- •Мазмұны
- •Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері.
- •Климаттық белдеулерге сипаттама
- •1.3.Қазақстанның жер қоры.
- •Республикадағы ауыл-шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жерлердің көлемі туралы мәліметтер
- •Қазақстанның су қоры
- •2.1. Шөлдену процесінің негізгі себептері
- •Қазақстанның шөлді аймақтары
- •2.3. Шөлдену процесімен күресу жолдары .
- •3.1. Топырақ экологиясы
- •Әлемдік экологиялық проблемалар құрылымы
- •2 Кесте
- •Топырақтың ауыр металдармен ластануының қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші
- •Қазақстан жеріндегі радиациялық апат аймақтары
- •Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары
- •3.2. Өсімдіктер және жануарлар экологиясы
- •3.3. Қазақстандағы ормандардың экологиясы
- •3.4. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары.
- •Қорытынды:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
КІРІСПЕ.................................................................................3
І-ТАРАУ Қазақстанның табиғат жағдайы……....................4-21
Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері……….4-6
Климаттық белдеулерге сипаттама………………….7-10
Қазақстанның жер қоры……………………………….11-13
Қазақстандағы су қоры………………………………..14-21
ІІ-ТАРАУ Қазақстандағы шөледену процесі......................22-33
Шөлдену процесінің негізгі себептері……………….22-27
Қазақстандағы шөлді аймақтар……………………...28-29
2.3. Шөлдену процесімен күресу жолдары……………….30-33
ІІІ-ТАРАУ Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалдар..34-55
Топырақ экологиясы…………………………………..34-42
Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы…………….43-49
Қазақстандағы ормандардың экологиясы…………50-52
Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары…………………………......................53-55
ІҮ Қорытынды………………………………………………….56-61
Ү Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………...62-64
КІРІСПЕ
Қазақстан аумағы батысында Каспий теңізі мен Еділ сағасынан, Шығысында Алтай жоталарына дейін, ал солтүстігінде орал таулары мен Батыс Сібір жазықтығынан, оңтүстігінде Орта Азия шөлдері мен Тянь-Шань қарлы шыңдарына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жатыр. Қазақстан алуан түрлі бай табиғатымен ерекшеленеді. Мұнда қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия, таулы ормандар мен шөлдер, Кең жазира жазықтар мен Тянь-Шань қарлы шыңдарына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жатыр. Қазақстанның жер бедерінің құрылымы әркелкі. Республика ауданының 1/3 бөлігі биіктігі 27 метрдей (Каспий маңы ойпатты) 100-200 метрге дейінгі жазықтар мен ойпаттар алып жатыр. Жалпы Қазақстанның жері Солтүстік және Батыс жақтанШығыс пен Оңтүстік-Шығысқа қарай биіктей береді. Республиканың негізгі бөлігін құмды шөлдер алып жатыр. Қазақстан қоңыржай белдеудің оңтүстігінде орналасқан. Оның Еуразиялық ішкі аймақтарында орналасуы мұхиттардан, әсіресе Атлант мұхитынан алыс болуы, климаттық щұғыл континентальді болуына әсер етеді. Бұл ауа температурасының кенет өзгеруіне, ауаның өте құрғақ, жауын-шашын мөлшерінің өте аз түсуімен сипатталады. Республиканың солтүстігінде күннің түсу ұзақтығы орта шамамен алғанда жылына 200 сағат құрайды, оңтүстікте – 300 сағат. Ашық күндер саны жылына Солтүстікте 120, оңтүстікте 260 күн, бұлтты күндер саны солтүстікте 60, Оңтүстікте 10 күн. Осыдан орай жиынтық күн радиациясы Сотүстіктен оңтүстікке қарай өледі: қыста 50-ден 200 МДЖ/м²-ге дейін, жазда 650-ден 800 МДЖ/м²-ге дейін. Қазақстан климатының қалыптасуына ауа ағындарының қозғалысы үлкен әсер етеді. Атлант мұхитынан келген ауа өзімен жауын-шашын алып келіп, қыста ауа температурасын жоғарылатып, жазда төмендетеді. Арктикадан ылғалы аз, әрі өте суық ауа ағындары келеді. Қазақстанда ауа температурасының амплитуда көрсеткіші жоғары. Қазақстан жеріне түсетін жауын-шашынның мөлшері онша көп емес. Қазақстанның Солтүстігінде 300-400 мм жауын-шашын түссе, оңтүстіктің кейбір аудандарында оның мөлшері 100 мм-ден аспайды.
Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ықпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солтүстігінде Оңтүстік Батыс және батыс, ал жазда Солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел биыл келеді. Қазақстандағы шөлейттену процесіне осы аталған антициклондардың ықпалы өте әсер етеді. Қазақстандағы атмосфераның процестер Солтүстік жарты шардың Атлантика – Еуразия секторының 3 түрлі аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары елдік бағытпен өтсе, онда ол елдік бағыттағы айналым делінеді. Елдік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлшері кеміп ауа температурасы жоғарылайды. Еуропадағы айналым кезінде республикаға суық ауа массаларының енуі жиілейді. Сібірлік айналымда – оңтүстіктен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді.
Республикадағы шөлейттену процесіне жер бедерінің әр тектілігі де әсер етуде. Шөлейт (шөлейтті дала) климаттың белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның Орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлшері оңтүстікке қарай 279 метрден 153 метрге дейін кемиді, оның 43-27 % жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан-шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге артады.Ауаның орташа температурасы 25 °С –тан жоғары күндер саны 30-45, 35 °С –тан жоғарғысы – 10-20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 170-200 тәулік. Қыста қатал, ауа-райы құбылмалы келеді, жазғы ыстық, рациацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27-29 күнге созылады. Шөл клиамттық белдемі Қазақстанның жазық өңірінің көп бөлігін қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. Орташа жылдық температурасы 3-13°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 81-84 мм. Қазақстан жазықтарының оңтүстік бөлігінің барлығын шөл даласы (құмдауытты, саздаулы, тастақты және сортаңды шөлдер) алып жатыр. Құмдауытты шөлдерде жусанның бірнеше түрі, сол сияқты қияқ, бидайық, елелек, изен сияқты өсімдіктердің бірнеше түрі және аласа бұталар (жұзім, теріскей, қылша. таспа) өседі. Шөл даласында жатқан жоңғар алатауы мен Тянь-Шань тауларының тау беткейлік жазықтары шөлге ұқсас Шөлейи далада дала мен шөл жануарлары кездеседі. Шөл даласының жануарлар дүниесі өзгеше.
