- •Мазмұны
- •Жобаның концепциясы
- •Өнімнің (қызметтің) сипаты
- •Өндіріс бағдарламасы
- •4. Маркетингтік жоспар
- •5.1 Өндірістік ресурстар
- •5.2 Жобалау және технология
- •5.3 Жабдық сатып алу бағдарламасы
- •6. Ұйымдастыру, Басқару және қызметкерлер
- •7. Жобаны жүзеге асыру
- •8 Капитал мен қаржыландыруға қажеттілік
- •8.1 Жобаның жалпы қаржылық сипаты
- •9. Қауіпті бағалау және сақтандыру
- •10. Экологиялық ахуалы
4. Маркетингтік жоспар
4.1 Өнім (қызмет) нарығының сипаты
Макарон бұйымдарының пайда болу тарихы көптеген ғасырларды қамтиды. Макаронды дайындау бойынша алғашқы деректер бізге Мысыр елінен біздің заманымызға дейінгі IV мың жылдықта жеткен. Әлем бойынша макарон өнімдерін дайындау мәдениетін римдіктер таратты деп саналады. Римнің алып қала болғаны мәлім, өнімді сақтау мәселесі күрделі жағдай болатын. Римдіктер шикі жұмыртқа пастасын дайындап, оны сол мезетте тағам етіп тұтынған, онымен бірге ет, балық немесе көкөністер бұқтырылып әзірленген. Ал жаңа үлгіде бізге макарон шығыстан келді. Еуропада макарон Марко Полоның арқасында пайда болды деседі, ол макаронды өзінің 1292 жылғы Қытайға болған кезекті сапарынан әкелген екен. Өнім керемет талғамдық тағам ретінде саналған және тек бай-қуатты адамдардың қолы жететін болатын. Сұрыптарының көптігі, алуан түрлілігі, дайындаудың қарапайымдылығы және сақтау мерзімінің ұзақтығы, сонымен қатар жақсы дәмдік-тағамдық қасиеттері макарондарды танымал қылғандығы соншалық, онымен бүгін ешкімді таң қалдыра алмайсың. Кей елдерде макарон өнімдері тіпті ұлттық тағам болып саналады.
Қазақстанда TNS Gallup Media Asia компаниясы өткізген Media Marketing Index1 зерттеушінің нәтижесі бойынша макарон өнімдерін барлық халықтың 97% тұтынады (1диаграмманы қараңыз).
1-сурет. Қазақстанда макарон өнімдерін тұтыну, %
MMI деректері бойынша сауалнама халқы 100 мың және одан артық болатын 20 қаласында, жасы 15 және одан ересектер арасында өткізіледі. Таңдау көлемі 3000 респондентті құрайды. Сауалнама 2014 жылдың қыркүйегінде жасалған.
Макарон өнімдерінің белгілерін білу мен тұтынуды талдау барысында белгінің танымалдығы бойынша да, тұтынылымы бойынша да отандық өндірістің »Сұлтан» белгісімен ұсынылатын түрі басымдыққа ие. Бұл белгіні макарон өнімдерін тұтынатындардың 91% біледі. "Сұлтан" белгілі өнімді тұтынатындар саны халықтың макарон пайдаланатындарының 81%. Үздіктер бестігінің соңында "Адил" белгісі, танымдылығы мен тұтынымдылығы бойынша 13% және 5% сәйкесінше (2-диаграмманы қараңыз).
2-сурет. Макарон бұйымдарының белгісін тану және тұтыну.
Макаронды белсенді пайдалану аталған тауарды тұтынушылар арасында белгілі сатып алушылық дағды қалыптастырған. Мысалы, тұтынушылардың жартысы қаптамадағы макарон бұйымдарын қалайды. Тұтынушылардың 25,4% өлшенетін макарон өнімдеріне таңдау жасайды. 24,8% бұған қатысты қатаң тәртіпті ұстанбайтындықтарын айтты (3диаграмманы қараңыз). Макарон өнімдерінің белгісіне қатысты сатып алушылардың қалауына келер болсақ, онда тұтынушылардың көбісі (55%) белгілі 2-3 белгіні сатыпы алады. Тек қана бір белгіні сатып алатындар саны макарон тұтынушылардың жалпы санының 21,1% құрайды. 23,9% тұрақсыз сатып алушылар құрайды, демек олар белгілі таңбаға қатысты қатып қалған тәртіпті ұстанбағандар тұтынушылардың дәл осы тобы тауардың өндірушісі үшін қажетті алармандар болып саналады, себебі мұндай тұтынушылардың назарын аударып алуға болады. Соған қоса, тұтынушылардың басым көпшілігі (82,8%) макарон өнімдерін сатып алу барысында бағасына емес, өнімнің сапасына назар аударады (17,2%).
3-сурет. Макарон өнімдерінің қаптамасына қатысты таңдау
Media Marketing Index жобасының мүмкіндіктерінің кең болуы қандай да бір санаттың неғұрлым танымал белгілерін анықтауға ғана емес, тұтынушылардың жарнама сияқты құбылысқа көзқарастарын білуге мүмкіндік береді. 2016 жылы макарон тұтынатын респонденттердің 48,3% тұтастай алғанда оларға жарнаманың ұнайтындығын айтты (4диаграмманы қараңыз), соған қоса сенімділікті телевизиялық жарнама ұялатады (32,8%).
Жетілудің көп ғасырлық жолынан өте отырып макарон өнімдері күнен-күнге бізді қуантып келеді, біздің өмірімізге жағымдылық сыйлауда. Сонымен қатар ірі болып тартылған ұннан дайындалатын макарон өнімдерінің ағзадағы холестерин мөлшерін азайтады деп саналады.
Бұл талдауда Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің макарон, кеспе, кускус және ұқсас ұн өнімдерін өндіру бойынша статистикалық деректері берілген. Макарон өнімдерінің өндірісі бойынша неғұрлым толық ақпарат жоқ. Макарон өнімдерінің өндірісінің динамикалық артуы 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін тұрақты болды. Макарон өнімдерін өндірудің артуы орташа есеппен жылына қарастырылып отырған кезеңде 13,3% құрады. Макарон өнімдері өндірісінің артуының үлкен көлемі (22,5%) 2014 жылмен салыстырғанда 2017 жылы байқалады. Соңғы жалдары макарон өнімдерінің Қазақстандық сауда нарығы сан алуан өнім түрлерімен белсенді түрде толығып келеді, тұтынушылардың қаптама бойынша таңдау жасауы ескерілген (макарон өнімдері салмағы 400 г, 450 г, 500 г, 750 г, 900 г, 2 к, 5 к, 10 к болатын қалтақаптарға салынған), түр бойынша таңдау да ескерілген (макарондар, кеспе, қуысқұлақтар, «бесбармаққа» арналған қамыр, жайылған жұқа нан, каннелондар және т.б.). Қазақстанда отандық өнім кең тараған - «Сұлтан» макарондары (Петропавл қаласы), «Цесна» (Астана қаласы), «Корона» (Орал қаласы), «ROLA» (Жамбыл облысы),
«КЭММИ» (Павлодар қаласы) және т.б. Макарон өнімдерінің шет елдік өндірушілерінен негізінен Ресей алда («Макфа», «Ролтон», «Galina Blanca» және т.б.). Өндірістің жағрапиясы Макарон өнімдерін шығарудың неғұрлым көлемді көрсеткіштерін 2016 жылы Қазақстанның 3 аймағы қамтамасыз етті: Солтүстік-Қазақстан, Бастыс-Қазақстан және ОңтүстікҚазақстан облыстары. Макарон өнімдері өндірісі бойынша аталған 3 облыстың үлесі жалпы республикалық көлемде 55% құрайды (28%, 14% және 13% сәйкесінше). СолтүстікҚазақстан облысында макарон өнімдерін өндіретін үздік «Сұлтан-элеватор-диірменмакарон кешені» АҚ болып табылады («Сұлтан» сауда белгісі). Батыс-Қазақстан облысында макарон өнімдерінің ірі өндірушісі «Желаев нан өнімдері комбинаты» болып табылды («Корона» сауда белгісі). Оңтүстік-Қазақстан облысында макарон өнімдерін өндіру бойынша үздік деп «Корона» макаронная фабрикасы» ЖШС танылды («Корона» сауда белгісі). «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ мен «Корона» макарон фабрикасы» ЖШС «Зерновая индустрия» компаниялар тобына кіреді.
SWOT- талдау
Күшті жақтары: Бәсекелестікпен күрес стратегиясы қалыптасқан, өзіндік тауар өндірісі мен инфрақұрылымның болуы, Макарон өнімдерін өндірудің заманауи технологиясы бар, Басқарушылық мамандардың біліктілігі.
Әлсіз жақтары: Балансталмаған өндірістік қуаттылық, Білікті мамандардың жиі ауысуы, Қызметкерлерді ынталандыру жүйесінің әлсіздігі, Қойма қорларын басқару жүйесінің дамымауы, Кадрлық саясаттың болмауы.
Қауіптері: Кәсіпорын қызметі мен оның стратегиясын дамытуды жоспарлау әлсіз, Қаржылық ахуалдың сыртқы факторларға айтарлықтай тәуелділігі, Рейдерлік қамтылу қауіпі, Нарыққа неғұрлым ірі компанияның келуі.
Мүмкіндіктері: Үздік өндірістік технологиялар мен маркетингтік технологияларды тиімді пайдалану, өндірілетін тауар сапасын жетілдіру, Тауарлық өнімдердің, қызметтердің номенклатурасын арттыру, Қызметті кеңейту.
4.3 Маркетинг стратегиясы
Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынвда макарон өнімдерін өндірудің тиімді жүйесін қалыптастыру.
Негізгі тауарлар мыналар болады: макарон өнімдері түр-түрімен.
Кесте 9. Мақсаттық топ
Тағамдық - өндірістік дүкендер |
70% |
Қоғамдық тамақтану желілері |
25% |
Мектептер |
3% |
Мектепке дейінгі мекемелер |
2% |
Жобаның маркетингтік стратегиясын дайындауға ұсынылатын тауарлар, бағалар, дистрибуция және алға жылжыту бағытында стратегия әзірлеу кіреді. Төменде аталған бағыттар бойынша әзірленген стратегия берілген.
Баға стратегиясы.
Баға стартегиясы мынадай шараларды қарастырады:
1. бәсекелестердің бағалық саясатын барлау;
2. жеңілдіктер жүйесін пайдалану;
3. жұмсалған қаражаттардың жабылуы мен қолданыстағы әрекет етуші заңнама талаптарын ескере отырып баға қалыптастыру;
4. төлеудің икемді түрлерін қалыптастыру – төлемді кешіктіре қайтару жүйесін енгізу.
Дистрибуциялық стратегия
Компанияның коммерциялық қызметі төлемге қабілетті алармандарды іздеуге бағытталуы керек және олармен ұзақ мерзімдік қарым-қатынас қалыптастыру болуы шарт.
Алға жылжыту стратегиясы
Алға қойылып отырған маркетингтік мақсаттарға жету Компаниядан бағыттың таңдалып алынған тұстарын жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді. Қызметтерді алға жылжыту бойынша шаралар кешеніне жарнамаларды енгізу ұсынылады.
Жарнама құралдары ретінде мыналар пайдаланылады:
1. Арнайы баспа құралдары;
2. Арнайы ТВ және Радио бағдарламалары;
3. Дербес сайт;
4. Ғаламторлық маркетинг
4.4 Тарату әдістері және арналары. Таратуды ынталандыру
Бұл жобаның бағалық саясаты тауарлардың жоғары сапалы болуына сай келеді, сол арқылы тұтынушылардың жақсы пікіріне ие болады. Бағыттау қағидаты да осыған негізделген. Басты назарды жоба тауарларына билік етіп тұрған орташа нарықтың бағаны ескере отырып дифференциалданған бағаны қалыптастыруға аударған дұрыс.
Бағаны қалыптастыру қағидаты тұрақты және ауспалы жұмалымдарды төмендету болып табылады, бірақ саудаланатын тауардың спасына нұқсан келтірмеу керек. Бағалық ынталандыру ретінде тұрақты алармандар үшін жеңілдіктер жүйесі қолданылатын болады. Қажет болған жағдайда бағалық дискриминация саясаты да қолданылады
Кәсіпорын бағаны қалыптастырудың шығындық әдісін қолданады, бірақ соған қоса бәсекелестердің бағаларын ескере отырып нарықтағы жағдайды да ескереді. Кәсіпорынның қысқа кесілген макарон өнімдерін шығаруының орташа бағасы 60 тг., ал ұзын болып кесілгендеріне – 70тг.
Осылайша, макарон өнімдерінің бағасы жергілікті нарықтың ең төмен бағасына аса жақын деңгейде қалады, ал сапа ең талғампаз тұтынушыны қанағаттандыра алады. Ұсынылып отырған дифференциялық әдіс тиімді болып табылады, себебі нарықта қандай да бір өзгерістер болғанда Компания оларға неғұрлым тез арада әрекет ете алады.
Сонымен қатар жарнаманың тиімділігі мен имиджді қалыптастыру үшін мыналар болуы керек:
1. танымдық ұстаным;
2. алармандар қажеттілігіне бейімделу және оларды толық қанағаттандыру;
3. аларманға сыйластық қарым-қатынас, жоғары мәдениет;
4. белгілі жарнамалық және қызмет көрсету үлгісінің болуы;
5. алармандардың қажеттіліктеріне және оның өзгеруіне байланысты дер кезінде әрекет ету;
6. тауарлар мен қызмет көрсету сапасының мінсіздігі;
7. міндеттемелерді нақтылап анықтау және толығымен орындау;
8. нарықта үнемі болу;
9. алармандармен достық қарым-қатынас (аларманның кәсіпорындағы жағдайды жақсы қабылдауына жағдай жасау);
10. әлеуетті алармандармен жұмыс;
11. өзі туралы еске салып тұру;
12. фирмалық киім, бэйдж;
13. аларман деңгейіне жауап беретін немесе одан да жоғары эстетика;
14. қолайлы және дамыған инфрақұрылым;
15. алармандарды компанияға дейін жеткізетін жарнамалық қалқандардың, ілмелердің, белгілердің, нұсқаушы белгілердің болуы;
16. фирмалық бланктардың, кәдесыйлардың, қалталардың, материалдардың болуы, олар алармандарға беріледі;
17. көрмелерге, тұсау ксерлерге қатысу;
Дайындалған маркетинг жүйесі кәсіпорынға алға қойған маркетингтік мақсаттарға жетуіне және нарықтағы өз орнын нығайтуына мүмкіндік береді.
Тарату арналарын талдау
Шығарылатын өнімнің негізгі арналары мыналар:
1. Дайындаушы кәсіпорын → Көтерме сауда → Бөлшек сауда → Тұтынушы.
2. Дайындаушы кәсіпорын → Тұтынушы (фирмалық дүкендер).
3. Дайындаушы кәсіпорын → Ұн жеткізушілер→ Тұтынушы.
Негізінен бірінші арна бойынша өнімнің жалпы көлемінің 70% сатылады, ал екіншісі бойынша – 10%, үшіншісі бойынша – 20%.
5. Техникалық жоспарлау
Өндірістік жайлар және қоймалық жайлар мен кеңселік жайлар Макарон өнімдері өндірісін ұйымдастыру үшін ауданы кемінде 350м2 болатын жай керек, соның ішінде өндірістік – 200м2, қоймалық – 100м2 және әкімшілік-тұрмыстық – 50 м2 орындар да бар. Жоба бойынша осындай орын сатып алу жоспарлануда. Өндірістік жай № 4416-87 «Өңдеу кәсіпорындарына арналған санитарлық ереже» талаптарына сай келеді: ыстық және суық сумен жабдықтау коммуникацияларымен қамтамасыз етілген, ағызу арналары, жарықтандыру, желдету, жылыту жүйелері бар; ғимараттың қабырғалары кафельдік тақталармен өңделген, ағысты арнаға бағыттай алатын құрастырмалы едені бар. Электрлік қуат қалыптастырылған шамаларға толық сай келеді. Жабдықтарды орналастыру 2013 жылдың сәуіріне жоспарланған.
