Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7ae56e13-6080-11e3-a111-f6d299da70eeУМКД ТПФ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
886.27 Кб
Скачать

3 Экскурсияны өткізу әдісі

Белгілі бір физикалық тақырыптың мәнін ашу мақсатын көздейтін әрбір экскурсия оқушылардың жан-жақты дамуына, белсенді және саналы қоғам құраушыларды даярлау ісіне көмегін тигізуі керек. Демек, экскурсия – педагогикалық процесс, оған екі жақ: білім беретін экскурсия жетекшісі мұғалімі және сол білімді меңгермекші – оқушы-экскурссанттар белсенді қатысуы шарт. Сондықтан экскурсияның әдісі педагогика жасаған принциптерге, формалар мен әдістерге, сондай-ақ психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеді. Экскурсияның бұл екі құрамды бөлігі бірінен бірі туындап, белгілі бір көрсету обьектілерінің болуын сөзсіз талап етеді. Экскурсияда түсінік пен ұғымның негізгі көрнекілік принципі болғандықтан, көрсету бірінші орынға қойылады.

Экскурсияда жетекші орын алатын көрнекілік құралдарын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: экскурсия обьектілері, қосымша суреттендірілген материалдар және құралдар. Көбіне дидактикалық категорияларға сүйенетін экскурсиялар теориялық және іс-жүзілік білім берудің принциптеріне, соның ішінде түсінікті, жүйелі, дәйекті болу сияқты принциптерге сүйенеді. Түсінікті болу принципі материалдың қиыншылық келтірмеуін, экскурсия жетекшісі хабарлайтын барлық мәліметтерді, теориялық тұжырымдарды және қорытындыларды оқушылар біршама ынта қойғанда меңгере алатындай етіп баяндалуын талап етеді. Бұл принциптің жүзеге асырылуы экскурсия жетекшісінен әрбір экскурсанттың ерекшелігін, олардың білімін, дене және ақыл-ой дамуы дәреждесін ескеруді қажет етеді. Бір тақырыптағы экскурсияның материалы оқушылардың әр тобы үшін әртүрлі баяндалуы керек. Жүйелілік принцип – экскурсия материалының хронологиялық, немесе ой ұласу жағынан қатал байланысы болуын талап етеді. Әрбір экскурсияның бірнеше тақырыпшадан тұратыны белгілі. Олардың мәнін ашып көрсеткенде оқушылар экскурсияның бүкіл тақырыбы бойынша қисыгды, біртұтас түсінік алуы керек. Осы принципті орындау, экскурсия жетекшісі – материалды белгілі бір жүйе бойынша баяндап, жаңа материалды бұрынғы өтілгендермен байланыстырып отыруын, басты ерекшеліктерге көңіл аударуын талап етеді. Экскурсия өткізудің де жалпы және жеке әдісі бар. Жалпы әдіс бұл барлық экскурсияға жарамды болатын көрсету мен баяндап беру тәсілдері. Жеке әдіс – экскурсияның белгілі бір түрлері үшін қолданылады.

Экскурсияның мақсаты – экскурсиялық обьектілерді көрсету. Ол белгілі бір әдіске сәйкес, жоспар бойынша жүргізіледі. Обьектілерді көрсету – экскурсия жетекшісінің әңгімесімен ұласып отырады, бұл әңгімелерде обьектілер неғұрлым жақсы көрініп, әсер қалдыратындай болуы керек. Кейбір обьектілірдің бірнеше жерден көрсетілітінін ескерген жөн. Эксурсанттар тұратын орынды таңдағанда экскурсия жетекшісі оқушылардың қауіпсіздігін, сондай-ақ орынның оларға ыңғалы болуын ойластыруы қажет. Көрсетілітін орын көлік жолынан едәуір алыс жерде болуы және сол маңда қандай-да болмасын құрылыс жұмыстары атқарылмауы тиіс.

Ауылдық жерлердегі су бөгеттері, сумен қамтамасыз етуге, немесе егістікті суғаруға арналған насос станциялары, суландыру, немесе құрғату жүйелері, жасанды жауын жаудыру қондырғылары мен жел двигательдері – мұның бәрі оқушылар үшін жасалатын экскурсиялардың тамаша оьбектілірі. Олар физика заңдарын түсіндіруге және ауыл шаруашылығының энергетикасымен таныстырудың тамаша жолы. Мұндай экскурсияларға 1-2 сағат уақыт уақыт берілуі тиіс.

Кешенді экскурсиялар – бір-біріне байланысты пәндер бойынша (физика және химия, физика және матемтика, т.б.) сабақтардан өткізілетін экскурсиялар түрі. Онда оқушыларға бір обьектілерден екі, не үш пәнге байланысты қандай мәселелерге назар аудару керектігі жөнінде тапсырмалар беріледі. Бұл экскурсиялардың қай-қайсысына да баратын оьбектілер алдын-ала белгіленеді. Ауылдық мектептерде ондай экскурсиялық обьектілер: жылу станциялары, аудандық трактор станциясы, аудандық трактор шеберханасы, ұстахана, гараждар, электр және телефон станциялары т.т.

Экскурсия жақсы әсер қалдыру үшін мұғалім де, оқушылар да оған мұқият әсірленуі қажет. Ол үшін мұғалім алдымен экскурсия жасалатын обьектілермен алдын ала танысып, қай обьектіге қандай тақырыпта экскурсия жасауға болатынын ертерек шешіп алады. Мұғалім экскурсия жасалатын кәсіпорынның басшыларымен экскурсия өткіетін күн, ол жерге түсінік беру үшін маман адам белгілеу жайында бірнеше күн бұрын келісім жүргіеді. Көбіне экскурсияда түсінік беруші мұғалімнің өзі болғаны дұрыс. Өйткені, мұғалім өз оқушыларының әзірлігі мен білім көлемін бөтен адамнан гөрі жақсы біледі. Бірақ, мұғалімдер экскурсиялық обьектінің кейбір мәселелерін жете біле бермейтіндіктен, экскурсияда түсінік беруші ретінде сол кәсіпорынның мамандырының бірімен бірігеді. Мұндай жағдайда түсінік беруші адамнан экскурсияда қамтылытын мәселелер жайында, оқушыларға не туралы түсінік беру керектігі жайында әңгімелесіп, тіпті оның қолына экскурсияның кеңірек жасалған жоспарын беріп қойған жөн. Сонда ол, түсінік беруші адам қандай мәселелерге тоқтау керектігін нақты білетін болады. Мұндай оқушылар экскурсиядан көп әсер алады.

Экскурсияға әзірлік, оған барар алдындағы физика сабағында кіріспе әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұндай әңгімеде мынадай мәселелер қамтылады: 1. Экскурсияның мақсаты, баратны обьектілер. 2. Обьектілерді аралу тәртібі, оқушылардың неге назар аудару керектігін анықтау. 3. Үйге тапсырманы ұйымдастыру яғни қортынды әңгімеге қажетті сұрақтарға ауызша жауап беру, немесе қысқаша жазбаша есеп жасау, экскурсия материалы бойынша есептер шығару тәртібі, т.б. қарастырылады. 4. Оқушылардың экскурсия кезінде өздерін қалай ұстау керектігін яғни тәртіп сақтауын берілген түсінікті жақсы ұғатындай болып бір-біріне бөгет жасамай тұруын, қаіпсіздік техникасын сақтауын қамтамасыз ету.

Кіріспе әңгіме кезінде экскурсиға байланысты схемалар, диафильмдер, немесе кино, т.б. көрнекі құралдарды пайдалануға болады. Егер оқушылар бұл обьектіге бірінші рет экскурсия жасап отырған болса, онда оның даму тариғы, өндірістік мүмкіндігі туралы айтып, сол кәсіпорынмен қысқаша таныстырған жөн. Экскурсияны қорытындылаудың маңызы зор. Бұл қорытынды оқушылардың экскурсиялардан алған әсерлері әлі басылмай тұрған кезде, клесі физика сабағында жүргізілуі тиіс. Ол сабаққа да тиісті көрнекіліктер, түрлі апаптар әзірленеді. Қорытынды жасағанда оқушылар өздеріне тапсырылған мәселелер бойынша айтып береді де. Артынан мұғалім экскурсияны қоытады. Кейбір экскурсиялар әр тарау өтілгеннен кейін, оны қорытндылау мақсатында жүргізіледі. Сонда оқушылар әрбір тараудың теориялық материалын, оның тұрмыста, техникада қолданылуымен байланыстырады, материалды жете ұғады. Егер уақыт тар болмаса, онда экскурсины кейбір тараулардың материалдарын бірден қамтитындай етіп ұйымдасытуға болады. Бұл мәселелр мұғалімге және жергілікті мүмкіншілікке байланысты. Кейде экскурсияға сыныпты толық апарудың орнына, оны топқа бөліп, оқушылардың әрқайсысына жеке тапсырмалар беруге болады.

7-сыныпта өткізілуі мүмкін бір экскурсияның мысалын келтірейін.

Экскурсия тақырыбы: Оқушылардың физкиадан алғашқы теориялық білімдерін нығайту. Бұл экскурсия 7-сынытың физикасының бағдарламалық материалдарының бірінші және екінші тарауы толық оқылғаннан кейін өткізіледі. Сөйтіп, мұнда осы екі тараудың материалдары бірдей қамтылады.

Экскурсия мақсаты: Оқушыларға қысымды арттыру және кеміту тәсілдерін, Паскаль заңының, қатынас ыдыстар принципінің техникада қолданылуын іс жүзінде көрсету және насостардың құрылысымен, жұмысымен, манометрлермен, т.б. аспаптармен таныстыру.

Экскурсияның қорытныдылау тәсілдері. Экскурсия қортындысын шығару әңгіме түрінде жүргізіледі де, оқушылар өздерінің көген-білгендерін сыныпта баяндап береді.

Экскурсияны жүргізудің үлгі жоспары:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  2. Оқушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды әңгімелеп беруі.

  3. Мұғалімнің бұрын өткен теориялық ұғымдардың техникада қолданылуын оқушылардың көргендері негізінде қысқаша баяндап беруі.

Оқушылардың қызығуына байланысты 11-сыныпта «Электр» таруын оқып болғаннан кейін, «Электромагнитік тербелістер мен толқындар» тақырыбы бойынша адиотрансляция торабына, радиохабар жіберетін және радиохабар қабылдайтын тұрақты станцияға экскурсия жасауға болады. Мұғалім экскурсияда көрген-білгендерін айтып берген оқушыларға міндетті түрде баға қояды.

Экскурсия нәтижесі. Әртүрлі өндірістерге барып, оларды зерттей отырып, оқушылар ғылыми-ехникалық білімдерін ұлғайтады, тереңдете түседі, түрлі бақылаулар жасайды және бірсыпыра бағалы қорытындылар тиянақтайды, екінші сөзбен айтқанда өндірістік экскурсиялардан кейін оқушылар мектепте оқытылатын оқу матреиалын шын ынтасымен игеріп, мағынасын түсініп, терең ұға бастайды.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Эксукрсия деген не?

  2. Эксукрсияның қандай түрлері бар?

  3. Экскурсияның өткізу мақсаты қандай?

15 -тақырып. Физикадан сыныптан тыс жұмыстар, түрлері және әдістері

Дәріс мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен, оны ұйымдастырурдың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Жоспар:

  1. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар

  2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен формалары

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Мектеп физикасы бағдарламасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта ықыласын көтеріп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы- физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім төмендегідей мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

Оқушылардың физикалық-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-жігерін, шығармашылық қабілеттерңн арттыру.

Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Жас жеткіншектерге саяси, ғылыми, эстетикалық тәрбие беру.

Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың өзі екі үлкен топқа бөлінеді:

1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін кластан тыс жұмыстар. Бұған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады:

бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу.

физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, эмтиханға дайындау).

физиканы қызыға оқитын оқушылармен қиын және қызықты есептер шығару, физикалық экспериментті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекті құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу.

оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектесу (консультация, реферат- баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және өлшеулер жүргізу).

Жалпы мұндай жұмыстар физикадан оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде қалыптасуына, класс оқушыларының үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді.

2.Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі бойынша ұйымдастырылуы керек. Бұл мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады:

оқушылардың арнаулы физикалық білімдерін тереңдету;

қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы және т.б.) оқу;

физикалық приборлардың модельдерін жасау және т.б.

Бұларды ұйымдастырудың формалары да әртүрлі, мысалы: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздыру, физикалық кеш өткізу,тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жеке, топ және жаппай қатыстырылуымен орындалатын болып 3-ке бөлінеді.

Сыныптан тыс жұмыстар көбіне үйірме түрінде өткізіледі.Үйірмелер физикалық және физика-техникалық болып бөлінеді.Үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 10-15-тен аспауы керек.Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Физика үйірмесінің күнтізбелік (календарлық) жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс.

Жалпы үйірмелер мынадай талаптарға сай ұйымдастырылады:

1.Үйірмені ұйымдастыру туралы ұсынысты оқушылардың өздері бергені дұрыс. Ол үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастыратынын, оларды кімдер жүргізетінін және әдебиеттер тізімін, үйірме естесін жазып, кабинетке хабарландыру іліп қоюы керек. 2.Үйірмеге оқушылар өз еріктерімен қатысқаны дұрыс. 3.Төменгі және жоғарғы сыныптар үшін бөлек-бөлек топтардың болғаны дұрыс. 4. Үйірмеге қатысқан оқушылардың жұмыстарын барлық мектеп оқушыларына таныстыру үшін көрме ұйымдастырған жөн. 5. Үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндеттерін орындауға болмайды.

Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. мәселелер жатады. Жалпы физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады:

I. Дайындық кезеңі (1-1,5 ай )

а) мұғалім мен кешті өткізетін оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы;

ә) баяндамашыларды бөлу;

б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау;

в) конкурс пен викторинаға есеп сұрақтар таңдау;

г) көрнекіліктер жасау;

е) кештің бағдарламасыкөрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою.

II. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5 сағат)

а) кеш өтетін бөлмені безендіру;

ә) кешті жүргізу, өткізу;

б) кештің материалдарын жинау;

III. Кештің өтілуін талдау, қорытындылау:

а) оқушылардың сұрақтарына жауап беру;

ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау;

б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашу;

в) кешті қорытындылап, баға беру.

Физика және техника бойынша үйірмелер

Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Информатика», «Техникалық моделдер» тәріздес болады.

Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан интенсивті, қызғылықты түрлері бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш. Викторина, шығармашылық кеш, т.с.с.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Физикалық үйірме деген не?

  2. Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың түрлері қандай?