- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1 Глоссарий
- •2 Дәрістер
- •1Микромодуль «оқыту теориясы»
- •Сабақтың түрлері және құрылымы
- •8 Тақырып «Физикадан зертханалық сабақтар»
- •Жоспар:
- •Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу
- •9 Тақырып «Физика бойынша экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері»
- •Эксурсия физиканы оқытудың бір формасы.
- •Экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Бағдарламаланған оқыту құралдары.
- •1 Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы
- •2 Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер
- •3 Экскурсияны өткізу әдісі
- •3. Практикалық сабақтар практикалық сабақ № 1 тақырыбы: Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту
- •Практикалық сабақ № 2-3
- •4 Зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
- •5. Студентердің өздік жұмыстары тақырыбтарының тізімі
3. Практикалық сабақтар практикалық сабақ № 1 тақырыбы: Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту
Мақсаты: Орта мектеп физика оқулығы мен қолданыстағы бағдарламаларды талдау.
ТАПСЫРМА:
1.7-11 сынып бағдарламасы.
2. 7-11 сынып оқулығы.
Жоспары:
1. Физика бойынша бағдарлама – мұғалімнің негізгі құжаты. Деңгейлік және кәсіптік бағыт үшін бағдарламалар пакеті. Оларды салыстырмалы талдау.
2. Физика оқулығы. Физикадан қазіргі заманғы жаңа оқулықтар, оларды салыстырмалы талдау. Қолданыстағы физика оқулығына бағдарламаның сәйкестігі.
3. Жаңа оқу-әдістемелік оқулық.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыыстану-математикалық бағытындағы 10-1- сыныптарына аралаған бағдарламалар. Авторлары: Башаров Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгардт Б.А. -Алматы, 2006.-23 б.
Физика: учебник для 10 классов естественно-математического направления общеобразовательных школ / Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Койшибаев. -Алматы: Изд-во «Мектеп», 2006.-352с.
Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
Физика и астрономия: учебник для 9 классов общеобразовательных школ / Р.Башарулы, Д.Казахбаева, У.Токбергенова, Н.Бекбасар. 2-е изд.- Алматы: Изд-во «Мектеп», 2009.-248с.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Механика. 10-11 кл. (Для углубл.изучения.) М.: Дрофа,2000.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Молекулярная физика. Термодинамика. 10-11 кл. (Для углубл. изучения.) М.: Дрофа,2000.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Электродинамика. 10-11 кл. (Для углубленного изучения.) М.: Дрофа, 2000.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Колебания и волны.10-11 кл. (Для углубл.изучения.) М.: Дрофа,2000.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Оптика. 10-11 кл. (Для углубл.изучения.) М.: Дрофа, 2000.
Оценка качества подготовки выпускников основной школы по физике. М.: Дрофа, 2000.
Оценка качества подготовки выпускников средней (полной) школы по физике. М.: Дрофа, 2001.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР :
7-11 сынып бағдарламасының мазмұнын, құрылымын қарап шығу. Бағдарлама бойынша оқулықты талдау.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Бағдарлама – бұл физика курсының көлемі мен мазмұнын анықтайтын мемлекеттік іс-қағаз. Оны орындау міндетті. Бағдарлама оқушылардың қандай білім алу керектігін, анықтайтын негізгі құжат. Бағдарлама барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі.
Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі.
Бағдарламада әрбір тарауға сағаттар бөлінген. Бағдарламадағы тарауларға бөлінген сағаттың саны қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе емес. Өтілетін тараулардың көлеміне, кейбір тақырыптардың күрделілігіне байланысты резервтегі уақыттан алуға болады. Тарауларға бөлінген сағаттардың ішінде оқу материалын яғни, жаңа білімді меңгерту, алған білімді есеп шығаруда қолдану, лабораториялық жұмыстарды жүргізу және т.б. міндеттер қамтылады.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Бағдарлама деген не?
Бағдарламаның басты мақсаты қандай.
