2.5 Жердің ластануы.
Жердің ластануы. Жер күнді айналып жүрген 9 ғаламшардың ішінде ауқымы мен салмағы бойынша 5-ші ғаламшар. Оның салмағы 5976*1021 кг, бұл Күн салмағының 3300000/1, аталған үлкен ғаламшарлар айырмасы – онда тіршілік бар. Ол осыдан шамамен 4,5 млрд жыл бұрын күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ тозаңдардың тартылыс күші әсерінен бірігуінен пайда болған. Жер бетінің едәуір бөлігін дүние жүзі мұхиттары, қалған бөлігін 39%-ын оңтүстік жарты шарының 19%-ы жуығын таулы, 64%-ы жазық өңір және 33,1%-ы ауыл шаруашылығы үлесінде, 30,1%-ы орманда, 36,8%-ы басқа жерлер.
Жер бетінің өзгеруі. Техника жетілген сайын адам неғұрлым құралдарды қолданып, жер бетін өзгерте береді. Оның кен және арықтар қазуға, құнарлы топырақтар орнын ауыстыруға, су бөгендерін салуға қатысты әрекеттері барған сайын кеңейе түседі. Мысалы: 1960-1970 жылдары ғана жер қонынан қазып алынатын әртүрлі жыныс – топырақтардың бір адамға шаққандағы мөлшері 200 тонна болса, бүгінде ол көрсеткіш 30 тоннадан асып отыр. Ал қазылып алынып жатқан шикізаттың тек 2%-ы ғана пайдаға жарап, қалғаны табиғатқа тастанды түрінде кері қайтарылып жатыр. Қзіргі кезде адам еркімен жыл сайын 10-15 мың текше шақырым тау жынысы жер үстінде ары-бері тасымалданады екен. Адам жер қойнына кіріп, онда жүріп жатқан процестерге араласады, оларды жылдамдатады не баяулатады, ал кейде тіпті бағытын да өзгертеді. Ашық кендік, жабық кендік қазу жағдайларының екеуінде де жер беті елеулі және негізінен екі түрлі өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, кені алынып іші босап, үңгірленіп қалған жер жарылып, үсті ойылып, опырылып немесе төмен түсіп, жер қаттарының орны ауысады, топырақ құрылысы бұзылады. Екіншіден, кен қазылған төңіректе жұтаң кен үйінділері мен өндіріс тастандылары пайда болады. Мұнан кейін болатын зиянды салдардың бәрі осы екеуінде бастау алады. Ол зиянды салдардың өзі физикалық қыртыстарының орын ауыстыруы, механикалық және химиялық бұзылуларға бөлінеді.
Яғни кен қазу салдарынан егіс-егіп, мал бағу үшін аса қажет жерден ғана айырылмаймыз, шикізаттың ішкі жарамаған және қоршаған ортаны жаппай былғаушы болып табылатын 98%-ын де еншілеуге мәжбүр боламыз. Мысалы: кенді байыту кезінде-ақ қазыла алынғанның 60-95%-ы қалдыққа айналады.
Қатты тастандыларға темір, ағаш, икемзат, түрлі ұнтақтар мен шаңдар, өндіріс қоқырсықтары жатады.
Бүгінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы басты мәселелердің бірі осы қатты қалдықтарды жою, олардан құтылу болса, екіншісі – кенді, асты үңгілеп, үсті бұзылған жерлерді қалпына келтіру, шаруашылық айналасына түсіру болып табылады.
Ал ауыл шаруашылықтың жерінің құнарлығы, оның топырағына байланысты. Онда көміртек, азот, фосфор, калий және басқа да заттар мол жиналады және олар өсімдіктің сіңіруіне қолайлы күйде болады.
Топырақта тірі және өлі табиғатқа тән бінеше сипаты мен қасиеттері ерекше құрылым. Ол қатты, сұйық, газ және тірі бөліктерден тұрады. Қатты бөлігінің негізін (80-90%) қарашірік құрайды және ол ауқымы 1 мм-ден кіші ұсақ бөлшектерден тұрады. Өзін құраушы түйіршіктің ауқымына топырақ тасқа (>3 мм), қиыршыққа (3-1 мм), ірі құмға (1-0,5 мм), орташа құмға (0,5-0,25),ұсақ құмға (0,25-0,05), ірі лайға (0,005-0,01), орташа лайға (0,01-0,005), ұсақ лайға (0,005-0,001), ірі тұнбаға (0,001-0,0005), ұсақ тұнбаға (0,0005-0,0001), коллондқа (< 0.0001) жіктеледі.
Тіршілік үшін аса қажет минералдық заттар мен тірі дүние қатынасы аяғымыздың астындағы күнде езіліп жататын осы топырақ арқылы жүзеге асып жатады. өсімдік сумен қоректік затты да топырақтан алады. Сынған бұтақтар мен түскен жапырақтарда айналып келіп топыраққа барады, онда ыдырап бойларындағы минералды топыраққа қайтарады. Топырақтың үстіңгі жағынан, ал тастық жыныстардың физика-химиялық бұзылуы астыңғы жағынан өзгерітіп дамытады.
Яғни топырақ құнарлық қасиеті бар және жер қыртысының үстіңгі қабатын құрайтын және өсімдік, жан-жануарлар және минералдармен қатар қоюға болатын табиғи денең болып табылады. Ол күн сәулесінің, су буының, желдің, ауаның, көмірқышқыл газының, күн мен түн алмасуының, қызу өзгеруінің тау жыныстарына ұзақ уақыттық әсер және алғашқы ағзалардың тіршіліктік әрекеті негізінде пайда болған. Ол ағзалар мыңдаған жылдар бойында тіршілік ете отырып та, өле отырып та жердің тас қабатын бұзып, өздері қарашірікке айналып келді. Ал қарашіріке неғұрлым жетілген тіршілік иелері, жаңа өсімдіктер мен жануарлар пайда болып, олар өз кезегінде топырақты онан ары дамыта берді.
Нәтижесінде адамзат өзінің басты ырыстарының бірі, күн көрісін басқаға алмастыру мүмкін емес тағы бір қайнар көзі – құнарлы топыраққа ие болды. Дегенмен жер үсті құнарлы топыраққа соншалық бай да емес. Сондықтан оны аса құнттылықпен пайдалану қажет болады. Ал ірі және ұсақ-түйек өндіріс ошақтарынан бөлініп жатқан қатты қалдықтар, тау-тау күресіндер бірінші кезекте осындай топырақты жерлерді басып қалып, қалған бөлігіне желмен шашылып, әуеден отырып, жаңбырмен жауып,сумен барып, оған өлшеусіз зиян келтіруде.
Айтакету керек өндіріс тастандылары оның ұшынды және төгінді қалдықтарынан әлде қайда ауқымдылығымен ерекшеленеді, және былғаныштығы мен құрамындағы улы, зиянды заттардың модығы тұрғысынан да олардан асып түспесе, кем соқпайды.
Әдетте өндіріс тастандылары деп қандайда өнім алу барысында пайда болған және тұтыныстың қасиетін толықтай немесе жартылай жоғалтқан шикі зат қалдықтарын немесе жартылай өнімдерді айтады. Текелі кен байыту комбинаты, Теклі қуаттық кешені, Алматы 2- және 3-ЖЭС сияқты облыстық кен өңдеуші, қуат шығарушы мен жылу мен қамтамасыз етуші басты кәсіпорындары 2001 жылы 920,1 мың тоннаға артып кетуі пайдаланылған отын сапасының нашарлығымен түсіндіріледі.
Бұл қалдықтар мен тастандылар негізінен тікелей өңдеуге жарамсыз немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз жұтаң шикізаттар мен өңдеу барысында пайда болған күлдер, құрамындағы пайдалы заттарды бөліп алғанна қалған қождар түрінде болады. Жылу электр станцияларының жұмыс істеуі кезінде көп мөлшерде күл және қож бөлінеді. Бұл күлдер, құмды, балшықты, қиыршық тасты, тіпті цементті алмастыра алады.
Дегенмен, кен және өндіріс қалдықтарын көмудің де бүгінде қолданылып отырған амалдары, қоршаған орта күйіне елеулі өзгеріс енгізеді және бұл кезде жер бедері ғана өзгеріп қоймайды. Бұкіл өңірдің геохимиялық тепе-теңдігі ауысады. өндіріс орындары орналасқан аймақтардағы су мен топырақ құрамы өзгеріп, олардың биологиялық сипатына, өнімдік қуатына нұқсан келеді. Аршылып қалған, тастап кетілген жер қыртысының үгіліп-мүжілуі салдарынан ауаның құрамы өзгереді. Мысалы: ауаға құрамында күкірт, азот, көміртек тотықтары мен көмірсутектер бар өндіріс тозаңдары тарайды. Топырақ қабатына күл-қоқыстар, құрамында түрлі қышқылдар мен ауыр темірлер бар өндіріс қалдықтары мен қождары төгіледі.
Мөлшері ірі кәсіпорындар тастандылары мен жылу мен қамтамасыз ету апонцияларының күл-қождарының мөлшерінен артық болмаса, кем демейтін қатты қалдықтардың бір түріне тұмыс және ауыл шаруашылығының қатты тастандылары жатады. Қорыта айтқанда, қоршаған ортаны шикізат ретінде қайта пайдалануға, қандайда іске жаратуға болмайтын өндіріс тастандыларынанқорғаудың бір-ақ жолы бар.
Ол оларды арнайы ережелер бойынша көму болып табылады.
