Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_3447.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

I. Климат туралы негізгі түсініктер.

1.1.Клилиматологиялық түсініктемелер.

В.Кеппен климаттарды температуралық режим мен ылғалдану дәрежесі бойынша жіктеген. Ол жер шарын сегіз климаттық белдеулерге бөлді: ылғалды тропиктік климат (ылғалды тропиктік ормандар климаты, саванна климаты), екі жарты шарда - құрғақ климат (дала климаты, шөлдер климаты), екі қоңыржай жылы климат (қоңыржай жылы құрғақ қысты, қоңыржай жылы құрғақ жазды, қоңыржай жылы біркелкі ылғалды), солтүстік шарда бір қоңыржай салқын климат (қоңыржай салқын құрғақ қысты, қоңыржай салқын біркелкі ылғалды), екі полярлы климат (тундра климаты, тұрақгы аязды климат).

Б.П.Алисов климатты аймақтар мен облыстарға атмосфераның жалпы айналымы жағдайына байланысты жіктеді. Ол жер шарын, жыл бойы бір ауа массасының басымдылығымен сипатталатын, негізгі жеті климаттық аймақгарға бөлді: экваториальді, екі тропиктік, екі қоңыржай және екі полярлық климаттар. Олардың арасында ауа массаларының маусымдық алмасуымен сипатталатын алты өтпелі аймақгар бар: екі субэкваториальді (тропиктік муссондар аймағы), екі субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық аймақтар климаты. Әрбір негізгі климаттық аймақтар төрт түрге бөлінеді: құрлықтық, мүхиттық, батыс жағалау климаты және шығыс жағалау климаты.

Климатологиялық материалдар. Ауарайы мен климат туралы алғашқы мәліметтер станциялардағы (метеорологиялық, аэрологиялық, а)|авметеорологиялық және т.б.) бақылаулардан алынады және арнайы бақылау кітапшаларына жазылады (КМ-1, КАЭ-3, КСХ-1 жоне т.б.). Бақылау кітапшаларының негізінде айлық таблицалар (ТМ-1, ТАЭ-3, ТСХ-11) құрастырылады. Оларда метеорологиялық элемеіптердің тәуліктік, декадалық және айлық мәндерінің орташа, жиынтық және эктремальді мәндері, сонымен

қатар метеорологиялық құбылыстар байқалған күндер саны мен қайталанушылығы келтіледі.

Метеорологиялық мәліметтерді үнемі кажет ететін тұтынушыларға ұсынылатын негізгі басылым болып "климаттық анықтамалар" табылады. Олар жеке жылдық және орташа көпжылық болып бөлінеді.

Жеке жылдық климатгық анықтамаларда метеорологиялық элементернің жеке жыддардың айлары бойынша орташа ж2не жиынтық мәндері, максимальді және минимальді мәндері, құбылыстардың қайталанушылығы туралы т.б. мәліметтер беріледі.

Орташа көпжылдық анықгамаларда мегеостапиияларда бақыланған метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың 50-100 жылдар аралығындағы орташа мәндері келтіріледі.

Климаттық анықтамалар негізінде, маңызды метеорологиялық көрсеткіштер бойынша климатгық карталар жасалады. Ондай климаттық карталар географиялық атластарда жинақгалған. Климаттың әртүрлі жағы сипатталған арнайы климаттық атластар да бар.

Сонымен қатар арнайы басылымдар да бар: агрометеорологиялық аны0тамалар; жылу балансы атласы; агрометеорологиялық, аэрологиялық және актинометриялық жыл сайынғы анықгамалар.

1.2. Климаттық негізгі көрсеткіштер.

Климатты сипаттау үшін ең алдымен метеорологиялық элементтердің (температура, ылғалдылық, қысым, т.б.) көпжылдық орташа мәндері қажет. Мысалы Жер шарының жерге жақын ауа температурасы (теңіз деңгейіне келтірілген) орташа алғанда 14,2 °С-ға тең, солтүстік жарты шарда — 15,2 °С, оңтустік жарты шарда — 13,8 °С. Январдың температурасы солтүстік жарты шарда — 9,0°С, оңтүстік жарты шарда - 16,4 °С. Июльдің температурасы солтүстік жарты шарда - 22,4 °С, оңтүстік жарты шарда-11,4С.

Элементтердің орташа мәндерінің климатологиялық маңыздылығы, оның абсолюттік дәлдігінде емес, үлкен территория немесе планета масштабында олардың бір-бірімен салыстырылымдығында.

Температура. жауын мөлшері және т.б. орташа мәндерін, берілген географиялық ауданның шамамен алған "климатологиялық нормасы" ретінде құрастыруға болады. Себебі, орташа мәндер басым кездесетін мәндер болып табыла бермейді.

Көпжылдық орташа мәндер, жеке метеорологиялық элементтердің тәуліктік және жылдық тербелісін зерттеуге мүмкіндік береді.

Элементтердің жылдық жүру жолы қисықтарын салыстыру, берілген территория климатының маңызды ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, Қызылорда станциясындағы ауа температурасының және салыстырмалы ылғалдылығының, жауын-шашын мөлшерінің жылдық жолын кұрастырайық (суреттен). Графиктен көреміз, Қызылордада ең салқын ай қантар (минус 9,6 °С), ең жылы ай шілде (24,6 °С) болып табылады. Температураның жылдық амплитудасы — ең жылы және ең салқын айлардьщ орташа температураларының айырмашылығы — 34,2°С құрайды. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0 °С-тен жоғары қарай наурыздың ортасында, төмен қарай қарашаның ортасында өтеді.

І.Ауа температурасының (і) және жауын- - шашынның (К) жылдық жолы.

Жауын-шашынның жылдық жиынтығы 114 мм құрайды және оның басым бөлігі (66мм) салқын маусымда (қараша-наурыз)жауады.Жазда тропосферада, температура өте жоғары құрғақ ауа массы тұрақтанатындықтан (жылулық температурасының абсолюттік максимумы 46,0 °С 1912 және 1983 жылдары июльде байқалды. Абсолюттік мәндер климатты сипаттауга келмейтіндіктен, максимальды және минимальды мәндердің. орташасы анықталады. Олар климатологиялық анықтамаларда көбіне тек ауа температурасы бойынша беріледі.

Айлық орташа максимальды және орташа минимальды мәндер, әрбір тәуліктің максимальды жөне минимальды температуралары бойынша анықталады. Олар тәуліктің ең салқын және ең жылы уақытының температуралық режимін сипаттайды және температураның тәуліктік ампилитудасын анықтайды. Мысалы, Кызылордадағы орташа максимальды және орташа минималады ауа температурасының жылдық жолын қарастырайық . Суреттен көрініп тұр? шідеде ауа температурасы күндіз орташа алғанда 34Д °С-ға жетеді, түнде 18,4 °С-ге дейін төмендейді, ал тәуліктік амплитуда 15,7 °С карайды. Қантарда ауа температурасы күндіз минус 4,7 °С-ға жетеді, түнде минус 135С-ғе

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]