Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kairi-Nazym.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.43 Кб
Скачать

2деңгей

  1. Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі ауруларының емдеу әдістерінің стандарттары.

Емдеу тактикасы

Емдеу мақсаты: жіті аппендицитпен барлық науқастарға аппендикулярлық инфильтрат болмаса, ауру ұзақтығына қарамастан аппендэктомия көрсеткілген.

Аппендикулярлық инфильтрат болып, онда абсцесстену жəне перитонеалдық көріністер болмаса консервативтік ем жүргізіледі. Бұл науқастарда оперативтік ем абсцесстену жəне перитонеалдық көріністер болғанда ғана тағайындалады.

Дəрі-дəрмектік ем

Оперативтік жету жолы: Волкович-Дьяконов бойынша тілік арқылы лапаротомия.

Аппендэктомия: кисеттік тəсілмен.

Соқыр ішекті іш қуысынан шығару мүмкін болмағанда тек құрттəрізді өсіндіні шығарып, аппенэктомияны антеградты түрде орындайды.

Құрттəрізді өсінді іш қуысынан еркін шықпаса, ретроградтық аппендэктомия орындауға болады.

Құрттəрізді өсінді қоршап жатқан тіндермен бітісіп кеткенде немесе тығыз қабынулық инфильтрат пайда болғанда, құрттырəзді өсіндіні субсероздық жолмен жартылай алып тастап, іш қуысында тампон қалдырады.

Жай жəне флегмоноздық аппендицит кезінде іш қуысында ірің болмаса оны толық жауып тігеді.

Флегмоноздық жəне гангреноздық аппендицит кезінде іріңдік экссудат көп мөлшерде болса, оны алып тастағаннан кейін іш қуысын тазалап, дренаж қалдырады. Операциядан кейінгі жарада резиналық тілік қалдырып дренажды жүзеге асырады.

Перворативтік жəне гангреноздық аппендицит кезінде ихороздық бөлінді жəне шіру

дамығанда іш қуысын 2 немесе 3 қабатпен дренаждайды.

Егер құрттəрізді өсінді тұқылының перитонизациясының беріктігі күдік туғызса, соқыр ішек қабынып, тігістердің ажырап кетуі ықтимал болғанда, құрттəрізді өсіндінің орнындағы қан ағу толық тоқтамаса, аппендикулярлық абсцессті ашқан кезде іш қуысын тампондау жүргізіледі.

Егер операция кезінде оған дейін анықталмаған аппендикулярлық инфильтрат анықталса, абсцесстену жəне іріңдік экссудат болмаса, іш қуысына антибиотиктер енгізумен шектелу қажет. Аппендэктомияны инфильтрат жойылғаннан кейін орындайды. Егер құрттырізді өсінді қоршаған тіндермен жартылай бітіссе, гемостазды мұқият жүргізіп, іш қуысында дренаж қалдыру қажет.

Аппендикулярлық инфильтрат пен іріңдік бөлінді болған жағдайда, іш қуысын тазалау, антибиотиктер енгізу, іш қуысын дренаждау көрсетілген.

Операция кезінде анықталған инфильтраттың абсцестенуінде инфильтратты қоршаған тіндерден шектеп, абсцессті ашып, іріңдік қуысын тазалап дренаждау қажет.

 

Әрі қарай жүргізу: амбулаторлық жағдайда операциядан кейінгі реабилитация жүргізу.

 

Негізгі дəрілік заттардың тізімі:

1. *Цефуроксим инъекцияға арналған ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ флаконда 750 мг, 1.5 гр

2. *Цефтазидим инъекцияға арналған ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ флаконда 500 мг, 1 гр, 2 г

3. Цефтриаксон 50-100 мг\кг\сут. х 1 раз в/в

4. Кеторолак 30 мг х 3 р., в/в, в/м

5. Бір реттік шприцтер 5,0

6. Марля

7. Лейкопластырь

8. Этил спирті 70%

9. Бриллиант көгі, спирттік ерітінді 1%

 

Қосымша дəрілік заттардың тізімі:

1. Амикацин 500 мг х 2 раза т/і,б/і

2. Метронидазол 0,5% 100 мл

Операцияны анестезиологиялық қамтамасыз ету үшін қолданылады:

Премедикация

  1. Диазепам 10 мг/2 мл

  2. Тримеперидин 2% -1,0 мл

  3. Дифенгидрамин 1% - 1,0 мл

  4. Атропин сульфаты 0,1% -1 мл

Анестетиктер

Негізгі тізім:

  1. Диазепам 10 мг/2 мл

  2. Фентанил 0,005% -2 мл

  3. Кетамин 500 мг - 10 мл

Қосымша тізім:

  1. Лидокаин 2% - 2 мл

  2. Фторотан ерітінді флаконда 250 мл

  3. Суксаметоний хлориді 10 мг/5 мл

  4. Пипекуроний бромиді 4 мг/2 мл

  5. Дегидробензперидол 2,5 мг 10 мл

  6. Мидозолам 15 мг/3 мл

  7. Натрий тиопенталы инъекцияға арналған ұнтақ 1,0 г

  8. Натрий оксибутираты 20% -10,0 мл

  9. Пропофол 10 мг/1 мл

  10. Мидазолам 15 мг/3 мл

  11. Азот тотығы баллон

  12. Преднизолон 30 мг/1 мл

  13. Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі 0,9%

  14. Глюкоза 5%

  15. Полиглюкин (декстран 60) 400 мл

  16. Этамзилат 2 мл

Ем тиімділігінің индикаторлары: клиникалық - қалыпты температура, жараның жазылуы. * – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

.