- •Жалпыуниверситеттік магистратура
- •Су объектілерінің ластануына экологиялық бақылау және бағалау
- •1.Әдеби шолу
- •1.1Судың гигиеналық маңызы. Су қолданысының нормативтері.
- •1.4. Органолептикалық қасиеттері
- •2.2. Судың минералдануы
- •2.3. Судың тотығуы
- •3. Гост 2874-82
- •3.1. Гигиеналық талаптар
- •3.2. Судың токсикологиялық көрсеткіші
- •Судың органолептикалық көрсеткіштері
- •4. СанПин 2.1.4.559-96.
- •4.1. Судың құрамында болатын ластағыш қоспалардан тазалау
- •2. Эксперименталды бөлім.
- •2.1 Зерттеу объектісі және әдістемелер
- •2.2 Целлюлозды қағаз бен картон шығарушы өндірісінің сарқынды суларына сипаттама.
- •2.3 Қағаз өндіру орындарынан шығатын сарқынды суларын тазарту жолдары.
- •3. Алынған нәтижелер және оларды талдау.
- •3.1 Ао «Қазақстан қағазы» комбинатының сарқынды суларына жүргізілген мониторинг
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Гост 2874 – 82
2.2. Судың минералдануы
Жалпы минералдану – су құрамында еріген заттардың жалпы сапалық көрсеткіші. Суда еріген заттар негізінен тұздар түрінде болады. Олардың ішінде кең таралған бұл бейорганикалық тұздар (көп жағдайда бикарбонаттар, кальций, магний, калий, натрий хлориттері мен сульфаттары) және суда еритін органикалық заттардың кейбір мөлшері.
Ас суының құрамындағы тұздардың мөлшері табиғи көздеріндегі су сапасына байланысты (яғни олар әр түрлі геологиялық зонада орналасқан су құрамындағы миниралдардың ерігіштігіне байланысты).
Минералдануына байланысты табиғи сулар келесідей топтарға шектеледі:
Су минералдануының категориялары, г/дм3
Ултра тұщы <0,2
Тұщы 0,2-0,5
Салыстырмалы миниралдығы жоғары 0,5-1,0
Әлсіз тұзды 1,0-3,0
Тұзды 3,0-10
Тұздылығы жоғары сулар 10-35
Тұздықтар (рассолдар) <35
Табиғи факторлармен қоса, судың жалпы минералдануына өндрістік ағын сулар, қала сулары (әсіресе жол бетіндегі мұзды ерітуде тұзды пайдалану) және т.б. әсер етеді. ВОЗ мәліметтері бойынша судың тұздылығы адам денсаулығына тигізетін әсері әлсіз, сондықтан тұздалу деңгейіне шектеу қойылмайды. Су құрамындағы тұздың ең қолайлы мөлшері 600 мг/л дейін болады.
Темірленген су
Темір табиғатта әр түрлі формада кездеседі (валентілігіне байланысты FeO, Fe+2, Fe+3) және түрлі химиялық қосылыстар түрінде болады.
1. Жай темір (FeO) – элементарлы немесе металдық темір, суда ерілмейді, ылғал мен өттегінің әсірінен 3 валентті темірге айналып, ерімейтін оксид түзеді Fe+2 (тат басу).
2. ІІ-і валентті темір. (Fe+2) суда үнемі еріген түрде болады. Кен жағдайда темір гидоксиді тұнбатүзеді.
3. ІІІ валентті темір (Fe+3) темір гидроксиді Fe(OH)3 суда ерімейді (рН өте төмен жағдайынан басқа). Темір хлориді FeCL3 мен сульфаты Fe2(SO4)3 суда жақсы еріп, сілтілік орта түзеді.
4. Органикалық темір. Суда әр түрлі формада немесе комплекс түрінде болады. Темір құрылымы бар, ерігіш, жоюлуы қиын заттар.
Олардың бірнеше түрі ажыратылады.
а) Бактериальды темір. Кейбір бактериялар өзінің тіршілгі барысында еріген темірдің энергисын қолданады. Бұндай жағдайда 2-і валентті темір 3 валенттіге ауысып бактерияның шырышты қабатында сақталады.
б) Коллоидты темір. Коллоидтер - ұсақ (1 микронға дейін) ерімейтін бөлшектер. Кейбір ірі органикалық молекулаларды да осы қатарға жатқызуға болады (таниндер мен легниндер). Бұлар өзінің кіші мөлшеріне байланысты суда тұнбаға түспей, суспензия түрінде болады.
в)Органикалық ерігіш темір. Мысалы, полифосфаттар ерітіндіде кальций мен басқа металдарды ұстап байланысқа түсе алады, ал кейбір органикалық молекулалар темірмен байланысып күрделі хелатам деп аталатын комплекстер түзе алады. Бұндай байланысқа гемоглобиннің порфиринді темір тобы немесе өсімдіктердің хлорофилл пигменттінің магний перифириялық сақинасы.
Яғни жоғарыда келтірілген темір түрлерінің судағы қасиеттері өзгеше. Мысал ретінде ыдысқа құйылған су мөлдір және таза болғанымен, егер оны тұндыратын болсақ біраз уақыттан кейін қызғылт тұнбаның пайда болғаны байқалады, бұл сол судың құрамындағы ІІ-і валентті темірдің болуын көрсетеді. Бірақ коллоидты темір судың түсін өзгертіп, тұнба түзбей, оны тек химиялық жол арқылы анықтауға болады.
Су құрамындағы темірдің болуына байланысты ерекшеліктері
Темір түрі |
Краинан алынған су |
Тұндырылған су |
|
Таза қызғылт Қызғылтқа боялған Сарғыш-қоңыр Сарғыш-қоңыр Су өткізу жүйесінің жолдарында мырышты қабат пайда болады. |
Қоңыр тұнба Қоңыр тұнба Тұнба түзілмейді фильтрленбейді Тұнба түзілмейді фильтрленбейді. |
