- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1 Глоссарий
- •2 Дәрістер
- •1Микромодуль «оқыту теориясы»
- •Сабақтың түрлері және құрылымы
- •8 Тақырып «Физикадан зертханалық сабақтар»
- •Жоспар:
- •Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу
- •9 Тақырып «Физика бойынша экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері»
- •Эксурсия физиканы оқытудың бір формасы.
- •Экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Бағдарламаланған оқыту құралдары.
- •1 Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы
- •2 Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер
- •3 Экскурсияны өткізу әдісі
- •3. Практикалық сабақтар практикалық сабақ № 1 тақырыбы: Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту
- •Практикалық сабақ № 2-3
- •4 Зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
- •5. Студентердің өздік жұмыстары тақырыбтарының тізімі
Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу
Жұмыстың мақсаты: өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу.
Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр (мензурка), су құйылған тостаған, жіңішке жіп, әртүрлі ыдыстар мен денелер (гайка, өшіргіш, т.б.).
1-тапсырма. Өлшеуіш цилиндр бөліктерініңң құнын анықтау
Жұмысты орындау.
өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдаы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;
оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құныны анықтаңдар;
қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып анықтаңдар;
анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар;
өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:
1-сурет |
1-кесте
|
Е с к е р т у. Сұйықтың көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек (1-сурет).
2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау
Жұмысты орындау.
өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық бататындай етіп (1-сурет) су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;
пішіні мен көлемі әр түрлі 2-3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін 2-кестеге жазыңдар.
2
-сурет2-кесте
Өлшейтін дене
Сұйықтықтың бастапқы көлемі (V1,см3)
Дене мен сұйықтың көлемі (V2,см3)
Қатты дененің көлемі (V=V2,-V1), см3
өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдытың көмегімен анықтауға болады (2-сурет).
Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.
Е с к е р т у. Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сыятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.
Зертханалық жұмысты орындағаннан соң, жасалған жұмыс бойынша оқушылар қорытынды жасайды. Мұғалім оқушылардың дәптерлерін жинап, тексеріп, оқушылардың жұмысын бағалайды.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Зертханалық сабақты өткізу әдістемесі.
Зертханалық жұмыстың физикалық практикумнан айырмашылығы қандай?
