Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_1497.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385.54 Кб
Скачать

1.Әдеби шолу

1.1Судың гигиеналық маңызы. Су қолданысының нормативтері.

Бір қала немесе ауыл тұрғынына тәулігіне қажетті судың мөлшері мекен ету ортасының климаттық ерекшеліктері мен тұрғындардың тіршілік ету деңгейіне тәуелді. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып СНиПА-ға “судың қолдану нормалары енгізілген. Бұл нормаларға тұрғын үйлер, тұрмыстық-коммуникалдық қызмет көрсету және тамақтану мекемелерінің суды қолдану нормалары кіреді. Кейбір ірі қалалардың сумен қамтамасыз ету жүйелері 2-есе жоғары нормалармен шектеледі (Алматы, Қарағанды, Астана). Бұндай ірі қалаларда суды қолданудың жоғарғы көрсеткіші 300 л- 500 л (бір тәулікте).

Су қолданысының мөлшерін есептеу барасында тәуелділік және маусымдық ерекшеліктерге назар аудару қажет. Ол үшін суды пайдалануының орта шамаларын әр тектілік (неравномерный) коэффициенті ретінде алынып, сағат бойынша–сағаттық пайдаланудың ең жоғарғы көрсеткішінің орта шамасына, тәуліктік-тәулік бойы пайдаланған ең жоғарғы көрсеткіштің орта шамасына қатынасымен анықталады. Судың әр тектілік коэффициентін алдын-ала анықтау, жыл мезгілінің ең ыстық кезеңдедерінде және тәулік бойы су ең қажет етілетін уақытында сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді /10/.

Судың эпидемиологиялық маңызы

Орталықтандырылған су жүйесімен тұрғындарды жабдықтандыру, яғни белгілі бір сапалық көрсеткіштерге сай және ауру туғызу қабілеті жойылған сумен қамтамасыз ету, сол тұрғындардың санитарлық деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ал бұндай санитарлық көрсеткіштерінің эксплуатация кезінде орындалуы өз алдына санитарлық қолайсыз жағдайлар мен катастрофалар туғызады /7,13/.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұжымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша күнделікті өмірде пайдаланатын ас суы сапасының төмен болуы салдарынан жыл сайын 5 млн дейін адам өліп отырады.

Нашар сумен қамтамасыз етуіне байланысты жыл сайын 500 млн дейін тұрғындардың инфекциялық ауруларға шалдығу жағдайлары кездеседі/6,9/.

Осындай және болашақта туындайтын мәселелерге байланысты тұрғындарды сапасы жоғары сумен қамтамасыз ету қазіргі кезде актуальды меселелердің бірі болып отыр.

Химиялық құрамы

Табиғатта су таза химиялық қосылыс ретінде мүлдем кездеспейді. Өзінің универсалды еріткіш қасиетін сақтай отырып, бойында әр түрлі қосылыстар пен элементтің болуы және олардың өзара қатынасы сол судың табиғатын анықтайды/2,5/.

Тұщы судың (ас суының) минералдану шегі (құрғақ қалдықта) 1000мг/л органолептикалық белгілеріне байланысты анықталады. Тұздылығы жоғары сулардың қышқылдық және тұздылық дәмі болады. Тұщы сулардың құрғақ қалдықтарын негізінен хлоридтер мен сульфаттар құрайды. Олардың су құрамындағы шектік мөлшері хлоридтер үшін 350 мг/л болса, сульфаттардың мөлшері 500 мг/л аспауы тиіс .

Миниралдардың ең төменгі деңгейі адам организмінің гомеостазы адаптациялық реакцилар арқылы бір қалыпты сақталады. 100 мг/л құрғақ қалдығындағы ас суының оптимальды миниралдануы 200-400 мг/л диапозонында болады. Бұндай жағдайда су құрамындағы кальций 25 мг/л, магний 10 мг/л мөлшерінен төмен болмауы тиіс /4/ .

Судың кермектілігі оның құрамындағы кальций мен магнийдің болуына байланысты. Бұл көрсеткіш көбінесе тұрмыстық жағдайда байқалады (ет пен жемістің нашар пісуі, оброзование накипи және т.б.). Сонымен қатар судың кермектілігінің жоғарғы корреляциясы оның құрамындағы тек кальций мен магнидің болуына ғана емес, қосымша 12 элементке (беррилий, бор, кадмий, калий, натрий және кейбір аниондар т.б.) тәуелді.

Соңғы жылдары судың құрамындағы тұздардың мөлшерінің төмен болуы жүрек ауруларының пайда болуына алып келуі туралы мәліметтер бар /3,6/.

Адам судан 10-85%-ке дейін қажетті фторды ала-алады. Су құрамында фтор конденсациясы жоғары (2-8 мг/л) геохимиялық аудандарда мекен ететін тұрғындардың арасында эндемикалық аурулардың қатарына жататын флюороз ауруына алып келді, яғни флюороздың пайда болуын ас суы құрамындағы фтор концентрациясына тікелей байланысты/5,6/.

Фтор концентрациясы 1,4-1,6 мг/л дейін жеткен кезде адамдардың тістерінде сарғыш-қоңыр дақтар байқалады. Ал оптимальды мөлшерінен төмен болуы (0,7-1,1 мг/л) тіс кариесінің тууына алып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]