- •Мазмұны
- •Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері.
- •Климаттық белдеулерге сипаттама
- •1.3.Қазақстанның жер қоры.
- •Республикадағы ауыл-шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жерлердің көлемі туралы мәліметтер
- •Қазақстанның су қоры
- •2.1. Шөлдену процесінің негізгі себептері
- •Қазақстанның шөлді аймақтары
- •2.3. Шөлдену процесімен күресу жолдары .
- •3.1. Топырақ экологиясы
- •Әлемдік экологиялық проблемалар құрылымы
- •2 Кесте
- •Топырақтың ауыр металдармен ластануының қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші
- •Қазақстан жеріндегі радиациялық апат аймақтары
- •Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары
- •3.2. Өсімдіктер және жануарлар экологиясы
- •3.3. Қазақстандағы ормандардың экологиясы
- •3.4. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары.
- •Қорытынды:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.3.Қазақстанның жер қоры.
Жер табиғаттың тіршілікке берген таусылмас сыйы, халық қазынасы. Ауыл шарушылық өндірісінің негізгі құралы болғандықтан жер қоғамның экономикалық өміріне аса зор рөл атқарады. Дұрыс пайдаланған жағдайда жер еш уақытта тозбайды. Керісінше үнемі жақсарып отырады. Табиғаттың адамзатқа сыйлаған өндіріс құралдарының ең құндысы болғандықтан жер үнемі жаңарып ұрпақтан-ұрпаққа неғұрлым жоғары өнім беретін сапалы күйінде ауысып отыруы керек.
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша 261, 17 млн. гектарды құрады. Ауыл-шаруашылығына пайдаланатын жер 215,8 млн. гектар, соның ішінде жыртылған жер көлемі 22,6 млн. гектар, шабындық 4818, 4 мың гектар және жайылымдық жерлер 182,4 мың гектарды құрайды. Әлемнің көптеген елдерінен салыстырсақ, Қазақстан Республикасы жер ресурстарына бай. Бірақ Қазақстан территориясының көп бөлігі құрғақ шөлді белдемде орналасқан (2006 ж. №1. Табиғи және география)
Республикадағы ауыл-шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жерлердің көлемі туралы мәліметтер
1-кесте
|
Жалпы жер көлемі |
Жалпы а/ш-на жарамды жерлер |
Соның ішінде |
|||||||
Жыртылған жерлер |
Шабындық жерлер |
Жайылымдық жерлер |
||||||||
|
2003 |
2004 |
2003 |
2004 |
2003 |
2004 |
2003 |
2004 |
2003 |
2004 |
Қазақстан Республикасы |
261169,8 |
261171,4 |
215709,3 |
215852,4 |
22799,6 |
22656,9 |
4823,0 |
4818,4 |
182335,3 |
182489,9 |
Жақында қабылдаған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі конституциясында атап көрсеткендей «Қазақстанның басым көпшілігі құрғақшылық өңірде орналасқан және 66% территориясы әр түрлі деңгейдегі тақырға айналған. Алдын-ала есептеулер бойынша жайылымдардың деградациясынан, егістіктердің эрозиясынан және басқа себептерден келіп жатқан зиян шамамен 300 млрд.теңге (Конституция экологической безопастности РК на 2004-2005 г. Каз. Правда 2003 г.) »
Жүргізілген зерттеулер барысында жер ресурстарына экология-экономикалық зиян зардабын тікелей тигізіп жатқан факторлар:
Экологиялық апат аймақтардың жерінің тозуы.
Жер қойнауымен қазба байлықтар мен құрылыс материалдарды алғандағы жерлердің бүлінуі. Жер ресурстары тозған эеологиялық апат аймақтарға жататын аудандар:
Қызылорда облысы
Ақтөбе облысы (Байғанин, Шалқар, Мұғалжар, Темір, Ырғыз)
Оңтүстік Қазақстан (Арыс, Отырар, Созақ, Шардара)
Қарағанды облысы (Ұлытау)
Қазақстанда қазба байлықтарды алу кезінде бүлінген жер көлемі 172 мың га, сегіз экономикалық аудандар бойынша «Оңтүстік» - 10046 га, «Оңтүстік шығыс» - 3205 га, «Оңтүстік батыс» - 22617 га, «Солтүстік Батыс» - 11334 га, «Орталық Қазақстан» - 60625 га, «Солтүстік Қазақстан» - 36893 га, «Солтүстік-Шығыс Қазақстан» - 15000 га, «Шығыс-Қазақстан» - 12313 га, (география және табиғат – 2005 ж. №1)
Жер ресурстары адамзаттың өмір сүретін базисі, шаруашылық және өндіріспен айналысатын ортасы. Қазақстан мемлекеті өзінің территориясының көлемі жөнінен 176 мемлекет ішінде д/ж-і бойынша 9-шы орында тұрғанымен, топырақ құнарлығын сипаттайтын қарашірік онша көп емес (3). Жылдан-жылға егістік құнарлылығы төмендеп бара жатыр. 2001 ж. – 12,24 ц/га , 2002 ж. – 11,5 ц/га, 2003 ж. – 10,8 ц/га, осыған орай егістіктен жиналып алынған ауыл-шаруашылығының жалпы өсімі де азайған. 2001 ж. – 15,9 млн. г, 2003 ж. – 14,8 млн. г. Жақында қабылданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі концепсиясында атап көрсеткендей «Қазақстанның басым бөлігі құрғақшылық өңірде онрналасқан және 66 % территориясы, әр түрлі деңгейдегі тақырға айналған. Алдын-ала есептеулер бойынша жайылымдардың деградациясынан, егістіктердің эрозиясынан және басқа себептерден келіп жатқан зиян шамамен 300 млрд. тенге» (5)
Ел территориясы бойынша топырақ құнарлығы жайлы жүргізілген экологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, егістік жерлер 20-30 % өз құнарлылығынан айрылған. Зерттеулер дерегіне сүйенсек 14 облыс топырағында ең негізгі 12 түрі мен тармақтары бар.
