Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_3447.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

3.2. Оңтүстік Қазақстан обылысының климаты

Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай ориаласуына) және жер бедерінің сипатына байланысты куаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай — қаңтардың орташа температурасы -2 — 9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (-41 °С). *

Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы 19 — 29°С. Ең ыстық кезең Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230 — 320 тәулікке созылады.

Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 — 170 мм, тау етектерінде 300 — 450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20 — 40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.

Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін артады. Жылына 150-ден 260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15 — 20 күнге дейін азаяды. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік жэне солтүстік батыс желі көбірек түрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9 — 3,9 м/с. Желдің қатты түратын аймағы — Ақсораң, онда желдің жылдамдығы 5,1 м/с-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.

Облыстың қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б. метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем аралығын қүрайды. Ерекшелігі — жауын-шашынның негізгі мөлшері

(62 — 67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңінің үзақтығы 245 — 260 тәулік, 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдык жиынтык мөлшеоі 4300 — 4600°С.

Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа — 90 күндей. Жазы үзақ — 160 — 170 күнге дейін созылады.

Су қорлары. Облыстың су қорларын ірілі-үсақты 127 өзен (жалпы үзындығы 5 мың шақырымдай), З^ көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд. текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері қүрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеп-пен 37 млрд. текше метрге жуық су келіп, осыншама мөлшерде су кетіп отырады.

Облыстағы ең ірі және ұзын өзен — Сырдария өзені басқа мемлекеттерден басталып, Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат (60 км), т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.

Облыстағы ең үлкен суқойма — Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға берілген, су сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3/с. Одан су алатын Қызылқүм (106 км), Шардара (10 км) каналдары арқылы 71,5 мың гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқой-масының сыйымдылығы 37 млн. текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.

Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336 шақырым су арналары, 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды , 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.

Облыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да

мақсаттарға пайдаланылады. Шошқакөлде (көлемі 8,6 млн. м3) аң ауланады, Сарыкөлден (10,2 м ) балық ауланады, Қызылкөл суының (5,9 м ) ем үшін пайдасы зор.

Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай, Талас-Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылда-рында арнайы рүқсатпен пайдал&нуға берілген.

Өзендері. Облыс аумағындағы гидрографиялық желінің жиілігі біркелкі емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен бастау алады. Жалпы облыс өзендері Сырдария жэне Шу өзен алаптарына жатады.

Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып, негізінен, қар және мұ суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің облыстағы негізгі саласы — Арыс өзені, ол Талас Алатауы мен Өгем тау жоталарының беткейлерінен басталады. 1961 жылы Арыс — Түркістан каналы іске қосылғаннан кейін оның төменгі ағысындағы су өтімі 52,8-ден 31 м3/с-қа азайды.

Бұдан басқа Бөген, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу өзендері бар. Олардың жалпы ұзындығы 3745 км. Сондай-ақ Қаратау жоталарынан Жиделі, Бесарық, Ермексу, Қарашық, Арыстанды және Шаян өзендері басталады.

Облыстың қиыр солтүстігі Бетпақдаланың батысында Шу және Сарысу өзендерінің төменгі ағысын қамтиды.

Негізінен Сырдария, Шу өзендеріыің сағаларында орналасқан. Олар та-сыған өзен суларымен, ал үсақ көлдер жер асты суларымен толығады. Облыс аумағында 43 көл бар, олардың жалпы ауданы 25,94 мың ға. Облыстың солтүстік аймағында Шу өзенінің төменгі ағысында Ақжайық, Қарқын тұзды көлдері, Құмкент елді мекені жанында тұйық жер асты суымен қоректенетін Қызылкөл жатыр.

Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алатын Байылдыр, Хантағы, Иқансу, Көкқиясай өзендері Қарашық, Қалдыкөл, Шүйнек

көлдерше құяды.

Сырдария өзенінің аңғарында Тұздық, Сарыкөл, Балтакөл, Көккөл, т.б. ірілі-үсақты көлдер көп кездеседі. Бұл көлдердің көпшілігі ащы, түзды.

Облыстағы су желісінің бір ерекшелігі: тақырларда жауын-шашын суларынан түзілетін көлшіктер мен көлдер пайда болып, кейінірек кеуіп кетеді.

Сонымен қатар облыстағы 22 жасанды су қоймаларының жалпы көлемі 98 мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Оларға Бадам, Бөген, Шардара, Қапшағай, т.б. бөгендер жатады.

Жер асты сулары. Облыста шамамен тәуліктік ресурсы 3000 м /тәулік болатын 30-дан астам жер асты суларының көздері белгілі. Ішуге жарамды сулардың болжамдық ресурсы тәулігіне 4000 м3-тан астам мөлшерге бағаланады.

Облыста Арал, Сырдария және Ташкент (солтүстік жақ бөлігі) ойыстарынан тұратын Сырдария артезиаы алабы барланған.

Сырдария және Келес ойысы аумақтарының палеоген жер қыртыстарында, ойыстың шеткі бөлігінде 90 — 170 м, ортаңғы бөлігінде 1100 — 1200 м тереңдікте жататын сульфат-хлоридті натрийлік суларының көздері табылған. Су көзінің тәуліктік қор мөлшері 10—15 және 165 м3 аралығында. Минералдануы 2—12 г/дм3. Жоғарғы бор дәуірі жер қыртыстарында бүл сулар Сырдария ойпаңының оңтүстік-батысында көптеп кездеседі және 170 — 600 м тереңдікте жатады. Судың температурасы 20 -40°С.

Түркістан ауданында (Түркістан минералды сулары) және "Манкент" шипа-жайында (Манкент минералды сулары) емдік мақсаттарда қолданылатын сульфат-натрий су көздері ашылған. Манкент минералды жерасты су көзінің тереңдігі 1143 — 1181 м, минералдылығы 2,1 г/дм3, судың температурасы 40°С. Судың қүрамында күкіртсутегі, бор5 бром, кремний қышқылы кездеседі.

Сырдария және Келес ойысы аумақтарындағы жер қыртысында 400 —

500-ден 2000 м терендікте жататын және температурасы 20 — 90°С болатын аз минералданған азот сілтілік термальды сулар мол. Олар палеоген және бор дәуірлері жер қыртыстарының құмды бөліктерінде кездеседі. Темірлан ауылының оңтүстік бөлігінде (Шымкент минералды сулары) 792 — 840 м тереңдікте гидрокарбонатнатрий қүрамына кіретін аз минералданған азот сілтілік су көздері ашылған. Су жоғары қысымды, минералдылығы 0,8 г/дм3, температурасы 39°С.

Келес ойысының ортаңғы *бөлігінде содалық сулар көп кездеседі. Сарыағаш жерінің зерттелген минералды су көздері негізінде "Сарыағаш" курорты жұмыс істеуде. Судың құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонаттар, натрий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және әр түрлі микроэлементтер бар екені анықталған. Судың температурасы 49 — 53°С, тәуліктік шығымы 5 млн./тәулік.

Байырқұм — Арыс ойысы аумағында кремыий минералды су көздері

ашылған. Төменгі бор дәуірі қүмдарында судың минералдылығы 1,7 г/дм . Құрамында бром, йод, бор5 фтор бар екені анықталған. Судың температурасы тереңдігіне байланысты 46 - 83°С.

Шымкент қаласы Бадам — Сайрам және Тассай — Ақсу жер асты сулары арқылы сумен қамтамасыз етіледі.

Бөгендері мен тоғандары. Облыста 27 бөген мен тоған бар. Шағын бөгендер мен тоғавдар Түркістан ауданыда көп кездеседі. Облыстағы суқоймалар 1927 — 92 жылдар аралығында салынып, іске қосылған. Олардың ең үлкені — Шардара бөгені 1965 жылы іске қосылған. Ол Сырдария өзенінің алабында орналасқан, көлемі 5200 млн. м3, үзындығы 6000 м, терендігі 28,2 м.

Көлемі және халық шаруашылыгындағы маңызы жағынан екінші орында тұрған Бөген суқоймасы 1967 жылы іске қосылған. Арыс өзенінің алабында орналасқан, көлемі 370 млн. м3, үзындығы 5400 м.

Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау

бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сүр топырақтарға жалғасып, терістік және терістік-батыс аймақтарындағы жазықтарды сүрқұба, ескі аллювиалды ойыс жазықтарды тақыр және тақыртүстес топырақгар мен ірі құмды алаптар (Шығыс Қызылқүм мен Батыс Мойынқүм) алып жатыр. ҚР Ғылым акаде-миясының Ө.Оспанов атындағы Топырақтану институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыс аумағында 130-ға жуық Топырақ түрлері мен олардың комбинациялары кездесетіндігі анықталды. Жалпы облыс жерінің топырағы *екі топқа бөлінеді: 1. Тау топырақтары. 2. Тау аралығындағы аңғарлардың, тау бөктеріндегі, т.б. биік және ойысты жазықтардың топырақтары.

1. Тау топырақтары. Таулы аймақғар облыстың біраз жерін алып жатыр. Осы таулы аймақгың бір ерекшелігі биіктігі мүхит деңгейінен 4000 метрге жақындайтындықтан топырақ-климаттық зоналардың таралуында биік белдеулік зоналық заңы орын алады, яғни тау биіктеген сайын ылғал көбейіп, ауа райы суыта түседі. Міне осыған байланысты таудың төменгі етегіндегі шөлді-дала белдеуінен (теңіз деңгейінен 250 —

350 м) таудың биік 3500 - 4000 м деңгейіне дейін бірнеше таудың беддеулік беддем-дері кездеседі, олардың топырақ, өсімдік жамылғылары да, жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді.Тау етектерінің биіктеу жазықтарының кара қоңыр, қоңыр және сүр қоңыр топырақтарының көлемі 78,4 мың гекгар, облыс жернің 6,6 пайызы. Шөл зоыаларына дейін мындаған шақырым қажет болса, облыс аумағындағы Батыс Тянь-Шань тау етегінен биік шыңдарына дейінгі 3 — 4 шақырым қашықтықтағы биіктікте көпшілік белдемдердің кездесуі ғажап дүние, табиғаттың осындай ерекшелігін түсіне білген ғалым, Орта Азия университетінің профессоры А.Л. Бродский 1920 жылдардың басында осы аймақга Мемлекеттік қорық ұйымдастыру мәселесін алға қойған. Бүл үсыныс сол кезде Мәскеуде Орталық органдарда қызметке араласа бастаған Т.Рысқүловтан қолдау тауып, 1926 жылы Қазақстанда алғаш Ақсу — Жабағылы қорығы ұйымдастырылды. Сонымен осы таулы белдеуде таудың шалғындыдалалы альпілік, субалпілік, таулы-

далалық альпілік, таулы альпілік, таулы шалғынды гидроморфты субальпілік және таудың күңгірт түсті субальпілік топырақтары кездеседі. Бұл топырақтар 132 мың гектарды, яғни облыс жерінің 1,1 пайызын алып жатыр. Орта таулы аумақгарда таулы-орманды, таулы-бүталы белдеулерде күңгірт қоңыр, тау-дың ашық қоңыр, сүр қоңыр топырақгары 575 мың гектар, облыс жерінің 4,7 пайызы болады. Ал аласа таулар мен оларға жалғас етектерінде таудың сүр топырақгары түзілген. Олардың көлемі 186,8 мың гектар, облыс жерінің 1,7 пайызы. Сонымен жалпы таулы аймақгағы топырақгар көлемі 894,8 мың гектар жерді алып жатыр, ол облыс жерінің 7,5 пайызы.

2. Тау аралығындағы аңғарлардың, тағы басқа биік және ойысты жазықгардың топырақгары. Таулы аймақтарға қарағанда бүл топырақтардың түрлері мол. Бүл топтағы топырақтар ішінде осы аймақтарга тән зоналық топырақгар кездеседі. Тау етектерінде сүр топырақтарының көлемі 1021,4 мың гектар, төменгі жазықтардың оңтүстік жэне терістік ашық сүр топырақтары, көне аллювиалды жазықтар мен биік өзендер террасаларының шалғынды-сүр топырақтары, биік шөл жазықтарының сүр қүба топырақтары 2390,7 мың гектар — 19,5 пайызы, оның ішінде біршама ойпатты жерлерде тақырлар мен тақыртүстес топырақтар және шалғынды, щалғынды-батпақты топырақтар кездеседі. Біраз жерлерді белдемаралық топырақтар алып жатыр. Оның ішінде сүр топырақ белдемдегі сортаң топырақтар көлемі 193,4 мың гектар, облыс жерінің 1,6 пайызы: шөл зонасындағы сортаң топырақтар, көлемі 539,7 мың гектар — 4,5 пайыз, ал екі белдемдегі сортаң топырақтар көлемі 457,3 мың гектар — 3,8 пайыз. Өзен бойларының топырақтары 300,9 мың гек-тар — 2,7 пайыз, сүр топырақтар белдеміндегі қүмды топырақтар 1047,1 мың гектар — 9,5 пайыз болса, шөл белдеміндегі құмды топырақты жерлер 2486,1 мың гек-тар — 20,6 пайыз. Сонымен жалпы екінші топтағы, яғни облыстың жазық аумақтарындағы топырақтар көлемі 11108,7 гектар жерді қамтып, облыс жерінің 91,5 пайызын алып жатыр. Облыстың біршама жерлерін тоғырақ емес құрылымдар: биік таудағы мәңгі қарлар мен тұздар, қатты тау жыныстары, көл мен өзендер алып жатыр. Олардың жалпы көлемі 150 мың

гектар-дай — 1,2 пайыз. Ал бұл топырақтар орналасу жағдайларына, табиғи ылғалмен қамтамасыз етілуіне немесе қолдан суару мүмкіншілігіне қарай ауыл шаруашылығының салаларына пайдаланылады. Мысалы таудың биік алытілік, субальпілік белдеулері малдың жазғы жайлауы болса, орта және аласа таулы белдеулерде жер бедерлерінің ыңғайына қарай жайылым, шабындық, жеміс ағаштар, тағы басқа дақылдар өсіруге болады. Ал аласа таулы

аумақтардың етектеріндегі ылғал жеткілікті болғандықган бүл белдеулер тәлімі

а) егістерге пайдаланылады. Таулардың төменгі етектеріндегі

жазықтарда ылғал жеткіліксіз, енегізінен суармалы егістіктер үшін ыңғайлы. Бұл аймақтарда су көздері жеткілікті болған жағдайларда мақта дақылы, бау-бақша жемістері, көкөніс, малазығындық шөптер, т.б. өсіріледі. Ал өзен бойларындағы көне аллювиалды шөл белдеміндегі жазықтарда жоғарыда аталған дақылдарға қоса күріш егіледі. Жалпы облыс көлеміндегі жартылай шөл, шөлді алқаптар негізінен жайылым ретінде пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]