Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7ae56e13-6080-11e3-a111-f6d299da70eeУМКД ТПФ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
886.27 Кб
Скачать

Жоспар:

  1. Негізгі және орта мектепте оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің ерекшеліктері

  2. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдері.

  3. Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Оқушылардың үлгерімін тексеруді дұрыс ұйымдастыру олардың жұмыстарына бақылау жасау үшін қажет. Ол оқушылардың ой-өрісінің дамуына, олардың ойлауы мен сөйлеуіне әсер тетеді, олардың білімдерін жүйеге түсіреді, сондай-ақ мұғалімнің қолданған әдісінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздерінің оқу еңбегіне есеп беріп тұруы оларды жауапкершілікке тәрбиелейді.

Физикадан үлгерімді тексеруге – білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру кіреді. Оқушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға – тексерудің жүйелілігі және бағаның әділ қойылуы жатады.

Оқушылардың физикадан білімін ауызша және жазбаша, ал іскерліктер мен дағдыларды эксперименттік және графиктік есептерді шығарудың, бақылау және лабораториялық жұмыстардың көмегімен тексереді.

Оқушылардың білімін тексерудің ең кең тараған түрі – ауызша тексеру. Оның көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімді ауызша тексеруді сабақтың барысында, қайталау уақытында және жаңа материалды оқып үйренуге дайындық кезінде, сабақтың соңында өткізуге болады.

Білімді ауызша тексеру тәсілі екі формада: жеке және жаппай өтеді.

1)жеке дара сұрауда оқушылардың бірі тақтада физикалық құбылысты, заңды немесе құрылғының, приборлардың жұмыс істеу принципін, есептің шешуін жүйелеп түсіндіреді, тәжірибелер жасайды.

2)білімді жаппай тексеруді сабақтың кез-келген кезеңінде өткізуге болады: материалды қайталағанда, жаңа материалды оқып үйрену процесінде және т.б.

Білімді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын өткізу жолымен жүзеге асады. Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін: 10-15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Бір сағаттық бақылау жұмысын бір тоқсанда бір-екі рет өткізеді.

Практикалық іскерліктер мен дағдыларды тексеруді приборлар мен аспаптардың көмегімен оқушылардың түрлі тәжірибелерді орындау жолымен өткізеді. Мұндай практикалық тексеру жұмыстары жеке-дара, сондай-ақ жаппай өткізіледі.

Жеке-дара практикалық тексеруде оқушы қандай-да бір тәжірибені қайталап көрсетіп береді, приборлардың, машинаның құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіріп береді немесе физикалық шамаларды өлшеу тапсырмасын орындайды.

Жаппай практикалық тексеруде мұғалім бүкіл сыныпқа тапсырма береді де, жұмыс барысын қадағалайды. Мұғалім өзінің бақылауларына және оқушылардың жазбаша есеп беруін негізге ала отырып баға қояды. Мұндай жұмыстардың қатарына лабораториялық жұмыстарды жатқызуға болады.

Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау

Оқушыладың білімі бес балдық жүйемен бағаланады. Бағаларды қою кезінде мұғалім анықталған критерийлерді жекетшілікке алады, оларға білімдердің тереңдігі, көлемі және меңгерген білімді жалпылай алу мен талдай білу, алған білімдерін танымдық және практикалық іскерліктерге қолдана білу жатады.

Білімдерді бағалау кезінде мұғалім физика бойынша жалпы білім беру бағдарламасында келтірілген білімдерді бағалау нормаларын басшылыққа алады. Бағдарламада бағалау кезінде қолданылатын білімдер мен іскерліктер ажыратылып көрсетілген. Оларға мыналар жатады:

Физикалық құбылыс жайында:

1.Құбылыстың белгілрі, оның анықтамасы.

2.Оның өту мен байқалу шарттары.

3.Ол құбылысты қазіргі заманғы ғылыми көзқарас тұрғысынан түсіндіріп, дәлелдеу.

4.Оның басқа құбылыстармен байланысы.

5.Құбылыстың практикада ескерілуі.

Физикалық шама жайында:

1.Физикалық шамамен сипатталатын құбылыстың қасиеттері.

2.Бұл шамамен басқа шамалардың арасындағы байланысты көрсететін формула.

3.Физикалық шаманың анықтамасы.

4.Оның өлшеу бірліктері.

5.Физикалық шаманы өлшеу тәсілдері.

Физикалық заң жайында:

1.Физикалық заң қандай шамалардың арасындағы байланысты тағайындайды.

2.Заңның тұжырымдамасы.

3.Заңды дәлелдейтін тәжірибелер мен эксперименттік факт.

4.Заңды осы заманғы ғылыми теориялар негізінде түсіндіру.

5.Заңды практикада қолданудың (ескерудің) мысалдары.

Нысан жайында:

1. Нысанның жалпы сипаттамасы.

2. Пайда болу шарттары.

3. Нысанның физикалық қасиеттері.

4. Сапалық сипаттамалары.

5. Модель.

6. Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер.

7. Оның мүмкін күйлері.

8. Практикада пайдаланылуы.

Тәжірибе жайында:

1. Тәжірибенің мақсаты.

2. Тәжірибенің сызбасы (схемасы).

3. Тәжірибе өтетін жағдайлар.

4. Тәжірибе жасау.

5. Тәжірибенің қорытындысы.

Приборлар жайында:

1. Құрылғының қызметі.

2. Құрылғының сызбасы (схемасы).

3. Құрылғының жұмыс істеу принциптері.

4. Қолданылуы.

Бағалауға келесі іскерліктер жатады:

- табиғат пен техниканың құбылыстарын түсіндіру үшін ұғымдарды, заңдарды және теорияларды қолдану;

- оқулықпен өзбетінше жұмыс істеу;

- белгілі заңдар мен формулалар негізінде есептерді шығару;

- физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану.

Лабораториялық жұмыстарды бағалау кезінде келесі іскерліктер ескеріледі:

- тәжірибені жүргізуді жоспарлау;

- схема бойынша қондырғыны жинау;

- өлшеуіш приборларды қолдану;

- бақылаулар жүргізу, өлшеуіш приборлардың мәліметтерін алу, шамалар тәуелділіктерінің кестесін құру және графиктер тұрғызу;

- өлшеу нәтижелерін бағалау және өлшеу қателіктерін есептеу (жоғарғы сынып үшін);

- істелеген жұмыс бойынша қысқаша есеп беру және қорытынды жасау.

Бағдарламада оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау нормасының мысалы келтірілген.

«5» бағасы қойылады, егер оқушы:

- қарастырылған құбылыстардың және заңдылықтардың, заңдардың мен теориялардың физикалық мәнін дұрыс түсінгенін білген кезде, негізгі ұғымдарға, заңдарға және теорияларға дұрыс анықтама бергенде, сондай-ақ физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін және өлшеу тәсілдерін дұрыс анықтағанда;

- алынған жауаптың сызбаларын, схемаларын және графиктерін дұрыс орындағанда;

- жауапты жеке жоспар бойынша құрғанда, баяндау барысында жаңа мысалдарды қолданғанда, практиалық тапсырмаларды орындау кезінде жаңа жағдайларға білімдерді қолдана білгенде;

- физика курсы бойынша меңгерілген және бұрын меңгерілген материал, сондай-ақ басқа пәндерді игеру кезінде меңгерілген материал арасында байланыс орната білгенде;

- қателіктерді дұрыс талдағанда.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Негізгі және орта мектепте оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің ерекшеліктерін атаңдар.

  2. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдерін көрсетіңдер.

  3. Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын тексерудің маңызы мен қажеттілігі қандай?

  4. Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалаудың түрлерін көрсетіңдер.

12, 13 -тақырып. Техникалық құралдарды пайдалану, бағдарламалап оқыту тәсілдері

Дәріс мақсаты: Теханикалық құралдар мен бағдарламаланған оқыту құралдары ұғымдарына анықтама беру. Оларды қолдану әдістемесін көрсету.

Жоспары:

  1. Техникалық құралдар. Олардың түрлері

  2. Бағдарламаланған оқыту құралдары.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

1. Оқытудың техникалық құралдары дегенде техникалық қондырғылардың және оларға арналған арнайы дидиактикалық материалдардың жиынтығын түсенеміз.

Орта мектпетердің физика кабинеттерін оқытудың техникалық құрлдарымен жабдықтау және оларды қолдану әдістемесіне 15-20 жылдай уақыт өтті. Қазіргі уақытта мектептердің барлығы дерлік оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен жабдықталған. Бұрынғы техникалық құралдарды біртіндеп сырып келеді.

Дәстүрлі ОТҚ (оқытудың техникалық құралдары). Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының әртүрлі классивикациясы бар. Төмендегі схемада соның бірі келтірілген.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін ОТҚ (ТСО). Оған радио, магнитофон жатады. Бұл жағдайда сәйкесінше дидактикалық құралдар оқу радиоқабылдағыштары және магнитофонды жазбалар болып табылады, мысалы физикалық диктанттарды, текстерді экрандық құрал арқылы бейнелейді.

Экрандық (визуальды) құралдар, яғни ақпарттарды көру каналдары бойынша беретін ОТҚ, оған кодоскоп графопроектор жатады - бейнелерді пленкада преокциялайтын прибор; эпидиа­скоп – бейнелерді қағазда проекциялау үшін қолданылатын прибор; диапроектор - диапозитивтер және диафильмдерді проекциялауға арналған прибор.

Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезгілде көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Оларға: кинофильмдерді («Украина», «Школьник» және т.б.) демонст­рациялауға арналған кинопроектор, телевизор, видеомагнитофон жатады. Осы ОТҚ керекті дидактикалық материалдар төмендегі схемада көрсетілген:

Оларды қарастырайық.

Диапозитивтер кез-келген статистикалық проекция құралы сияқты экранда қозғалмайтын кескінді алуға мүмкіндік береді; өзінің мүмкіндігі бойынша диапозитвтер қабырға кестелеріне ұқсас. Бірақ диапозитвтің кескіні кестеге қарағанда ірірек бола алады дәл осы оның артықшылығы болып табылады.

Диапозитивтер жекелеген кадрлар сияқты (ғалымдардың портреттері, техникалық қондырғылардың фотосуреттері, диаграммалар, графиктер және т.с.с.).

Диафильмдер бейнелер мен оған байланысты текстер кадрлардың қатаң жалғасымдылығын бейнелейді. Кадрлардың жалғасымдылығы диафильмге енгізілген мәселенің логикасымен анықталады.

Диапозитивтер және диафильмдер өзіндік ақпарат көзі, мұғалім әңгімесінің иллюстрация құралы ретінде қолданылады. Олар оқытудың басқа құралдарымен бірлесе қолданылуы мүмкін. Кодоскоптың көмегімен мөлдір пленкада орындалатын Транспаранттар немес суреттер,чертеждар,тексттер. Оларды үш топқа бөледі:

1) белгілі бір ақпартты қамтитын алдын-ала дайындалған жекеленген транспаранттар;

2) материалды түсіндіру процесінде суреттер мен немесе текстермен толтырылған транспаранттар;

3) әрбіреуі бүтіндей бір кескіндердің фрагментін қамтитын алдын-ала дайындалған транспаранттар сериясы.

Кодоскоптың диапроектордан артықшылығы қараңғыланбаған сыныпта да жұмыс істеуге болатындығында.

Эпидиаскоп мөлдір емес қағазда дайындалған текстің, суреттердің, чертеждардың проекциясын алуға мүмкіндік береді.

Кинофильмдер қозғалыстағы, дамудағы, өзгерістегі обьектілерді көрсетуге мүмкіндік береді. Кинофильмдерде мультипликация көмегімен процестерді моделдеу кеңінен қолданылады. Тікелей бақылауға мүмкін емес обьектілер мен процестерді кино көмегімен көрсетуге болады.

Физиканы оқыту процесінде оқу кинофильмдері мақсатты түрде қолданылады:

- қуатты микроскоптың көмегімен бақыланатын (броундық қозғалыс) микропроцесстерді демонстрациялауда;

- мектепте қойылуы мүмкін (Штерн, Кавендиш тәжірибелері және т.б.) емес іргелі тәжірибелерді демонстрациялауда;

- мультипли­кация (электрондар мен иондардың қозғалысы, электр­магниттік толқындардың таралуы және басқалар) көмегімен құбылыстар мен процестерді моделдеу;

- жылдам өтетін процестерді көрсету (қатты дене деформа­цияларының барлық стадиялары және т.б.);

- баяу өтетін процестерді көрсету (қатты денелер диффузиясы және т.б.);

- меңгерілген білімдер мен заңдардың техникалық қолданылуын көрсету (интерференцияның, поляризацияның және т.б. қолданылуы).

Кинофильм сабақта тұтастай немесе фрагмент бойынша көрсетілуі мүмкін. Ол жаңа материалды меңгеру барысында, немесе мұғалімнің түсіндіруін иллюстрациялау құралы ретінде қолданылуы мүмкін.

Соңғы уақытта кинофильмдерді видеофильмдермен алмастыруда.

Телевизор, кино сияқты үлкен дидактикалық мүмкіндікке ие, оның көмегімен кино және оған тән құралдарды біріктіреді.

Радиоқабылдағыштар оқушылар үшін қосымша апқарат көзі болып табылады. Олар меңгерілген материалмен уақыт бойынша келісілмеген, сондықтан мұғалім ғылыми-танымал радиохабарламаларды магнитофонға жазып алып, сәйкес сабақта қолдана алады. Магнитофонды жазба физикалық диктантарды өткізу кезінде қолданылады.

Олай болса, дәстүрлі ОТҚ оқу процесінде үлкен мәнге ие, олар оқушылардың оқу-танымдық іскерлігін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, олар білім көзі және көрнекілік құралы болып табылады.

Оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдары

Қазіргі заманға ОТҚ жатады:

- видеопроекторлар;

- қараңғыланған және аз жарықталынған бөлмеде жұмыс істейтін үлкен экран;

- дербес компьютер;

- видеокамера және видеомагнитофон;

- фреймграбер және т.б.

А.В.Смирновтың жетекшілігімен жасалған нақты жүйені мысал ретінде қарастыруға болды. Бұл жүйе алдымен МАЖ (АРМ) – мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс (физика мұғалімі) орны деп аталды, ал жаңа модификацияда – ОАК (АКП) (оқытушының автоматтандырылған комплексі). Смирновтың ОАК схемасы төмендегі суретте көрсетілген:

Комплекстің орталығы дербес компьютер болып табылады 1 (бұдан кейін ДЭЕМ белгіленеді). Ол видеомагнитофонмен 2 бірге сыртқы проекциялық экранда 4 (өлшемдері, мысалы диагонал бойынша шамамен 3,5 м) түрлі-түсті және ақ-қара ақпаратты бейнелейтін видеопроекторға 3 шыға алады. Кескін экранда жақсы көрінеді, себебі видеопроектор үлкн жарық ағынына ие (900лм). Видеопроектормен 3, диапроектормен 7, проекциялық экранмен 4, терезелерді перделеу 9 және сынып-аудиторияны жарықтандыру (лампы схемасында жарықтандыру көрсетілмеген) дистанциялық пульттың 17 көмегімен басқарылады. Комплекс датчиктермен 16, аналогты-цифрлық түрлендіргіштермен 15 комплектіленеді. Комплексте видеокамерлар 5 және фреймграбердің 6 болуы мұғалімге магнитті лентаға визуальды ақпаратты жазуға мүмкіндік береді. ОАК (АКП) портативті магнитофонмен 8 жарықтандырылған, ол усилителмен 10 және акустикалық аппаратурамен 11жалғанған. Бұл мүмкіндік береді:

- магнитті лентаға жазылған тексті шығаруға мүмкіндік береді;

- кабинетте сабақтың музыкамен жүргізілуіне жақсы жағдай жасайды;

Оқушылардың жеке жұмыстарын ұйымдастыру үшін телефондарды 12 қолдануға болады.

ОАК (АКП) көппультті сұрақ-өлшегіш жүйесімен 13 жабдықталған. Ол ДЭЕМ базасында құрылады.

Сынып тақтасымен жұмыс

Әрбір оқу кабинетінде класс тақтасы бар, әрине ол физика кабинетінде де болады. Ол алдыңғы қабырғада, демонстрациялық үстелдің есігінен сәл жоғары немес оның деңгейінде биіктіке ілінеді, себебі ондағы жазу орныдарында отырған барлық класс оқушыларына көрінетін болуы керек.

Тақтаның жұмыс беті линолеумнан немесе қалың әйнектен жасалады, ол қоңыр немесе жасыл түсті болады, қара түсті де тақталар кездеседі.

Соңғы уақытта ақ әйнекті тақталар да шыға бастады, оған арнайы фломасте­р-маркерлермен жазады және суреттер салады. Қазіргі заманғы оқытудың техникалық құраларының (ОТҚ) енуіне байланысты класс тақтасына деген қажеттілік болмайды деген көзқарас қалыптасуы мүмкін. Мұнымен келісуге болмайды. Класс тақтасы физика кабинетінде болған және де бола да береді, себебі оның қажеттілі:

- жаңа материалды түсіндіру суреттермен, чертеждармен, схемалармен, формулалармен және жазбалармен жүргізілгенде мұғалімге қажет.

Жоғарыда көрсетілген кескіндер – бұл процесс, сабақ элементтері емес, өйткені бұл процесс түсіндіру, және бейнелеу, деталдар анықтап көрсетіледі, керек еместері сүртіледі, басқалармен алмастырылады (мұның барлығын графопроектор пленкасында немесе ЭЕМ-да жасау үнемі жүзеге аса бермейді) үйлеседі;

-тақтада жауап беріп тұрған оқушыға суреттерді салу, формулаларды жазу үшін қажет.

Физика мұғалімі тақтаға жақсы жаза алуы және сурет сала алуы керек. Егер мұны бірден жасай алмаса, онда сабақтан бос уақытта осы жұмыспен айналысу керек; осы үшін төмендегі дағдыларды қалыптастыру керек:

- жазу жақсы көрінуі үшін барды қатты басу керек;

- жазбалардың өлшемі өте үлкен, немесе өте кіші болмауын қадағалау керек;

- тақтадағы жазбаның горизонтальдығына көңіл аудару керек;

- тақтадан қажет емес жазбаларды өшіру үшін губка немес тряпкамен жұмыс істеуді әдітке айналдыру керек.

Сынып тақтасындағы сурет дидактикалық мақсатта орындалатындықтан, ол қарапайым болуы керек.

Кестелер мен моделдер

Кестелер негізінен жаңа оқу материалын түсіндіру үшін және тақтада жүзеге асыру мүмкін болмайтын мұғалімге қажетті иллюстративті материалды қамтиды. Кестелерде, ережеге сай табиғи түрінде көрсету мүмкін емес техникалық қондырғылар бейнеленген. Әдетте құрылымның жалпы түрінен басқа оның конструктивті ерекшеліктерін және барлық деталдарын көруге мүмкіндік беретін кесік бейнеленеді.

Кестелер жұқа қағаздарда әртүрлі авторлардың қолымен жасалған, олар рулондармен (класттар, тақырыптар бойынша) дайындалған, мұғалімдер оларды кар­тонға жапсырады. Кестелер осы түрінде класс тақтасының төменгі жағындағы бөлек жәшіктерде сақталған. Қазіргі уақытта жаңа кестелер шығарылмайды. Оларды кестелер мазмұнын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа құралдар алмастыруда.

Физика мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне өз сабақтары үшін қолдан жасалған плакаттар қолданысқа енді, олардың бағасы өте жоғары. Олар сабақтың мазмұнын арттырады, сабақтың көркін кіргізеді.

Плакаттардан басқа физика кабинетінде әртүрлі моделдер бар, бұл моделдердің бір бөлігі – заводта жасалған, бір бөлігі – қолдан жасалған моделдер. Моделдер сәйкес приборлармен қондырғыларды меңгеру кезінде көрнекілік функциясын арттыру ролін атқарады. Моделдер статикалық (кристалл тор) және динамикалық, немес кинематикалық (броундық қозғалыс моделі, бу турбиналары және т.б..). Оқушыларға моделдерді дайындау бойынша тапсырмаларды берген пайдалы.