- •Мазмұны
- •Жобаның концепциясы
- •Өнімнің (қызметтің) сипаты
- •Өндіріс бағдарламасы
- •4. Маркетингтік жоспар
- •5.1 Өндірістік ресурстар
- •5.2 Жобалау және технология
- •5.3 Жабдық сатып алу бағдарламасы
- •6. Ұйымдастыру, Басқару және қызметкерлер
- •7. Жобаны жүзеге асыру
- •8 Капитал мен қаржыландыруға қажеттілік
- •8.1 Жобаның жалпы қаржылық сипаты
- •9. Қауіпті бағалау және сақтандыру
- •10. Экологиялық ахуалы
Бизнес-жоба
«Макарон өнімдерін өндіру»
Мазмұны
Кестелер тізімі........................................................................................................ 3
Суреттер тізімі....................................................................................................... 4
Түйіндеме ................................................................................................................5
Кіріспе .....................................................................................................................6
1. Жобаның концепциясы ......................................................................................7
2. Өнімнің (қызметтің) сипаты ..............................................................................8
3. Өндіріс бағдарламасы ........................................................................................8
4. Маркетингтік жоспар .........................................................................................9
4.1 Өнім (қызмет) нарығының сипаты .................................................................9 4.2 SWOT - талдау ................................................................................................12 4.3 Маркетинг стратегиясы ..................................................................................13
4.4 Тарату әдістері мен арналары. Таратуды ынталандыру .............................14 5. Техникалық жоспарлау ....................................................................................15
5.1 Өндірістік ресурстар ......................................................................................15
5.2 Жобалау және технология…….....………………….........………......….….16
5.3 Жабдық сатып алу бағдарламасы………………………............…….…….18
6. Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер ..................................................18
7. Жобаны жүзеге асыру ......................................................................................19
8 Капитал мен қаржыландыруға қажеттілік .....................................................20
8.1 Жобаның жалпы қаржылық сипаты………...……….……...............……...20
8.2 Қаржылық жоспардың жалпы негіздері мен шарттары ………………….20
9. Қауіпті бағалау және сақтандыру…………………………………………....21
10. Экологиялық ахуалы………………………………………………………..21
Кестелер тізімі
Кесте 1. Мақсаттық топтар…………………………………………………….…4
Кесте 2. Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар……………...……4
Кесте 3.Жалпы инвестициялық шығындар ……………………………………..4
Кесте 4. Несиелендірудің келесі шарттары қабылданды ……………………...5
Кесте 5. Кәсіпорын қызметінің жобаның 4 жылындағы тиімділік көрсеткіштері. …………………………………………………………….………5
Кесте 6. Өткізу жоспары ……………………………………………………...…8
Кесте 7. Өткізу мөлшері………………………………………..............................8
Кесте 8. Сатудан табыс ………………………………………………..…………9
Кесте 9. Мақсаттық топ …………………………………………………………13
Кесте 10. Тізбектің техникалық сипаттамалары.………………………...……18
Кесте 11. Жабдық сатып алу бағдарламасы……………………………………18
Кесте 12. Кәсіпорынның шаттық кестесі………………………………............18
Кесте 13. Несие шарттары және оны өтеу кестесі……………………………..21
Суреттер
1-сурет. Қазақстанда макарон өнімдерін тұтыну..............................................10
2-сурет. Макарон бұйымдарының белгісін тану және тұтыну………………10
3-сурет. Макарон өнімдерінің қаптамасына қатысты таңдау……………….11
Түйіндеме
Бұл бизнес-жоба «Макарон өнімдерін өндіру» жобасының қаржылық-экономикалық тиімділігі мен техникалық тұрғыда жүзеге асырылуын түсіндіру мақсатында әзірленді.
Компания барлық макарон түрлерін, қалың және жіңішке түрлерін өндіреді.
Компания алуан түрлі макарон өнімдерін өндіруді, сақтауды және сатуды жоспарлап отыр.
Орналасқан жері: Шымкент қаласы.
Макарон бұйымдарын тарату нарығы тағам саудасы саласындағы кеңінен тараған түр болып табылады.
Кесте 1. Мақсаттық топтар
Нарықтың түрі |
Үлесі |
Өндірістік тағамдық дүкендер |
70% |
Қоғамдық тамақтану желілері |
25% |
Мектептер |
3% |
Мектепке дейінгі мекемелер |
2% |
Кесте 2. Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындарға мыналар кіреді
Шығындар, USD. |
2018 |
Жай (орын) сатып алу |
250 000 |
Жабдық сатып алу және орналастыру |
360 000 |
Айналымдық капиталды толықтыру |
50 000 |
Барлығы |
660 000 |
Жобаны қаржыландыру несиелік қаражат есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
Кесте 3.Жалпы инвестициялық шығындар
Қаржыландыру көзі,.USD |
Мөлшері |
Кезеңі |
Үлесі |
Несиелік қаражаттар |
660 000 |
10-01.2018 |
100% |
Барлығы |
660 000 |
|
100% |
Кесте 4. Несиелендірудің келесі шарттары қабылданды:
Несие валютасы |
Теңге |
Жылдық пайыздық мөлшерлеме |
14% |
Негізгі қарыз бен пайыздарын өтеу |
Ай сайын |
Пайыздарды өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі, ай |
12 |
Негізгі қарызды өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі, ай |
12 |
Негізгі қарызды өтеу түрі |
Тең үлеспен |
Кесте 5. Кәсіпорын қызметінің жобаның 4 жылындағы тиімділік көрсеткіштері.
Жылдық табыс (4 жыл), USD. |
845 123 |
Активтердің рентабельділігі |
30,7 % |
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR) |
109.1% |
Таза ағымдық құн (NPV), USD. |
805 493 |
Жобаның өзін-өзі ақтауы (қарапайым), жыл |
1,80 |
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл |
1,88 |
Экономикалық тұрғыдан алғанда жоба мыналарға әсер ететін болады:
1. Шымкент қаласы бюджетіне қосымша табыстың түсуіне;
2. Аймақ тұрғындарының сапалы макарон өнімдеріне деген сұраныстарын толық қанағаттандыруға.
3. Халықты жұмыспен қамтуға.
Кіріспе
Бұл бизнес-жоба "Макарон өнімдерін өндіру" жобасын инвестициялаудың негізділігін экономикалық тұрғыда түсіндіруге арналған.
Бизнес-жобада инвестициялық есептеулер жасау үшін қажетті барлық ақпараттар берілген, соның ішінде кірістердің, жобаны жүзеге асыру барысында талап етілетін шығыстардың және негізгі салымдардың негізгі түрлері берілген. Сонымен қатар макарон өнімдері нарығының саипаттамасы оған қатысты сұраныс пен тұтыным динамикасы көрсеткіштерімен бірге, сонымен қатар бағалық көрсеткіштерімен бірге ұсынылған. Аталған көрсеткіштер негізінде жобаны жүзеге асыру барысында нарықтың даму көрсеткіштеріне болжам жасалған. Инвестициялық жобаның тиімділігі мен тәуекелдеріне баға берілген және жобаның негізгі интегралдық көрсеткіштері – таза дисконттық табыс (NPV), кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), кірістілік индексі (PI), өзін-өзі ақтаудың дисконттық кезеңі (DPP) нарықтың нақты даму қалпының негізіне бағыттала отырып есеплтеген.
Жобаның тиімділігін экономикалық тұрғыда түсіндіру үшін есептеулер жасауға пайдаланылған деректердің негізгі көздері мыналар болды:
1. «Инвестицилық жобаларды бағалау және оларды қаржыландыру үшін іріктеу бойынша әдістемелік нұсқаулар», ЮНИДО әдістемесі (БҰҰ жанындағы өндірістік даму Комитеті), ол жобаның ерекшеліктеріне байланысты түрлендірілген.
2. БАҚ пен Ғаламтордың ашық көздерінен алынған ақпараттар;
3. Қазақстан нарығына жасалған зерттеулер нәтижелері;
4. ҚР статистика Агенттігінің статистикалық деректері, талдаулық шолулар және баспасөз хабарламалары.
Инвестицияның тиімділігін бағалау мақсатында есептеулер жүргізу барысында дисконтталған ақша ағымы әдісі қолданылды (FCF).
Зерттеулер 2017 жылдың қарашасында жүзеге асырылды.
