Қорытынды
Бұл келтірілгендерден төмендегідей төр тұжырым шығады.
Бәрі бір-бірімен байланысты. Яғни экожүйеде бір жердегі аз ғана жылжудың, өзгерудің өзі алыс жерде немесе алыс болашақта едәуір және ұзақ уақыттық салдарға алып келуі мүмкін. Сол себепті шикі затты «кешенді» өңдеу дегенді қазылған кеннің құнды құрауыштарын толық бөліп алу тұрғысында емес, барлық жайды ескеру, жан-жақтылық тұрғысында түсіну керек.
Бәріде қайта болмасын, әйтеуір көзден таса болуы, бір жаққа жасырылуы тығылуы, бір жерден өз орнын табу тиіс. Қоршаған ортаның күйзеліске түсуінің басты себебі сол – жер қойнынан орасан мөлшерде кен қозылып, жаңа, белсенді заттарға айналдырылады да, олардың қошаған ораға тигізер зиянды ықпалдары ескерілмей әрі оның есебін шығарарлық ақылда жетпей, шартарапқа шашылып тасталады.
Табиғат бәрінде жақсы біледі. Табиғаттың миллиондаған жылдар бойы мысқылдап жасағанын адам асыға үсіге аз уақытта-ақ жасап, соның салдарынан өмірге бір-бірімен қиысып, түйісіп тұруы тиіс тетіктердің аса күрделі құрастындыларды алып келіп, мұның бәрі өзара толық үйлесе алмай, шым-шытырық қайшылыққа түсіп отыр. Мысалы: қолдан құрау арқылы жасалған, табиғатта болмаған, болуы мүмкін емес органикалық заттардың пайдасынан зияны көп болып тұр.
Жәндік жойғыштарда, шөп жоғыштарда өмірге осылай келді. Бұдан мынадай қорытындылар шығады: 1. пайдалы қазбалардың сапсынан гөрі олардың табиғи ерекшеліктерін терең зерделеу негізінде тұтыну технологиясын жетілдіруді ойлау және шешу керек. Минералды шикі заттың құрамы, құрылымы және бедері дегендер біз өзгерте алмайтын және өзгертпеуіміз тиіс шынайы болмыс болып табылады. Бұл жайларды танып білу оларды тұтыну технологиясын игеруге мүмкіндік береді.2. Айналамызда тұрғылықты және аса оңтайлы орта жасауды табиғаттан үйрену және үлкен шараларды өмірге енгізерде істі табиғат тәжірибесіне қайта-қайта қарай отырып жүргізукерек.
Ешнәрсе тегін келмейді, ақысыз берілмейді. Экономикадағы сияқты экотануда бұл заң мүлтіксіз орындалып отырады, яғни кез-келген нәрсенің қандай да құны болады. Қазақ судыңда сұрауы бар деген. Сондықтан табиғаттан алған әсіресе оның өз еркімен бергені, сыйлағаны емес, жер қойнынан «күшпен», «зорлығын көрсете» отырып, қазып алынған, одан «тартып» алынған нәрселердің орнын толтыру, өтемін қайтару керек болады. Оның ақысын төлемей кету мүмкін емес.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Сагимбаев Г.К. экология и экономика – Алматы мектеп 1997-144 б.
Фурсов В.И. экологические проблемы окружающей среды – Алматы 1991-192 б.
Охрана окружающей среды / Под редакцией С.В. Белова – М: 1991г. 320 стр.
«Закон республики Казакстан» об охране окружающей среды. Алматы Жеті жарғы 1998 ж. 95 бет.
Белов С В и др. Охрана окружающей среды – М: Высшая школа, 1991г.319 стр.
Бордский А К Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы Алматы ғылым 1997 -192 б.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: экология және табиғатты қорғау – Алматы мектеп ААҚ 2002ж. 392 б.
Қалыбеков Т Экология және ашық кен. Алматы Қазақстан 1988 ж. 96 б.
Қоженбаев С. Махмудов С. Табиғатты қорғау – Алматы: «Ана тілі» 1992 ж. 144 бет.
