- •Мазмұны
- •Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері.
- •Климаттық белдеулерге сипаттама
- •1.3.Қазақстанның жер қоры.
- •Республикадағы ауыл-шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жерлердің көлемі туралы мәліметтер
- •Қазақстанның су қоры
- •2.1. Шөлдену процесінің негізгі себептері
- •Қазақстанның шөлді аймақтары
- •2.3. Шөлдену процесімен күресу жолдары .
- •3.1. Топырақ экологиясы
- •Әлемдік экологиялық проблемалар құрылымы
- •2 Кесте
- •Топырақтың ауыр металдармен ластануының қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші
- •Қазақстан жеріндегі радиациялық апат аймақтары
- •Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары
- •3.2. Өсімдіктер және жануарлар экологиясы
- •3.3. Қазақстандағы ормандардың экологиясы
- •3.4. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары.
- •Қорытынды:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері.
Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады. Картадан Республика жерінде жер бедерінің барлық сатылары айқын байқалады. Территориямызда ұлан-байтақ ойпатты жазықтар, шөлді аймақтар, үстірттер мен аласа таулар алып жатыр. Сондай-ақ территориямыздың біраз бөлігін төбелерін қар мен мұз басқан шыңды таулар алып жатыр. Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктерін төмендегідей сипаттауға болады:
Жер бедерінде жазықтар мен аласа таулар басым және олар Қазақстанның батысында, солтүстіктерінде және орталығында орналасқан.
Биік таулы аймақтар шағын территорияны қамтып, республиканың шағын және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр.
Жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай көлбеу басып келеді.
Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлар және жазықтармен алмасып отырады.
Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғатландшафтарының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Қазақстанның қазіргі жер бедері оның геологиялық құрылысымен және даму тарихымен тікелей байланысты. Палеозойға дейінгі уақытта, яғни архей және протерозой эраларында, республика территориясын тұтастай дерлік теңіз суы басты. Батыс Қазақстанның баяу иілуі палеозой эрасының басында да жалғасты. Палеозойдың алғашқы жартысында Капедон тау түзілісі болған. Күшті тектоникалық қозғалыстар әрекеттерінен геосинклиналь орнына Сарыарқаның Солтүстік-батысы мен Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау қатпарлары түзілген. Палеозойдың аяғында Герцин тау түзілісіне байланысты Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауында, Тянь-Шаньнің батыс жоталарында, Сарыарқаның шығыс бөлігінде және Мұғалжарда көтерілу процесі аяқталған. Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанда болып жатқан. Мезозой эрасында тектоникалық қозғалыстар шамалы болған. Полеозойда құрылған тау жүйелері күшті бұзылуларға ұшырап, мезозойдың аяқ шенінде Қазақстан жері біршама тегіс аймаққа айналды.Қазақстанның территориясында жер бедері әлі даму үстінде. Антропоген кезеңінде Қазақстанның биік таулы аймақтары бірнеше ретмұз болуларға ұшырады. Ол мұздар өте қалың және биік таулардың қазіргі жер бедерінің қалыптасуында әсері зор болды. Антропоген кезеңінің ортасында климаттың ылғалды болуынан өзендер суы молайып, эрозиялық әрекеті күшейіп, жер беті тілімдене бастады. Қазақстан жер бедерін қалыптастырудағы сыртқы күштер ішіндегі бастысы – ағын су әрекеті. Су тасқыны аңғарларды бұзып, бұзылғаннан пайда болған жыныстарды төмен қарай ағызып, ойпаң жерлерге жинайды.Қазіргі кезде биік таулы аймақтарда жер бедерін түзуші факторлардың бірі – мұздақтар. Жер бедерін түзуде жел әрекеті де едәуір әсер етеді. Қазақстанның жазық-аласа бөлігінің көлемді жерін Батыс Сібір мен Тұран жазықтары және Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Батыс Сібір жазығының жер бедері біркелкі: онда биік төбелер мен қыраттар кездеспейді. Батыс Сібір жазығы Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазықтары болып бөлінеді. Онда өзен шөгінділері басым. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы кеңбайтақ жерді Тұран жазығы алып жатыр. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді. Жазық негізінен Орта Азия республикалары жерінде орналасқан. Тұран жазығы горизонталь орналасқан көл, теңіз және өзендердің шөгінді жиынтықтарынан (леес тәрізді саз, саздауыт, құм мен құмайт) түзілген. Тұран жазығын Қазақстан жерінде Сырдария өзені солтүстікке және оңтүстікке бөледі. Оңтүстігін Қызылқұм, Солтүстігін қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр. Қызылқұмның жер бедерінде құм төбелер мен қырқалар басым, олардың аралығында кей жерде тақырлар көптеп кездеседі. Арал маңындағы Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдарының жер бедері де құмды және төбелі. Каспий маңы ойпатының жер бедері біркелкі. Мұнда көбінесе тегіс сазды кең жазықтар мен құм жондары басым, кей жерлерінде кішігірім жеке қыраттар кездеседі. Көлемі жағынан ең үлкен Жайық өзенінің батысындағы Нарын Құмы. Құмның беті ойлы-қырлы, мұнда құм төбелер жайпақ ойыстармен алмасады. Каспий маңы ойпаты ағын суға тапшы. Қазақстан жерінде оны тек Жайық пен Жем өзендері кесіп өтеді. Оңтүстік және Оңтүстік- шығысындағы суы аз, кішкене өзендер құмға сіңіп кетеді. Республика территориясының көп жерін үстірттер мен қыраттар алып жатыр. Олар: Үстірт, Торғай, Орал алды үстірттері, Жалпы сырт қыратының бір бөлігі. Бетпақдала және Балқаш маңындағы жазықтар. Жер беті көбінесе тегіс, бірақ жерлері белесті, ал кей жерлерінде беткейлкері тік құлама болып келеді. Биік таулы өлкелерге Қазақстанның Шығысы мен Оңтүстік шығысындағы Алтай, Сауыр Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань жатады. Биік таулы аймақтың аласа таулардан айырмасы – жер бедерінің биік және күшті тілімденгендігі.
