Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_3450.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296.96 Кб
Скачать

Қорытынды:

Еліміздің табиғи-климаттық және географиялық жағдайы әртүрлі болғанымен, жеріміздің көбі шөл мен шөлейттен тұратыны белгілі. Бір сөзбен айтқанда, ел аумағының дені сазды, сулылығы, ылғалдылығы төмен аймаққа жатады. Ертіс өзені бар Солтүстік Шығыста су қоры барынша мол болса, оңтүстік батыста, оның ішінде Маңғыстауда ол мүлдем тапшы. Негізгі су көздеріне байланысты Қазақстанда өзен бассейндері бойынша «Балқаш-Алакөл», «Ертіс», «Есіл», «Нұра-Сарысу», «Шу-талас», «Арал-Сырдария», «Тобыл-Торғай» және «Орал-Каспий» деп сегіз аймаққа бөлеміз. Сонымен қатар елімізде 80 мыңнан астам ірілі-ұсақты өзендер, 48 мыңдай көл және 4 мыңға тарта су қоймасы бар. Ғалымдардың болжамы бойынша Солтүстік Тянь-Шань тауларындағы мәңгілік мұз қабаттары 1957 жылмен салыстырғанда 30 пайызға кеміген, ал 2025 жылға қарай ол 50 пайызға дейін азаймақшы. Мұнай ғаламдық жылынудың соңы Орталық Азияда су арналарының суалып, құрғақшылыққа, жер бетінің деградацияға әкеп соғады. Қазақстанда су қорлары жөнінде жүйелі түрде бағдарлама жасалған емес. Ал еліміздің аграрлы индустриялы мемлекет екенін ескерсек (елдегі судың 76,5 %-ы) ауыл шаруашылығына тиесілі. Осы айтылған мәселеге байланысты үкімет Қазақстандағы су шаруашылығының арнайы тұжырымдамасын жасап, осы салаға бірқатар реформа жүргізуі керек. Жер бетінің тозуына, яғни шөлдену процесінің өріс алуына, сонымен қатар антропогендік жағдайлар да тікелей әсер етуде. Өнеркәсіп орындарының, газ-мұнай құбырларының салынуы табиғат кешендерінің жойылуына әкеп соғуда. Қазақ даласында қазіргі таңда 30 млрд. ғана қалдық жатыр. Оның 6,7 млрд улы, 5 млрд тау-кен өндірісінің үйінділері. Олардың қатары Ақтөбеде хром, Павлодарда титан қалдықтарымен сонау Кеңес өкіметі кезінен бастап жыл сайын көбейіп келеді. Маңғыстаудың Қошқарата жасанды көліндегі Уран қалдығы 300 млн тоннаға, Ақмола облысындағы радиоактивті қалдық 45 млн тоннаға жетсе, «Теңізшевройлдың» жанындағы күкірт үйіндісі де биіктеп барады. Ал Екібастұз көмір кенінің ішінен пайдасыз деп шығарылған қоқыстың биіктігі 630 метрді, аумағы 60 шақырымды алып жатыр. Статистика мәліметтері бойынша, бүгінде елімізде жиналып қалған қалдықтардың 10 %-ы ғана қайта өңделсе, 90%-ы сол күйінде жатыр.

Ғылыми-техникалық прогрестің (ҒТП) дамуы – табиғи ресурстар қорының азаюы мен қатар олардың тозуы, ластануы, экологиялық жағдайдың шиеленісуімен қатар жүруде. Дамудың жаңа сатысы: ҒТП негізіндегі жоғары технологияға ауысу, табиғатты пайдаланудың жаңа стратегиясының қалыптасуы арқылы жүзеге асады. Оның өзі өз кезегінде мемлекеттік және қоғамдық экологиялық саясатты қалыптастырады.

Қоршаған ортының ластануы адам баласының тіршілік ортасын сапасыздандырып, бүкіл қоғамның қалыпты дамуына кері әсерін тигізуде. Бүкіл дүние жүзі қоғамдастықтарымен қатар Қазақстандықтар да қалыпты салт-тұрмыс экологиялық жағдайларға қарай тұрақсыздық, алаңдаушылық күйге түсуде. Сондықтан елдегі экологиялық жағдайлар экономика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.

Экологиялық жағдайлардың нашарлай түсуі Қазақстан жағдайында бұрын-соңды болмаған жаңа проблемалар тудыруда. Олар – ауа, су, топырақ, ресурстары мен өсімдік пен жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер.

Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып кейбір жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттар әкелуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының біршама жерінің (180 млн. га 60%) шөлге айналуы бүкіл мемлекеттік проблемалар тудырып отыр. Сол сияқты республиканың барлық жерінің 30 млн. га көлемін өнеркәсіп, көліктік қатынас жолдары, елді мекендер, т.б. нысандар алып жатыр.

Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 100 мың га жерді, техногенді ластану 2,5 млн. га жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн. га жерді қамтып отыр.

Ал, Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып мұнай өнімдерімен ластану одан әрі етек алуда.

Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Онда – техногендік, өндірістік ластану, топырақтың құнарсыздануы, жайылымдардың тозуы, металдармен ластануы, радиактивті және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану жоғары деңгейге жетуде.

Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге айналдырады. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі қара сексеуіл орындарының 300 млн. га құрып кетуі өкінішті жағдай.

Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, т.б. техникалық дақылдарының өсірілуі елеулі суармалы жерлердің тозуына әкеліп соқты. Әсіресе, Іле өзені суының 10-15 % Қытай республикасының бұрын алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуы әбден мүмкін.

Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түрлі-түсті металлургия, вольфрам, уран, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына ажал оттарын тұтатуда.

Әлемдік климаттың өзгеруі – Қазақстанның барлық ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келуде. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауыл шаруашылық өнімдері өнімін кемітіп отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. т қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. т фосфор, 1,1 млн. т азот, 0,4 т калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70 % кеміген. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5 % қарашірігі қайтымсыз жоғалды.

1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару сыналды. Ол 20 млн. га жердің тоз-тозын шығарып, тіршіліксіз экожүйелерге айналды. Соның нәтижесінде, 3,4 млн. адам тұратын елді мекендер қамтылды, олар әлі зардап шегіп отыр.

Қазақстанда қазіргі кезде 20 млн. т қатты радиактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдығып отырғаны анықталды. Егерде соңғы келісімдер бойынша шетелдердің радиактивті қалдықтарын біздің жерімізде сақтауға рұқсат етсек не боламыз? Бұған ешбір жол беруге болмайды!!!

Қазақстандағы жоғарыда қысқаша тоқтаған экологиялық жағдайлар туралы ақпараттар жайлы мәліметтер көпшілікке жетпейді. Тіпті, полигондар қамтып отырған аймақтардың тұрғындары өзінің ауруының неден болғаны туралы хабарсыз. Оның өзі «адам құқығын» бұзғандық және үкіметіміздің жариялылық – демократиялықмемлекетті құрудағы ағаттықтар деп білу керек.

Табиғаттағы өзгерістерге байланысты болжамдар. Кез келген архитектуралық, шаруашылық обьектілерін, ірі өндіріс орындарын салуда жобалау кезінде олардың экологиялық шығынның бағасын есептеумен қатар, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру қажет. Бұл ретте бірнеше назарда олардың жергілікті тұрғын халқының денсаулығына тигізетін зардабы болуы тиіс.

Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау. Олардың зардабынан сақтану, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек. Ол үшін Елбасының қолдау көрсетіп отырған экологиялық саясатын яғни, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруді жүйелі түрде іске асыру керек. Барлық оқу орындары жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беруді саяси әлеуметтік деңгейге көтере отырып болашақ ұрпақтарды тәрбиелеуде аға ұрпақтың өнегелік парызын өтеуді ұмытпауымыз керек.

Осы бағытта Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетінде біраз жұмыстар атқарылуды. Университетте Одақта бірінші болып география-экология факультеті ашылды. Алғаш рет республикамызда эколог мамандар дайындалды. Қазіргі кезде жүздеген маман-экологтар орта және жоғары оқу орындарында экологиялық білім беруде.

Елбасының қолдауымен 1999 жылы «Экологиялық білім бағдарламасы» қабылданса, 2004 жылдары «Экологиялық кодекс» т.б. құжаттар қабылданбақ. Мектептер үшін экологиялық білім беру бағдарламасы, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Мұның бәрі Қазақстандағы «2030» тұрақты даму бағдарламасын орындау бағытындағы орындалып жатқан игі істер болса керек.

Қазақстандағы өндіріс орындарына байланысты туындаған экологиялық проблемалар көп жағдайда алдын-ала ескерілмеген себептерге негізделген. Қарағандыдағы, Шымкенттегі, Жамбылдағы, Алматыдағы т.б. қалалардағы кейбір зауыттардың табиғатқа теріс әсерлері соған дәлел. Бұл орайда атом станцияларын жобалау негізінде олардың қауіпсіздік жағын жан-жақты есептеу қажет.

Шаруашылыққа байланысты болжаулардың қажеттілігі ірі су алаптарының (Арал теңізі, Балқаш көлі) тартылуы, климаттың өзгеруі, техникалық фактор негізінде топырақ, жер беті қабаттарының бүлініп, бұзылуы, биік таулардағы (Іле, Жоңғар Алатаулары) мұздықтарымен байланысты жағдайлар, апатты құбылыстар, мемлекет аралық өзендерді(Ертіс,Іле) пайдалану жағдайы, т,б, әлемдік мәселелерді шешуге айқын көрініс болады. Мемлекет аралық өзендерді пайдалану мәселесі бойынша түрлі ұсыныстар мен болжаулар халықаралық, мемлекет аралық деңгейде есептеліп, ескерілуі қажет.

Шаруашылық әрекеттерінің қоршаған табиғи ортада зиянды әсерін болғызбауға арналған алдын-ала жасалатын болжамдар жан-жақты ғылыми бағытталған барлық қабылданатын заңдардан көрініс алуы тиіс. Осы экологиялық болжамның ең негізгі мақсаты қоғамды құрушы адамға экологияның тигізетін әсерін анықтап одан айықтыру жолдарын табу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]