- •Жалпыуниверситеттік магистратура
- •Су объектілерінің ластануына экологиялық бақылау және бағалау
- •1.Әдеби шолу
- •1.1Судың гигиеналық маңызы. Су қолданысының нормативтері.
- •1.4. Органолептикалық қасиеттері
- •2.2. Судың минералдануы
- •2.3. Судың тотығуы
- •3. Гост 2874-82
- •3.1. Гигиеналық талаптар
- •3.2. Судың токсикологиялық көрсеткіші
- •Судың органолептикалық көрсеткіштері
- •4. СанПин 2.1.4.559-96.
- •4.1. Судың құрамында болатын ластағыш қоспалардан тазалау
- •2. Эксперименталды бөлім.
- •2.1 Зерттеу объектісі және әдістемелер
- •2.2 Целлюлозды қағаз бен картон шығарушы өндірісінің сарқынды суларына сипаттама.
- •2.3 Қағаз өндіру орындарынан шығатын сарқынды суларын тазарту жолдары.
- •3. Алынған нәтижелер және оларды талдау.
- •3.1 Ао «Қазақстан қағазы» комбинатының сарқынды суларына жүргізілген мониторинг
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Гост 2874 – 82
1.4. Органолептикалық қасиеттері
Су сапасына жанама тиімсіз әсерін тигізетін түрлі қосылыстар оның органолептикалық қасиетін төмендетеді :
тұндылығы
түсі
жағымсыз иісі мен дәмінің болуы.
Судың бұндай қасиеттерінің өзгеруі ас қазан сөлінің секрециясының бұзылуына алып келеді, ал судың жағымды дәміі көздің сезімталдығы мен жүректің жиырылуын жоғарлатады.
Сумен қамтамасыз ету көздері
Тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету орталықтандырылған жүйемен қатар, жеке көздері арқылы жүзеге асуы мүмкін (локальды жүйе) орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінде жер асты сулары жатады. Олар 3 түрлі болуы мүмкін:
беткей сулары
құрлық сулары
пластаралық сулар
Беткей сулар аз тереңдікте орналасып, жауын-шашынның топыраққа енуі нәтижесінде пайда болады.
Құрлық сулары жердің 1-і қабатының су тасымалдағыш ауданында болады, астында су ұстағыш пласты орналасады. Пластаралық сулар 2 су өткізбейтін пластың расында орналасып, қысымы жоғарлаған кезде жер бетіне фонтан, құдық түрінде шығуы мүмкін. Бұл түрлердің ішінде ең тиімді және қолайлы түрі, бұл пастаралық сулар, себебі олар сыртқы орта ластануынан қорғалған. Сонымен қатар құрлық суларын да пайдалануға болады. Ал бұндай факторлардан қорғалмаған беткей суларын қолдану өте қауіпті.
Су тұтынғыш қондырғыларын орнату және сол жерден алынатын судың сапасы санитарлық ережелерге сәйкес болуы тиіс.
Су тұтынғыш қондырғылардың орнын анықтау санитарлық - эпидемалогиялық және гидрогеология мамандарының қолдануымен жүргізіледі. Бұндай жерлерді анықтауда құрылықтық су ағысының ең жоғарғы деңгейінде (басында) орналасып, 50 метр маңайында канализация жүйесі, мал жаю жерлері, тыңайтқыштар мен улы химиялық заттардың көміліп улансыздандырылған аудандары болмауы тиіс. Орнатылған ауданы үнемі тазартылып, жақын аудандарда мал суармалы, кір жуу жерлері болмау қажет.
Санитарлық ережелерге байланысты су төмендегідей қасиеттерге ие болуы керек:
мөлдірлігі (стандартты шифр бойынша > 30 см)
түсі (<300С, яғни түссіз)
дәмі, иісі (2,3 балға дейін)
Су құрамындағы нитраттар 10 мг/л жоғары болмауы керек және бактериялық жағынан таза болуы тиіс (титроли 100-ге дейін, яғни 1 литр судағы ішек таяқшасының мөлшері 10-ға дейін).
Белгілі бір су көзінің жарамдылығын анықтау үшін, ол физикалық, химиялық және бактерологиялық анализдерден өтуі қажет. Бұндай бақылауларды локальды СЭС қызметкерлері жүргізеді. Суарымға арналған сулардың сапасы ескерілмейді, бұндай жағдайда беткей сулары мен тағы басқа ішуге жарамсыз су көздерін пайдалануға болады (өзен, көл).
2. Су сапасының көрсеткіштері.
Көп жағдайда тұрмыстық деңгейде су сапасының көрсеткіштері бақыланбайды. Бірақ су қолданысында су сапасының объективті көрсеткіштері ескерілуі тиіс.
Сутектік көрсеткіш.
Сутектік көрсеткіш– су құрамындағы бос сутегі иондарының концентрациясымен сипатталып,рН – арқылы белгіленеді.
рН=-log [H+]
яғни қарама-қарсы белгімен алынған сутегі иондарының логарифмдік есебі.
Сутек көрсеткіш – судың диссосация нәтижесінде пайда болған Н+ пен ОН – иондарының қатынасымен анықталады. Егер судың бойында Н- иондары аз болып, ОН- иондары көп болса (рН>7), судың сілтілік қасиеті басым болады. Егер керісінше жағдай болса (рН<7) онда қышқылдық қасиеті басым болады. Ал жоғары дистельденген су құрамында бұл иондар тепе-теңдікте болып нейтралды орта түзеді (рН<7).
рН деңгейі суды тазалау процесінің барлық сатыларында қатаң бақыланып отырылуы қажет, себебі оның бір жаққа ауытқуы судың иісіне, дәміне және сырт күйіне әсер етеді.
рН мөлшеріне байланысты сулар:
қышқылдығы жоғары сулар < 3
қышқылды сулар 3-5
әлсіз қышқылды 5-6,5
әлсіз қышқылды 6,5-7,5
әлсіз қышқылды 7,5-8,5 болады.
Сутектік көрсеткіштердің оптимальды мөлшері тазалау жүйесіндегі судың жарамдық ерекшелігімен тазарту методикасы мен қолданылатын материалдарға тәуелді.
Қалыпты жағдайда қолданыстағы судың рН мөлшері су сапасына әсер етпейтін деңгейде болады.
Мысалы, өзен суларында рН көп жағдайда 6,5-8,5 шамасында, атмосфералық жауын-шашында 4,6-6,1 теңіз суларында 7,9-8,3 тең.
Сондықтан ВОЗ рН көрсеткішінің белгілі бір медициналық деңгейін ажыратпайды .
Сонымен қатар егер рН деңгейі төмен болған жағдайда, судың коррозиялық активтілігі жоғарлайды, ал жоғары болған кезде (рН>11) көпіргіш қасиеті байқалып жағымсыз иісі пайда болады. Бұндай сулар адам организімінде көз бен терінің тітіркенуіне алып келеді. Сондықтан ішуге және жұмыстық қолданысқа арналған судың оптимальды рН көрсеткіші 6 мен 9 аралығында болуы тиіс/12,17/.
