- •I. Климат туралы негізгі түсініктер.
- •2.1.Климат қалыптастырушы факторлар......................................................8
- •I. Климат туралы негізгі түсініктер.
- •1.2. Климаттық негізгі көрсеткіштер.
- •II. Қазақстан Республикасының климты. 2.1. Климат қалыптастырушы фактолар.
- •3.2. Оңтүстік Қазақстан обылысының климаты
- •3.3. Агроклиматтық аймақтары.
Жоспар.
Кіріспе.........................................................................................................................3
I. Климат туралы негізгі түсініктер.
І.І.Климатологиялықтүсніктемелер...................................................................4
1.2.Климаттық негізгі көсеткіштер.....................................................................6
П.Қазақстан Республикасының климаты.
2.1.Климат қалыптастырушы факторлар......................................................8
2.2.Қазақстан жері ылғал және жылу қорына қарай агроклиматтық
Аудандастыру.............................................................................................................22
Ш.Оңтүстік Қазақстан климатының ерекшеліктері.
З.І.Оңтүстік Қазақстан обылысының климатын қалыптастыру негізгі факторлар......................................................................................................................24
3.2.Оңтүстік обылысының климаты....................................................................30
3.3. Агроклиматтық аймақтары........................................................................38
Қорытынды.............................................................................................................40
Әдебиеттер........................................................................................................42
Кіріспе.
Қазақстанның климаты өте континентті. Солтүстігінде Коңыржай суық, қиыр оңтүстігінде— қоңыржай жылы. Климаттың континенттігі республиканың көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, атмосфералық жауын-шашынның аз жауатынынан байқалады. Не себептен Қазақстан орналасқан ендіктерде, достастық елдердің еуропалық бөлігінде қоңыржай-континентті климат
Қазақстан климаты күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы және жер беті жамылғысының әсерінен қалыптасады. Климатқа әсер ететін жер беті жамылғысы (жазық, тау, топырақ, өсімдік, қар, су) туралы климат эле-менттеріне сипаттама берген кезде айтылады.
Күн радиациясы. Күн радиациясының түсу мелшері жердің географиялық ендігіне, атмосфераның мөлдірлігіне және күн сәулесінің түсу ұзақтығына байланысты. Қазақстан территориясы 41°—55° с. е. аралығында жатқандықтан, күн сәулесінің түсу ұзақтығы солтүстікте (Қостанай — 2058 сағат) оңтүстікке қарағанда (Шымкент — 2892 сағат) кем болады. Ашық күндер саны жылына солтүстікте 120, ал оңтүстікте 260 күн екені байқалады. Ал бұлыңғыр күндер саны жылына солтүстікте 60 күн, оңтүстіктегі Балқаш ойысында 10 км. шамасында.Сол сияқты. жылдық жиынтық радиацияның мөлшері өзгеріп отырады. Солтүстікте ол жылына 1 шаршы см-де 100 килокалорияға тең болса, ал оңтүстікте — 150 килокалориядан асады. Жиынтық радиацияның әсері жазда өте зор болады. Бұл кезеңде ауа температурасының жоғарылайтыны соған байланысты. Қыс кезінде күн сәулесі түсу бұрышының аздығына және күннің қысқалығына, ақ қардың күн сәулесін шағылыстыратынына орай күн радиациясының мөлшері азаяды.
Республика территориясына негізінен ауа массасының үш типі әсерін тигізеді: арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары. Қазақстан қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан.
