- •I. Климат туралы негізгі түсініктер.
- •2.1.Климат қалыптастырушы факторлар......................................................8
- •I. Климат туралы негізгі түсініктер.
- •1.2. Климаттық негізгі көрсеткіштер.
- •II. Қазақстан Республикасының климты. 2.1. Климат қалыптастырушы фактолар.
- •3.2. Оңтүстік Қазақстан обылысының климаты
- •3.3. Агроклиматтық аймақтары.
II. Қазақстан Республикасының климты. 2.1. Климат қалыптастырушы фактолар.
Жерінің аумағынның ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның климаттық жағдайы өте күрделі. Республика территориясының солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзаққа созылуына байланысты, мұнда біртіндеп далалық зонаның климатынан (қиыр солтүстікте) шөлдік зона (оңтүстігінде) климатына дейін ауытқу байңалады. Қазақстан климатына тән басты ерекшелік — оның мұхиттардан, әсіресе СССР территориясына ылғалдың көбін әкелетін Атлант мұхитынан алшнақ жатуы; бұл жағдай республика климатының жалпы қүрғақ және тым континентті болуына себепші болуда. Тек Алтай мен Тянь-Шаньның биігірек жел жақ беткейлеріне батыс ауа массалары еркін өтіп, біршама ылғалды климат қалыптасады.
Климат қалыптастырушы факторлар, кез келген өңірдің климаты көптеген факторлардың негізінде қалыптасады. Қазақстан климатын қалыптастыруда радиациялық факторлардың ролі ерекше. Күннің жиынтықрадиациясы — жер бетіне түсетін радиациялық баланстың маңызды элементі. Жиынтық радиацияның айлық мөлшері оның ең басты көрсеткіші болып табылады. Республика жерінің кең-байтақтылы-ғына байланысты айлық радиацияның мөлшері негізінен ендік зоналық бойынша таралады. Кейде бір ендіктің батыс және шығыс бөліктерінде, орталығына қарағанда, күн радиациясы ағнының әлсіреуінен бұл заңдылық бұзылады. Процестің бұлайша өзгеруі — атмосфера-циркуляциялық және орограникалы. жағдайға байланысты ендіктің батыс және шығыс бөліктеріндегі бұлттылық пен ауа ылгалдылығының артуының нәтижесі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жылдық радиацияның мәні 100-ден 160 ккал/см-те дейін артады. Республика таулы аудандарының беткейлеріндегі жиынтық радиацияның мөлшері бұлттылыққа байланысты өзгеріп отырады. Жел жақ беткейлерде бұлтъң қалың қалыптасатын биіктік шегіне дейін (1,5—2 км) жиынтық радиацияның мөлшері
кемиді, бұл деңгейден жоғары қарай кұрт артады. Қазақстанның көпшілік бөлігіндегі жылдық жиынтық радиацияның максимумы июнь айында, барлық жерде жиынтық радиацияның минимумы декабрь. айында байқалады.
Шашыранды радиацияның жылдық және айлық мөлшері Жергілікті жер ендіктеріне байланыссыз таралады, оның жиынтық радиациядан айырмашылығы Қазақстан территориясы үстінде өзгеріске онша ұшырамайды. Шашыранды радиацияның жылдық жиынтық мәні Қазақстанның оңтүстігінде 45,5 ккал/см -деп солтүстік бөлігінде 48,8 ккал/см2 аралығында өзгеріп отырады. Шашыранды радиацияның жылдық айналымдағы ең жоғарғы айлық мәні көктем — жаз маусымдарына келеді. Таулы аудандарда бұлттың ең калың түзілетін деңгейінің жоғары жағында атмосфера ауаның мөлдірлігінің артуынан және шашырату бөлшектері мөлшерінің азаюынан шашыранды радиация мөлшері тез кемиді. Тек қарлы шыңдар үстінде қар жамылғысынан шағылысу салдарынан түзілетін күи радиациясы нәтижесінде шашыранды радиацияның әжептәуір артуы байқалады.
Күн радиациясы энергиясының жер бетіне келіп жететін бөлігі өзі түскен бетті және соған жапсарлас атмосфера қабатындағы ауаны жылытуға кетеді. Күн энергиясының бұл бөлігі жұтылған радиация деп аталады. Радиацияның бұдан өзге бөлігі жер бетінен қайта шағылысады. Жұтылған және шағылысқан радиациялар мөлшерінің ара қатынасы альбедо шамасымен сипатталады. Бұл шама жылу жұтатын беттің шағылыстыру ерекшеліктеріне байланысты түрліше болады. Қыс маусымындағы альбедоның ең жоғарғы мәні тұрақты қар жамылғысы қалыптасатын Қазақстанның солтүстік бөлігінде және таулы өңірлерінде байқалады, оның шамасы декабрь.— февраль аралығында 70—80%-ке жетеді. Қар жамылғысы тұрақсыз шөлейт зонада альбедоның қысқы шамасы 50—70%-ке дейін кеміп, жоғарғы мәнді альбедоның ұзақтығы 1— 2 айға дейін қысқарады. Жазда альбедоның аз мөлшерде (16—18%-ке
дейін) Қазақстанның қиыр солтүстігінде байқалады, ал қиыр оңтүстікте бұл шама 25%-ке дейін артады. Альбедоның жаз маусымындағы ең жоғарғы шамасы (30— 35%-ке дейін) шөл зонасында, әсіресе өсімдік жамылғысына кедей тасты және сазды өңірлерде байқалады.
Атмосферадағы термиялық процестердің сипаты мен қарқындылығы және жалпы ауа райы мен климаттың қалыптасу процестері көп
жағдайда радиациялық баланспен анықталады. Республика
территориясының көпшілік белігінде радиациялық баланстың жылдық
таралуы зоналық сипаттан ауытқиды. Қыс айларында Қазақстан территориясындағы радиациялық баланстың айлық мәнінің ендік зоналық бойынша таралуы анық байқалады. Декабрь— январьда республиканың көпшілік бөлігінде радиациялық баланс мөлшері теріс мәнінен қиыр оңтүстік аудандарда оң мәніне дейін өзгереді. Жаз айларында Қазақстан территориясында радиациялық баланс мөлшері зона бойынша таралмайды. Июнь айында б.ұл мөлшер барлық жерде 8—9 ккал/см2-те тең келеді. Радиациялық баланстың айлық мәнінің жылдық айналымындағы ең төменгі көрсеткіші неғізінен декабрьде байқалады. Радиациялық баланстың айлық мэнінің жылдық ауытқу амплитудасы орташа есеппен 9—10 ккал/см2-ге жуық болады.
Республиканың климат жағдайына циркуляциялық фактордардың тигізетін әсері күшті. Қазақстан территориясы үстінде қалыптасушы барикациркуляциялық жағдай радиациялық элементтермен тығыз байланысты. Жылдың суық маусымында Қазақстан жері үстіндегі барикациркуляциялық жағдай негізінен антициклонының батыс тармағына байланысты анықталады. Сондықтан қыстың 50—60%-ке жуық мезгілінде республика территориясы үстінде атмосфера қысым мен ауа райының антициклондық режимі үстемдік етеді. Кейбір жылдың қыс маусымында барикациркуляциялық әрекет рөлі күшейіп, ал кейде, керісінше әлсіреп қалады. Антициклондық жағдай әрекетінің басым ( қыс маусымында ауа райы режйінің қалыптасуына көп әсер
етеді. Қыста цйркуляцияның циклон ерекшеліктерінің күшеюіәнен, яғни ат- мосфера шептін өту жиілігінің артыуы жоғары қысымдық жағдай өзі отырады.Сондықтан кейде (Батыс қазақстанда) ауаның тәуліктік темперарасы 20°С-қа дейін шұғыл ауытқып жазда Қазақстанның оңтүстік бөлігі күн радиациясының мол түсу ауаның қызу қарқыны үдеп, атмосфера шептен ажыраған, кең өңірді қатитын термиялық депрессия қалыптасады. Жалпы термиялық депрессия орталығы көбінесе Қазақстанның бөлігі үстінде* қалыптасады, мұндай жағдайда оның әрекетіне республиканың орта белдеуі де ұшырайды. Дипрессия әсіресе июнь — августь аралында жиі байқалып, жауын-шашын ашық, ыстық ауа райының қалын суына себепші болады. Антициклоның қайталануы жаз кезінде әлдеқайда сирейді.
Қазақстанның таулы рельефі жағдайында ауа райының қалыптасу процесіне үлкен ықпал жасайтын қатар жергілікті циркуляциялық ер-шеліктер байқалады. Бұлардың арасында суық шептің таулы қырат беткейіне ұласқан жерінде дамуы толқынның қалыптасу процесінің маңызы күшті. Бұл процестер ауа рай шүгыл өзгертеді: бүлт қоюлана; атмосфера жауын-шашын түседі, және әсіресе тәуліктік ауарайы режим әсер етуші тау-аңғарлық жел күшеді. Бірқатар ерекшеліктеріне байланысты тау-аңғарлық желге Қазақстанда көбіне (шығысында) жылы маусымдар кезінде болатын тау алды жазықтық, беткейлік, тау аралық қазан шұңқырлық, мұздық желдері өте ұқсас болады. Ірі су айдында] жағалауының ауа райын қалыптаструда бриз желі үлкен роль атқарады Бриздік әрекет көбіне жылы маусында күшейеді де, ауаның ылғалдық арттырады, бұлттылықты күшейте; Сөйтіп, жергілікті циркуляция аурайының қалыптасуына зор ықпалы тигізеді.
Климаттың жеке элементтерініқ ірежимі Жел. Бүның режимі барика-циркуляциялық жағдайға байланысты және негізінен жылдың жылы маусымынан суық кезеңге өтер аралықта өзгереді. Жылдың салқын мезгілінде, әсіресе қыс айларындц Қазақстанның көпшілік бөлігінде қысым
таралатын ауа ағыстары Азия антициклонына және оның батыс тармағына тәуелді. Соған байланысты Қазақстанның орманды дала және далалық аймақтарында (Мүғалжардан Алтайға дейін) оңтүстік батыстан соғатын желдер басымырақ келеді. Республиканың шөл зонасы мен тау алды белдеулерінде солтүстік-шығыс бағыттындағы желдер үстемдік етеді. Таулы өңірлердегі үстем желдің бағыттары өзен аңғарлары және тау аралық ойпаңдармен бағыттас келеді және жергілікті жел басым таралады. Жылдың суық маусымдарында мұнда күшті жел жиірек қайталанып отырады. Мұндай желдерге Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі, Іле ойысындагы Шелек желі т.б. жатады. Жылдың жылы маусымдарыыдагы жел режимі Қазақстан үстінде қалыптасатын, бірақ әлсіз сезілетін барикалық депрессияға байланысты болады. Соңдықтан республиканың солтүстігінде солтүстік-батыс бағыттағы жел, оңтүстігінде солтүстік және солтүстік-шығыс жел басым соғады. Дала зонасындағы желдің орташа жылдық жылдамдығы 4,5—5,0 м/сек, одан оңтүстігіректе (Орталық Қазақстанда) 4,0—4,5 м/сек, шөл зонасында 3—4 м/сек.
Ауа температурасы. Қазақстанда ауаның январьдағы орташа температурасы қиыр оңтүстікте —1°,—5°С, солтүстік. жағында —19°, — 20°С аралығында ауытқып отырады. Территорияның көпшілік бөліғінде қысқы изотермалар ендік бағытқа жақын орналасады. Бірақ бұл заңдылың қыраттар мен тау массивтерінің әсерінен жэне Орта Азияның оңтүстігінен республика жеріне жиі өтетін жылы ауа массаларына байланысты бұзылып, изотермалар солтүстікке қарай сәл жылжып, солт-батыстан оңт-шығысқа қарай бағытталады. Тау жүйелері қарқынды инверсияларының қалыптасуын тездетеді. Қыста суық ауа ағыстарының тау алдында және тұйық аңғарларда жиналуынан таулы өңірлерде радиациялық суыну байқалады. Республикадағы қысқы ең қатты суыну Алтайдың тау аралық қазан шұңқырларында болады. Қазақстанда январь айындағы ауаның ортаиіа температурасының ең төменгі көрсеткіші (Орлов поснде — 27, ГС, Марқакөлде —25,9°С) осында. Абс. минимум кейде—47°С-қа, тау аралық
қазан шұңқырларда —54°С-қа дейін төмендейді. Апрельде республиканың жазық бөлігі үстіндегі ауаның орташа айдың темпрасы нөлден жоғары болады, май айында барлық өңірде 10°С-тан жоғары көтеріледі. Ең ыстық ай — июль, биік таулық аудандарда — авг. Жазық өңірде июльдің температурасы 18°— 29,3°С аралығында. Республика территориясының көлшілік бөлігінде абс. максимум 42—44°С-қа, қиыр Солтүстікте 47°С-қа дейін жетеді. Аязсыз маусымның ұзақтығы республиканың жазық бөлігінде 110—190 күндей, таулы аудандарда биіктікке және орналасу ерекшеліктеріне қарай күрт кемиді.
Бұлттылық. Республика территориясыида бұлтсыз ашық күн саны (шарбы бүлтты қоса есептегенде) солтүстікте жылына 120 күн, оңтүстікте 260 күндей; жауын-шашынды күн саны 10-нан (Балқаш ойысында) 60 күнге (солтүстікте) дейін өзгереді. Орт. Қазақстағның ұсақ шоқылығы үстінде ашық күн жиі байқалады. Қыстыгүні бұлттылық дәрежесі батыстан шығысқа, жаздыгүні солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Жазда Қазақстан бүкіл СССР бойынша ең бұлтсыз өңір есептеледі, сондықтан да біздің республикамыз «күншуақты» өлке аталады. Республика территориясында қалың бұлттылық негізінен жылдың суық маусымдарында байқалады. Қыс айларында жалпы және шамалы бұлттылық максимумы таңертеңгілік уақытта қалыптасады. Будақ бұлт пен нөсерлік бұлттар көбіне оңт. өңірлерде, жаз маусымында кешкітұрымда қалыптасады. Жазғы конвекциялық бұлттылықтың максимумы Солтүстік Қазақстанның оңтүстік бөлігінде және республиканың оңтүстік-шығысында басым байқалады.
Атмосфералық жауын-шашын. Қазақстан жері (биік таулы аудандарды ескермегенде) жалпы қуаң келеді. Жауын-шашынның таралу мөлшеріне көп жағдайда жергілікті рельеф зор әсер етеді. Мысалы, жауын-шашын тау мен қыраттың жел жақ беткейлеріне молырақ, ықжағына кемірек түседі. Қазақстанның далалық зонасында жылына орта есеппен 250— 300 мм жауын-шашын түседі. Осы зонаның орманды-дала бөлігі мен Сарыарқаның солт. беткейлерінде бұл мөлшердің кейде молаюы байқалады. Орт.
Қазақстанның көшпілік бөлігіне орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 125— 250 лш-ден келеді. Республикадағы жауын-шашынның ең аз (100 мм-дей) түсетін жері — Балқаш көлі жағалауы мен Арал маңындагы Қарақүм өңірі. Үстірттің көтеріңкі батыс бөлігі мен Маңқыстау түбегінде 150 мм-де, бүған жапсарлас шөлді аудандарда 100—125 мм ылғал түседі. Тау жоталарына жақындаған сайын жауын-шашын мөлшері шүғыл артады. Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығығыс биік таулы аудаыдары ылғалы мол өңір болып саналады. Биіктікке және рельеф пішіндеріне байланысты Қа-зақстанның биік таулы аудандарында жылына орташа есеппен 400—1000 мм, ал Алтайдың батыс беткейлершде 1500 мм-ден артық ылғал түседі. Алтайдың тау аралық қазан шұңқырлары мен ішкі ық жақ беткейлері жауынға-ша-шынға тапшы (орта есеппен 400—450 мм) келеді. Алтай мен Тарбағатай тау жүйелері аралығында жатқан Зайсан қазан шүңқырына жылына 160 мм-те жуық жауын-шашын түседі.
Жоңғар Алатауының ық жақ беткейлеріне де жауын-шашын аз жауады (300—500 мм). Іле Алатауының солтүстік беткейлерінде жылдық жауын-шашын мөлшрі 900 мм-ден артпайды.
Республиканың солтүстік жартысынан.көпшілік бөлігіне түсетін жылдық жауын шашын мөлшерінің 70—80%-кө жуығы жылдың жылы мезгіліне келеді. Оңтүстікке жылжыған сайын суық маусымда түсетін ылғал мөлшері артып, Қазақстанның қиыр оңтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшерінің орташа есеппен 60—65%-тейі салқын мезгілде жауады. Қазақстанның орманды дала зонасындағы жыл-дық жауын-шашын айналымында июльдік максимум жақсы байқалады. Шөл зонасының орталық бөлігінде бүкіл жыл бойынша ылғал біркелкі таралады. Қазақстанның шөл зонасында, оңтүстік және оңтүстік-шығыс тау алдыларында жауын-шашын таралуьшың жаздық минимумы және көктем мен күздік максимумдары айқын қалыптасқан.
Метеорологиялық құбылыстар. Найзағай. Республика бойынша найза-ғай құбылысының таралуы жылдың жылы маусымындагы жауын-шашын-
ның географиялық таралуымен тығыз байланысты. Найзағай байқалатын күндердің саны Қазақстанның оңтүстік-батысынан солтүстік-батығысына қарай арта түседі. Қазақстанның жазық бөлігінде найзағай солтүстік облыстарда көбірек қайталанады, мүнда жылына 20—25 күн найзағай жарқылдайды. Қазақстанның қиьгр оңтүстігінде конденсация деңгейінің жоғары орналасуына байланысты бұл көрсеткіш 8 күнге және одан да кеми түседі. Найзағайдың күшейіне жергілікті орография көп әсөр етеді. Мысалы., төңірегіндегі жазық өңірлерге қарағанда Мұғалжар тауында, Сарыарқаның Қарқаралы маңында найзағайлы күндер саны көбірек болады. Найзағайдың неғұрлым көбірек байқалатын жері — Алтай, Жоңғар Алатауы және Іле Алатауы. Мұнда найзағайлы күндер саны 30—55 күнге дейін ауытқып отырады. Тау аралың қазан шұңқырларда, аңғарларда, таулардың ың жақ беткейлерінде, Касний мен Арал теңіздері, Балқаш көлі маңдарында найзағай сирек болады. Қазақстанның қыс маусымылда найзағай тек шөл жэне шөлейт зоналарында ғана жарқылдайды.
Бұршақ. Қазақстан жағдайында бұршақ жыл бойына орташа есеппеп 1—3 күн, таулы аудандарда 5—6 күн жауады. Бұршақ жауған күндердің жиі қайталанып отыратыы жері — Іле Алатауы. Мүнда жылына орташа есеппен 8—10 күн, кей жылдары 13—28 күн бұршақ түседі. Шөл және шөлейт зоналарда бұршаң орташа есеппен 25—30 жыл ішінде 1 рет жауады. Ірі су айдындары маңында бұршақты күндердің саны 1,5—2 есеге дейін кемиді. Бұршақ республика территориясының көп бөлігінде апрельден октябрьге дейін, оңтүстік аудандарда марттан октябрьге дейін байқалады.
Шаңды дауыл. Шаңды дауыл құбылысы желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Солтүстік Қазақстанның далалық өңірінде орташа есепппен жылына 20—38 күн ша дауылды болады. Бұл қүбылыс қазақстанның бататыс облыстарында, әсіресе. Жалпы Сырт өңіріндө көбі байқалады, мұнда оның жылдық мөлшері 40—46 күнге тең. Батыс Қазақстандағы шаңды дауылды күндері: ең
15
көп болатын жері — Үлкен Борсық қүмына таяу жатқан Шал алабы (жылына 56 күн). Қазақстның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігің құмды шөлде шаңды дауылды күн саны кейде тым жогары бола (50—60 күн). Таулы өңірлерде шаңды дауылдар негізінен байқалмайды.
Республика халық шаруашылығына көп зиян тигізуші метеоролгиялық қүбылыстард бірі — б о р а н. Қазақстанның солтүстігінде қыста орташа есеппен 30, 50, кейбір өңірлерде 54 боранды күн болады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында ғана боран өте сирек байқалады. Мүнда жылына орта есеппеп 1 5 күн боран борайды. Республиканың қиыр оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс бөлігі де боран 10 жылда 2-ден 8 ретке дейін борайды. Таулы өңірлер асул рындағы боран жергілікті күшті желге тығыз байланысты келеді.
Т ұ м а н. Қазақстан территориясында тұман негізінен атмосфера ци-куляция ерекшеліктеріие және жеілікті физикалық-географияға жағдайларға тығы байланысты қалыптасады. Республикадағы тұманның ең көп қайталанатын аудандарына Іле Алатауы (жы лына 75—100 күнге дейін) және Мғалжар тауы (70 күн) жатады. Қалын тұманның қалыптасуы сонымен қатар
ЖЫЛДЫҚ
ЖАУЫН-ШАШЫН МОЛІІІЕРІ
Республика экономикасына, әсіресе мал шаруашылығына қолайсыз әсер етуші метеоқүбылыстардың бірі — көк мүз (көктайғақ). Көбіне түмаы мен жаңбырдан кейін ауа темпрасы 0—3°С-қа төмендегенде қалыптасады. Қазақстанның солтүстік-шығыс мен кейде шыіыс бөлігінде көк мүз сирек пайда болып, қабаттық қалыңдыгы. 5 мм-деп аспайды. Зайсан, Алакол, Іле ойыстарында, Оңт. Балқаш маңы, Іле Алатауының тау аралық аңғарында және Сырдария маңында қалыптасатын көк мүздың қалыңдығы 10 мм-те, республиканыц батыс, орталық және оңтүстік-шығығыс бөліктерінде 15 мм-ге, Жайық-Жем алабында және Сарыарқаыың батыс жагында 20 мм-те жетеді. Үлытау, Қаратау, Шу-Іле тауларыпың биіктігі 900—1000 ле-ден жо-
17
ғары жоталары беткейлерінде көк мүз өте жиі қалыптасады әрі оның мүз қа-лыңдығы кейде 22 мм-те дейін жетеді.
Қазақстан климатының өте айқын байқалатын ерекшеліктерінің бірі — қуаңшылық. Бүл кезде ауаның өте ыстықтығына және мүлдем құрғауына байланысты топырақ жамылғысы бетінен және өсімдік бойынап булану мөлшері бұларға қосылатын ылғалдың жалпы мөлшерінен әлдеқайда артық болады. Жыл бойына орташа есеппен Сарыарқаның оңтүстік жағында 25 күнге, республиканың шөлейт зонасының жазық бөлігінде 40—45 күнге, Қызылқүмда 100 күнге созылған нағыз аңызақ желді қуаңшылық болып түрады. Ірі су андындары мен тау массивтерінің әсерінен және солтүстікке жақындаған сайын қуаң климат жүмсарады. Бірақ кейде ауа райын қалыптастырушы факторлардыц өзіндік сипатынан ауытқуына байланысты Солт. Қазақстан өңірінің өзінде де қуаңшылық байқалады. Қуаңшылық салдарынан жемшөп қоры кемиді, екпе дақылдардың өнімділігі күрт төмендейді. Қазақстанда соңғы 20 жыл ішінде 4 рет (1955, 1963, 1965 жэне 1975 ж.) қуаңшылық болды.
Жыл мезгілдері. Қ ы с. Қазақстанның далалық зонасында қыс маусы-мы негізінен ноябрь айының басынан марттың 2-жартысына дейін созыла-ды. Бүл өңірдің қысы қарлы, желді, боранды, өте суық әрі үзақ болады. Ноябрьде мүнда түрақты қар жамылғысы қалйщтасады. Зонаның көі|шілік бөлігіпде ауа темпрасының 0°С-тық шамасы октябрьдің аяғында, Орал обл-ның солтүстігінде ноябрьдің алғашқы күндерінде байқалады. Бұдан кейінгі мезгілде аязды ауа қалыптасады. Январьда аязды ауа райының қайталануы 70—80%-ке жетеді. Бұл өңірде тұрақты қар жамылғысыньң қалыңд. 30 см-дей жэне қар 125—175 күндей сақталады. Январьдағы ауа-ның орташа температурасы —18° С, абс. минимум кейде —45°С-қа төмендейді. Шөлейт зонасының қысы желді, боранды, қоңыржай суық келеді. Түрақты қар жамылғысы негізінен 4 ай (ноябрь — февраль) сақталады. Январь айы бүл зонада желді, аязды (80— 90%) болады. Дала және шөлейт зоналарында қысты күндері оңтүстік-батыс желі басым
соғады. Ауа темпрасының 0°С шамасы шөл зонасының солтүстік жазық бөлігінде ноябрьдің ортасында, зонаның оңтүстігінде декабрьдің ба-сында байқалады. Жазық бөлігінде қар жамылғысы 40—80 күндей жата-ды, қалыңдығы. 10 см-ден аспайды. Таулы аудандар қысының сипаты биік-тікке тығыз байланысты қалыптасады. Шөл және оңтүстігіндегі таулы еңірлерде қыста солтүстік-шығығыс. желдері соғады. Қазақстанның таулық аудандарының қыс кезіндегі термиялық режимі биіктікке және геогр. орнына байланысты өзгеріп отедрады. Жазық жердің суық ауасы қабатымен үласатын тау етегіндегі температура төмен болады, одан жоғары беткейде ауа жылынады, бірақ тау басында қайта суынады. Таулы өңірлердіц климаты оңтүстікке қарай жүмсара түседі. Мыслы, январьдың орташа температурасы Алтайда — 13°С, Тянь-Шаньда -4,3°С.
Көктем, жазғытүрым. Қазақстанда алдымен оңтүстік облыстар же-ріне (февраль. айында) келеді. Қазақстан көктемі барлық зоналарда қысқа, негізінен 1,5—2 айда өтеді. Ауа темпрасының көтерілуі және қар жамылғысының еруі ете қарқынды өтеді. Дала зонасында ауа темперету-расының қарқынды көтерілуіне ықпал етуші жиынтық радиация ағыны және жалпы радиациялық баланстың мөлшері апрельде шүғыл артады. Мүнда ауа темпрасының 0°С шамасы 10—15 апрельде, ал Сарыарқада жәнө Алтайдың етегінде апрельдің ең алғашқы күндерінде қалыптасады. ТІІе-лейт зонасында ауа температурасының орташа деңгейі марттың орташа температурасымен салыстырғанда 13—14°С жоғары болады. Шөл зонасында март айы температурасының орташа деңгейі февральмен салыстырғанда 7—8° С жоғары болады, яғни жүқа қардан арылған топырақ қабаты жібиді. Тянь-Шаньның солтүстігі мен Жоңғар Алатауының беткейлерінде көктемгі ауа райыныц таралу заңдылыгы биіктіктің өзгеруімен сипатталады. Тау алды жазықтарының апрель айындағы ауа райы қүрылымына аязсыз ашық күндер үстем (60%-кедейін) болады. Сөйтіп қар жамылғысы Солттүстік Қазақстанда апрель ортасында, Орталық Қазақстанда мартта, Оңтүстік Қазақстанда февраль айында толық ериді.
Ауа температурасының тәуліктік ауытқуы 16—18°С-қа жетеді. Түнгі үсіктің түсуі Қазақстанның солтүстігінде майда, оңтүстігінде апрельде тоқталады. Жауын-шашын мөлшері республиканың барлық жеріндө артады, әсіресе Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань тауы етектерінде және Қиыр Солтүстік Қазақстанды қамтитын ормандыдала зонасында мол түседі.
Қазақстан жазы 5 айға (май — сент.) созылады, барлықжерде дерлік ыссы болады. Ауа температурасы солтүстікте 38°С-қа, оңтүстікте 46°С-қа дейін көтеріледі. Ауаның ылғалдығы онша болмайды, негізінен аңызақты-қуаң ауа райы қалыптасады. Солтүстік Қазақстанның орманды да-ла және дала зоналарында жаз көбіне июнь айының алғашқы күндерінде басталады. Жаз басында мүнда жаңбырлы, күшті батыс желдері басым соғатын ауа райы байқалады. Дала зонасының батысында жазда қүрғақ және ыстық ауа райы басым. Зонаның шығыс бөлігіндегі жазық жэне үсақ шоқылы өңірлерде июльде мүндай ауа райының қайталануы 35— 40%. Алтайдың етегіне жақындаған сайын ауа райы қоңыржай ылғалды сипат ала бастайды. Алтай таулы аймағының жазы негізінен нөсерлі, қоңыржай жылы келеді. Шөлейт зонаның жазық бөлігінде, Зайсан қазан шүңқырында, Тарбағатай және Сауыр жоталарына шектес жазық өңірлерде Солтүстік Қазақстанға қараганда атмосфера жауын-шашын мәлшері кеми түседі де, күн энергиясының ағыны арта бастайды. Мүнда июль айында ашық күнді ауа райының үлесі 70—80%-ке жетеді, ыссы және қуаң ауа райы қалыптасады.
Шөл зонасында май айының өзінде жазғы ауа райы жағдайының режимі эбден күшіне енеді. Майдың 2-жартысынан бастапақ өте ыстық, қуаң ауа райы түрақты қалыптасады. Кейде екі-үш ай бойы жаңбыр болмайды. Оңтүстіктен өте қүрғақ және ыстық желдің ықпалы сезіледі. Үстірт, Бетпақдалада, Сырдария бойы мен Оңтүстік Балқаш маңында аңызақты ыстық келеді, қуаң ауа райының бір айдағы қайталануы 60—75%-ке жетеді. Ауа райы жағдайының ең жоғары қуаншылық дәрежесі (95%)
Қызылқұмда. Шөлдік ауа райының жаз айларында сәл жұмсаруы Каспий теңізі жагалауында байқалады. Мұнда ашық күнді қоңыржай ылғалды ауа райы жиірек болады. Қазақстанның таулы өңірлерінде жаздың келуі биіктікке байланысты. Биіктік артқан сайын жаз мезгілі кешіге түседі. Мұнда жаз қоңыржай жылы, жаңбырлы, жергілікті аңғарлық салқын жел басым келеді, күн күркіреуі өте жиі байқалады. Әсіресе биік таулы белдеулерде бүлтты ауа райының агроклиматтық аудандастырылуын үсынып отырмыз. *
2.2.Қазақстан жерін ылғал және жылу қорына қарай агроклиматтық аудандастыру.
1. Сәл ылғалды қоңыржай жылы агроклиматтық облыс Қазақстанның қиыр солтүстігін қамтиды. Бұл — республиканың жазық бөлігіндегі ең салқын және ылғалды өңір. Гидротермиялық коэффициенті 1,0—1,1-ге тең, 10°С-тан жоғары температураның жиынтығы 2000—2100°С. Вегетациялық маусым 130—135 күнге созылады. Агроклиматтық жағдайы ерте себілетін дәнді дақылдар, картоп, майлы зығыр, капуста тб. өсіруге қолайлы. Ылғал мөлшерінің молдығына қарамастан кейде қуаңшылық болып тұрады. Бұл облыс республиканьщ басты астықты өңірлерінің біріне айналып отыр.
2. Қуаң қоңыржай жылы агроклиматтық облыс Солтүстік Қазақстанның көпшілік жерін қамтиды. Гидротермиялық коэффициенті 0,7—1,0 аралығында ауытқып отырады. 10°С-тая жоғарғы температура жиынтығы 2000— 2200°С-қа тең. Вегетациялық маусымның үзақтығы 130—140 күндей. Жаздық бидай, тары, дәнді бүріііақ, қарақүмың, картоп, капуста, қияр т. б. даңылдарды егуге қолайлы келеді.
3. Қуаң жылы облыс Қостанай, Целиноград, Павлодар облыстары жерінеп өтеді. Жылу қоры мол, мөлш. 2200—2400°С. Температурасы 10°С-тан жоғары маусымның үзақтығы 135—145 күндёй. Жаздық бидай, жүгері егу қолайлы.
4. Тым қуаң жылы облыс Орал, Ақтөбе, Қостанай, Торғай, Жезқазған және Семей облыстары жерінде белдеу жасап, ендік бағытта созыла орналасқан. Гидротермиялық коэффициенті 0,7-ден 0,5-ке дейін ауытқып отырады. Жылы температураның жиынтық мөлшері 2200—2800° С. Ылғалы тапшы. Астық дақылдарын, жүгері, күнбағыс, қарақүмық, картоп т.б. дақылдарды егуге қолайлы.
5. Ауасы қүргақ жылы облыс төртінші облыстың оңтүстігін ала қалыптасқан. Ендік бағытта Қазақстанның батыс жәпе шығыс шекараларына дейін созылады. Солтүстік өңірлерге қарағанда
қуаңшылық қарқыны артады. Гидротермиялық коэффициент 0,5—0,3 аралығында ауытқиды. Өсімдік жамылғысының және егіс даңылдарының өсіп-жетілуіне ылгал мөлшері толық жеткіліксіз.
6. Ауасы қүрғақ, қоңыржай ыстық облыс Орал, Ақтөбе облтарының орталық бөліктерін және Торғай облысының оңтүстік жағын қамтиды. Ылғалы тапшы. Жылу қоры 2800—3000°С шамасында. Температурасы 10°С-тан жоғары маусымы 160—165 күнге созылады Термиялық жағдайы көптеген аш дақылдарының өсуіне қолайлы. Ылғал мөлшершщ жетапліксіздіп және
14. Іле Алатауының тау алды агроклиматтық облысы — Жоңғар Алатауы мен Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньға қараганда ылғалды өңір. Гидротермиялың коэффициент 0,5—0,7-ге тең. Вегетация маусымындағы жылылықтың жиынтық мөлшері 3000—3600°С-қа жетеді. Климаттық жағдайы күздік және жаздық дәнді дақылдар, жүгері, қант қызылшасы, темекі, жеміс-жидек жэне бау-бақша дақылдарын өсіруге қолайлы келеді.
15. Іле аңғары — Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі ең қүрғақ жэне ыстық агроклиматтың облыс. Гидротермиялық коэффициенті 0,2— 0,3-ке тең. Жылы маусымдағы жиынтық жылу мөлшері 3600°С-тан асады. Вегетациялың маусым 180 күндей. Суармалы егін шаруашылығының үлесі басым. Бидай, қант қызылшасы, темекі, күріш, бау-бақша, жүзім өсіріле
Ш.Оңтүстік Қазақстан климатының ерекшеліктері. З.І.Оңтүстік Қазақстан обылысының климатын
қалыптастырушы негізгі факторлары. Ч
Орталық Қазақстанның үстінде. Мұнда оның шығыс жақ шетімен солтүстіктен жэне солтүстік-шығыстан полярлық немесе арктикалық ауа, ал батыс шетімен оңтүстіктің жылы тропиктік және полярлық ауа массалары келіп жатады.
Оңтүстік Қазақстанның жазықтық бөлігінің үстінде. Бұл жерде оның пайда болуы антициклонның солтүстік жақ шетінің нашарлауына байланысты. Антициклонның нашарлауына Сибирьдің солтүстігінен ауысып келген циклондар эсер етеді. Антициклон орталығының Қазақстаннан біраз солтүстікке таман орналасатын кездері болады, бұл жағдайда оның оңтүстік шеті Қазақстанның бүкіл территориясын қамтиды.
Циклондар мен антициклондардың үздіксіз алмасып отыруы климаттың динамикалық жағдайының сипатын белгілейтін ауаның циркуляциялық процестернің структурасының негізі болып табылады)
Қазақстан климатының динамикалық жағдайларының маусымдық режимі басқа барлық континенттік аймақтардағы сияқты анық байқалады.
Оңтүстік Қазақстанда фронттық процестерден тұран полярлық ауаң қайталуы 50—60% айқын байқалады»
Оңтүстік Қазақстанда жазда болатын континенттік тропиктік ауа осында қыста болатын полярлық ауадаң мүлдем өзгеше. Мұндай шүғыл айырмашылыңтың болу себебі Оңтүстік Қазақстанда трансформация үшің жағдайдың ерекше қолайлылығынан., Күннен келетін жылудың мол болуы және шөлдердің, әсіресе құмды шөлдердің қатты қызуы жоғары
көтерілетін күшті ауя ағынының пайда болуына негізгі себеп болып табыла ды. Мұның нэтижесінде су буының конденсациялан деңгейі өте биікке көтеріледі. Мұнда құрғақ субтропия терге тән бұлтсыз ашық күндердің көп болып, құрғақ жаңбырдың кездесетіні де нақ осыдан. Соны мен қатар бұған Каспий теңізінен келетін циклонда] тоқтағаннан кейін циклондық құбылыстардың толы дерлік жойылуы да себеп болады. Жалпы тропиктік ауаның ең солтүстік тармағы болып табылатын түран континенттік тропиктік ауасы осындай өзгеше жағдай оларда қалыптасады.
Сөйтіп, Қазақстанның оңтүстік аудандарында жаз да тропиктік ауаның, ал қыста полярлың ауаның басым болатынын байқаймыз. Сондыңтан республикамыздың оңтүстігі қоңыржай климаттан субтропиктів климатңа өтпелі ерекше аймақ болып бөлінеді, мүнын өзі жер шарының басңа аудандарында сирек кездеседі.
Жазда биік таулы аймақтарда ауа ағынының процестері жазыққа ңарағанда тіпті басқаша сипатта болады. Олар жылдың бүл кезінде бірсыпыра биіктік-терден өтетін (1 500—2 000 м) батыстан келген ауаның ьіқпалында болады. Жазда таулар айналасындағы жазықтарға қарағанда анағұрлым ылғалды жэне салқындау болады. Осыған байланысты бұл жерде қысқы мезгілге қарама-қарсы таудан жазыққа қарай соғатын ылғалды салқын желдер үстем болады., яғни шамамен орманды-шалғын белдеуінде болады.
Күзде ауа ағындарының процестері көктемдегі сияқты өтпелі Бұл желдер төмен қарай ойысқан сайын тез қызады, сөйтіп таудың болып есептеледі.
Қ ы с т а осы жоғары қысымды тармақтың солтүстігінде оңтүстік және оңтүстік-батыс желдері, оңтүстігінде солтүстік және солтүстік-шығыс желдері үстем болады. Қыста антициклондың ауа райының жиі қай-талауына қарамастан, Қазақстанда желдің жылдамдығы жазға қарағанда бірсыпыра күшті болады. Бұл қыста жоғары қысымды осьтің жазға
қарағанда айңың байқалуымен байланысты. Жоғары қысымды осьтең алыстаған сайын желдің жылдамдығы баяулайды, оның себебі осы бағытта қысым айырмашылығының азаятындығынан. Орталың Қазақстанда желдің орташа айлыц жылдамдығы январьда 4—6 м/сек дейін ауытқып отырады. Оңтүетік Қазақстанда олар 4— 2 м/сек дейін баяулайды. Қыста фронттық процестер жэне циклондар пайда болған кездерде желдің жылдамдығы едәуір мөлшерге жетеді. Мұндай жағдайда күшті борандар мен дауылдар соғады.
Көктемде және к ү з д е ауа ағындары процестерінің өтпелі кездерінде желдің жылдамдығы қыстағы сияқты күшті болады.
Қазақстанның оңтүстік аудандарына қыс кезінде жауын-шашын әжептеуір мол түcеді (жалпы жауын-шашынның 45—60%-і, яғни орташа көрсеткіштен едәуір көп. Мұның себебі қыста оңтүстік аудандарда салқын ауа массасының қайталауы біршама аз, ал циклондық әрекет күшті жүреді.
Қазақстанда жауын-шашынның түрлері және оның жыл маусымдары бойынша бөлінуі өзгеше болады.
Жауын-шашынның көпшілігі жаңбыр түрінде жауады. Биік таулы аудандарда жаздың қайнаған ыстық кезінде де қар жауатын кездері болады. Тіпті оңтүстік аудандарда жанзбыр қыс кезінде де жиі жауады. Мұндай жаңбыр оңтүстіктен солтүстікікө қарай ығысып шыққан оңтүстік жылы ауа массаларымен байланысты. Көктемгі, жазғы уақыттарда күшті нөсерлер жиі болып түрады. Олар жазықтарда 100—110 мм-ге дейін, тауларда 120 мм ылғал береді.
Қар жамылғысы. Қазаңстанның түрлі аудандарында ңар жамылғысының қалыңдығы мен жату ұзақтығы әр түрлі. Жазық-аласа таулы бөлікте қар жамылғысының пайда болуы мен ери бастауы күзде және көктемде (тәуліктік орташа температура 0°-та) болады. —* "Солтүстікте және солтүстік-шығыста қар жамылғысы оңтүстікке қарағанда бұрын түсіп,
едәуір кеш кетеді жөне тұрақты сипатта болады. Қар апрельдің үшінші он күндігінде толың еріп кетеді. Сөйтіп, қар жамылғысы жататын уақыттың ұзақтығы оолтүстік аудандарда 125 күннен 175 күнге дейін созылады. Бірақ ол онша қалың болмайды. Жылдың бұл кезінде жиі соғатын борандар мен жаяу борасынның қарды бір орыннан екінші орынға боратып әкетуі себебінен қар жамылғысы әр жерде әркелкі болады. Оның он күндік ішіндегі орташа қалыңдығы 15 см — 30 см-ге деін, ал кей жерлерде 40 см-ге дейін жетеді. Қазақстанның оңтүстігінде қар жамылғысы ноябрьдің аяқ кезікде түсіп, марттың бірінші жартысында кетеді, яғни ол солтүстікке қарағанда бір ай кейін қалыптасып, бір жарым ай бүрын еріп бітеді. Қар жататын кезеңнің үзақтығы мүүда 40 күннен 80 күнге дейін болады. Республиканың оңтүстік жартысында, әсіресе қиыр оңтүстігінде қар тұрақты жатпайды. Мұнда қыстың орта кезінде, әсіресе оның бас кезі мен аяқ кезінде жиі түсетін жылымыңтарға байланысты қар еріп кетеді.
Осындай мезгіл-мезгіл еріп отыратындықтан оңтүстікте қар жамылғысы
солтүстікке қарағанда жұқа болады. Оның он күндік орташа
қалыңдығы 10— 20 см-дей.
Биік таулы аймақтарда қар жамылғысының құрала бастауы мен еруі, оның жату уақытының ұзақтығы мен қалыңдығы сол жердің абсолюттік биіктігі және рельеф сипатына тікелей байланысты.
Биік таулы зоналарда тұрақты қар жамылғысы күздің бас кезінде-ақ пайда болып, оның еруі бүкіл көктем, жазға созылады. Қазақстанның биік таулы аймақтарында қар жиегі 200 ж-ден 4200 ж-ге дейінгі әр түрлі биіктікте болады
Қазақстанның әр аймаңтарында жыл маусымдары белгілі бір ауа райы типтерімен сипатталады. Мұның өзіндө жазық-аласа таулы аймақтың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде негізгі маусымдардың ауа райы бір-бірінен әжеігтәуір айырма жасайды.
Қыс солтүстікте ноябрьден мартқа дейін созылады. Ол тұрақты, суық, аязды ауа райымен сипатталады, кейде температура — 45—55°-қа жетеді.
Атмосфералық жауын-шашын аз түседі, сондыңтан қар жамылғысы қардың ұзаң және тұрақты жатуына қарамастан] жұқа болады. Боран түрінде күшті соғатын оңтүстік| жэне оңтүстік-батыс желдері үстем болады. Бұлыңғыр күндер көп.
Оңтүстіке қарай жүрген сайын қыс мезгілі біртін-деп қысқара береді және оның сипаты да өзгереді.
Ең оңтүстікте қыс екі айға (январь — февраль) созылады. Қыс біршама
жылы және аязды күндер жылымың күндермен жиі ауысып отырады. Тек
кей жылдары ғана аяз — 20—30°-қа дейін жетеді. Жиі қайталайтын жылымыңтарға байланысты қар жамылғысы жүқа және еріп жатады. Кейде қыста жаңбыр да жауады. Солтүстік және солтүстік-шығыс желдері үстем, біраң бүл желдердің жылдамдығы онша емес. Солтүстікке қарағанда бұлыңғыр күндер аз.
Қазақстанда көктем қысқа және негізінен апрельге тура келеді. Көктемде температура тез көтеріліп, қар күрт ериді. Жылудың тез артуына қарамастақ, суың қайталап түрады, осыған байланысты үсіктер болады. Қазақстанның оңтүстігінде көктемде жауыншашын жылдың басының маусымдарына қарағанда көп түседі. Бірақ жаңбырлы ауа райы тез арада бұлтсыз және құрғаң ауа райына ауысады.
Қазақстанда жалпы алғанда ж а з бес айға созылады (май — сентябрь). Жаз Қазақстанның барлың жерінде ыстың. Ең жоғары температура солтүстігінде 38°, оңтүстікте 46°-ңа дейін жетеді. Тәуліктік температура-ның амплитудасының ауытңуы үлкен. Ауаның ылғалдылығы мардымсыз. Әсіресе оңтүстікте аңызақты қуаңшылық ауа райы жиі болып түрады. Мұндай жалпы ерекшеліктеріне қарамастаң, республиканың солтүстігі мен оңтүстігінің бір-біріне айтарлықтай айырмасы бар.
Бұл облыс оңтүстік жартысын 48° с. е. оңтүстікке қарай қамтып жатады. Ол Каспий бойы ойпатының оңтүстік бөлігін, Үстіртті, Тұран ойпатын, Бетпаңдала үстіртін, Оңтүстік Балқаш бойың алып жатыр. Облыс ландшафтылық жағынан шөл зонасына тура келеді.
28
Оның климатына қыста континенттік полярлық тұран ауасы, жазда тропиктік ауа масса-лары, әсіресе континенттік тропиктік иран ауасы әсер етеді. Сондықтан облыстың климаты полярлық (қоңыр-жай) климаттан субтропиктік климатына өтпелі типке жатады. Мұнда қыс қысқа және жылы. Январьдың орташа температурасы — 1,4°-тан 10°-ңа дейін ауытқиды. Кейде аяздар — 30°-қа дейін жетеді. Жазы үзақ құрғақ жэне өте ыстық. Июльдің орташа температурасы 25—27°, абсолюттік максимум 45—46°. Жауын-шашын ете аз, 100—115 мм-ден 200—225 мм-ге дейін ауытқиды, кей жерлерінде 100 мм-ден де аз. Жауын-шашының максимумы кектемге, минимумы жазға тура келеді. "қар жамылғысы жұқа және жылымық күндердің жиі қайталап тұруына байланысты тұрақсыз болады. Жазға аңызақты, қуаңшыльқ ауа райы тән.
Биік таулы аймақтың климаты жазықтық аймақтың климатынан гөрі қоңыржай ылғалды келеді.
Биік таулы аймақтарда жергілікті муссон типіндегі ауа массалары қалыптасады. Олар айналасындағы жазытарды қамтып жататын ауа массаларының таудың ішінен| өтіп кетуінен пайда болады. Бұл ауа массалары өздерінің негізгі қасиеттерін өзгертіп, басқа ерекшелікке ие болады. Әрқашан таулардағы ауа массалары жазыңтарғ қарағанда ылғалды болады.
Таулы облыстардың климатына тау муссонынан басқа әр түрлі жергілікті желдердің де үлкен әсері тиеді.
Термиялың режим таулы аймаңтарда жер бетінің биіктігіне қарай өзгереді. Қыста тауларда термиялық белдеулер пайда болады: тау алдын, аласа таулардың біраз жерін қамтитын температурасы төмен алқап орта биіктікті таулардағы жоғары температурасы бар алқаппен ауысады, содан соң биік таулы бөлікте температура қайтадан төмендейді. Жазда тауларда абсолюттік биіктік артқан сайын температура біртіндеп төмендейді. Атмосфералық жауын-шашын және ауаның ылғалдылығы биіктеген сайын артып отырады. Мұның бәрі биік таулы аймақтарда вертикаль климат белдеулерінің пайда болуына әкеліп соғады.
