Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_1481.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.34 Mб
Скачать

2.3 Судың ластануы.

Су. Су біздің ғаламшарымыздың үстінде 3-3,5 млрд жыл бұрын жер қыртысының газсыздануы саядарынан шыққан бу түрінде пайда болған деп есептеледі. Қазіргі кезде судың салмағы жер салмағының 0,025%-ын құрайды және оның жалпы мөлшері 1,6*10,9 текше шақырым болып саналады.

Су түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық, табиғи зат. Сондай-ақ ол толық құнарсыздығымен ерекшеленеді. Солай бола тұра жер әлеміндегі барлық тіршілік үшін қажет. Сусыз адам да, жан-жануарлар да, өсімдіктердің де тіршілік етуі мүмкін емес.

Су ең жақсы еріткіш болып табылатынымен өзінің жай заттарға ыдырауы қиын, химиялық енжар зат. Ол барлық табиғат ортасында: су буы және қар, жаңбыр, шық түрінде әуеде сығынды сулар түрінде жер қыртысының үстінгі қабатында, тіршілік шарасында, яғни тірі заттар құрамында болады. Сондай-ақ су шарасын, яғни жердің айрықша сулық белдеуін құрайды.

Күн қуатының әсерінен табиғатта тоқтаусыз ылғал айналымы, яғни әрқалай қалыптық күйдегі су айналымы жүріп жатады. Жер үстімен буланып шығып, аспанға көтерілген су әуенің төменгі қабаттарын ылғалдандырады және жауын-шашын түрінде қайтадан жерге түсіп, су тоғандарында жиналады немесе жыныс қабаттарына өтіп, жер асты су қорына қосылады. Ал жер асты суы өз кезегінде жүрісті су тоғандарына көтеріліп отырады.

Табиғаттың қай жерінде кездеспесін су ортасы қашан да ағза тектілерге толы орта болып табылады. Шөп сабағына түскен шықта да, аяқ астындағы көлшік су да, үлкен су тоғандарында да қайнаған өмірді кездестірмеу мүмкін емес. Су өзінің түзілуіне ықпал етуші физика химиялық қасиетінің арқасында қазіргі кездегі көптеген жан-жануарлар мен өсімдіктер пайда болған орта ғана емес, ғаламшарымыздағы тіршілік атаулының алғашқы бесігі болып табылады. Барлық жан-жануарлар мен өсімдіктердің құрлыққа шыққанға дейінгі туып даму тарихының басым бөлігі басқа емес, нақ суда өтті.

Өсімдіктер мен жан-жануарлардың 50 және 76 %-ы теңізде, 8-6 %-ы тұщы суда, 42-18 %-ы құрлықта пайда болған. Қазіргі таңда олардың 50 және 84%-ы теңізде, 77-51 %-ы тұщы суда, 65 және 35 %-ы құрлықта өмір сүреді. Яғни жан-жануарлардың ¾, ал өсімдіктердің жартысы теңізде пайда болған.

Сондай-ақ су өмір ортасы, яғни барлық ағзатектілер тіршілік ететін сыртқы орта ғана емес, ол тірі нәрселердің ішкі дүниесін де құрайды. Су құрлықтағы да, судағы да ағзалардың қаны мен қанды сұйықтары мен денесіндегі басқа да сөлдерінің құрамына кіреді. Ал бұл сұйықтар жиыны ағзаның ішкі ортасын құрайды. Орта есеппен әрбір тіршілік иесі салмағының жартысы теңізде пайда болған.

Сондай-ақ су өмір ортасы, яғни барлық ағзатектілер тіршілік ететін сыртқы орта ғана емес, ол тірі нәрселердің ішкі дүниесін де құрайды. Су құрлықтағы да, судағы да ағзалардың қаны мен қанды сұйықтары мен денесіндегі басқа да сөлдерінің құрамына кіреді. Ал бұл сұйықтар жиыны ағзаның ішкі ортасын құрайды. Орта есеппен әрбір тіршілік иесі салмағының жартысы, тірі өсімдік салмағының 4/3 су үлесіне тиеді. Адам денесінде де 60 % су бар.

Су шарасының жалпы көлемінің 94 %-ға жуығы мұхиттар мен теңіздер, 4 %-ы жер асты сулары, 2%-ға жуығы мұз бен қар, 0,4 %-ықұрлық бетіндегі сулар. әуеде, өсімдік пен жан-жануарлар гойында да аз мөлшерде су бар. Су шарасының қалыңдығы жердің әр тұсында әр қалай. Ең қалың су шарасы Тынық мұхитта. Оның тереңдігі 11,0 шақырым. Ал мұхиттардың орта тереңдігі 3,8 шақырым болады. Жер үстінің ауқымын дөңгелектеп алған да 500 млн шаршы шақырым болса, оның 300 млн шаршы шақырымнан астамын, яғни 71 %-ын немесе 4/3-і су шарасына тиесілі және су шарасындағы су мөлшері 1,3 млрд текше шақырым болады.

Жер қойнауындағы судың 90 %-ы жер қыртысын құраушы тау жыныстары мен байланысқан күйінде және жер бетіндегі шөгінділер құрамында шоғырланған. Бұл сулар, жанартау атқылауы кезінде бөлінетін су буларын ескермесек, көп жағдайдатіршілік аясындағы су айналымынан тыс қалады. Сөтіп жер қыртысындағы мол су қоры жерүсі төңірегіндегі су айналасына көп қатыса қоймайды.

Ал құрлыққа түсетін жауын-шашындар одан ұшып шығатын су мөлшерінен әлде қайда көп те, мұхиттар бетінде керісінше, буланушы су мөлшері басым. Сондай-ақ мұхиттан жел алып келетін су бөлігінің басым бөлігі әуенің тез қызып сууының салдарынан тік ауа ағындары пайда болатын тау беткейлерінде шыққа айналады. Құрлыққа желмен келетін су буының өтемі мұхиттар мен көлдерге жермен ағып баратын өзен суларымен қайтарылады. Су бөгендерінің өзі бірнеше топқа бөлінеді. Жер асты және топырақ сулары. Жер үстілік ағын сулар. Қайырылған су қоймалары . көлдер. Батпақтар. Адамдар су тоғандарының ерекше түрлері – су қоймасын, арналарды, күріш алқаптарын ойлап шығарды.

Мұхиттар мен теңіз сулары тұзды, жер асты суларының да көп бөлігі тұзды және олардағы тұз мөлшері 200-250 г/л дейін жетеді. Соңғы мәліметтер бойынша тұщы су қоры 35 млн текше шақырым, яғни бар болған ғаламшар суының 2 %-ын құрайды екен. Осы себептен де болар, тұщы су жердегі ең маңызды минерал болып саналады.

Тұщы судың негізгі қорлары үйектік мұздар мен қарларда, мұздықтарда және тау мұздықтарында, ал 3 %-дан аз мөлшері дәстүрлі су көзі болып табылатын өзендер мен көлдерде шоғырланған. Жер үсті сулары жауын-шашындар негізінде қорланады. Жер астылық сулар ішінде шаруашылықтың су көзі болып табылатын артезиан және қатаралық сулар аса маңызды саналады. Пайдаланылатын тұщы судың негізгі бөлігін ағын сулар құрайды және олар құрлықтың басты су тамыры болып табылады. Ғаламшарымыздың толық жылдық өзен ағыны 37 мың текше шақырым дерлік. Сондай-ақ іс жүзінде әрбір өзен астында жылдық ағыны 13 мың текше шақырымға жуық жер астылық өзен ағады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]