Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_1481.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.34 Mб
Скачать

2.4 Су көздері.

1-кесте.

Су көздері

Көлемі (млн. км^3)

Жаңару мерзімі

Мұхиттар мен теңіздер

1370

37 мың жыл

Жер қыртысының қалыңдығы 16 км болатын үстіңгі, яғни тас қабатында

200

Соның ішінде адам қолы жететін 5 км қабатта

50

4,6 мың жыл

Қалыңдығы 1 км болатын белсенді суалмасу қабатында

4

300 жыл

Мұздықтар мен үйектік қорлар

27

15 мың жыл

Көлдер

0,75

10 және оданда көп жыл

Су қоймалары

0,003

әр түрлі

Өзендер

0,0012

12 тәуілік

Әуедегі булар

0,014

9 тәуілік

Су қолданысы. Есеп бойынша табиғи сулардың жиындық тұтынысы 3300-3500 текше шақырым болады, яғни әрбір жер тұрғынына 800 текше метрден келеді. Тұщы судың негізгі тұтынушысына ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп орындары және тұрмыстық шаруашылық, сондай-ақ көлік, балық шаруашылығы, денсаулық сақтау мен спорт салалары жатады.

Бұлардың ішінде ең көп су жұмсалатын сала – ауыл шаруашылығы ол барлық тұтынатын судың 70 %-ын пайдаланады. Мысалы: 1 кг өсімдіктің көтерілу үшін оның түрі мен өсуі жағдайына қарай 150-1000 текше метр су жұмсалады екен. Суғарылатын алқаптарда негізгі ауыл шаруашылығы өнімдері – дәндік дақылдар үшін гектарына 1500-3500, көп жылдық шөптер үшін 2000-8000, мақта үшін 5000-8000, күріш үшін 8000-15000 текше метр су қажет. Суғарудан басқа мұнда су құрғақ жерлерді суландыру және шаруашылықтың тұтыну мақсатында пайдаланады. Мысалы: өнеркәсіп орындары тұтынылатын судың 20 %-н алады және оның негізгі бөлігі электр қуатын шығару кезінде салқындату және басқа да технологиялық мақсаттарда пайдаланылады. Бұлардың ішінде суды ең көп тұтынатындарға химия, қағаз талшық және металлургия өндірістері жатады. Мысалы: 1 т. дайын өнімге құрамды талшық өндірісінде – 2500-5000, икем зат өндірісінде – 500-100, қағаз өндірісінде – 500, шойын, болат алу өндірісінде – 160-200 текше метр су кетеді.

Тұрмыстық шаруашылыққа су ішуге, жуынуға, тұрмыстық қызмет мекемелері өндірісіне, көше шаңын басуға, көгалдарды суаруға, өрт сөндіру мақсаттарына жұмсалады және мұның бәрі өнеркәсіп пайдаланылатын судың 15 %-ын құрайды. Болжам бойынша жақсы жабдықталған қала тұрғыны жеке қажеттілігі үшін тәулігіне 200-300 су жұмсайды.

Тау кен өңдеуші өндіріс орындарыныңтікелей өзқажеттіліктеріне тпайдаланылатын су мөлшері онша көп болмайды. Бірақ олар жердің асты үстіндегі су сапасына елеулі әсер етеді. Карьерлер мен кеніштердегі сулар үңгімелер мен ұңғымаларды суландыруға және бұрғылауға қолданылады. Ал кенді сумен қару және сумен аршу кезінде кен қабатын бұзуға және тасымалдауға, геотехнологиялық тәсіл жағдайында кеннің қажетті құрауы мен ерітуге және тасымалдауға қолданылады. Кеніш үстіндегі кешендерде су шаруашылық, тұрмыстық қажеттіліктерге, сыққыш және басқа да жабдықтарды суытуға, қалаушы қоспаларды дайындауға, тасымалдауға және басқаларға да қолданады. Кеніш үстіндегі кешендерде су шаруашылық, тұрмыстық қажеттіліктерге, сыққыш және де басқа да жабдықтарға қолданылады. Кенді байыту кезінде су оны шолоғо сұрыптаушы арқылы жеңіл және ауыр орта дайындауға шаңбасуға, технолгиялық жабдықтарды суытуға өндіріс қалдықтарын тасымалдауға қолданылады.

Тау кен және кен байыту кәсіпорындары пайдаланатын су көлемі, олар қазған шұңқырлар мен кеніштерден шығатын судың қасында айтуға болмайды.ол сулардың өр топырақ астылық қамалма, жарықшақты және ақпалық жер асты сулары сондай-ақ өзен-көл желісі және әуелік жауын-шашындардың сіңбеленуі негізінде қорланатын кәріздік сулар, тікелей өндірісте қолданылатын технологиялық сулар жиынынан құралады. Кеніште сулардың жұмсалуы, оларды пайдалану мөлшері көптеген табиғи және технологиялық жайлар негізінде анықталады. Ал негізгі технологиялық жайларға шая отырып бұрғылау, гидравликалық салма, шаңды сумен басу әрекеттері жатады.

Су ластануының алдын – алу: Шаруашылық және ауыз су ретіндн пайдаланатын су тоғандарына құятын ағындардағы суды былғаушы зиянды заттардың шептік мөлшері арнайы ережемен белгіленген және онда зиянды заттар тізімінде 400- ден аса атау тіркелген.

Өндірістік мақсатта пайдаланылатын судың өзі жұмыс істеушілерге зиянсыз, құрал-жабдықтардың жемірілуін, олардың түбіне тұз тұруын туғызбайтындар жәнеөнім сапасына кері әсер етпейтіндей болуы тиіс.ауыл шаруашылығы алқаптарын суғаруға жұмсалатын су өсімдікке зиянсыз және өнім,түсім мен топырақ сапасын нашарлатпайтын болуы тиіс.

Су қоймалары да әр түрлі мақсатта қолданылатындықтан, оларды былғанудан сақтау шараларын негіздеу үшін зияндылық дегеннің, өзі не екені, оның қандай дәрежелері, белгісі бар екенін анықтап алу керек болады. «Жерүсті суларын төгін сулармен былғанудан сақтауережелері» бойынша судың былғнубелгісіне оның дәм арқылыбілінетін қасиеттерінің өзгеруі құрамында адамға, жан-жануарларға, құсқа, балыққа, жемдік және кәсіптік ағзалар зиянды заттардың болуын жатқызады. Сондай-ақ су ағзаларының қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен, судың қызуыда қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен судың қызуыда бақылауда болуы тиіс.

Соңғы жайт бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауында да арнайы көрсетіледі, онда «егер су, оның құрамын немесе түбінің бедерін өзгерту салдарынан су пайдаланудың кез келген түрінің бірі үшін жарамсыздық танытса, оны былғанған деп есептеу керек» деп жариялаған.

Су сапасына қатысты жасалған «Тазалық ережесі және жерүсті суларын былғанудан сақтау ережесінің су бөгендерін, олардың тазалық дәрежесіне қарай екі топқа бөледі. Бірінші топқа ауызсу және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы су бөгендерін, (олардың ) екінші топқа балық шаруашылығы мақсатындағы су тағамдары жатады. Ереже бойынша су бөгендеріндегі қалқып жүрген ермелер мен жүзгіндер мөлшері, судың иесі, дәмі, түсі, қызуы, РН мәні, құрамы және ондағы минералдық ермелердің,суда еріген оттектің қойырлығы, судың оттекке деген биологиялық сұранысы, улы және зиянды заттар мен ауру таратқаш бактериялардың құрамы мен шектік жіберімдік қойырлығы назарда ұсталып, тексерілуі тиіс.

Төгін су мөлшері, соның ішінде құрамында зиянды органикалық қосылыстар бар төгін су мөлшері жылдан-жылға артып келеді.

Сондықтан оларды тазартуға қоса басқа кешенді шаралар жүйесін қолдану қажеттігі туады. Мысалы: сұйық қалдықтарды сол өндірістің өзінде қандай да іске жарату, су пайдалануды азайт, өндіріс ішінде су айналымын қалыптастыру, яғни суды қата пайдалану, сусыз технологияларға көшу жолдарын ойластыру қажет. Тіршілік аясының су әлемін былғанудан сақтауды қамтамасыз етудің кешенді шараларына төмендегідей әрекеттер кіреді:

  1. Суы аз немесе қалдықсыз, оқшауланған суайналымдық және аралық тазалау немесе суды салқындатып, қайтадан іске жарату жүйесі бар технологияларға көшу.

Бұрынғы кеңес одағындағы барлық өндірістік кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету үшін табиғи су көздеріненжылына 100 млд. текше метрге жуық су алынатын және оның әртүрлі дәрежеде былғанған 90 %-ы айналып келіп су қоймаларына қайтарылатын.

  1. қалдық көлемін азайтып, сусызданған қалдықты немесе былғауыштардың қойырланған ерітіндісін жер қойнына көму технологиясын жетілдіру.

  2. Өндіріс және тұрмыс қалдықтармен былғанған сулардытазалау әдістерін жетілдіру.

  3. Өсімдіктерді аурудан және түрлі зиянкестерден, егістіктерді арам шөптерден қорғауды қамтамасыз етуші биологиялық және басқа да агротехникалық шаралардың пәрменділігі мен қолданыс аясын кеңейте отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі мен орман шаруашылығын шектен тыс химияландыруға тоқтау салу.

Су тазалау тәсілдері. Өндіріс және тұрмыс қалдықтарымен былғанған

төгін суларды тазалаудың механикалық, химиялық, физика-химиялық, биохимиялық тәсілдері бар.

  • Механикалық тазалау ерімеген заттарды тұндыру, сүзгілеу, сүзу және үйіру арқылы бөлуге бағытталады.

  • Физика-химиялық әдістер кезінде төгін судағы еріген және кілегейлік былғауыштарды бөлуге арналған.

  • Биохимиялық тазалау минералдық және ерімеген органикалық заттардан тазаланған төгін судағы кілегейлік немесе еріген күйдегі кейбір микроағзатектілердің органикалық былғауыштарды тұтыну және түрледіру қабілеттілігі пайдаланылады.

Облыстық су беру және су ағызу кәсіпорындарының бірнеше кішігірім және екі ірі механикалық және биологиялық тазалау құрылғылары бар. Олар – Алматы және Талдықорған қалаларының механикалық және биологиялық тазалау және залалсыздандыру құрылғылары. Алматының тазалау құрылғысы бір тәілік ішінде 640 мың текше метр суды өткізе алады.

әдетте көптеген кәсіпорындардың төгін суларын су қоймаларына, өзендерге жібермес бұрын біраз уақыт сол зауоттар маңында болатын тазалау тоғамдарында ұсталып, оның құрамындағы қатты заттар тұнбаға түсіріліп алады. Ол тұнбалар тоған табанындағы қорытпақ түбінде барған сайын қалыңдай береді. Ал кейде көп майдалы қатты бөлшектері бар және олардың көлемдік қойырлығы 0,5 тен – 10 %-ға дейін жететін сулы жүзгін түрінде болады. Бұл төгін су тұнбаларын жоюға немесе іске жаратуға жібермес бұрын алдын – ала өңдеп, қоқырға айналдырып, оның қоршаған ортаға зияндылығын төмендететіп бағады немесе іске жаратуға болатындай қалпына келтіруге болады. Мысалы: Қандай да іске жарату немесе тасымалдау үшін тұнбаны нығыздан алу крек болады. Бұл – оны өңдеудің бірнеше сатысы. Ауырлық күшін пайдалана отырып және әдісімен нығыздау жасты өндірісте кең тараған. 20 градус қызуда ауалық тұрақтандыру уақыты 8-11 тәлікке созылып, органикалық заттың 1 кг белсенді лайын тұрақтандыруға 0,7 кг оттек жұмсалады.

Лас былғаныш сулардың ешқандай тазалау-ақ тікелей өзендер мен арықтар жүйесіне, көлдерге, басқа да су тоғандарына жіберілу немесе бұл сулар өз арналарынан асып кетіп далаға жайылып кетіу жайлары да жиі кездеседі. Мысалы: тазалау құрылғысы істен шыққан Сарыөзек жөндеу – пайдалану бөлігі бірнеше жылдан бері төгін суын еш тазалаусыз Сайдос өзеніне жіберіп қойып отырса, Текелі қаласындағы «Қаратал» Күтіну үйінің құрамындағы БПК мөлшері шектен,қалыптан – 21,8, аммони тұзы – 63, фосфаттары – 22,9 есе артық төгін суы әуелі далаға, онан соң Қаратал өзеніне құйылуда тиіс.

Сүзгілеу – төгін суларды тазалаудың бірінші сатысы, ол төгін судан өлшемі 25 мм дейінгі ерімеген ірі ермелерді әрі одан майда талшықты бөлуге арналған. Тұндыру қатты бөлшектердің сұйық ортада шөгу ерекшелігіне негізделген.

Төгін суларды органикалық заттарды 800-1000 градус жоғарыда және негізінен бензолды, толуолды, унитилинглкольды, шайырларды, альдегиттер мен парафиндерді жағу арқылы аластау жөн саналады.

Дегенмен төгін сулардағы тотығушы органикалық қосылыстарды толық аластау әзірге мүмкін емес. Қазіргі биологиялық тазалау әдістері төгін сулардағы органикалық заттарқойырлығын 90-95%-ға төмендете алады деп есептеледі, бірақ іс жүзінде оны 80%-ті ғана азайтады.

Сондықтан төгін суларды қайта пайдалану су қолдана жүргізілетін технологияларды сусвз технологияларға ауыстыру жолдарын қарастыру бұл саладағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Соңғы жылдары химия, мұнай химиясы, мұнай өңдеу кәсіпорындарының бір қатары өндіріске суайналымыненгізу арқылы пайдаланатын су мөлшерін 5-10 есеге дейін төмендетіп отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]