілдері»

КУРС: ІІІ

ТОБЫ: МИНФ-15-1

ОРЫНДАҒАН: Асылбекова Асем

ҚАБЫЛДАҒАН:

Тараз 2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

“_________________________________” Кафедрасы

Тапсырма

_____________________________________________________пәні бойынша

курстық жобаға, жұмысқа білімгер___________________________________

  1. Тақырыбы_________________________________________________________________________________________________________________________

  2. Тапсырма бойынша арнайын ұсқаулар________________________________

3. Жұмыстың негізгі бөлімдері

Көлемі, %

Орындалу уақыты

4. Графикалық материалдар тізімі (сызба масштабын көрсетіңіз)

5. Жобаны, жұмысты өрнектеу

6. Қорғау

Тапсырма “______”_____________20___ж. №______ хаттамамен кафедра мәжілісінде бекітілді.

Жетекші_____________________________________ _______________

(аты-жөні, қызметі) (қолы)

Тапсырма орындауға қабылданды «___»_______20__ ж. ___________

(білімгердің қолы)

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

«__________________________» кафедрасы

Курстық жұмысты қорғау комиссиясы мәжілісінің хаттамасы

«_____»___________20ж.

Курстық жұмыстық орғайтын пән:

_______________________________________________________

Қатысқан комиссия мүшелерінің тізімі:

1._________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

4._________________________________________________________________

5._________________________________________________________________

Курстық жұмыс жетекшісінің аты-жөні:

_______________________________________________________

Комиссия мүшелерінің пікірлері:

Қорытынды бағасы ________________________

Комиссия мүшелері ________________________________________________

Мазмұны компьютерлік оқытушы программаларын қолдану тәсілдері

КІРІСПЕ.............................................................................................................

5

1 ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-ны ҚОЛДАНУ

1.1 Сабақта инновациялық технологияларды пайдалану...............................

8

1.2 Жаңа технологияны информатика сабағыда қолданудың тиімділігі......

12

1.3 Информатика сабағында технологиялардың қолданылуы......................

18

2 ОҚЫТУШЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ПРОГРАММАЛАУДЫ ПАЙДАЛАНУЫ

2.1 Компьютерлік программалаудың түрлері.................................................

21

2.2 Зертханалық жұмыс ....................................................................................

25

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................

33

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім

беру өте қажет.

Н.Ә.Назарбаев

Кіріспе

Қазіргі заманғы информатиканы оқыту әдістемесі курсында «Компьютерлік оқытушы программаларын қолдану тәсілдері» тақырыбы ерекше орын алады. Түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта өз бетімен орындап, жүйелі қолдану арқылы оқушылардың логикалық білімі мен өз бетімен ойлау дағдысын қалыптастыруға болады.

Тақырыптың өзектілігі: Жоғарыдағы елбасымыздың айтқан сөзіне қарасақ, жаңа ХХІ ғасыр заман ағымына қарай ізденудің бірден бір жолы. Мектеп қабырғасындағы оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала, ертеңгі азамат.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі- оқушының өзіндік танымдық ойын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелейді. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру жөнінде сөз қозғағым келеді.

Оқушыларға информатика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Информатика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.

Осы орайда орта мектепте математиканы оқытудың білімдер жүйесімен және ол білімдерді сапалы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылатынын ескерсек, бастауыш мектепте информатикалық мәдениетін, сауаттылығын көтеруді мақсат етеді. Мұндай мақсаттарға жетуде «Компьютерлік оқытушы программаларын қолдану тәсілдері»» тақырыбы да үлкен роль атқарады.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.

Болашақ Қазақстан мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. Олай деуге негіз, бір халықтың болашағы мен ертеңін екінші бір ұлт ойлауы да, дамытуы да мүмкін емес. Солай екен, қазақ балалары өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленіп, өсіп жетілуі қажет. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға арналған бағдарламасындағы бала тәрбиесіне қатысты сілтемелері де осыны меңзейді.

Информатика пәні мұғалімінің негізгі алға қоятын мақсаты – бастапқы информатикалық түсініктер, олардың өзара байланысы, информатикалық заңдылықтар, аксиомалар, математика әдістерінің өзімізді қоршаған өмірден, оның заттарынан абстракциялау арқылы құбылыстарын жалпылау арқылы алынатынын көрсете білу.

Жұмыстың мақсаты: Информатика сабағында жаңа әдіс-тәсілдерінің элементтері тақырыбын оқушыларға өз бетімен орындайтын жұмыстың педагогикалық-психологиялық теориялық негіздемесін жасап, өз бетімен жұмысты практикалық жүзеге асырылуын көрсету.

Жұмыстың міндеттері:

  • Информатика сабақтарында компьютерлік оқытушы программалауды үйренудің әдістемелік ерекшеліктері;

  • Информатиканы АКТ көмегімен оқытуды күнделікті сабақта қолдану арқылы оқушылардың логикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;

  • Информатиканы оқыту элементтерін практикалық жүзеге асырылуын көрсету;

  • Бір информатика сабағы мысалында өз бетімен жұмыс сипатталды.

Жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс ІІІ бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Негізгі бөлімде мынадай мәселерелер қарастырылады:

- Информатика сабағында АКТ-ны қолдану;

- Компьютерлік программалау.

Зерттеу объектісі: информатика сабағындағы компьютерлік программалауды қолданатын оқытушылар.

Зерттеу пәні: информатиканы оқыту әдістемесі.

Жұмыстың ғылыми болжамы: Егер мұғалім информатика сабағында компьютерлік программалаумен жұмыс істеуін жүйелі ұйымдастырып отырса, онда оқушылардың бойында шығармашылық және ізденушілік қасиеттері қалыптасады, дамиды және артады.

Зерттеу жұмысының әдістері.

1.Педагогикалық-психологиялық, информатикадан әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.

  1. Педагогикалық бақылау.

  2. Педагогикалық эксперимент.

  3. Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.