- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1 Глоссарий
- •2 Дәрістер
- •1Микромодуль «оқыту теориясы»
- •Сабақтың түрлері және құрылымы
- •8 Тақырып «Физикадан зертханалық сабақтар»
- •Жоспар:
- •Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу
- •9 Тақырып «Физика бойынша экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері»
- •Эксурсия физиканы оқытудың бір формасы.
- •Экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Бағдарламаланған оқыту құралдары.
- •1 Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы
- •2 Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер
- •3 Экскурсияны өткізу әдісі
- •3. Практикалық сабақтар практикалық сабақ № 1 тақырыбы: Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту
- •Практикалық сабақ № 2-3
- •4 Зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
- •5. Студентердің өздік жұмыстары тақырыбтарының тізімі
2 Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер
Экскурсиялар көрсетілімдік әдісінің бір түрі және оқытудың айрықша ұйымдастыру формасы. Физикалық экскурсияны өткізу барысында әртүрлі әдістердің - әңгіме, лекция, әңгімелесу және т.б. қолданылуы мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі көрсетілімдік әдісімен үйлестіріледі, соған бағынышты. Әдетте экскурсия нақтылы заттарды, құбылыстарды процестерді абиғи жағдайда көріп, қабылдауға мүмкіндік береді.
Экскурсия жасалатын обьектімен экскурсанттарды таныстыру үшін мекеме жетекшілері экскурсовод тағайындайды. Экскурсоводтан басқа, машиналлардың және қондырғылардың жұмыс принципімен толығырақ таныстыру үшін тәжірибелі механиктер, маман жұмысшылар бөлінеді. Бірақ экскурсия кезінжде жетекші рөлді мұғалім атқарады. Экскурсоводтар, маман қызеткерлер, жұмысшылар мұғалімді алмастыра алмайды. Олардың сөзі тек мұғалімнің әңгімесін толықтыады. Экскурсия кезінде қауіпсіздік техникасының ережесі қатаң сақталуы керек. Экскурсия кестесі мектеп директорының қолы қойылып, мөрімен бекітіледі.
Төменде бағдарламаның жекелеген бөлімі бойынша экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер көрсетілген (1-кесте).
1-кесте. Бағдарлама бойынша экскурсия өтуі мүмкін обьектілер
сынып |
бағдарлама бөлімі |
экскурсия жасалатын оьбектілер |
VІІ |
Кіріспе. Зат құрылысы туралы бастапқы мағұлыматтар. Денелердің өзара әсерлесуі. |
Жөндеу шеберханасы.
|
Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың қысымы. |
Өрттен қорғау депосы. Суқұбыры. Комбайнның, автомашинаның, трактордың гидроситемасы. |
|
Жұмыс және қуат. Энергия. |
Құрылыс алаңы. Гидротехникалық қондырғы. Жел двигателі. |
|
VІІІ |
Жылу құбылыстары
|
Малдарды тамақтандыру цехы. Ғимараттарды жылыту жүйесі. Жөндеу шеберханасының дәнекерлеу бөлімі. |
Электрлік құбылыстар
|
Орталық шеберханадағы автотракторлы электр қондырғыларын ретке келтіру бөлімі. |
|
Электромагниттік құбылыстар |
ТЭС, ВЭС, ГЭС. Жергілікті телефон станциясы. |
|
Жарық құбылыстары |
Оптикалық құралдарды, фотографиялық және проекциялық аппаратураларды жөндеу шеберханасы. |
|
ІХ |
Кинематика негіздері
|
Ауылшаруашылық өнімдерін алғаш тазарту пункттері. Құрылыс алаңы. |
Динамика негіздері |
Жөндеу шеберханалары |
|
Х |
Молекула-кинетикалық теория негіздері |
Астықты кептіру пункті.
|
Термодинамика негіздері
|
Суытқыш қндырғылар және сүт өңдеу цехы. Сүт заводы. Метеорологиялық станция. |
|
Электр өрісі. Тұрақты ток заңдары |
Мектеп ғимаратын электр жарықтандыру жүйесі. |
|
ХІ |
Электромагниттік тербелістер мен толқындар |
Трансформатор және электр станциялары. |
Жарық кванттары. Жарықтың әсері. |
Есептеу орталығы.
|
|
Атом және атом ядросы. |
Мал өсіру мен жеміс өсіруде радиоактивті заттарды қабылдауға арналған тәжірибелік алаңдар. |
Обьектілерге экскурсия жасалғаннан кейін оқушылардың білімдерін тексреу, бекіту мақсатында тақырып бойынша әңгімелесулер, есептер шығаруға болады. Сонда оқушылардың ойында материал терең бекіп, ұзақ сақталады.
