Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсавойнерксіптік ластану жне автокліктерден блінітін заттар примерно.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430.59 Кб
Скачать

1.3.Автомобиль кабинасындағы микроклимат.

Автомобиль жүргізушісінің жұмысқа қабілеттілігінің артуына . оның жұмыс орнындағы микроклиматтың маңызы зор . Алайда әр 2-ші жүргізуші (49%) 8000 ішінде автомобильдің жазда ыстық қыста суық болатынын айтты . Автомобиль кабинасындағы микроклимат оның салқындату және жылыту жүйесіне байланысты . Газэль , ЗИЛ , волга автомобильдерінде кабинаның ішін желдету желдеткіш әйнектерін ашу нәтижесінде жүзеге асады . Кей автомобильдерде төбеде желдеткіш люктері бар , және арнайы каналдармен ауа жолын реттеитін қанаттар болады . ГАЗ , ЗИЛ , Волга автомобильдері бұрылып ашылатын терезелермен жабдықталған . Осындай желдету жүйесі нәтижесінде кабина ішін шаң тозаңнан шығарылған газдан тазартуға болады .

Автомобиль кабинасын қыс кезінде жылыту үшін ыстық су қолданылады , радиатордан қайнаған су желдеткіш арқылы үрделіп кабина жылынады . КАЗ-608 автомобильдерінде сырттан келетін суық ауа жолын жауып реттеуге болады . Осы сырттан келетін ауаны жауып реттеу нәтижесінде автомобиль кабинасы ластанып кетуі мүмкін . Икарус-55 , Икарус-250 автобустарында жылыту жүйесі (Термал) деп аталатын қондырғы арқылы жүзеге асады . Жүргізуші отырған кабинадағы микроклиматты игеру үшін , ондағы ылғалдылықты , ауа қозғалысының жылдамдығын зерттедік , ол әр түрлі автомобильдерде және жук таситын , жолаушы таситын автомобильдерде жүргізілді .

Микроклимат параметрларын өлшеу ( Газэль , ГАЗ , ЗИЛ , КАЗ , волга ) автомобильдерінің кабиналарында жүргізілді . Бұл өлшеулерді жүргізген кезде кабина сыртындағы температура , ауа ылғалдылығы да өлшенді , орташа көрсеткіш жазды күні +23,3 С және 52% , қысты күні 5,8 С және 68% .

Жүргізуші дем алатын тұсындағы ауа температурасы жазда +18 ден 48 С қа , ал қыста + 2 ден +31 С аралығында болады . Жүргізушінің аяқ тұсындағы температура да өзгеріп отырды жазда 10 С , қыста 20 С . Зерттелген автомобильдер кабинасындағы ауа ылғалдылығы 16-ден 88 % , тыстағы ауа ылғалдылығынан аз болды .

Тексеру нәтижесінде автомобиль кабинасындағы ауа температурасы жазды күні де шектен асып кетті . Ыңғайлы деп саналатын Волга автомобильінің желдеткіші де жайлы деп саналатын микроклиматты бере алмады . Ауа температурасы онда тыстағы мен салыстырғанда 5,4 , 2,0 , 2,2 С ауытқыды . Температураның адамның бас және аяқ тұсындағы мұншама өзгеріс жағымсыз микроклиматты тудырады , ол жүргзушінің жұмысқа қаблеттілігін төмендетіп оны ауруға шалдықтырады .

Кабинаның ішіндегі температураны өзгерткісі келген жүргізуші люкті , желдеткіш терезелерді ашады , бірақ +26 С -та және қатты жылдамдықпен соққан ауа микроклиматты міршама өзгертіп жүргізуші тымаумен ауырып қалуы мүмкін. Ал қысты күні люк , терезелер жабық және жылыту жүйесі істеп тұрады . Температура мұнда жиі өзгеріп отырады және ол көбінесе +10 С-ға жетпеді , әсіресе сырттағы температура төмен болғанда . Сондықтан бұндай жағдайда жүргізуші қалың киіммен отыруына тура келеді , ал ол оның қозғалысын қиындатады және көру , есту қиындайды .

ГАЗель автомобильі кабинасында люк ,терезе ашық тұрған кезде ауа қозғалысы .

өлшенетін нүктелер

Терезе алдыға ашылған.

Терезе артқа ашылған.

Жылдамдық. Км\сағ.

Жылдамдық. Км\сағ.

30

60

30

60

Жүргізушінің бас тұсы.

2,60

6,10

0,50

0,83

Жүргізушінің аяқ тұсы.

0,40

1,40

0,30

0,80

Жолаушының бас тұсы.

2,60

7,80

0,50

0,70

Жолаушының аяқ тұсы.

0,53

0,75

0,50

0,70

Газель автомобильдерінде терезе , люк ашық тұрған кезде ауа люктан кіріп терезелер арқылы шығады . Кірген ауа жүргізуші орындығына жетеді , оның жанымен екі жаққа өтеді , содан соң кабинаның алдыңғы жағына өтеді , соңында люкқа қайта оралады да ауа ағымының айналымы болады .Автомобиль кабинасындағы микроклиматты жүргізуші немесе жолаушының жайлылығына байланысты өзгертіп және ол әр түрлі климат жағдайында жұмыс істей алатын жағдайы болуы қажат .

Автомобиль кабинасындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы .

Микроклимат параметрлары.

Жазды күні.

Қысты күні.

қалыпты

Ауа температурасы.

20-30

17-19

Ауа ылғалдылығы.

60-30

60-30

Ауа қозғалысының жылдамдығы.

0,2-0,3

0,3

Шектік.

Ауа температурасы.

28

15-20

Ауа ылғалдылығы.

75

28 С

55

27 С

60

26 С

65

25 С

70

Ауа қозғалысының жылдамдығы.

0,3-0,7

0,5