- •Мазмұны
- •Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері.
- •Климаттық белдеулерге сипаттама
- •1.3.Қазақстанның жер қоры.
- •Республикадағы ауыл-шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жерлердің көлемі туралы мәліметтер
- •Қазақстанның су қоры
- •2.1. Шөлдену процесінің негізгі себептері
- •Қазақстанның шөлді аймақтары
- •2.3. Шөлдену процесімен күресу жолдары .
- •3.1. Топырақ экологиясы
- •Әлемдік экологиялық проблемалар құрылымы
- •2 Кесте
- •Топырақтың ауыр металдармен ластануының қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші
- •Қазақстан жеріндегі радиациялық апат аймақтары
- •Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары
- •3.2. Өсімдіктер және жануарлар экологиясы
- •3.3. Қазақстандағы ормандардың экологиясы
- •3.4. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары.
- •Қорытынды:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3.3. Қазақстандағы ормандардың экологиясы
Қазақстан бойынша орман қоры аумағының алып жатқан жер көлемі 25,6 млн. гектар болып, республика жерінің 9,7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгінсек, бұл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде 647 орман өрті болып, әрбір өрттің зардап шектірген жерінің ауқымы 18,9 га болып келеді. 1997-2000 жылдар ішінде болған орман өрттерінен кем дегенде 300 мың га орман алқаптары бүлінді.
Бүгінгі күнге Қазақстан бойынша сексеуіл орман қорының көлемі 5,4 млн. га болып отыр. Кейінгі 10 жылда сексеуіл екпе ағаштарының жалпы ауданы 591,2 мың гектарға көбейді. Бұл негізінен сексеуіл ормандары аумағында ағашы кесілген жерлерде сексеуілдің табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздігінен жетілу барысына тұрақты тексеру, бақылау жұмыстарын жолға қойғандықтан болса, ормандану дәрежесінің төмендеуіне жол бермеу мақсатында орман қоры жерлерінде сексеуіл тұқымдарын себу арқылы оның көлемін арттыру іске асады. Сексеуіл ормандырының молаюына Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі «Сексеуіл ормандарын сақтау туралы» қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуіл ормандарын кесуге тыйым салынған. Және осы қаулыға сәйкес Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
1997-1999 жылдардағы Семей өңірі мен Павлодар облысындағы болған орман өрттері салдарынан Ертіс жағасындағы қарағайлы ормандардың 230 мыңнан астам гектары құрып кетті.
Ғарыштық және жер беті зерттеулерінің нәтижелеріне жүгінсек, бұл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестері мен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шекті.
Оның үстіне кейінгі жылдары орманның санитарлық жағдайларын жақсарту және өртенген жерлерді тазалау мақсатында бұл аймақтарда өз бетінше ағаш дайындаушылар жұмылдырылған еді. Осының салдарынан заңсыз ағаш кесу көбейіп кетті. Ағаш дайындаушылар алаңсыз ағаш кесу үшін өртенген аймақ болып есептелсін деп әдейі өрт жіберу жағдайлары да кездесті. Ағашқа сұраныстың күрт көбеюіне тағы бір негізгі себеп Қытай мемлекетінде 20 жылға ағаш кесу жұмыстарының доғарылғаны да болып отыр.
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті бұл аймақтарды ағаш кесудің барлық түрлеріне тыйым салды. Енді осы аймақтағы ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жатқызуға Үкімет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орманды күзету ерекше режим бойынша жүргізіледі.
Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңірі мен павлодар облысында толық түрде орналастыру жұмыстары жүргізіледі.
Жоғарыда атап өтілгендей, орман өрттерінің көбеюіне байланысты ағашты рұқсатсыз кесу де белең алуда.
Әсіресе жыңа жыл қарсаңында жаппай рұқсатсыз ағаш кесушілер саны көбейіп, соның салдарынан шырша, самырсын, қарағай түрлерінің жас ағаштары құрып барады. Қаражаттың тапшылығынан қосымша ағаш отырғызуға мүмкіндік жоқ кезде бұл ерекше кері әсерін тигізуде.
Қазақстан аз орманды елдер қатарына жататындықтан, әр ағаштың бағалы екендігі белгілі. Осы жағдайларды ескере отырып, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі тәжірибе ретінде бір жылға жаңа жыл шыршаларын дайындауға тыйым салды. Облыс әкімдерінің тапсырыстары бойынша жаппай жаңа жылдық шаралар өткізу үшін шыршалар министрліктің рұқсатымен ғана бөлінеді.
Орман шаруашылығы және еліміздің жалпы экологиялық ахуалын жақсартуға арналған шаралар мен жоспарлар көп жағдайларда барша халыққа жария етіле бермегендіктен, осы және алдағы жоспарланған кейбір жұмыстарды көпшілік біле бермейді.
Соңғы он жыл бойы өтпелі кезеңнің өзінде аталмыш комитет орман шаруашылығы салаларын ерекше биік сатыға көтере алмаса да қолдан келгенді аямай, барды сақтауға толық күшін салды.
Қазір ел экономикасының дамуы айтарлықтай дәрежеге көтерілуіне байланысты бұл жұмыстар болашақта өз кемеліне келіп, дұрыс жолға қойылуына күмән келтіруіне болмайды. Оған орман шаруашылығының мамандары, қызметкерлері бар білімін, ынта-жігерін, мүмкіншіліктерін жұмсайтын болады.
