- •Жалпыуниверситеттік магистратура
- •Су объектілерінің ластануына экологиялық бақылау және бағалау
- •1.Әдеби шолу
- •1.1Судың гигиеналық маңызы. Су қолданысының нормативтері.
- •1.4. Органолептикалық қасиеттері
- •2.2. Судың минералдануы
- •2.3. Судың тотығуы
- •3. Гост 2874-82
- •3.1. Гигиеналық талаптар
- •3.2. Судың токсикологиялық көрсеткіші
- •Судың органолептикалық көрсеткіштері
- •4. СанПин 2.1.4.559-96.
- •4.1. Судың құрамында болатын ластағыш қоспалардан тазалау
- •2. Эксперименталды бөлім.
- •2.1 Зерттеу объектісі және әдістемелер
- •2.2 Целлюлозды қағаз бен картон шығарушы өндірісінің сарқынды суларына сипаттама.
- •2.3 Қағаз өндіру орындарынан шығатын сарқынды суларын тазарту жолдары.
- •3. Алынған нәтижелер және оларды талдау.
- •3.1 Ао «Қазақстан қағазы» комбинатының сарқынды суларына жүргізілген мониторинг
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Гост 2874 – 82
2.3. Судың тотығуы
Тотығу - бұл су құрамындағы органикалық және минералды зқаттардың мөлшері және химиялық тотықтырғыштардың әсерінен олардың тотығуы.
Табиғи аз ластанған суларды тазалау практикасында перманганатты тотығу арқылы жүргізілсе, ластанған суларды көп жағдайда бихроматты тотығу арқылы анықтайды. Басқаша аты (ОХҚ) - оттегінің химиялық қолданысы.
Жалпы органикалық заттармен ластануында судың тотығуы өте тиімді жүйелі көрсеткіш ретінде болады.
Су құрамында болатын органикалық затар өзінің табиғаты мен химиялық құрылымы жағынан ерекше. Олардың құрылымына судағы биохимиялық процесстермен бірге беткі және жер асты сулары, жауыш-шашындар өзінің әсерін тигізеді.
Табиғи сулардың тотығу қарқындылығы кең ауқымды болады. 1 литр судағы О2-ң мөлшері бірнеше миллиграммнан ондаған миллиграмға дейін жетеді. Жер асты суларымен салыстырғанда беткей суларының тотығу қарқындылығы жоғары, яғни құрамында органикалық заттар көп. Бұған мысал, тау өзендері мен көлдерінде О2 2-3 мг/дм2 тең болса, жазықтағы өзендердің О2 5-12 мг/дм3 тең. Жер асты суларының О2 орта шамада тотығуы 10-100 мг/дм3 дейін жетеді. (мұнай, газ кең орындарына басқа).
3. Гост 2874-82
Ас суына қойылатын гигиеналық талаптар және сапалық бақылау.
Бұл стандарт орталықтандырылған тұрмыстық ас суымен қамтамасыз ету жүйесіне және тұрмыстық ас суы ретінде немесе техникалық бағытта қолданылатын ортлықтандырылған жүйесіндегі судың гигиеналық талаптары мен сапалық бақылау жүргізілуін бегілейді/ 4/.
3.1. Гигиеналық талаптар
Ас суы эпидемиялық жағынан қауіпсіз органоплетикалық қасиеті жақсы, химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы тиіс.
Судың сапалық көрсеткіштері су тасымалдаудың жүйесіне түскеннен кейінгі құрамы мен қасиеттеріне байланысты анықталады.
Микробиологиялық көрсеткіштерге байлансты ас суы мына талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Судың 1 см3 микроорганизм саны 100 Гост 1896373
1 дм3 (коли-индекс) ішек таяқшасының саны 3 Гост 1896373
3.2. Судың токсикологиялық көрсеткіші
Судың токсикологиялық көрсеткіштері, оның химиялық құрылымының зиянсыздығымен сипатталады. Және келесідей заттарға нормативтер енгізеді:
табиғи суларда кездесетін
реагент түрінде судың өңделуінде қосылатын
өндірістік, ауыл шаруашылық және тұрмыстық т.б. жұмыстардың нәтижесінде пайда болған су тасымалдағыштарының ластануы.
Табиғи сулардың құрамындағы немесе өңдеу барысындағы химиялық заттардың концентрациясы келесідей норамтивтерден аспауы тиіс.
Гост 18165-89 бойынша қалдық алюминий 0,5 мг/дм3
Гост - 18294-89 бойынша бериллий (Ве) 0,0002 мг/дм3
Гост 18308-72 бойынша Молибден (Мо) 0,25 мг/дм3
Гост 152-89 бойынша Мышьяк (As) 0,05 мг/дм3
Гост 18826-73 бойынша Нитраттар (No3) 45,0 мг/дм3
Гост 19355-85 қалдық полиакриламид 2,0 мг/дм3
Гост 8293-72 бойынша қорғасын (Рb) 0,03 мг/дм3
Гост 19413-89 бойынша Селен (Se) 0,01 мг/дм3
Гост 23950-88 бойынша Стронций (Sr) 3 мг/дм3
Гост 4386-88 бойынша Фтор () 3 мг/дм3 Климаттық аудандарда
Судың органолептикалық көрсеткіштері
Қолайлы органолептикалық көрсеткіш келесідей заттарға нормативтер енгізіледі:
табиғи суларда кездесетін
реагент түрінде судың өңдеу барысында қосылатын
өндірістік, ауылшаруашылық және жұмыстық жұмыстардың нәтижесінде пайда болатын су тасымалдағыштардың ластануы.
Табиғатта кездесетін сулардың құрамындағы немес өңдеу барысында қосылатын және судың органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін химиялық заттардың концентрациясы келесідей нормативтерден аспауы тиіс:
Гост 4011-72 бойынша Темір (Ғе) 0,3 мг/дм3
Гост 4151-72 бойынша жалпы Десткость 7,0 мг/дм3
Гост 4 974-72 бойынша мыс (Сu+2) 1 мг/дм3
Гост 4388-72 бойынша Полифосфатты қалдықтар (РО3-4) 3,5 м Гост г/дм3
Гост 4389-72 бойынша Сульфаттар (SO-4) 500 мг/дм3
Гост 18164-72 бойынша Құрғақ қалдық 1000 мг/дм3
Гост 4245-72 бойынша Хлоридтер (Се-) 350 мг/дм3
Гост 18293-72 бойынша Мырыш (Zn2+) 5,0 мг/дм3
Органолептикалық қасиеттерге қойлатын талаптар:
Иісі 200 С, 600 С дейін жылытқанда 2 бал Гост 3351-74 бойынша
Дәмі 200 С 2 бал 3351-74 Гост бойынша
Түсі 20 3351-74 Гост бойынша
Тұндылығы стандартты шкала бойынша 1,5 мг/дм3 3351-74 Гост бойынша.
Су бетінде ешқандай қабат болмауы қажет.
Судың сапалық бақылауы
Тұрмыс және ас суымен қамтамасыз ететін орталықтандырылған жүйелерді жүргізетін мекемелер үнемі су жолын, жүйеге кірудің алдында және таралуы кезінде бақылап отыруы тиіс.
Ал жер астынан таралатын су жүйелеріне алғашқы уақытында жылына 4 реттен кем емес (әр сезонда), кейінен жылына 1 рет тексеріледі.
Судың беткей көздерінде су анализі әр ай сайын жүргізіліп отырады.
Өндірістік–зертханалық судың сапасын бақылау жүйеге түспей тұрғанда микробиологиялық, химиялық немесе органолептикалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Су құрамындағы хлор қалдығы таза су қоймаларынан кейін белгілі мөлшерде болуы тиіс.
қалдық хлор |
қалдық хлор конц-ы, мг/дм3 |
хлор мен су арасын. байлан. п.б. қажетті уақыт, мин. |
1. Бос күйінде 2. Байланысқан күйінде |
0,3 – 0,5 0,8 – 1,2 |
30 60 |
Жеке жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлердің қолдауымен су құрамындағы қалдық хлордың мөлшерін жоғарлатуға болады (су жолд. биолог. кедергілер п.б.).
Реагенттердің қалдық мөлшеріне өндірістік- зертханалық бақылау арнайы жүргізілетін методтарға байланысты.
Тәжірибелік пробаларды дала су қондырғыларынан, үй кранынан алынады.
Судың таралу жүйесі орналасқан жеріндегі жалпы анализдегі проба саны санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлерімен бірге анықталуы тиіс және талапқа сай болуы қажет.
Қызмет көрсететін Айына алынатын барлық
тұрғын саны, адам таралу жүйесіндегі минимальді
проба саны
10 000 дейін 2
20 000 дейін 10
50 000 дейін 30
100 000 дейін 100
100 000 жоғары 200
Орталықтандырылған тұрмыстық ас суымен қамтамасыз ету жүйедегі судың сапасына жүргізілетін мемлекеттік санитарлық бақылауды қамтамасыз ету санитарлық-эпидемиологиялық қызмекерлерінің белгіленген мерзімі мен арнайы программа бойынша жүреді.
