- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1 Глоссарий
- •2 Дәрістер
- •1Микромодуль «оқыту теориясы»
- •Сабақтың түрлері және құрылымы
- •8 Тақырып «Физикадан зертханалық сабақтар»
- •Жоспар:
- •Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу
- •9 Тақырып «Физика бойынша экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері»
- •Эксурсия физиканы оқытудың бір формасы.
- •Экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Бағдарламаланған оқыту құралдары.
- •1 Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы
- •2 Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер
- •3 Экскурсияны өткізу әдісі
- •3. Практикалық сабақтар практикалық сабақ № 1 тақырыбы: Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту
- •Практикалық сабақ № 2-3
- •4 Зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
- •5. Студентердің өздік жұмыстары тақырыбтарының тізімі
8 Тақырып «Физикадан зертханалық сабақтар»
Дәріс мақсаты: Зертханалық сабақтарды жүргізу әдістемесін меңгерту.
Жоспар:
Зертханалық сабақтардың мәні.
Физикадан зертханалық сабақтарды жүргізу әдістемесі. Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Фронтальды лабораториялық жұмыстар және тәжірибелер
Әрбір мектеп оқушысының физиканы оқи бастағанға дейін әртүрлі физикалық түсініктер қоры болатыны даусыз.
Әрине, өз беттерімен өмірден жинақталған білім қорлары барлық оқушыларда бірдей емес. Ал кейбір оқушыларда олар, тіпті дұрыс болмауы да мүмкін. Бұл түсініктер қандайда бір жаңа материалдарда қабылдап, түсіну үшін әрқашан жеткілікті негіз бола алмайды. Түсініктер қоры өмір көрсеткендей, бүкіл курс бойы біртіндеп, жүйелі толықтырылып отырылуы керек. Мұның бәрі оқуға керекті арнайы ұйымдастырылған демонстарциялық тәжірибелерді сыныпта жүргізілу қажеттілігіне әкеліп тірейді. Демонстарциялар оқушыларды зерттеулер мен бақылауды неғұрлым жинақы және дұрыс жүргізуге үйретеді. Оларды білім көзін сыртқы дүние құбылыстарынан, тәжірибеден іздеуге мүжбүр етеді және ғылым ретінде физика туралы шынайы түсінікті қалыптастырады. Дұрыс көрсетілген деонстарциялық тәжірибелер оқушылардың физикаға деген қызығушылығын туғызады. Олар, физикалық шамалар, шщамаларды өлшеу әдістері, аспаптар, қондырғылар, т.б. туралы жәй түсініктен негізгі физикалық ұғымдады игеруге үйретеді. Сонымен, демонстарциялар оқушыларды физикалық заңдар мен теорияларды оқып үйренуге, физиканы шын мәнінде терең меңгеруге жетелейді.
Демонстрациялық тәжірибелердің көрсетілетін көздері шартты түрде төмендегідей:
1.Физиканы оқытудың алғашқы сатысында оқушылар тәжірибе жасау техникасын әлі толық білмейді. Мысалы, «Металдағы электр тогы» тақырыбын өткенде 8 сынып оқушысы бұл жұмысты нұсқау берген жағдайда да орындай алмайды. Өйткені, ол электр түзеткіщінің қызмеін білмейді, тізбекті дұрыс қоса алмайды. Ал оны орындау жөнінде нұсқау беру, оушылардың назарын басқаға, қосымша мәселеге бұрады. Сондықтан бұл тәжірибені демонстарциялық тәжірибе ретінде ғана ұғыну ұтыс әкеледі.
2.Тәжірибе жасалатын аспаптар оқушылар үшін күрделі және қажетті құрал-жабдықтар жеткіліксіз болған жағдайда демонстарциялық тәжірибелер жасалады. Мысалы, 7 сыныпта «Барометр-анероид», «Гидравикалық пресс» тақырыптарын өткенде, оар демонстарциялық тәжірибелер ретінде ғана өткізіледі, оқушылар құралдарды қолдану дағдыларына бірте-бірте үйренеді. Манометрді, оның жұмыс принципін түсіндіргенде тақтайшаға бекітілген «манометр» деп аталатын қатынас ыдыстар арқылы демоснтарциялық тәжірибе жасауға болады.
3.Уақытты үнемдеу үшін кейде лабораториялық тәжірибелер орнына демонстарциялық тәжірибелер жасалады. Шынына, оқушылар осындай тәжірибе жасап шығу үшін демонстарциялық тәжірибелерге қарағанда, үш есе артық уақыт жібереді. Сондықтан демоснтарциялық тәжірибе тиімдірек. Өйткені, оқушылар оны бақылай отырып, өз беттерінше жұмыс істеуге қажетті кейбір жұмыс әдістерін үйренеді.
4.Қауіпсіздік шараларына сәйкес оқушылардың өздері тікелей жұмыс істеуге болмайтын жағдайда демостарциялар көрсеткен жөн.
5.Сыртқы көрінісі әсерлі және айқындығы жоғары демонстарциялық тәжірибелер жасау лазым.
Фронталь лабораориялық жұмыстар қысқа уақытты немесе бір сағаттық болады. Ол сабақта барлық оқушылар бір мезгілде бәрі бірдей жұмысты орындайды. Мұның бірқатар ұйымдастыру-әдістемелік артықшылықтары бар: а)өтілетін тақырыппен тығыз байланысты болады; ә)барлық оқушының бірдей жұмысты орындауы, оны өткізу мен тексеру мұғалім үшін жеңілдейді. Мұғалім бұл жұмыстың мынадай өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек: а)сыныпта барлық оқушыларды бірдей приборлармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі бола бермейді; ә)бір жұмысты 3-4 оқушы бірігіп топ болып жасайтындықтан, олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, қалғандары тек бақылауға мәжбүр; б)жұмыстың приборларын тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге оңайлыққа соқпайды.
Физикалық (лабораториялық) практикум оқу жылының аяғында 9-10-11-сыныптарда, 1-2 сағат бойы өткізіледі (мысалы дененің еркін түсу үдеуін өлшеу, шала өткізгіштіктердің вольт-амперлік сипаттамаларын алу, электрорезонансты зерттеу). Мұндай лабораториялық практикумдар күрделі аппаратуралармен жасалады, физикалық құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылымми-зерттеу және өлшеу әдістерімен таныстырады.
