Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсавойнерксіптік ластану жне автокліктерден блінітін заттар примерно.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430.59 Кб
Скачать

52

ЖОСПАР

2СО+О2=2CО2 6

2NO+O2=2NO2 7

NO+O3=NO2+O2 7

4NO2+H2O+O2=4HNO3 7

КІРІСПЕ

Тексерудің актуальдігі. Атмосфералық ауа – адамның ең негізгі өмір сүретін ортасы және ауаның сапалық құрамы адам денсаулығына, оның физиологиялық дамуына, ұрпақ жалғастыруына, әр түрлі ауруларға ұшырауына, өмір сүру ұзақтығына әсер етеді.

Тарихи аз уақыт ішінде (ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында) ауаның физикалық, химиялық құрамының өзгірістерге ұшырады, адамның денсаулығына кері әсер ететін көптеген теріс ықпалдарға, қауіпті зиянды іс-әрекеттерге, денсаулықтың бұзылуына, ауруға шалдығуына әкеліп соқтырды. Осымен қатар параллелді түрде әлеуметтік өмір сүру ортасының да қарқынды түрде өзгерістерге ұшырағанын айтпай кетуге болмайды. Өмір сүрудің экономикалық деңгейі, медициналық қызмет көрсету жылдан жылға жақсара түсуде. Ауаның құрамының қарқынды түрде ластануын белгілі бір мөлшерде елді мекендердегі әлеуметтік жағдайлардың жақсаруыменде тығыз байланыстыруға болады. Адам баласы қоршаған ортаның осы жаңа, экологиялық өзгерістеріне біршама бейімделе отырып, тіршілік етуде.

Қазақстан Республикасы үшін атмосфералық ауаның ластануы – ең негізгі актуальді мәселе болып отыр және болада бермек. Стационарлық тұрақты көздерден атмосфераға шығатын зиянды заттардың үлесі жылына 2,5 млн тоннаны құраса, автокөліктерден бөлінетін зиянды газдардың үлесі жылына 1 млн тоннаны құрайды. Бүгінгі күні Қазақстанның 5 млн тұрғыны ластанған атмосфералық ауа жағдайында өмір сүруде, оның ішінде 2 млн-ан астамы жоғарғы ластану деңгейінде тіршілік етуде. Ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған жерлерде қалалар мен кенттер салына отырып, осы қалалардың атмосфералық ауасы алып өнеркәсіп орындарынан шыққан зиянды өнеркәсіп қалдықтарымен және улы газдармен ластануға әкеліп соқтыруда.

Жұмыстың мақсаты: Өскемен қаласының атмосфералық ауасының ірі өнеркәсіп орындарымен және автокөліктердің әсерінен ластануын анықтау, талдау жасау және оны ластанудан сақтандыру шараларын қарастыру.

Міндеттері:

1) Өскемен қаласындағы негізгі өнеркәсіп орындары мен автокөліктерге – атмосфералық ауаның ластандырушы көздері ретінде сипаттама беру.

2) Өскемен қаласының экологиялық жағдайына талдау және оның адам денсаулығына әсеріге анықтау.

Ғылыми зерттеу объектісі: Өскемен қаласының атмосфералық ауасы болып табылады, ал зерттеу көзі: Өскемен қаласындағы атмосфералық ауаның ластануын анықтау.

Осы жұмыстағы қолданылған зерттеу әдістері: статистикалық, салыстыру, аналитикалық – зертханалық әдістері.

Жаңалық: Өскемен қаласындағы атмосфералықауаның ірі өнеркәсіп орындарымен және автокөліктермен ластануын анықтай отырып, талдау жұмыстары жүргізілді, ластаушы көздердің қоршаған ортаға, адам денсаулығына әсері көрсетіліп, атмосфералық ауаны жақсарту шаралары жасалынды.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығына тоқталсақ, зерттеу жұмысының қорытындыларын белгілі бір деңгейге дейін шығаруға болатын қалдықтардың жобаларын жасауда пайдалануға, «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы заңға өзгерістер енгізуде қолдануға болады.

Жұмыстың практикалық маңызы: Ғылыми зерттеу жұмысының мәліметтерін Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының іс-әрекеттерінде, табиғатқорғау мекемелерінде, өнеркәсіп орындарында пайдалануға болады.

1.Өнеркәсіптік ластану және автокөліктерден бөлінетін заттар

1.1. Автокөліктердің атмосфералық ауаны ластауы, салдары

Атмосфералық ауаға ең қолайсыз әсер тигізетін автокөлік болып саналады. Ол көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы. Келтірілген мәліметтерге қарағанда бензин қозғалғыштығынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектермен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқыштығынан анағұрлым жоғары.

Жалпы зиянды заттектердің шығарындыларында негізгі үлес салмақ осы автокөліктерге келеді. Мысалы, Алматыда шамамен 80-90%, Шымкентте 60-65%. Соңғы жылдары автокөліктен ауаға шығарылатын зиянды заттектер көлемі 20млн тоннадан асып отыр. Атмосфераға қолайсыз физикалық әсер тигізетін факторға дыбыстар жатады. Транспорт түрінің дамуы жылдан жылға әр түрлі күшті дыбыс шығару көзіне айналып отыр. Ғылыми зерттеулер арқылы алынған мәліметтер бойынша естілмейтін теңселі 20 Гц төменгі дыбыстарда адамдарға қолайсыз әсер етеді екен (яғни, инфродыбыс). Әсіресе, инфродыбыс организмге қолайсыз әсер етеді. Инфродыбыс толқындары, компрессолар, дизель қозғалтқыштары, турбина, электровоздар, кондиционерлік жүйе, желдеткіштер т.б. үлкен көлемді машина мен механизмдар жұмыс істеуінде пайда болады.Қатты шудыңтуындауы адамның есту қабілеттерінің төмендеуіне және әртүрлі нерв жүйелерінің ауруларына себепші болады. Бензин қозғалғыштығымен қамтамасыз етілген көлік әр 15 мың км жүргенде 4350 кг оттегіні жұмсайды. Бұл жағдайда қоршаған ортаға 3250 кг көміртек диоксиді, 530кг көміртек оксиді, 93 кг көмірсутектері, 27 кг азот оксиді шығарылады.

Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған газда 200-ге жуық химиялық қосылыстар болады. Олардың ішінде улылығы жоғарыларға қорғасын, көміртек оксид оксиді, көмірсутектер, бензапирен жатады. Пайдаланылған газдағы көмірсутектерінің мөлшері қозғалтқыштың жұмыс істеуіне байланысты.

Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесінен шығатын ең қауіпті құрауыштың бірі бензиндегі тетраэтилқорғасыннан түзілген пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары. 1 литр бензинді жаққанда ауаға 200-700 мг қорғасын бөлінеді.

Бензинді қозғалғыштың пайдаланған газындағы көміртек оксиді мен бензапирен мөлшері

Жұмыс істеу тәртібі

Мөлшері

СО,%

Бензапирен,мкг/100м3

Бос жүрісі

2,5-3,0

4000

Бір қалыптылықпен қозғалу

0,5-1,0

4000 кіші

Екпін

2,0-5,0

10000

Тежелу

4-ке дейін

28000

Мұнай өнімдерін отын ретінде қолданғанда қоршаған орта жану процесінің нәтижесінде түзілген күкірт оксидтерімен ластанады. Керосинмен бензинді мұнайды айдау арқылы алғанда да күкірттің біраз мөлшері ауаға тасталады. Мұнаймен көмірге қарағанда газ экологиялық таза болып саналады.

Күкірттің оксидтері ауадағы оттекпен, су буымен әрекеттесіп күкірт қышқылына ауысады, ауадағы ол тамшылардан түратын түман түзеді. Бұл тұман металдардың коррозиясын арттырады. Ал атмосфера тұнықтығының тұман арқылы төмендеуі егістік түсімінің азаюына апарып соғады.

Автомобильдің іштен жанатын қозғалтқыштарында оттек жетіспейтін жағдайда немесе күйемен көміртек диоксиді әрекеттескенде түзіліп, атмосфераны ластайтын қауіпті ласағыштың бірі түссіз және иіссіз көміртек оксиді болып табылады. Ауаға түскен соң біраз уақыттан соң көміртек оксиді қауіптілігі төмендеу көміртек диоксидіне айналады.

2СО+О2=2CО2

Егерде СО көп мөлшерде ( 750 мг/м3ден артық) атмосферада болса, адамды тұншықтырып өлімге душар етеді, себебі қандағы гемоглобинмен реакцияға оңай түсіп, оттекті тасымалдайтын қабілеті жоқ карбоксигемоглобин деген қосылысты түзеді. Бұл жағдайда реакцияның екі түрі жүреді:

ауадағы оттек пен отындағы азот арасында

ауадағы оттек пен ауадағы азот арасында

Жалпы атмосфераға шығарылатын азот оксидтерінің 95%-і қазбалы отындарды жағуда түзіледі. Оның ішінде жалпы шығарынды азот оксидтерінің 40%-тейі көліктерден 30%-і шығады.. Атмосферада газ түрінде азоттың бес негізгі қосындысы болады: N2, NH3, NO2, N2O, NO. Мамандардың қолында негізгі бар мәліметтер бойынша азот қосылыстарының ішінде адам организміне өте қолайсыз әсер тигізетін автокөліктен шығатын азоттың диоксиді. Бастапқы шығарынды газдардағы барлық азот оксидтерінің қоспасында диоксидке келетін үлес 10%-тей, бірақ та ауада күн сәулесінің әсерінен азот оксидтерінің біраз бөлігі күрделі химиялық реакцияларға қатысып, қауіптілігі жоғары азоттың диоксидіне айналады. Мысалы, көбіне атмосфераға тасталатын азот түрі NO ауада мынадай реакцияларға түседі:

2NO+O2=2NO2

NO+O3=NO2+O2

Түзілген диоксид азоты азот қышқылына дейін тотығады:

4NO2+H2O+O2=4HNO3

Азот диоксиді жағымсыз иісі бар газ, ол адамның көзінің қараңғыға бейімделу қабілетін төмендетеді. NO2 газының ауадағы мөлшері 0,038 мг/м3-ден жоғары болған кезде адам улануы мүмкін, оның салдарынан өкпесі ісінеді, сілеймелі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы қашады. Сонымен қатар, көміртек оксидіне ұқсас, азоттың диоксидіде гемоглобинмен реакцияға түсіп, оның оттекті тасымалдау функциясын өзгертеді, яғни қанда, ұлпаларда оттек жетіспей, тыныс алу және қан айналу әрекеті бұзылады.

Қазіргі кезде автокөліктер 2 двигательдіге: карбюраторлы және дизелді болып бөлінеді. Оларда қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған газда 200-ге жуық химиялық қосылыстар бар. Бірақ бізге экологиялық жағынан ең тиімдірерігі болып карбюраторлы саналады, себебі оның құрамында зиянды заттарды біраз мөлшерде ұстап қалуға арналған